Студопедия — Балалар аппендицит ауруының ерекшеліктері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Балалар аппендицит ауруының ерекшеліктері.






Балалар ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың аппендицит аурулары ересектерден өзгеше және ауыр өтеді. Бұл өсіндінің ұзындығымен, кеңдігімен, лимфоидты тіндермен байлығымен, көбінесе төменде, жамбас қуысында орналасуымен байланысты. Мұнымен қатар қабыну процессінің ерекшелігі шарбы майының қысқалығымен, балалар ішпердесінің реакциясының нашарлығынан, оларда қабынған өсінді айналасында инфильтрат өте сирек байқалады да жайылған перитонит жиіленеді.

Жедел аппендицитте іш ауырсынуы жедел және созылмалы болуы мүмкін. Ауыру басылып, одан соң қайта күшейіп отырады. Балаларда лейкоцитоз және дене қызуы жоғары.

Ересектер аппендициті туралы айтылғандардың барлығы балалар аппендицитіне де тән. Балалар хирургиялық клиникасында емделетіндердің арасында аппендицитпен аурулар 13% жетеді. Нәрестелерде аппендицит сирек кездеседі.

Балалар аппендициті өте ауыр. Өйткені бірнеше сағат ішінде өсіндінің гангренасы басталып баланың жағдайын төмендетіп, өте қатерлі жағдайға ұшыратады. Сондықтан диагнозды шапшаң анықтап, жедел операцияны орындау қажет.

Бұнымен қатар әрқашан есте болатын ерекшелік - болмашы емдеу шаралары аурудың клиникалық көріністерін жоғалтатындығы. Балаларда субьективті жағдайдың жақсылығына қарамай ауыр, кейде өте қатерлі токсемия кездеседі. Бұл токсемия перитонитсізде бала өліміне соға алады.

Кейде аппендициттің көріністері (балаларда) анық және толық емес. Іш ауыруы анық, бірақта, нәресте оның орнын, иррадиациясын атап, көрсете алмайды. Балаларда өсінді ұзын, оның ұшы іштің сол бөліміне жетеді. Сондықтан жедел аппендицитте іштің оң бөлімі емес сол бөлімінің ауыруы мүмкін. Бұл диагнозды анықтауды қиындатады.

Антибиотиктермен, сулъфаниламидтер пайдалануда науқас көріністерін басып диагнозды қиындатады.

Аталған ерекшеліктер аппендицитпен ауырған балаларды операциямен емдеудің кешігуінің қаупін толық көрсетеді.

Йелдер аппендицит ауруларының ерекшеліктері

Әйелдер анатомиясы мен физиологиясы ерекшелігіне сөйкес олар жедел аппендицитпен жиі ауырады (аппендикстің жатыр қосалқыларына жақын орналасуы, ішектің екі қабат жатырмен қысылуы, етек кірі кезінде іш мүшелерінің гиперемиясы). Бұнымен қоса көптеген гинекологиялық аурулардың аппендицитке ұқсас көріністер беруі диагнозды қиындатады.

 

Жүкті әйелдерде аппендицит ауруының ерекшеліктері - аппендицитпен ауыратын жүкті әйелдер өлімі бойдақ әйелдердің өлімінен 10 рет жиі. Аппендицит бала тастауға, түсікке әкеледі. Жатырмен жоғары ығысқан соқыр ішек аппендициттің ауыр түрлерінің жиіленуіне себеп болады. Оның салдарынан басталатын іштің жоғарғы бөлімінің перитониті өте ауыр болады. Сондықтан жүкті әйелдердің аппендицитінде операцияны жедел орындау қажет. Операцияның кешігуі ананың өліміне қоса нөрестенің өліміне душар етеді. Аппендицитпен ауру еқі қабат әйелдер өлімі 3-5% жетеді.

Аппендэктомиядан соңғы асқынулар жүктілік уақыты өскен сайын көбейуіне сәйкес жүкті әйелде аппендицит симптомдары анықталынса оны жедел операцияға алу қажет. Операцияны жалпы наркозбен орындау қажет. Операциядан соңғы түсіктен сақтандыру үшін 1 мм (10 мг) прогестерон - қүніне 1р. 8-10 күн бойында егіледі, витамин Е, пантопон, папаверин балауыз қолданылады.

 

Артайған адамдардағы аппендицит ауруының ерекшеліктері

Қарт адамдардың жедел аппендицитінің ағымы жастар аппендицитінен өзгеше және жедел аппендицит кәрі адамдарда жиі кездеседі, көбінесе науқас жағдайы ауыр. Өйткені қарт адамдарда аппендициттің деструкциялы (флегмонозды және гангренозды) түрлері жиі байқалады. Бұл адамдарда ауру анық көріністерінсіз, іштің ауырсынуы жоғарыдан басталады, дене кызуы көтерілмеген немесе субфебрильді, қан тамыры соғуы сирек.

Аталған, аппендицитке тән емес көріністер аппендициттен басқа аурулар туралы ойлануға мәжбүр етеді. Кейбір аппендицит симптомдары болмайды, мәселен, Щеткин-Блюмберг. Іш бетінің созылуы, еттердің атрофиясы және ағзаның реакциясы бәсеңдігі аппендицит көріністерін нашарландырады. Осы себептерден қарт адамдарда аппендицит орнына басқа қате диагноз (бүйрек шаншуы, қатерлі ісік т.б.) анықталып қажетті жедел операция уақытымен орындалмайды. Бұның салдарынан ауру перитонитпен асқынады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1670. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия