Студопедия — Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.






12. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б.

1. Кафедрада оқылатын дәрістер, кафедрада шығарылатын оқу құралдары

Модуль «Ас қорыту жүйесі»

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Асқазан-ішек диспепсиясын емдеудің негізгі бағыттары. Препараттары, жалпы сипаттамасы».

2. Сабақтың мақсаты:асқазан-ішек диспепсиясын емдеуде қолданылатын препараттарды дұрыс таңдауды қамтамасыз ету үшін ас-қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін заттардың жалпы заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері

Асқазанның ауруларының арасында жиі ас қорытудың бұзылыстарында дамитын асқазан диспепсиясы синдромы жатады. Бұл синдром кезінде келесі шағымдар болады: кекіру, қыжылдың болуы, лоқсу, құсу, тәбеттің бұзылыстары, дәм сезудің бұзылуы, метеоризм, үлкен дәреттің сипатының өзгеруі.

Кекірудің дамуы кардиалді тесік ашық тұрғанда асқазанның бұлшықетінің жиырылуына байланысты болады. Қыжылдау (pyrosis) өңештің шырышты қабатына пептидтілігі жоғары асқазан сөлі немесе өттің әсерінен дамиды. Лоқсу (nausea) асқазанның қабыну ауруларында сирек кездеседі. Негізінен ол созылмалы гастритке тән. Оның даму ерекшелігіне тамақтанғаннан кейін бірден басталуы жатады (әсіресе ащы тағам жегеннен кейін). Құсу (vomitus) асқазанның көптеген ауруларында дамитын симптом, бырақ оны асқорыту жүйесінің басқа симптомдарымен қатар жүргенде ғана қарастырады. Тәбеттің бұзылыстары (жоғарылауы немесе төмендеуі). Асқазан ауруларында тәбеттің төмендеуі негізінен функционалді гастритке тән (А типіне), ал асқазанның қатерлі ісігі кезінде тәбеттің мүлдем болмауы мүмкін (анорексия). Тәбеттің жоғарылауы ойық жара ауруына, әсіресе пептидті ойық жара он екі елі ішекте орналасқанда байқалады.

 

Асқазан қызметінің бұзылысынан (АҚБ) дамыған диспепсияны емдеудің негізгі бағыттары

Ойық жара тәрізді түрі («тітіркенген асқазан»)

1. Антацидтер, Н2-рецепторлардың блокаторылары немесе протонондық насостың ингибиторлары.

2. Эрадикациялық терапия (амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, тетрациклин, висмуттың субцитраты)

Дискинетикалық түрі (гипомоторлы, «әлсіреген асқазан»)

1. Цизаприд, метоклопрамид немесе домперидон.

2. Тәбет төмендегенде, іштің кебуінде, майлы тағамды көтере алмаушылықта лимон қышқылы, ферменттік препараттар, асқазан сөлінің секрециясын жоғарылататын заттар, ащылар.

Рефлюкстәрізді түрі

Метоклопрамид немесе домперидон.

Антацидтер, антисекреторлы препараттар (Н2-блокаторлар, протонондық насостың ингибиторлары).

ІШЕКТІҢ МОТОРИКАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР,

ІШЕКТІҢ МОТОРИКАСЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН ЗАТТАР

Ішектің түйілу ауруларында оның тонусын және қозғалыс белсенділігін төмендету үшін келесі заттар қолданылады:

1) М-холиноблокаторлар (атропин тобының препараттары):

- атропин; - метацин; - скополамин; - платифиллин.

Аталған топтың препараттары кезбе нервінің шамадан тыс белсенділігін төмендетеді..

2 Миотропты әсері бар спазмолитиктер - папаверин - жақсы спазмолитик, ішектің ауыру сезімімен жүретін түйілулерін басады; но-шпа - папавериннің модифицирленген молекуласы.

Негізінде соңғы екі препарат бірдей әсерлер көрсетеді. Ауыру сезімінің басымдылығына қарай препараттың таблеткадағы немесе инъекцияға арналған түрлерін қолданады.

Ішектің перисталтикасын төмендету үшін келесі заттарды да атап көрсетеді (антидиареялық):

1) адсорбенттер (белсендірілген көмір, холестирамин); 2) қармаушы (танин); 3) қаптаушы; 4) вагустың шамадан тыс белсенділігін төмендететін антидиареялық заттар (имодиум).

Бұл топша ішектің интрамуралды нерв өрімдерін ацетилхолинді ынталандырушыларының антогонистері болып табылады.

ІШЕКТІҢ МОТОРИКАСЫН ЖОҒАРЫЛАТАТЫН ЗАТТАР

1. холинергиялық нервтердің тонусын жоғарылататын заттар:

- М-холиномиметиктер (ацеклидин) және антихолинэстеразалық заттар (прозерин).

Аталған препараттар ішектің гипотониясы немесе атониясы кезінде қолданылады.

2.Ішектің жиырылу қабілетін күшеітетін заттар - іш айдағыш заттар.

Іш жүргізетін заттар – бұл ішектің перисталтикасын және су мен нәжістің шығарылуын жоғарылату арқылы ішектің босатылуын жылдамдататын заттар.

Қазіргі кезде көптеген іш жүргізетін заттар табылған, осыған байланысты сан алуан жіктелуілері бар.

I. Ішектің өне бойына әсер ететін іш айдағыш заттар.

Тұзды іш айдағыштар: МАГНИЙ (ағылшын тұзы) және НАТРИЙ (глаубер тұзы) СУЛЬФАТЫ.

Тұзды іш айдағыштарды жедел улануларда, жедел іш қатуларда, операция алдында ішекті тазалау үшін, проктологиялық зерттеулер жүргізер алдында, құрт ауруында құртқа қарсы заттармен қосып тағайындайды.

Бұл ең жақсы іш айдағыштар болып саналады, әсерлері тез басталады, улы заттардың ішек арқылы сіңуін тоқтатады.

II. Негізінен аш ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар

КАСТОР МАЙЫ он екі елі ішекте панкреатикалық липазаның әсерінен гидролизденеді де глицерин мен рицинол қышқылын босатады, ол өз кезегінде ішектің шырышты қаббатын тітіркендіреді, судың және электролиттердің белсенді сіңуін тежейді, нәтижесінде іщшектің моторикасы күшейіп, ішектің босатылуы жоғарылайды.

Қолдануға көрсетілулері тұзды іш айдағыштардағы секілді. Аталған топ препараттарын майда еритін улармен жедел уланғанда қолдану қарсы көрсетілген (керосинмен, бензинмен).

III. Негізінен тоқ ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар

1. Антрагликозиді бар өсімдік тектес заттар (қанттардан және антрацен туындыларынан тұратын заттар, мысалы, эмодиннен және хризофан қышқылынан), рауғаш өсімдігінің тамырынан, сенна жапырағынан және тамырынан, сыңғақ итшомырт тамырынан, солодканың тамырынан, инжирден, өріктен алынған препараттарды қолданады.

2. Синтетикалық заттарға ФЕНОЛФТАЛЕИН таблетка түрінде, ИЗАФЕНИН, БИСАКОДИЛ, ПИКОСУЛЬФАТ (ГУТТАЛАКС) жатады.

3. Әр түрлі дәрілік заттар.

Кейбір ішекте сіңбейтін, химиялық инертті заттар, шырышты қабатты қаптайтын сұйық майлардың да іш жүргізетін қасиеттері бар, мысалы вазелин майы.

Осы мақсатта теңіз капустасын қолданады, ол ішекте ісінеді, кереді, перисталтиканы жоғарылатады. 1-2 шәй қасықтан түнде тағайындайды. Препараттың құрамында йодтың мөлшері жоғары болғандықтан йодизм құбылысы байқалуы мүмкін (мұрыны ағу, конъюнктивит, жөтел).

Іш айдағыш заттарды кез келген жолмен әсер ететіндігіне қарамастан ұзақ тағайындауға болмайды, себебі фекалиямен катиондардың жылдам шығуы, әсіресе калий иондарының болады. Гипокалиемия, гипокалигистия даму нәтижесінде ацетилхолиннің жалпы (соның ішінде ішекте) синтезінің бұзылуы дамиды. Бұл өз кезегінде іш қатуға, анорексияға, бұлшықеттің әлсіздігіне, рефлекстердің тежелуіне, қуықтың парезіне әкеледі.

4. Көрнекі материал:мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004, 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, с.750

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 - 735 с.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР - МЕД., 2004. – 631 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. с.

4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782. с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс)

1. Асқазан диспепсиясының ойық жара тәріздес түрінде қолданылатын негізгі препараттар.

2. Антидиареялық препараттар.

3. Ішектің мотрикасын күшейтетін препараттар.

Дәріс№2

1. Тақырыбы: «Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуде дәрілік заттарды қолданудың негізгі принциптері»

2. Мақсаты:Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуде қолданылатын препараттарды дұрыс таңдауды қамтамасыз ету үшін ас-қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін заттардың жалпы заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері

АІЖ қызметін реттеуде өт басым роль атқарады. Өт қышқылдары – ішектің перисталтикасын ынталануына, панкреатин сөлінің өндірілуіне, майдың және майда еритін витаминдердің эмульгирленуі мен сіңірілуіне қажет. Одан басқа, олар бауырда өттің сұйық және тығыз фракцияларын ынталандырады.

Өттің жетіспеушілігі болуы мүмкін:

1) бауыр жасушаларында оның түзілуінің төмендеуімен;

2) өт жолдары мен қөт қапшығынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауынан.

Осыған байланысты өт айдайтын заттар екі топқа бөлінеді:

1. Өттің секрециясы мен өндірілуін жоғарылататын заттар (холеретиктер, холесекретиктер).

2. Өттің бөлінуін, жылжуын жеңілдететін заттар (холекинетиктер):

· Спазмалитикалық әсер көрсететін, гипертониялық түрдегі өт жолдарының дискенизиясында қолданылатын препараттар;

· Өт қапшығының жиырылуын және Одди сфинктерінің ашылуын тудыратын, гипомоторлы дискинезияда қолданылатын препараттар.

Бірінші дәрілік заттар тобна (холесекретиктерге) ең алдымен жануарлардан алынған холеретиктер жатады, дегидрохоль қышқылы (ХОЛАГОЛ). Негізінен өттің сұйық фракциясының өндірілуін жоғарылатады, бауырға қанның ағып келуін күшейтеді, диурезді көбейтеді. АЛЛОХОЛ (Allocholum) – құрғақ өттен, сарымсақ сығындысынан, крапивадан, белсендірілген көмірден жіне т.б. қосымша құрамдас заттардан тұрады. Қарапайым холесекретиктерге тән әсерлермен қатар, аллохол ішекте шіру мен ашу үрдістерін, метеоризмді төмендетеді. ХОЛЕНЗИМ (Cholensimum) - құрғақ өттен басқа ұйқы безінің кептірілген порциясынан және ірі қара малдың аш ішегінің кептірілген порцияларынан тұрады. Холеретиктік әсерінен басқа холензим ішекте трипсин мен амилазаның болуы арқасында ас қорытуды жақсартады..

Синтетикалық холеретиктер

ОКСАФЕНАМИД өттің өндірілуі мен бөлінуінен басқа өт шығару жолдарына спазмалитикалық әсер етеді. Сонымен, бұл аралас әсер ететін препаратқа жатады: 1) холесекретикалық; 2) холекинетикалық.

Сонымен қатар, препарат холестериннің мөлшерін төмендетеді, бұл әсіресе гиперхолестеринемия кезінде анық байқалады.

Өсімдік тектес холеретиктер

1. Құрғақ өлмесгүлдің сығындысы.

2. Жүгері шашағының сұйық сығындысы.

3. Холосас

4. Өтайдайтын жинақтар.

ӨТТІҢ БӨЛІНУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЗАТТАР (ХОЛЕКИНЕТИКТЕР)

Холекинетиктерге - өттің ағуын жеңілдететін заттарға екі топтың препараттары жатады:

· гипертониялық түрдегі өт жолдарының дискенизиясында қолданылатын препараттар - шеткі М-холиноблокаторлық әсері бар препараттар.

М-холиноблокаторлар, немесе атропин тобының спазмолитиктері. Папаверин тобының миотропты спазмолитиктері.

· гипермоторлы түрдегі өт жолдарының дискенизиясында қолданылатын препараттар - СОРБИТ, КСИЛИТ, МАННИТ, МАГНИЙ СУЛЬФАТЫ. Бұл заттар он екі елі ішекте осмотикалық қысымды жоғарылатады және шырышты қабатты тітіркендіреді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1788. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия