Секция басы
Секция басы екі бөліктен тұрады:
RSOH – регенераторлық секция 27 байттан тұрады; MSOH – мультиплексорлық секция 45 байттан тұрады. X – Резервтелген халықтық байттар. - - - скремблирленбеген байттар. А1, А2 – Сызықты циклдік синхросигнал байттары. А1 – 11110110, А2 – 00101000. JO – регенерациялық секция жолының идентификаторы. В1,В2 – қателерді ішкі бақылау байттары. В1- регенерациялық, ал В2 мультиплексорлық секциядағы қателерді анықтау үшін пайдаланылады. Е1,Е2 – қызмет байланысын ұйымдастыратын байттар. Е1 – регенерациялық және мультиплексорлық секциялардан, ал Е2 – тек мультиплексорлық секциядан ұйымдастырылады. F1 – каналды пайдаланылатын байт, бұл канал беру мәліметтерін беру үшін пайдаланылатын канал (64 кбит/с) немесе желі операторы өзінің мақсаты үшін қолданылатын канал регенерациялық секциялар арасында.
Сурет 2. STM-1 кадрінің форматы D1- D12 - басқару желісінің DСС қосынды каналының байттары. D1- D3 жылдамдығы-192 кбит/с регенерациялық секцияның басы, D4- D12 мультиплексорлық секцияның басы жылдамдығы 576 кбит/с. К1,К2 (b1-b5) - автоматты қорғап алып-қосуға арналған канал екі соңғы мультиплексор секциясының арасындағы. K2 (b6-b8) – алыстағы мультиплексті секцияның ақау индикациясы, олар мультиплексті секцияның беру жағына қабылдау жағында ақау бар екенін немесе авариялық жағдайда екенін хабарлауға пайдаланылады. S1 (b5-b8) –синхронизация статусы, мультиплексорда пайдаланылатын синхронизация көзінің сапалы жұмысын көрсетеді. Бұл байт тактілеу сигналдарының бөлу кезінде басқару және ақауды жою үшін пайдаланылады. М1- алыстағы мультиплексті секцияның қателік индикациясы, қатені тексеру процедурасы қабылдау жағында орындалады, М1-ге сәйкес келмейтін немесе алынған шешімнің бұзылған саны жазылады. Сәйкес келмеу саны кодаланып М1-ге ендіріледі, қабылдау жағынан беру жағына беріледі. Мысалы М1- бит саны STM – 1, 1 кестеде көрсетілген. 1 Кесте
Z1.Z2 – болашақта деректі беру каналдары. М – беру ортасына байланысты, байттар. Көрсеткіштің қызметі. SDH желісінде көрсеткіш екі негізгі функцияны орындайды: - жүктемені тез табуды және жүктемеге кіруді қамтамасыз етеді; - келістіруді және беру ағындар синхронизациясының бұзылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Көрсеткіштердің бірінші функциясымен SDH технологиясының негізгі артықшылығы байланысты –қадам арқылы мультиплексорлеу/демультиплексорлеудің қажеттілігінің болмауы. AU PTR және TU PTR көрсеткіштері синхронды транспорттық модульдердің жүктеме блоктарының барлық деңгейлеріне тікелей кіруді қамтамасыз етеді. SDH беру жүйесінде екі түрлі көрсеткіш пайдаланылады – административтік AU-PRT және трибутарлық TU-PTR. Көрсеткіш (Pointer) Индикатор, виртуальді контейнер циклындағы транспорттық цикл санақ нүктесі мәнінен шегініс, оған қызмет ететін. Біріктіру -Сцепка (Соncatenation) - бірнеше виртуальді контейнерлерді біріктіру, сондықтан оның сиымдылығы бір контейнер болып пайдаланылады, соның нәтижесінде бит тізбектерінің тұтастығы қамтамасыз етіледі. Виртуальді төменгі дәрежелі контейнерлер трибты блок TU-PTR көрсеткіші арқылы жоғарғы дәрежелі виртуальді контейнерлерге енгізіледі.TU - PTR виртуальді контейнерлермен ендірілген фаза тербелісін және тактілі жиіліктің ауытқуын компенсациялайды, жоғарғы дәрежелі виртуальді контейнер циклына қатысты. Сурет 1. Жүктемеге тікелей кіру механизмі
Көрсеткішті қалыптастыру механизмі
Байланыс
Жоғарғы деңгейлі логикалық маршрут
Төменгі деңгейлі логикалық маршрут
VC-n блогына көрсеткішті қосу арқылы - трибты блогі алынады. TU-n = TU - PTR + VC-n, n = 1, 2, 3. Трибты блок TU-1 және TU-2 жоғарғы цикл 4х125 мкс. пайдаланылады. Жоғарғы дәрежелі виртуальды контейнерлер STM-1 – ге AU-PTR көрсеткіші арқылы ендіріледі. AU-PTR виртуальді контейнерімен VC - n ендірілген фаза тербелісін және тактілі жиіліктің ауытқуын компенсациялайды, STM-1 циклына қатысты және VC – n циклының басын көрсетеді. VC-n блогына көрсеткішті AU-PTR қосу арқылы жаңа құрылым - административтік блогі алыныды. AU-n = AU-PTR + VC-n, n = 3, 4. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 AUG 270
9 125мкс
9 250мкс Сурет 3. AU-4 көрсеткіш нөмірінің орын ауыстыру схемасы Бақылау сұрақтары: 3 Көрсеткіш дегеніміз не? 2 Көрсеткіш түрлерін атаңыз? 3 Трибтң блогі қалай алынады? 4 Административтіктблогі қалай алынады? 5 SDH желісінде көрсеткіш қандай екі негізгі функцияны орындайды? Тест сұрақтары: 1. Административтік блогі? A) AU-n = AU-PTR + VC-n,; B) AU-n = AU- STM + VC-n,; D) TU-n = TU - PTR + VC-n,; C) TU-n = TU - STM + VC-n,. 2.Трибті блогі? A) AU-n = AU-PTR + VC-n,; B) AU-n = AU- STM + VC-n,; D) TU-n = TU - PTR + VC-n,; C) TU-n = TU - STM + VC-n,. 3. Жүктемені тез табуды және жүктемеге кіруді қамтамасыз ететін? A) Көрсеткіш; B Жұлдызша; D) Модуль; C) Сызықты тізбек.
ОӨЖ тақырыбы: 2 Өндірісте пайдаланылатын модульдерді. Л: Интернет ОӨЖО: 1. Көрсеткіштерді әр блоктар үшін қарастыру Схема О1- 4-85б. Глоссарий:
Оқу әдебиеттері Негізгі әдебиеттер: 1. Слепов Н.Н. «Синхронные цифровые сети SDH», Москва, 1998г. 4-125бет. 2. Попов Г.Н. «Телекоммуникационные системы передачи» Часть 2, Новосибирск – 2007г., Издательство «ВЕДИ» 7-37 бет. Қайталау. 3. АРМ
ДӘРІС 10 SDH жүйесіндегі қателерді анықтау, бақылау тәсілдері. Қазіргі кездегі беру жүйелерінің өзіндік диагностика жасау құрылғыларының дамуы, CRC-ті (Cyclik Redundancy Check - циклдық артық элементтілігін тексеру) пайдалану арқылы цифрлық беру параметрлерінің сапасын бақылауға және әр түрлі пікірлердің дамуына әкелді. CRC негізінде қателік параметрлерін өлшеу тәсілдері жұмыс істейтін каналдардағы қателердің параметрін бағалауды қарастырады. Белгілі бір блоктардағы мәліметтерге байланысты қателердің барын анықтау, себебі CRC методикасына байланысты бақылау қосындыларын пайдаланылады. Сондықтан CRC тәсілімен өлшенген қателік параметрі блоктағы (BLER) қателердің параметрі, салыстырмалы түрде ғана биттік қателіктер (BER) параметрімен байланысты. Каналдарды өшірмей өлшеу PDH жүйесін диагностикалау үшін кеңінен қолданылды. SDH желісінде де каналдар жұмыс істеп тұрғанда қателік параметрлерін өлшеу тәсілдері пайдаланылады, бірақ мұнда пайдаланылатын тәсіл жұпты бақылау тәсілі - (BIP – Bit Interleaved Parity). Жұпты бақылау алгоритмі қарапайым. Жұпты бақылау топтық мәліметтер ішіндегі 2, 8 және 24 бит (BIP-2, BIP-8 және BIP-24) цикл мәліметтерінің белгілі бір блогі үшін орындалады. Бұл топтық мәліметтер баған болып ұйымдастырылады, содан кейін әрбір бағанадағы бірлер саны жұп па, әлде тақ па сол есептеледі. Есептеу нәтижесі кодтық сөз түрінде қабылдау жағына беріледі. Қабылдау жағында алынған мәліметтер тура осылай есептелініп, олар бір –бірімен салыстырылып, жұпты қате бар ма, әлде жоқпа шешім қабылданады да кері беріледі.
BIP-8
BIP-24 Сурет 4 Жұпты бақылау жұмыс алгоритімі
Жұпты бақылау тәсілі бағалау тәсілі болып есептеледі, себебі кей кездерде бірнеше қателер бір-бірін теңелтуі мүмкін, соған қарамастан осы тәсіл ғана цифрлық тарату жүйесінің сапалы жұмысына тиімді баға береді. SDH желісінде секцияның және жолдың басы болғандықтан жұпты бақылау тәсілі цифрлық тарату жүйесін секция аралығында немесе маршруттың басынан аяғына дейін тестілеу мүмкіндігі туады. Ол үшін арнайы байттар секция басында SOH және POH қолданылады. Мысалы В3 каналындағы көрсетілген қателер санын келесі циклдағы G1 POH VC-4 байты арқылы беріледі. Келесі 5 суретте қателік параметрлерін BIP секция аралық мониторинг арқылы көрсеткен. Жұпты бақылау байттары 1 кестеде көрсетілген.
Кесте1
Сурет 5 Секция арқылы цифрлық беру параметрлеріне моннторинг
Бақылау сұрақтары: 4 Көрсеткіш дегеніміз не? 2 Көрсеткіш түрлерін атаңыз? 3 Трибті блогі қалай алынады? 4 Административтік блогі қалай алынады? 5 SDH желісінде көрсеткіш қандай екі негізгі функцияны орындайды? 6 SDH жүйесіндегі қателер қалай анықталады? 7 BIP-2 және BIP-8 айырмашылығы неде? 8 BIP-8 және BIP-24 айырмашылығы неде? 9 Секция арқылы цифрлық беру параметрлеріне моннторинг дегенді қалай түсінесіз?
Тест сұрақтары: 1. Административтік блогі? A) AU-n = AU-PTR + VC-n,; B) AU-n = AU- STM + VC-n,; D) TU-n = TU - PTR + VC-n,; C) TU-n = TU - STM + VC-n,. 2.Трибті блогі? A) AU-n = AU-PTR + VC-n,; B) AU-n = AU- STM + VC-n,; D) TU-n = TU - PTR + VC-n,; C) TU-n = TU - STM + VC-n,. 3. Жүктемені тез табуды және жүктемеге кіруді қамтамасыз ететін? A) Көрсеткіш; B Жұлдызша; D) Модуль; C) Сызықты тізбек. 4. BIP-8- де қанша бағана бар? A) 2; B 4; D 8; C) 24. 5. BIP-24 -те қанша бағана бар? A) 2; B 4; D 8; C) 24. 6. В3 байтының ұзындығы қандай? A) BIP-2; B BIP-8; D BIP-2 және BIP-8; C) BIP-24. 7. В1 байтының басы қандай? A) RSOH; B POH VC-3/4; D MSOH; C) BIP-24.
ОӨЖ тақырыбы: 3 Өндірісте пайдаланылатын модульдердің көрсеткішін атаңыз. Л: Интернет
ОӨЖО: a. Көрсеткіштерді әр блоктар үшін қарастыру Схема О1- 4-85б. b. BIP-2 жұпты бақылау жұмыс алгоритімін сызып көрсетіңіз.
Глоссарий:
Оқу әдебиеттері Негізгі әдебиеттер: 1. Слепов Н.Н. «Синхронные цифровые сети SDH», Москва, 1998г. 4-125бет. 2. Попов Г.Н. «Телекоммуникационные системы передачи» Часть 2, Новосибирск – 2007г., Издательство «ВЕДИ» 7-37 бет. Қайталау. 3. Бакланов И.Г. «Технологии измерений первичной сети» Часть 1. Системы Е1, PDH, SDH. Москва, 2000г. Издательство ЭКО-Трендз О-3 76-83 бет. 3. АРМ
ДӘРІС 11
|