Глоссарий. . 1. Слепов Н.Н. «Синхронные цифровые сети SDH», Москва, 1998г
Оқу әдебиеттері Негізгі әдебиеттер: 1. Слепов Н.Н. «Синхронные цифровые сети SDH», Москва, 1998г. 15-21бет. 2. Попов Г.Н. «Телекоммуникационные системы передачи» Часть 2, Новосибирск – 2007г., Издательство «ВЕДИ» 7-22 бет. 3. АРМ 4. Бакланов И.Г. «Технологии измерений первичной сети» Часть 1. Системы Е1, PDH, SDH. Москва 2000г. «ЭКО-ТРЕНДЗ». 65-69б.
ДӘРІС 3-4 STM-1 модулін қалыптастырудың жалпылама схемасы. STM-1 модулін PDH трибтары арқылы құру. STM-1 модульін құрудың детальді схемасы. Е1 – ден С-12, С-12-ден VC-12, VC-12 ден TU-12, TU-12-ден TUG-2, TUG-2-ден TUG-3, TUG-3-тен VC-4, VC-4-тен AU-4, AUG-тан STM-1 құрылу схемалары. Жаңа цифрлық иерархия әр түрлі жоғарғы жылдамдықтағы цифрлық ағындарды тасымалдау үшін құрылған және мұнда ағындар 155,520 Мбит/с және одан жоғарғы жылдамдықта біріктіріледі және бөлінеді. Біріктіру тәсілдері синхронды болғандықтан, бұл иерархия синхронды цифрлық иерархия (Synchronys Digital Hierarchy-SDH) деп аталады. Цифрлық сигналды тасымалдау үшін синхронды траспорттық модуль(Synchronys Transport Module) STM-1…. STM-N құрылады. STM-N модулін қалыптастырудың жалпылама схемасын қарастырайық. STM – N транспортық синхронды модулі G.708 және G.709 рекомендациясы бойынша келесі элементтерді пайдалануды қарастырады. 1.C-n – Контейнер; 2.VC-n – Виртуальді контейнер; 3. TU-n – Транспортты блогін; 4. TUG-n – Топтық транспорттық блогін; 5. AU-n – Административтік блогін; 6. AUG – Топтық административтік блогін.
Сурет 1.STM-N модулін қалыптастырудың жалпылама схемасы
STM-1 детальді құрылым схемасын қарастырайық;. 1қадам Барлығы С-12 контейнерін құрастырудан басталды. 32-байтты сандық тізбек түрінде келіп түседі. Бұл тізбекке құрастыру процесінде процесінде түзету биттері қосылады. Сонда С-12 контейнерінің мөлшері 34 Байтқа тең, яғни 2 байт қосылды. 2қадам Келесі С-12 контейнеріне ұзындығы 1 Байтқа тең маршртты тақырыпша VC-12 РОН қосылып, вертуальды VC-12 контейнері құрастырылады, мөлшері 35 Байтты. 3қадам Вертуальды нұсқаушы TU-12 PTR ұзындығы 1 байт болатын контейнерді вертуальды контейнеріне VC-12 қосылып, ұзындығы 36 байтқа тең TU-12 трибты блогы құрастырылады. 4қадам TU-12 трибты блоктарының дәйектілігі қортынды кезінде байт-мультиплексирлеу 3:1 TUG-12 тобының трибты блогына айналады, яғни ұзындығы 108 байт (36*3=108) TUG-2 (құрылымын 9*12 байтты фрейм ретінде көрсетуге болады). 5қадам TUG-2-ден 7:1, қортындыда жағдайда трибты блоктар тобы TUG-3 құрылады, фреймді ұзындықта 756 байт (108*7=756) 9*84фрейміне сәйкес келеді. дәйектіліктер блогы TUG-3 құрылады. Ескертулер Шын мәнісінде TUG-3, 9*86 фрейміне сәйкес келеді, ең басында қосылатын екі бағанда (2*9 байтты) көрсеткіш нөл индукатциясынан тұратын-NPI және бос алаңның тіркелуі-FS. Қортынды жағдайда TUG-3 формуласы мына түрге ауысады TUG-3=7*TUG-2+NPI+FS TUG-3, TUG-3 индексі FS ажыратылу үшін, әртүрлі құрылымдарда қолданылады. Бұл бйнелерге TUG-3 ұзындығы 774 байтты береді (7*108+3+15=774), яғни 9*86 байтты фрейміне сәйкес келеді.
Е1
Сурет 2. STM-1 детальді құрылым схемасы
270 байт бағанасы 1 9 270
9 жол
9 125 мксек
Сурет 3. STM-1 құрылым схемасы 6қадам Алынға дәйектілік қайта байт-мультиплексирлененеді 3:1, қортынды жағдайды TUG-3 блогының дәйектілігі құрылады, яғни жыйнақталған ұзындықта 2322байт (774*3=2322) 7қадам Жоғарғы деңгейдегі вертуальды контейнерге 9 байтты РОН қосылады (маршрутты тақырып), сонда ұзындығы 2331 байтты фреймге әкеледі (2322+9=2331). Ескертулер Шын мәнісінде VC-4, 9*261 фрейміне сәйкес келеді, бір бағаннан (1*9байт) РОН тұратын құрылым. Екі бағанды тіркелген бос алаңның FS және үш TUG-3 блокты мультиплексирлеу қортындысында алынған. Қортынды жағдайда жағдайда қалыптасқан формула VC-4 мына түрге айналады:VC-4=3*TUG-3+POH VC-4+POH VC4+FSVC-4. Әдетті жағдайда тізбектелген VC-4 ұзындығы 2349 байтты бар (3*774+9+2*9=2349), яғни 9*261байт фрейміне сәйкес келеді. 8қадам VC-4 тобына AU-4PTR ұзындығы 9 байтты көрсеткіш қосылып AU-4 құрылады, да ол AUG тобын өзгеріссіз құрайды. Бұған секционды тақырыпша SOH қосылады да STM-1синхронды транспорттық модульдың ұзындығы 2430 байтты немесе 9*270 байтты фрейм түрінде 8 кГц жиілікте қайталануда 155,52 Мбит/с жылдам- дығына сәйкес келетін құрылымы құрылады.
270 байт бағанасы 1 9 270
9 жол
VC-4POH
Сурет 4. VC-4 құрылымы көрсетілген STM-1.
9 байт бағанасы 261байт бағанасы
STM-1n+1
250 мксек
Сурет 5. Екі STM-1 құрылымы
Жоғарғы деңгейлердің жылдамдығы келесі формуламен 1 анықталады. VN = N ∙ V1, (1)
мұндағы V1 = 155,520 Мбит/с – SТМ-1 цифрлық ағынының жылдамдығы; N = 4, 16, 64, 256 – иерархия деңгейі. SDH желісінің көңіл аударарлық ерекшелігі оның функционалды бөліктерге (қабаттарға) бөлінуі, бұл қабаттар тағы да кіші қабаттарға бөлінеді. әрбір бөлік (қабат) жеке алдына бақыланады және басқарылады, сондықтан бұзылыс кезінде басқа бөліктерге әсерін аз тигізеді. Әр бөлік басқа бөліктерге байланыссыз құрылып, дами алады. Бұл жоғарғы техникалық-экономикалық көрсеткіштерге жеткізеді, себебі желі бөлігінде қызмет ету және жасау оңайға түседі.
Сурет 6. SDH желісінің функционалды бөліктері
SDH барлық желі бөліктерін қамтитын универсальды транспорттық жүйені ұйымдастырады және келесі функцияларды орындайды: Бақылау сұрақтары: 1. SDH жүйесі арқылы PDH сигналынан басқа тағы қандай сигналдарды беруге болады? 2. SDH жүйесінде трафикті сапалы қорғау қалай қамтамасыз етіледі? 3. 5-ші қадамда сигнал қай блокқа барып түседі? 4. SDH-те қандай деңгейлер стандартталған? 5. Жоғарғы деңгейлердің жылдамдықтарын қалай анықтайды? 6. SDH-ке STM-0 деңгейін қосу нені қамтамасыз етеді? 7. Әр түрлі деңгейдегі SDH жүйелері қайда қолданылады? 8. SDH жүйесіндегі негізгі ұғымдар қандай? 9. SDH желісі не себепті функциональды бөліктерге бөлінді? 10. SDH желісі қандай функциональды бөліктерден тұрады? 11. SDH желілік моделінің әрбір функциональды бөліктерінің қызметі қандай?
Тест сұрақтары: 1. SDH желісі қандай функциональды бөліктерден тұрады? A) Каналдар деңгейі, беру орталарының деңгейі; B) Каналдар деңгейі, жолдар (тракт) деңгейі; C) Ж олдар (тракт) деңгейі, беру орталарының деңгейі; D) Каналдар деңгейі, желілер деңгейі, беру орталарының деңгейі; 2.SDH орындайтын функциялар: A) ақпаратты анықтау, бақылау, басқару; B) ақпаратты беру, бақылау, өзгерту; C) ақпаратты беру, бақылау, басқару; D) ақпаратты беру, түзеу, басқару. 3. Жолдар (тракт) деңгейі: A) төменгі реттік, жоғарғы реттік; B) импульстік, жоғарғы реттік; C) төменгі реттік, орта реттік, жоғарғы реттік; D) төменгі реттік, орта реттік. 4. Секция қандай болып бөлінеді? A) Регенераторлық, демультиплексорлық; B) Регенераторлық, мультиплексорлық; C) Регенератор және генератор арасы; D) кроссты,мультиплексорлы. 5. SТМ-1 жылдамдығы A) 155,52 мбит/с; B) 51,84 мбит/с; C) 1024 кбит/с; D) 2 мбит/с. 6. SТМ-16 жылдамдығы қалай анықталады? A) 155,52*16 =2488,32 мбит/с, 622,88*4 = 2488,32; B) 155,52*16 =2488,32 мбит/с; C) 622,88*4 = 2488,32; D) 9953,28/2488,32. 7. Қанша қадам арқылыSТМ-1 құрылады? A) 4; B) 7; C) 8; D) 9. ОӨЖ тақырыбы: SDH арқылы тұрғызылатын үш желі: - ақпараттық, жайдалы жүктемені алып жүретін; - басқарушы, ТМN принциптеріне сәйкестелген; - синхронизациялаушы, синхросигналдарын беретін. О2 6 – 15бет. Интернет
ОӨЖО: 1. SDH желісіндегі модульдерді сызу.
|