Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1) Курейшиттер тайпасы және Қағба ежелгі ғибадатханасы.Құрайыш әулеті — Исмаил пайғамбар




1) Курейшиттер тайпасы және Қағба ежелгі ғибадатханасы.Құрайыш әулеті — Исмаил пайғамбар ұрпақтарынан тараған әулет. Құрайыш әулеті Фихр ибн Мәликтің лақап аты. Ол Мұхаммед пайғамбардың он бірінші атасы. Құрайыш әулетінен Жамх, Саһм, Удей, Тәйм, Құсай, Заһра аталары тарайды. Мұхаммед пайғамбар Құсай тұқымынан саналатын һашим ұрпағынан шыққан. Құрайыш әулеті 440 жылдан бастап Мекке қаласына толық иелік етті. Құрайыш әулеті Қасиетті Қағбаның қарауылы мен қызметшілері болып есептелді. Құран Кәрімнің 106-сүресінде Құрайыш әулетіне қатысты оқиға берілген. Мұнда Эфиопия жерінен Мекке қаласына 571 ж. Қағбаны бұзу үшін келген Әбраһа бастаған христиандар туралы айтылады. Соғыста тығырыққа тірелген Құрайыш әулеті жаратушыға жалбарынып, қасиетті үйді Аллаһқа тапсырады да, өздері тау басына шығып кетеді. Құрайыш әулетінің тілегін Аллаһ қабыл етіп, жаудың тас-талқаны шығады. Құрайыш әулетінің сол тұстағы басшысы Мұхаммед пайғамбардың атасы Абд әл-Мутталиб болған.

Қағба (араб.: الكعبة‎ – куб) – мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат.Қасиетті үй, көне үй деп аталады. Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-бәй-түл-һарам" (қасиетті мешітте орналасқан төртбұрышты үй) деп те аталады. Діни аңыз бойынша —Алла Тағаланың уахиімен (тек пайғамбарларға келетін Алла Тағаланың аяндары) Ибраһим (ғ. с.) Пайғамбарға ұлы Исмаилмен бірге Зәмзәмнің жанынан Қағбаны көтеру бұйырылған. Қағбаның солтүстік-шығыс қабырғасы 12,63 м, ал солтүстік-батыс қабырғасы 11,03 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 13,10 м, оңтүстік-шығыс қабырғасы 11,22 м, ал биіктігі 13 м. Жалпы көлемі 145 шаршы м болған тастан қаланған құрылыс үй. Үсті қара жамылғымен жабылған, жамылғы жыл сайын қажылық маусымында жаңартылып тұрады. Қағбаның бұрыштары шамамен төрт негізгі бағытты көрсетіп тұрады. Бұрыштардың әрқайсысының өзіндік атауы бар. Шығыстағы бұрышын "Хажар- ил әсуад" немесе "Шарки", солтүстіктегі бұрышын "Ираки", батыс бұрышын "Шами", оңтүстік бұрышын "Йемен" деп атайды. Қағба алаңының көлемі 145 шаршы м (хатимді есептемегенде). Хатим алаңы 94 шаршы м (қабырғасымен бірге). "Хажар-ил әсуад" Қағбаның шығыс бұрышында жердей 1,5 м биіктікте орналасқан. "Хажар-ил әсуад" деген қара тас мағынасын білдіреді. Хазіреті Ибраһим тарапынан тауафқа бастау жеріне белгі ретінде қойылған. Баста үлкендігі 18—19 см болған бұл тас түрлі себептермен бірнеше рет сынған. Дәл қазірде алғаш қойылған орнында күміс жалатылған қорғасын ішіне көмкерілген жеті бөлек күйіңде тұр.

 

2) Исламдағы тыйымдар және ұйғарымдар.

Ұлы Аллаһ Тағаланың дінінің негізінде Аллаһ пен Оның елшісі нұсқамаған кез-келген амал - харам болып табылады. Яғни діни амалдардың негізі - харам, ал рұқсат етілгендері - тек Аллаһ пен Оның елшісінің нұсқағандары. Бір сөзбен айтқанда ғибадатта Аллаһ пен Оның елшісі нұсқамаған нәрселерді жасауға болмайды .
Ал тұрмыстық және дүние мәселелердің бәрінің негізін Аллаһ Тағала рұқсат, яғни халәл етті, сондықтан дүние тіршілігінде кез-келген нәрсе Аллаһ және Оның елшісінің тарапынан оның тыйым салынғандығы жайлы нұсқауы болмайынша - рұқсат, яғни халәл болып табылады. Яғни, дүние істерінде Аллаһ пен оның елшісі харам деп айтпаған барлық нәрсе – халәл. Бұл Аллаһ Тағаланың өз құлдарына деген жомарттығын көрсетеді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында нені рұқсат етсе, сол рұқсат етілген, ал Ол неге тыйым салса, сол тыйым салынған болып табылады. Ал Ол атап айтпаған нәрселерге келер болсақ, олардың да барлығы рұқсат етілген. Ендеше, осының бәрін Аллаһтан қабыл алыңдар, өйткені расында, Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды!» - деді. Содан соң пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аяттарды оқыды: «Сенің Раббың ұмытпайды..» (Марьям 19: 65)». әл-Хаким 2/375, әл-Баззар 123. Бұл хадис бірнеше жолмен жеткен, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейте түседі, соған байланысты әл-Хаким, әл-Баззар, ад-Дәрақутни, Әбу Бакр ибн әл-‘Араби, имам ән-Нәуәуи, Ибн әл-Қайим сынды имамдар, хафиз Ибн Кәсир және де шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.
Мұның тамаққа да тікелей қатысы бар, сондықтан Аллаһтың шариғатымен тыйым салынбаған нәрселердің бәрін жеуге рұқсат етілген . Ал тамақта тыйым салынған нәрселер мен жалпы тыйым салынғандардың бәрінің себебін Аллаһ Тағала былай деп түсіндірді. «Ол жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тосады, барлық игі нәрселерге рұқсат береді де, жиіркенішті нәрселерден тыяды». (әл-А’раф 7: 157).
Бұл аят, тамақта болсын, не басқа мәселелерде болсын, Аллаһ Тағала жиіркенішті және зиян тигізетін нәрселерден өзге ешнәрсеге тыйым салмағандығына анық нұсқап тұр!
Құран мен Сүннетте нұсқалған тыйымдар жайлы.
Өлексе, доңыз еті, қан, шарап
Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген жануарлар және жыртқыш жеген мал - харам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың - басқа. Және тігілген тасқа (бұтқа) арнап бауыздалған, әрі оқтар арқылы бөліскендерің (бал ашуларың) да харам етілді. Бұларың - бұзықтық». (әл-Маида 5: 3).
Сонымен, Аллаһ Тағала мына нәрселерді жеуге тыйым салды: Аллаһтан басқаға құрбан етілген жануарды; өлексені, ол қалай өлсе де, шариғатта бекітілген тәсілмен бауыздалғаннан өзге жануарды; қанды, шарапты; доңыз етін.
Сондай-ақ, өлексеге тірі болып тұрған жануардан кесіп алынған ет те жатады. Өйткені, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген. «Тірі болып тұрған жануардан кесіп алынған (нәрсе) - өлексе саналады!» Әбу Дауд 2841, Ибн Мәжжәһ 3216. Сенімді хадис.
Сондықтан, тірі жануардан кесіп алынған кез-келген бөлікті жеуге тыйым салынады.
Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар - лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен, Шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?!» (әл-Мәида 5: 90-91).
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Барлық мас ететін зат - харам!» Сондай-ақ, ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Мас қылатынның бәрі - шарап, ал шараптың бәрі - харам!» Муслим 2002.

 

3) Арабия, Сирия, Палестина сәулет өнерінің ерекшеліктері.Сотовый свод, мукарны, мукарнасы (исп. muqarnas, араб. مقرنص‎‎), сталактиты — характерный элемент традиционной арабской и персидской архитектуры; разновидность складчатого свода из замкнутых перегороженных складок в виде ромбических гранёных впадин-гексагонов, пирамидальных углублений, похожих на восковые пчелиные соты или насталактиты.

Данная ячейка-элемент свода также называется собственно мукарной или сотой. Эти ячейки образуют декоративные выступы призматической формы, которые нависают друг над другом. Мукарны могут использоваться в качестве архитектурного элемента (создавать свод) или иметь только орнаментальную функцию. [1].

«Соты»-мукарны имеют форму небольших ниш, расположенных в определенной конструкции ярусами. Они могут быть выполнены из камня, кирпича, штукатурки или дерева. Они часто используются для куполов, карнизов, тромпов, арок и сводов — на тех поверхностях, которые европейская архитектура оставляет гладкой. Двухмерная проекция элементов сотового свода представляет собой основные геометрические формы — квадрат, равнобедренный треугольник, ромб, половину ромба (равнобедренный треугольник с короткой диагональю ромба в качестве основания), восьмиугольник и т. д.

Исла́мская архитекту́ра является сочетанием различных архитектурных стилей, которые развились из ислама, как социального, культурного, религиозного и политического явления. К исламской архитектуре относят как религиозные, так и светские учреждения и здания. К исламской архитектуре также можно отнести архитектурные стили, популярные как в раннеисламскую, так и относящиеся к современной эпохе в мусульманских и в других странах под влиянием ислама. Архитектурный стиль появился на Ближнем Востоке в VII веке и развился в период средневековья в Северную Африку, Испанию, Малую Азию, Индию и Иран, Среднюю Азию и Кавказ. Позже исламская архитектура попала также в Юго-Восточную Азию. В современное время мечети в соответствии с исламской архитектурой строятся во всех местах проживания мусульман по всему миру.

Архитектурное исполнение мечети может быть весьма различным, но существуют два обязательных элемента: михраб (направление на Мекку) и минарет (высокая башня, находящаяся рядом с мечетью).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 602. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2021 год . (0.002 сек.) русская версия | украинская версия