Студопедия — ЕМТИХАН БИЛЕТІ. Отдел № 33 Управления Федерального казначейства Московской области (ФГБУ «СПДДС» Минтруда России л/с 20486Х30160)
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЕМТИХАН БИЛЕТІ. Отдел № 33 Управления Федерального казначейства Московской области (ФГБУ «СПДДС» Минтруда России л/с 20486Х30160)






(ФГБУ «СПДДС» Минтруда России)

 

141300 Московская область, г. Сергиев Посад, ул. Пограничная, 20

тел. 8 (496) 542-52-08, 546-06-28, факс (495) 728-49-83

ИНН 5042010909 КПП 504201001

ОГРН 1035008365930

 

Отдел № 33 Управления Федерального казначейства Московской области (ФГБУ «СПДДС» Минтруда России л/с 20486Х30160)

Р/с 40501810300002000104 БИК 044583001

Отделение 1 Московского ГТУ Банка России г. Москва

ОКАТО 46215501000

КБК 00000000000000000180

 

 

[email protected]

 

Директор Епифанова Галина Константиновна, действует на основании Устава

Тел. факс. 8 (495) 728-49-83

 

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

 

1) 1. «Ислам», «мұсылман», «ислам мәдениеті» және «арабмұсылман әлемінің мәдениеті» ұғымдарының мағынасы.

Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед .

Мұсылмандар (араб.: مسلم‎ [ мусли́м ] — «мойынсұнушы», «көнуші») - Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам. Мұсылман болу - ынта-ықыласымен Аллаһқа берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың айтқандарына толық илану,шариғат үкімдеріне мойынсыну және Исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шек келтірмеу Ислам қағидаларын орындауы қажет («Бақара», 112, 131, 133-аяттар; «Әли Ғымран», 20, 83-аяттар; «Ниса», 125-аят; «Мәида», 44-аят; (Әнғам», 14- аят, т.б.) Мұсылман адамды кейде «му'мин» (мүмін, момын) деп те атайды. «Муслим» - Исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мумин» - иман келтіруші деген ұғымды білдіреді. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман - Аллаһ және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаулан тиылып, ғибадатын Аллаһ ризалығы үшін ықыласпен орындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиынат жасамайды, Өйткені - мұсылман - мұсылманның бауыры. Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты - жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Аллаһтың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.

Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.

Арабмұсылман әлемінің мәдениеті Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.

Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.

Араб сәулет өнерінің үздік туындылары адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдыруда. Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер салды. Мысалы, Иерусалимдегі VIII ғасырдың аяғында салынған атақты Омар мешіті сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болып саналады.

Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, қабырғалары мен едендері жылтыраған кірпіштермен, мозайкамен өрнектелді. Ислам діні адам кейпін, сондай-ақ жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Алайда өнердің тоқыма, зергерлік сияқты түрлері, сәулет өнері биік сатыға көтерілді. Шеберлер нәзік өрнектің неше алуан әсем түрін туғызды. Араб әріптерімен әсемдеп жазу немесе өсімдік және геометриялық пішіндерге негізделіп жасалған күрделі өрнек түрі «арабески» деп аталды. Жоғары дамыған Араб мәдениетінен еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер негіздерін оқып үйренді. Араб математиктері мен астрономдарының еңбектерін ортағасырлық Еуропа ғалымдары басшылыққа алды.

Еуропалықтар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пайдалануды үйренді. Ибн Синаның (Авицена) латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары XVII ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолдан тастамайтын кітабы болды.

 

2. «Адаб» туралы ілім. «Әдеп» (әдәб) – тәрбиелілік, көрегенділік, әдептілік деген мағыналарды білдіретін арабтың сөзі. «Әдеп» – діндегі асыл қағидалардың негізінде адам бойында пайда болатын ізгі қасиет, кеңірек түсіндіргенде, рухтың дінмен астаса отырып, берік болуы. Діндердің барлығы бірдей кісіге әдептілікті сіңіре қояды деу қиын, ал Ислам діні адамды шынайы әдептілікке баулиды.

Әдеп «ихсан»[1] мәртебесіне жету дегенді де білдіреді. Яғни, әрбір іс‑әрекетіміз бен бізге жүктелген міндеттерді Жаратушы Ие көріп тұрғандай қапысыз түйсініп, қалтқысыз орындау. Жаратушыны көзбен көріп тұрғандай күйде болу. Әдептіліктегі ихсан түсінігі осы. Сонымен қатар, әдеп – парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бүкіл іс‑әрекетін үлгі етуді де қамтиды. Ежелден ата-бабаларымыз әдептілікке қатысты ойдым-ойдым ой кестесіндей сөз маржандарын мирас етіп қалдырған:
«Әдептілік – кісінің киімі.
Әдепсіз адам – жалаңаш жанмен тең!»

Яғни, тәрбие немесе әдептілікті, тәнді сырт көзден қорғайтын киімге теңесек, әдепсіз жан, киімнен жұрдай, өзі тырдай жалаңаш адам іспеттес болмақ.
«Әдеп – Жаратқанның нұрынан түскен тәж.
Тәжді қабыл ал да, барлық пәледен құтыл».

Бұл жерде әдептілік патшаның тәжіне теңелген. Тәжді киген жан барлық пәледен аулақ болады. Демек, пәле‑жаладан аман болғың келсе, ұдайы әдептен аттамауға тырыс.

Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик. білімділік принципімен қоса кейінгігуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі.Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері — ибн Хазм (994 — 1064) және ибн әл-Хайсам (965 — 1039). Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды (әл-Фараби, ибн Сина, Омар һайям, ибн Рушд). Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан қаралды. “Риясыз ағайындылар” энциклопедиясының авторлары, сопылық бағыттағы ойшылдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165 — 1240, Руми, 1207 — 73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетик. тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетик. таным проблемалары үлкен орын алды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік — шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл-күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдікэстетикаға үлкен ықпал етті.

3) Парсы миниатюраларының (ескілікті қолжазбаларының) ерекшеліктері. Парсы минатюрасы — кітапқа иллюстрация ретінде салынған немесе жеке өнер туындысы болып табылатын қағазға салынған кішкене сурет. Бұндай миниатюралар жиналған альбомдар мураққа аталады. Жалпылай келгенде Батыс және Византиялық миниатюра мен манускрипттер жасау дәстүрімен ұқсас. Парсы минатюралары парсы өнерінің Батыс мұражайларындағы ең танымал үлгілеріне жатады. Миниатюра XIII ғасырда Моңғол шапқыншылығынан кейін қытай өнерінен әсер алып, елеулі жанрға айналады. Бұл жанр шарықтау шегіне XV-XVI ғасырларда жетеді. Парсы миниатюрасы Түркиядағы Осман миниатюрасы мен Үнді субконтинентіндегі Ұлы Моғолдар миниатюрасына үлкен әсер етті.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 879. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия