Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бәдәуилер жыры





Бәдәуилер (араб ғөjBL - шөл дала тұрғындары) - Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африкада көшпелі тұрмыс кешкен малшы арабтар. Араб тілінде сөйлейді, араб графикасымен жазады. Мұсылмандар (сүнниттер, абадиттер немесе ибадиттер), уақапшылдар). Ежелгі тайпалық байланыстары сақталған. Дәстүрлі кәсібі: көшпелі мал шаруашылығы (негізінен, түйе өсіру), суармалы егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, дурра, сұлы, ірі бұршақ) айналысады. Мұнай, алтын (Медина ауданы) өндірісінде, порттарда жұмыс істейді. Көшпелі, жартылай көшпелі бәдәуилер төрт бұрышты киіз шатырларда, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрады. Кең ақ көйлек, түйе жүнінен тоқылған шекпен аба, аяқтарына ниаль киеді, бастарына орамал (куфия, сумада) салады. Материалдық жағдайына байланысты әйелдері шыныдан, темірден жасалған сақина, алқа, мұрындарына әшекей тағады. Қыздары маңдайларын, иектерін, кейде беттерін, еріндерін, кеуделерін, аяқтары мен табанын көк бояумен бояп жүреді. Қалалық жерлерде еуропалық киім үлгісі кең тараған. Ұлттық тағамы: бидай, қарабидай, арпа ұнынан илеп пешке пісірген таба нан, бургуль; сусындары - кофе. Тамақты қолмен жейді. Ауыз әдебиеті өте бай. Әнді раба (әрбаба) аспабының сүйемелдеуімен айтады."Ол кезде Басрада ғашық жастар Башшар жырын қоспай ән айтпайтын, ал жоқтау айтатын әйелдер мен әнші қыздар осы шайырдың шығармаларымен күн көріп, дәулетті, текті кісілер ақынның сын сырығының ұшына ілігіп кетуден сақтанысып жүрер еді".Башшар ақын Басрадан ұзақ шығып, Бағдадқа да барған, әл- Маһди халифаның алдында қасында толғаған, сонда айтқан жырының ұзын саны 12 мың еді дейтін әңгіме бар.Жырды құдды бағзының шайыры сияқты саф араб әуезімен айтқан; Басра маңында көшіп-қонып жүретін Каис Ғайлан бәдәуи тайпасына барып қасида толғаған және ана тілінің тереңіне емін-еркін бойлай білгені сонша, кейінгі ғалымдар талантына бас иіп, сілтеме жасаумен болады. Бірақ Башшар қайтсе де ескінің ақыры еді. Бұл дәуірдің ақындары назым жыр құрастырған кезде дала гүлінің орнына бақша гүлін әкеліп, болмаса атақты Ибн Йусуфтың бауыры әл-Касим сықылды әлгі есекті қолға үйретілген ешкіге ауыстырса да, тіпті Ибн әл-Ғаллаф (318-930 ж. қ. б.) құсап үй мысығын құлағынан сүйреп әкеп жатса да, ешкім жаңа түр, соны мазмұн таба алмады, табуы да неғайбыл еді. Жалғыз құбылыс— "айтқыштық" — мәдениеттің құлдырау, сему дәуіріне тән осынау айшықты белгі ғана біршама жаңа болатын. Бұл белгі араб поэзиясына үлкен шаһарлардағы алақұйын тірлік әбден орныққан шақта опырып-сындыра кірді. Насыр сөздегі сияқты бұл жолы да қызық атаулыға көз жұмбай елігу көне жыраулар поэзиясына тән талғам-тұшымды жөргегінде тұншықтырды.

2.Араб кітаби мәдениетінің пайда болуы. Ибрахим ал- Байхаки және оның кітаптарға ғажайып сипаттамасы.

Адамзаттың барлық жетістіктері адамдардан қалған жазба деректерде сақталған. Осы жазбаларда илаһи тағылымдар мен білім бар. Адамның соны білмейінше бақытқа жетуі мүмкін емес. Өмір сыйлаушы ұлы әлеммен, яғни кітаппен байланысы жоқ кісінің ең бағалы адами жетістік пен аспандық танымның үлкен көлемінен кенде қалатыны сөзсіз. Ілімнің адам өміріне ықпалы күннен күнге ұлғайып, істердің ілімге деген тәуелділігі тереңірек болып жатқан әлемде кітап пен кітап оқуға көңіл бөлудің қажеттілігін көбірек сезінеміз. Кітап – мәңгілік мұра, салтанатты әрі бағалы құбылыс және адамзат өміріндегі өсіп жетілдіруші әрі анықтағыш элемент болып табылады. Ілім үйренудің, сезім мен ойды баяндаудың ең оңай әрі ең арзан жолы және адамзаттың рухани байланысының ең көне құралы – кітап. Дамыған жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болып, өрістеуіне қарамастан әлі де болса кітап әсерлі, тартымды әрі орны толмас қолжетімді құрал болып табылады. Кітап дамудың, ілім мен мәдениетті өрістетудің және әлем халықтары арасында достық пен түсіністік орнатудың ең үлкен факторы бола алады. Адамзаттың барлық жетістіктері адамдардан қалған жазба деректерде сақталған. Осы жазбаларда илаһи тағылымдар мен білім бар. Адамның соны білмейінше бақытқа жетуі мүмкін емес. Өмір сыйлаушы ұлы әлеммен, яғни кітаппен байланысы жоқ кісінің ең бағалы адами жетістік пен аспандық танымның үлкен көлемінен кенде қалатыны сөзсіз. Кітап – тарихи өркениеттер жетістіктерінің басым бөлігін көрсете алатын айна іспеттес. Кітап сөзі –адамзаттың даналыққа жету жолында жасаған талпыныстарының белгісі. Кітап оқу кісінің өзі мен қоғамның тағдырына саналы түрде араласуының кіріспесі болып табылады. Кітап оқу мәдениеті бастамашылдық пен жасампаздық күші мен бостандық сүйгіштік және ұлылық рухты күшейтеді. Егер қоғамда кітаптың құны төмендеп кетсе, сөзсіз сол ұрпақтың ой мен мәдениет мұрасы кейінгі буындарға жетпей, сол қоғамның мәдениеті мен өркениеті дамудан кенде қалады. Кітап – ең үздік илаһи нығметтердің бірі. Кітаптың арқасында адамзат надандық иірімінен шығып, білім мен танымның шыңына жетеді; қапылдық қараңғылығынан даналықтың жарығына аяқ басады. Мұсылмандардың мақтанышы мынада: қасиетті ислам діні көзқарас пен білімді және кітап пен жазуды қадірлеуге негізделген. Құдай Тағала өзінің ең соңғы әрі ең сүйікті елшісінің мәңгілік мұғжизасы бір "кітап", яғни Құран болуын қалаған. Мұсылмандардың мәдениеті, тарихы мен исламдық өркениеттің гүлденуі ғасырындағы кітаптар мен кітапханалар саны және исламдық әрі ирандық данышпандардың әлемдік құнды туындыларды мұраға қалдырудағы еңбегі ислам дініндегі кітап пен кітап оқудың маңызын дәлелдейді.

Арабтың танымал құқықтанушысы, хадистанушысы Аль-Байхаки. Ол әлемді саяхаттаумен 30 жылын өткізіп,еліне оралып қалам,құқық,хадистен өте көп кітаптар жазған.

3. 7ғ.- Сүлейманның Басрадан Қытайға сапары. Басрадан шыққан әлдебір ақын, Үбайдаллах ибн Сүлейман Ташкенттен Александрияға дейін сапар шегіп одан Қытайға сапар шеккен.

 

Билет

1.Араб әдебиетінің даму тарихындағы джахилия кезеңі

Джахилия дегеніміз ертедегі Арабиядағы Исламға дейінгі надандық пен зұлымдық кезеңі. Джахилия дәуірінде арабтар бір Құдайға сенгенімен пұтқа табынды. Джахилия дәуірінің зұлымдық,опасыздық,қанаушылық көріністері араб әдебиеттерінде көп жазылған.

2.Нәсіп-махаббат лирикасы

Жалпы нәсіп дегеніміз Алланың адамға буйыртқаны. Мысалға «Ей,Аллам жақсылықты нәсіп ете көр» Сол сияқты махаббат сезімі де Алладан адамға нәсіп етілетін ұлы сезім

Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.Мейрімділікке,қайрымдылыққа,игі істер жасауға,ғажайыпқа сенуге,қызғаншақтыққа,құмарлыққа,әділдікке,әдепсіздікке,сыйластыққа батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес дауға әкелуі мүмкін. Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.

3.Суфийлік прозашы және ақын Абд аль-Гани ан- Наблусидің шығармашылығы

Атақты Ибн Арабидің шәкірті. Оның әр түрлі сұрақтар аясында 144 шығармашылық еңбегі бар.Және көптеген комментарийлер жазған соның ішінде Ибн Аль-Фаридтің еңбектеріне. Ол суфийлік бағыттың бірден екі тариқатында мойындаған олар мевлеви,накшбанди. Ибн Арабидің шәкірті болғандығынан теомонизмді зерттеуге көп уақытын бөлген. Яғни теомонизм транциденттік бірлік болып табылады. Сонымен қоса экзистенцияныда зерттеген.

 

Билет

1.Араб- парсы әдебиетіндегі жанрлық алуан түрлілік Парсы әдебиеті, екімыңжылдық тарихты қамтиды. Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе “машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ежелгі әдебиет нұсқаларына көне пеһлеви тілінде жазылған “Динкерд”, “Бәндәхшан”, “Эрдовирноме”, “Ардошир Бобеконның ісі”, “Тонсер хаты” және “Құдайнама” сияқты әдебиет нұсқалар жатады. Сондай-ақ б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда сына жазуы үлгісінде Ахемен әулетінің патшасы Дарийдің бұйрығымен жазылған Бехистун сына жазуы да осы дәуірдің еншісінде. Соның ішінде қайта өрлеу дәуіріне тоқталып өтсек.Қайта өркендеу дәуіріндегі (10 – 15 ғасырлар) парсы әдебиеті ең гүлденген әдебиет саналды. Қыпшақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950), Хорезмдік Әбу Райхан әл-Бируни (973 – 1048/50), Бұхарада туған Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037), т.б. энциклопедист ғалымдардың парсы тілдерінде жазылған құнды еңбектері парсы әдебиетін дамытты. “Ақындардың атасы” атанған Ә.Рудакидің (860 – 941) дидакт. жырлары, Ә.Фирдаусидің (940 – 1020/30 ж.ш.) “Шахнамасы” (994 – 1010 ж.ш.), Омар һайямның рубайлары (10 – 12 ғасырлар), Мәуләуидің “Мәснәуиі”, А.Ансари (1002 – 1088), Санаи (1048 – 1126/93/94) сынды сопылық поэзия өкілдерінің жырлары, Ф.Аттардың (1141 – 1229 ж.ш.) “Мантақатут таиыры”, Г.Низамидің (1141 – 1209) “Хамсасы”, Ж.Руми (1207 – 1279), Сағди (13 ғасыр), Хафиздердің сырға тұнған өлеңдері (14 ғасыр), Ә.Жәмидің (1414 – 1492) “Бәһористаны” (1487), т.б. шығармалар, бірнеше поэзиялық топтамалар дүниеге келді. Мұндай туындыларда адами құндылықтар мен Жаратушыға деген ұлы махаббат жырланды. Олардың қаламынан туған құнды еңбектер әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды. Көптеген қаламгерлердің шығармаларына әсер етті. Соның ішінде Рудакидің адамдық қасиеттерді жырлаған гуманистік сарындағы өлеңдері Абай поэзиясына ықпал етті. Фирдаусидің классик. туындысы “Шахнаманы” қазақ тіліне аудару ісінде Ораз молда (1856 – 70), Сердәлі ақын (1888), М.Сералин (1914 – 15), М.Дәулетбаев (1934), Т.Ізтілеуов (1934, кітап болып 1961, 2004 ж. шықты) есімдерін ерекше атауға болады. Ораз молда туындыны қара сөз бен өлең араластыра кең ауқымда тәржімалады, бірақ оның еңбегі басылып шықпады. Ал Тұрмағамбет ақын Фирдаусидің 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында 11 ай көлемінде қайта жырлап шыққан “Рүстем – Дастанды” М.Әуезов аударма емес, төл туынды ретінде бағалады. Әлемдік классикада жоғары бағаға ие “Шахнаманы” А.Тәжібаева Ташкентте басылған шағатай нұсқасынан (1908), І.Әбдіқадыров әзербайжан тіліндегі нұсқаға сүйене келе проза үлгісінде, сондай-ақ Б.Алдамжаров (“Мәнушәһір”, 1973; “Кей Хосрау”, 1976) тәржімалады. Омар һайям рубайларын қазақ оқырманына І.Шаңғытбаев (325 рубай, 1965), Ө.Күмісбаев (2004) танытса, Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына ауызша әрі жазбаша тарады, оның негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазды, Шәкерім сюжеттік желілерін шығармаларында пайдаланды. Жәмидің “Жүсіп – Зылиқа” (1483), “Ләйлі – Мәжнүн” (1484), т.б. туындылары қазақ арасына кең тарады. Сондай-ақ Зийа әд-Дин Нахшабидің “Тотынамасы” мен Кей-Қаустың “Кабуснаме” (1082 – 83) секілді прозалық шығармалары да осы дәуірдің еншісіне тиді. “Кабуснаменің” кей тарауларын Ы.Алтынсарин аударды, Абайдың қара сөздерінің жанрлық, стильдік табиғаты осы шығармамен өзектес болды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде (16 ғасыр мен 17 ғасырдың ортасы) Иранда кітап басу ісі қолға алына бастады, 1641 жылы алдымен христиан әдебиеттері басылып шықты. Парсы әдебиетінің бұл кезеңінде туындаған С.Табризидің (1607 – 77) лирикалық жырларын, өмірінің соңында ғана лайықты бағасын алған Н.Герати (1601 – 1671) шығармаларын атап айтуға болады.

Араб әдебиеті — араб елдерінің, арабтар мен араб тілін ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Халифат заманында (7-9 ғ.) қалыптасқан мәдени-тарихи ортақтастық, тілдік бірлік, ортақ дәстүр араб-мұсылман мәдениетін қалыптастырды. А. ә. сол жиынтық мәдениеттің маңызды бір саласы. Араб әдебиеті тарихы төрт дәуірге бөлінеді:классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.).15-18 ғасырлардағы араб әдебиеті.жаңа араб әдебиеті (19-20 ғ.).қазіргі заманғы араб әдебиеті (20 ғ.). Классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.) өзінің бастауын исламға дейінгі Арабия түбегіндегі көшпенді бәдәуилердің ауыз әдебиетінен алады. Сол дәуірде өз тайпаларының мүддесін қорғап жыр жазған жүзге жуық ақындардың есімі белгілі. Классикалық А. ә-ні исламға дейінгі кезеңін осы поэзия құрайды. Қоғамдық өмірде поэзияның атқарған рөлі зор болды. Халық жиналыстарында, алаңдарда ақындар жиі өлең оқып, арнайы жарыстарда сынға түсетін. Олар, сондай-ақ, өлеңдерінде сарай салтанатын, жарылқаушыларды жырлап, жауларын күлкіге айналдырды. Осы кезеңде бірқатар жанрлардың басын қосқан дәстүрлі қасида пайда болды, элегия мен сатира өз алдына дербес жанр ретінде қалыптасты. Ескі араб өлеңінің бір түрі қыта пайда болды. Араб әдебиетінің төл басы — “ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500 — 540) болып есептеледі. Ол өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543 — 569), әл-Харсис ибн Халлиза (т.ж.б. — 570), Зухайр ибн Аби Сулма (530 — 627), Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525 — 615) т.б.Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі рөл атқарды. Араб жазба әдебиетінің ең алғашқы туындысы Құран ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздері мен діни әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құранның шығуымен байланысты А. ә. жаңа түр, жаңа сипат алды. А. ә-нің дамуына діни күрес қайшылықты сипат берді. Діни бағытты жақтаушы топпен бірге, оған қарсы бағыттағы әдебиет те өрістеді. Бұл реттегі ең елеулі ақындар Хағб ибн Зуайр (т.ж.б. — 662), Хассан ибн Сабит (т.ж.б. — 674), Әбу Зуайб әл-биға әл-Жаъди (т.ж.б. — 699) болды. Ислам дәуірлеп, Араб халифаты өрлеу кезеңінде тұрса да қоғамдағы әр түрлі саяси топтардың, діни ағымдардың ықпалымен саяси лирика өрістеді. Бұл бағыттағы ең елеулі ақындар әл-Ахтал (640 — 710), әл-Фараздақ (641 — 732), Жарир (653 — 733) болды. 8-9 ғ-да көп ұлтты Араб халифаты өзінің гүлдену дәуіріне жетті. А. ә-нің көркемдік түріне, жанрлық сипатына өзгерістер енді. Осы “жаңару кезеңінің” ірі өкілі Башшар ибн Бурд (714 — 783) болды. Араб сөз өнеріндегі жаңалықты “ақындар патшасы” Әбу Нуас (762 — 815) дамытты. Классик. А. ә. осының негізінде толық қалыптасты. Араб халифаты ыдырап, бірнеше мемл-ке, әулеттерге бөлінген шақта А. ә. Мысырдың, Сирияның, Ливанның, Ирактың, Иранның т.б. мемл-тердің ұлттық әдебиеті болып бөлшектеніп бөліне дамыды.

2.Ибн-Фадлан араб саяхатшысы

10 ғасырдағы араб саяхатшысы және жазушысы. Шығыс Еуропаны түгелімен саяхаттап шыққан. Жүрген сапарларынан жол бағыттауыш естеліктер қалдырған. Және ол оғыз,башқұрт,русьтар.хазарлардың арасындағы саяси байланысты жазып қалдырған. Саяхатшылығымен қоса ол Египетте жаулап аулаған әскербасы Мұхаммед ибн Сулейманның қарамағындағы беделді жазушы-шенеунік болған. Сонымен миссионерлік елші қызметін талай жылдар атқарған. Ол оғыздар мекенін көп тұрақтап,зерттеген,бұл мекен Қазіргі Батыс Қазақстан аймағы болып табылады.Ибн Фадлан бастаған елшілік миссионерлік топ мақсаттарында саяхатшылдық пен қатар Ислам дінің тарату болды.Бірақ бұл дипломатиялық мақсаттары жүзеге аспай, аман-есен елдеріне оралғандарына қуанды. Фадлан Бағдадқа оралғанында жазған басты шығармасы «Рисале» болды. Онда ол мекендеген аймақтарының бағытын,тарихын түсірген. Ең құндысы орта ғасырлық тарихтағы Орталық азия туралы деректер болды. Бірақ саяхатшының бұл құнды еңбегінің соңғы жақтары жоғалған. 3. Араб мұсылман шығысындағы қозғалыс заңдары ілімінің механика,химия ілімдерін дамуы.

Араб мұсылмандарда 8-9ғ.ғылымға деген бетбұрыстарынан араб химиктері пайда бола бастады. Алғашқыда арабтар химияға алхимия деген атау берген. Жалпы химияның бастауы алхимиядан басталған. Оған басты дәлел 670 жылы Араб флотының қарсыластары христиандық Константинополь араб флотын гректік отпен яғни бір химиялық қоспаның салдарынан өртеп жіберген. Бұл ғасырларда алхимия гректер мен шығыс мұсылмандарда қарқынды дамыды. Ең танымал араб алхимигі Джабир ибн Хайян болды.Ол еуропалықтар арасында Гебер деген атпен өте танымал болды. Джабир көптеген уксустар мен қышқылдардан қоспа дайындаған. Металлдардың трансмутациялануын дәлелдеген,ал кейін бұл ашылу кейінгі алхимиктер көп пайдасын тигізді. Ол металлдардан алтын алу әдісін меңгерген.Ол күкірт пен сынапты өте жоғары бағалап,алтын алудың тәсілдерін тапқан.Және басты алхимияның мақсаты эликсир порошогын дайындау болған. Бұл эликсир ауруларды емдеп, мәңгі өмір сыйлайды деген.

Ар-Рази ол медицина мен алхимиямен айналысқан. Ол да өте танымал болды ол гипсті дайындау методикасын ойлап тапты. Ал ең беделді медицинада өз қолтаңбасын қалдырған Ибн- Сина, еуропада Авиценна деген атқа ие. Оның еңбектері,ашылулары әлі күнге дейін медиктердің басты сүйенетін құралы болып келеді. Және ол өзге металлдардан алтын алу болатындығын құптамаған.

Механика саласында Альгацинни танымал болды. Басты жаңалығы атмосфераның жоғары температурасын өлшеу әдісін ұсынуы. Оның басты шығармасы «салмақтың даналығы» атты кітабы. Аты айтып тұрғандай бұл шығармада таразыға қойылған салмақтың яғни металл болса, онда ол сол екі металлдардың таза металл мен жасанды металлдан айырмашылығын басымдылығымен көрсететінін және т.б біз түсіне қоймайтын формулалармен келтірген.

 

Билет

1.Обсерватория (лат. observatіo – бақылаушы) – астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады. Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған. Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, т.б. жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) 17 ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан О-лардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич, т.б. жерлерде жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. 20 ғ-дың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан. Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Асы-Түрген обсерваториясы, Күн обсерваториясы бар. Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физ. құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.

2.Солтүстік Африка сәулет өнерінің ерекшеліктері. Кайруандағы Сиди-Укба мешіті. Кайруандағы ең тамаша сәулет құрылысы- ол әйгілі Джамаа аль-Кебир,бірақ ол көбінде Сиди-Укба деген атпен танымал. Бұл мешітті 670 жылы Укба ибн Нафи қалады. Магрибтегі ең көне мешіт болып табылады. Бұл мешіт үлкен қала ретінде көрінеді. Сыртқы қабырғалары массивті сақау қабырғалардан, алпауыт минарет мұнарасындай 40 м биіктігі. Ол 724-728 жылдары салып,ең ежелгі минарет болып саналынады. Өте кең ішкі сарайы бұл сәулет өнерінің басты орталығы деп айтсақта болады.Барлық төрт жағынан екі қатрамен тұрған колонналарды көреміз. Сарайдың ортасында мрамормен қапталған бұлақ орналасқан. Сарайдың қоршап тқрған колонналар, бұл сарайға Антикалық қалаларда қиратылған храмдардан әкелінген. Ол қалалар Карфаген,Кирен және Утики. Ғибадат ету залы өте бай безендірілген. Керемет декоративті ескерткіші ол платандық ағаштан жасалған минбар,ол 863 жылы құрылған. Минбар әр түрлі өрнектермен безендірілген. Минбар өрнегі михрабпен үйлесімділікте орналасқан.Михраб аркасы және оның айналасындағы қабырғалары Бағдадтан әкелінген ромбтық жазбалармен қапталынған. Михрабты қаптауда сонымен қоса мрамор плиталарыда қолданылған. Сиди-Укба мешітінің басты ерекшелігі; мұсылман еместерді де кіргізуінде.

3.Абу-л- Валид Мұхаммед ибн Ахмед Рушд: жан туралы ілімі және оның тәнмен байланысы. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд (араб.: ابو الوليد محمد ابن أحمد ابن رشد‎, лат. Averroës; 1126—1198) — Кордова халифаты кезеңінде Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб философы. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд материялар мен қозғалыстардың мәңгіліктілігін және олардың жаратылмағанын (құдаймен «мәңгі бірлігін») дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелік өмірді жоққа шығарды. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Оның Аристотель шығармаларына жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек философиясымен танысуына елеулі ықпал етті. Ибн Рушдтың (еуропада «Аверроэс») ілімі (аверроизм) мұсылмандық және христиандық қасаң қағидаларды өзгертпей сақтауға тырысушылар қуғынға ұшырады. Ибн Рушдтың негізгі шығармалары: «Терістеулерді терістеу», «Философия мен діннің арасындағы байланыстарға қатысты қорытынды жасайтын пікір».Ибн Рушдтің әйелдердің жағдайы туралы ой-тұжырымдары қоғамдағы адамдардың тең дәрежелілігі туралы ұғымның дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады. Ол бұл мәселеде өз заманындағы қоғамдық құрылымды сынға алды. Ол былай деп атап өтеді:«біздәң әлеуметтік құрылымымыз әйелдерге өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік бермейді; біздіңше ол бала тууға және оны тамақтандыруға жаралған сияқты және оның құлдық (күңдік) жағдайы ондағы қандай да бір парасатылыққа деген мүмкіндігін жойып жіберген»

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2978. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия