Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

В) Тоқ ішектің полиптері





Полиптер ішек эпителиінен өсетін қатерсіз ісікке жатады, бірақта олардың қатерлі ісікке ауысуы мүмкін. Барлық проктологиялық аурулар арасында полиптер 10-12% жетеді. Еркектер әйелдерден 2-3 рет жиі ауырады.

Полиптер жалғыз және көп болуы мүмкін, олар 0,5-2 см-ден 3-5 см дейін болады, олардың ұзын "аяғы" бар.

Полиптердің келесі түрлері бар:

а) Ювенильді полиптер - жас балаларда кездеседі, жүзім шоғына ұқсас, беттері тегіс,"аяқтары" ұзын. Қатерлі ісікке ауыспайды.

б) Өте ұсақ (2-4 мм) - гиперпластикалы полиптер

в) Аденоматозды полиптер - ісікке ұқсас. Жиі қатерлі ісікке айналады.

г) Қылшықты полип (аденопапиллома) беті көптеген қылшыктармен жабылған, бөлшектенген.

д) Көп полиптер (полипоз) - туғаннан өсетін тұқым қуалайтын ауру. Полипоз 70-100% қатерлі ісікке айналады. Полипоздар жұмсақ тіндер мен сүйектер қатерсіз ісіктерімен қосарласуы симптомын шақырады (ұрттың кілегейлі қапшығының, ауыз айналасының, алақанның терісінің пигментті дақтармен жабылуы (Пейтц-Йегерс синдромы) байқалады. Іштің әр бөлшегінің ауыруы, іш өтуі, нәжіспен қоса қан және шырыш ағуы, анемия, жүдеу байқалады.

Диагнозды анамнез, клиника, ректо-колоноскопия, ирригография көмегімен анықтайды.

Полип және полипоз тік ішек арқылы электрокоагуляциямен емделеді.

Малигнизацияланған полиптерде гемиколэктомия немесе субтотальды колэктомия орындалады.

Г) Тоқ ішектің қатерлі ісігі

Көлденең тоқ ішек қатерлі ісігі 50-70 жасқа жеткен әйел-еркектерде бірдей жиілікте кездеседі.

Аурудың басталуына ішектің қатерлі ісікке шабатын аурулары зор әсер етеді (полиптер, полипоз, ворсинді ісіктер, ойық жаралы колит, Крон ауруы).

Ісіктің 50% сигма тәрізді ішекте, 15% соқыр ішекте, 12% көтерілуші, 8% оң иілімде, 5% көлденең тоқ ішекте, 5% сол иілімде, 5% төмендеуші ішекте өседі. Тоқ ішек рагі кілегейлі қабатта басталып, одан соң ішектің басқа қабаттарына жайылады. Ісік эндо және экзофитті өседі. 90% дейін ісік аденокарцинома болады. Ісік (30%) лимфогенді және (50%) гематогенді, ал 20% имплантациялы жолмен метастазданады. Көбінесе метастаз бауырға, сирекөкпеге, сүйекке, ұйқы безіне шабады. Бұл ауру туралы толық мағұлматтар онкология кафедрасында беріледі.

17-ші науқас46 жасар шахтер, клиникаға 1979 ж. 21 қазанда түскен. Шағымдары: Іштің екі бүйірінің ауыруы, желмен толуы, нәжіс шығуының қиындануы. Нәжіс 4-5 күн шықпай одан соң іш өтуімен алмасады. Нәжіске қоса ішек шырыны және қан шығады. 1960 жылы дизентериямен ауырған. Емханада емделгеннен соң 2 жыл бойы жағдайы жақсы болатын. Кейінгі 5-6 аптада күніне 3-4 рет іш өтетін болды, және мұнымен қатар тенезмалар күшейе түсті. Ауру қатты жүдеді. Бойы 179 см, салмағы 63 кг. Лимфобездері ісінбеген, тізе буындары ісінген, ауырсынады.

Іші жұмсақ, тоқ ішектер ауырсынады, олар желмен толған. Терісі таза, тілі дымқыл. Сигма тәрізді ішектің тұсын басу қатты ауыртады. Қан анализінде өзгеріс жоқ.

Аурудың дәжісін тексеріп ондағы микрофлоралардың түрі және олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталады. Пеницилинге, биомицинге, левомицитинге сезімтал микрофлоралар табылды. Дизентерия бактериялары жоқ. Қарын қышқылының анализінде -жалпы қышқыл - 20, бос қышкыл - 0.

Қарынды рентгенмен тексергенде өзгерістер жоқ.

Ректороманоскопиямен тік және сигма тәрізді ішектердің кілегейлі кабатының қызарып қабынғандығы, оларда кішкене ойық жаралар және эррозиялар барлығы, ішекте кілегейдің көптігі көрінеді.

Аталған субьективті, обьективті және инструментальды көріністер негізінде спецификалық емес ойық жаралы колит диагнозы қойылды. Қан аралас сұйық дәреттің жиі шығуымен, тенезмамен, ойық жаралар және эррозиялармен қатар буындар ісінуі, ауырсынуы колит ауруының негізгі симптомдарының бірі болып саналады.

Ішек ауруларын ажырату

Ащы ішектің міндеті - тағам қорыту және сіңіру. Ішек шырынында энтерокиназа (трипсиноген, трипсин) ферменттері бар.

Тоқ ішекте көмірсутектері қорытылып және белоктар шіруін қамтамасыз ететін микробты флоралар көп.

Ішектердің ауруларының көріністері өте көп және күрделі. Олар 3топтан тұрады:

1.Ac қорытуының бұзылуы - іш ауыруы, диспепсия, ішек моторикасының бұзылуы.

2.Вазомоторлы, нейровегетативті симптомдар.

3.Резорбциялық бұзылыстар.

Аталған өзгерістерді айыруда нәжісті макро-микроскопия және химиялық тексерудің маңызы зор.

Рентгендік және эндоскопиялық тексерістер де өте маңызды.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1099. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия