Студопедия — ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЕМТИХАН БИЛЕТІ






 

1. V-VII ғ. араб-көшпенділері өмірінің ерекшеліктері.

Арабтардың жаулап алу жорықтары. VII ғасырдың басында Арабия түбегінде Араб мемлекеті құрылады. Бұл мемлекет ислам дінін басты қағида етіп ұстайды. Араб феодалдары «дін үшін соғыс» жиһад ұранымен басқа халықтарға, елдерге басқыншылық жорықты бастайды.

Арабтар жорығының басталуы. 633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» ұранымен жаулап алу жорықтары басталады. Олар Сирия, Иран, Египет жерлерін басып алады.

Арабтардың Орта Азияға, Қазақстанға шабуылы. Арабтар ең алдымен Мәуереннахрға, 706 жылы Бұхараға шабуыл жасайды. Арабтарды Орта Азияға Қорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим бастап келеді. 709 жылы арабтар екінші рет Мәуереннахрға шабуыл жасап, Бұхара қаласын, 714 жылы Шашты басып алады. 753 жылы қарлұқтар мен түріктер арабтарды Самарқанға дейін қуады. 724 жылы арабтар Ферғананың орталығы Қасанның маңында түркештер мен ферғаналықтардан жеңіледі. 737–748 жылдары арабтар Қазақстан жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасайды. 451 жылы Тараз қаласының маңында арабтар осы өңірді басып алған қытайларды жеңеді.

Арабтарға қарсы күрестер. 766 жылы қарлұқтардың, содан кейін Ферғана халықтарының арабтарға қарсы күресі басталды. 806 жылы Орта Азияда арабтарға қарсы Мұқанна қозғалысы болды. IX ғасырда Араб халифатының саяси жағдайы күрт нашарлады. Осының салдарынан Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда арабтардың билігі әлсіреді.

Араб басқыншылығының салдары мен маңызы. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі халықтар малынан, жерінен айырылды. Арабтардың басқыншылығы Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Ең алдымен Қазақстан аумағында ислам діні, араб мәдениеті, жазуы тарады. Тараз, Отырар, Бұхара т. б. қалаларда араб мәдениетінің, ислам дінінің ірі орталықтары пайда болды.

 

2)Айлы күнтізбе және мұсылмандардың салттық-мерекелік мәдениеті.Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.

· Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Осыны тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.

· Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы (354.5+384.3):8=365,25 күнге тең болады.

· Араб күнтізбесі де Ай қозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады..

Мұсылман мерекелері

1. Ашура күні, араб. жыл басы, мұхаррам айының оны. Бұл күні Пайғамбарлар зор апаттан кұтылғандықтан, Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар мен оның сахабалары осы күнді мүбарак санап, ораза ұстаған;

2. һижра кеші, сафар айының 12-кеші, осы кеште Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар хазіреті Әбу Бәкір екеуі Меккеден шығып, рабиғ әл-әууал айынын 12-сінде Мединеге барған. Бұл елеулі тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін мұсылмандар хижрадан бастап жыл санайтын болды;

3. мәулид кеші, Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар рабиғ әл-әууал айының 12 күні дүниеге келген. Осы күні күллі әлем мұсылмандары хазіреті Пайғамбардың туылған күнін аса елеулі түрде құттықгап, мәулид оқиды;

4. рағайп кеші, ражәб айының алғашқы жұма кеші. Мұхамммед (с.а.у.) Пайғамбардың әкесі Абдолланың Әмина ханыммен үйленулерінің бірінші кеші;

5. миғраж кеші, ражәб айының 27-кеші. Бұл кеште хазіреті Пайғамбардың кокке котерілу окиғасы болған. Бес уақыт намаз сол кештен бастап парыз болды;

6. бараәт кеші, шағбан айының 14кеші, рауиат бойынша, бір жылдық жоспар осы кеште белгіленді. Сондықтан осы кеш ізгі болып саналады;

7. фатых Мекке. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар 12 мың Ислам әскерімен Меккені кәпірлер колынан алып, Қағбаны пұттардан тазартқан Рамазан айының 21-күні;

8. қадыр түні - Рамазан айының 27-түні, осы түнде Кұран Кәрім түскен. Сондықтан осы түннің қасиеті мың айдан артық деген аят бар. Сол үшін мұсылмандар осы түнді өте құрметтеп, қадыр түнін күзетіп откізеді;

9. «Ғидұл фытыр» - шәууәл айының бірінші күнінен басталып үш күнге ұласады. Рамазан айында ұсталған ораза ашылып, ауыз ашар жасалып, айт на- мазы окылып, пітір садақасы берілуі уәжіп;

10. «Ғидол үз-хииата». Құрбан айты. Зу-лхпджа айының оныншы күнінен басталып үш күнге жалғасады. Құрбан айт намазы окылу, күрбан шалу уәжіп болып саналады. Бұл күндерде Меккеде миллиондаған мұсылмандар қажылық міндеттерін орындайды;

11. «Тәшрик» күндері деп аталатын зу-л-хиджа айының 11, 12, 13-күндері. Бұл күндерде зу-л-хиджаның тоғызы арафа күнінің таң намазынан басталып, оныншы күні және тәшриқ күнінің соңғы күнгі екінті намазының соңына дейін 23 намаздың парызынан кейін тәкбір тәшрик оқылады;

12. әр жұма күні мұсылмандар үшін зор мереке күні болып есептеліп, жұма намазы оқылу парыз болып саналады. Бұл күндерде мұсылмандар мешіттің мұнараларына қандал жағып, жиналып ғибадат жасайды. Сонымен қатар бұлардың ішінен ауыз ашар айт (ораза айт) және құрбан айттың әрқайсысы үш күннен аталып өтіледі.

 

3. Тылсым-пантеистика бағытындағы ойшылдар және ақындар (Ибн аль-Араби, Руми)

 

Ибн Араби, Мұхаммед ибн Әли ибн Мұхаммед ибн Араби әл-Хатими әт-Тои әл-Андалуси, лақап есімі: шейх әл-Әкбар – “ұлы шейх” (1165-1240) – араб ойшылы, ақын, ортағасырлық сопылық ағымның ықпалды өкілдерінің бірі.[1]

Андалусияда туып, сонда білім алды. Шығыс мұсылман елдерін аралап, Каир, Шам (Дамаск), Бағдад, Коньяда болып, белгілі ғалым, ойшылдармен танысты. Ибн әл-Арабидің философиялық көзқарасы пантеистік сипатта болды. Барлық заттардың біртұтас мәні бар деп санады. Оның пікірінше, бұл мән құдайлық субстанцияны бейнелейді, ол таклидті, яғни көпшілік жұрт тәжім ететін адами беделді бекерге шығарады. Ибн әл-Араби сопы болғандықтан, құдайды жоғарғы, абстракциялық ақиқат арқылы тануға болады дейді. Ең басты еңбектері: бірнеше томнан тұратын “ әл-Футухат әл-Маккийя ”, “ Китаб әл-мусамарат уа-л-мухадарат ”, т.б.

Персоналии с пантеистическими воззрениями в восточной культуре
Пантеизм представлен в направлениях веданты, буддизма, в даосизме, в суфизме.
Аверроэс (1126 — 1198) — знаменитый западноарабский философ.
Го Можо (1892 — 1978) — китайский писатель, поэт, историк, археолог и государственный деятель.
Ибн Араби (1165 — 1240) — исламский богослов из Испании, крупнейший представитель и теоретик суфизма.
Ибн-аль-Фарид (1181 — 1235) — арабский поэт.
Мансур Халладж (858 — 922) — исламский богослов и мистик.
Махатма Ганди (1869 — 1948) — один из руководителей и идеологов движения за независимость Индии.
Руми, Джалаладдин (1207 — 1273) — выдающийся таджико-персидский поэт-суфий.
Тагор, Рабиндранат (1861 — 1941) — индийский писатель, поэт, композитор, художник, общественный деятель.
Хамза Фансури (XVI — XVII в.) — поэт-суфий.
Чжуан-цзы (IV в. до н. э.) — знаменитый китайский философ.
Юнус Эмре (1240 — 1321) — турецкий поэт, суфий.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 805. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия