Студопедия — Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.






Гемотологияда қолданатын дәрілік манипуляцияларға жататын сүйек миының, лимца түйінінің талақтың пункциясы жатады.Сүйек миының пункциясын 1927 ж М.И.Аринкин ұсынды.Бұл метод орындалуының жеңілдігіне беретін информацияның жеткілігіне байланысты қазір медициналық практикада кеңінен қолданады.Сүйек миын гистологиялық зерттеуге алу үшін біздің елімізде Кассирский инесін қолданады.Ол қабырғасы қалың,ішінде мандрені бар ине.Керекті тереңдікте ғана енгізуге мүмкіндік беретін инеде әдейі істеліген қалқанша бар.Миелограмма деп сүйек миыныңдағы қан элементтерінің арасындағы проценттік қатынасты атайды.

Қан аздық (анемия)

Бұл қандағы эритроцит пен гемоглобиннің мөлшері азайып, ағзаға, тіндерге, торшаларға қалыпты түрде оттегінің және қөректік заттардың шамасыздығымен сипатталып білінетін сырқат. Қан аздықтың синдромына жатады: әлсіздік, тез шаршағыштық, бастың айналуы, бастың ауыруы, құлақтың шулауы, көздің қарауытуы, жүректің шаншып ауыруы, ентігу, тамаққа деген тәбетінің тартпауы және осыдан басқа белгілерде жатады. Қан аздыққа әкеліп соққан себебіне байланысты қан аздықтың келесе түрлері болады. Қанның көп мөлшерде жоғалтқанына байланысты дамитын қан аздық түрі, бұл түрінің өзі шиеленіскен және созылмалы болып келеді. Қан аздықтың екінші түрі қан жарату дәрісінің бұзылуынан пайда болатын түрі. Бұл түріне теміртапшылық қан аздық, Аддисон – Бирмер немесе пернициоздық қан аздық және гипо - немесе апластикалық қан аздық түрлерін жатқызамыз. Қан аздықтың үшіншітүрінде эритроциттердің көп мөлшерде ыдырауынан пайда болған түрі жатады. Төртінші түрі – ар алас анемиялар

Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)

Өкпеден қан кету. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде, кейде крупты өкпе қабынуында кездеседі. Қанның түсі ашық қызыл, иіссіз, көпіршікті болады. Негізінде жөтелгенде шығады. Осы қансыраудың белгілерімен бірге жоғарыда айтылып кеткен клиникалық белгілер көрінеді.

Асқазаннан қан кету. Асқазан жара ауруында, асқазанның әртүрлі химиялық және кейбір дәрілік заттармен улануында кездеседі. Қанның түсі қоңыр – қызыл, “кофе” тәрізді. Иісі жағымсыз, құрамында тағам химиялық және қалдықтары байқалады. Негізінде құсқанда шығады. Шұғыл көмек. Біріншіден қансырауға әкеп соққан себепті табып, жою керек. Жарақаттанып, тамырлардан қан аққан жағдайда қан ағуды уақытша немесе біржолата тоқтату керек. Өкпеден, асқазаннан қанкеткенде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп (отырғызып немесе жатқызып басын бұру), дәрігерге дейін шұғыл көмек көрсету керек. Ол үшін кеудесіне (өкпеден қан кеткенде) немесе ішіне (асқазаннан қан кеткенде) мұзды мұйық қояды. Науқасты сөйлеткізбей су, тамақ ішкізбейді. Мейіркеш деміл – деміл науқастың ауыз қуысын тазартып, демін, тамыр соғуын, қан қысымын анықтап отырады. Дәрігер келгенше системаны толтырып, керекті қан тоқтататын дәрілерді әзірлеп қою керек. Қансырауды жою үшін тамырларды тарылтатын дәрілер қолданылады: дицинон ерітіндісі, кальций хлор ерітіндісі, аминокапрон қышқылы т.б. Сонымен қатар қансырауды тоқтату мақсатымен аз мөлшерде көк тамырға қан, сары су, тромбоцитарлық, эритроцитарлық массалар құйылады.

Темір тапшылықты қан аздық Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балаларарасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды. Этиологиясы. Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.

Клиникалық бейнесі. Науқастан келесі анемиялық синдромның белгілерін анықтауға болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу. Аяқ ұштары, балтырлар, беті шамалы ісінуі мүмкін. Асқазан – ішек бұзылыстардың ішінде ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері жатады. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен теміртапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында сидеропениялық синдромның белгілері айқындалынады: ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды.Парадонтоз дамиды, глоссит, стоматит білінеді. Ерекше белгілерінің бірі – «сидеропениялық субфебрилитет», дене қызуы узақ уақыт субфебрильді денгейде тұрады

Емі. Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз,темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер теміртапшылықты анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Теміртапшылықты анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррум - лек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Теміртапшылықты анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.

В 12 - фолий қышқылытапшылықты қан аздық;

Этиологиясы мен патогенезі. Бұл қан аздық ағзаға В12 – витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын сырқат. Асқазан ішкі кілегей қабаты сөлмен бірге “гастропротеин ” затын бөліп шығарады. Гастропротеин арқылы тамақпен бірге түскен В12 – витамині фолий қышқылымен байланысып қан жарату дәрісіне қатысады. Асқазан ауруларында бұл дәріс бұзылғандықтан қан аздық дамиды. Қан аздыққа әкеліп соғатын аурулар қатарына созылмалы гастрит, құрт аурулары, дұрыс тамақтанбау жатады Клиникалық бейнесі. Негізінде ұш синдромнан тұрады: анемиялық синдромынан, ас қорыту қызметінің бұзылуынан, жүйке жүйесінің өзгерістерінен дамитын белгілер қатары. Анемиялық синдромда әлсіздену, бастың айналуы, құлақтың шулауы, ентігу, жүректің жиі қағуы, көздің қарауытуы білінеді. Артериялыдқ қан қысымы негізінде төмендейді. Терісі боз, лимон сарғыш түсті, науқастар сонымен қатар тілдің ашып ауырсынуына шағымданады. Тілдің емізікшелері тегістеліп, трофикалық өзгерістерге ұшырайды. Тілдің түсі күрең қызыл түске боялып, жылтырланады. Жүйке жүйесінің өзгерістеріне науқастың сезімталдығы бұзылып, ауырсыну білініп, қол – аяқтары ұйыйды, науқастың жүрісі өзгереді. Кейбір жағдайларда психикалық бұзылыстар байқалады. Ас қорыту қызметінің бұзылыстарына тамаққа тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, кекіру, іштің өтуі жатады. Негізінде асқазан сөлінің қышқылы төмендейді, кейбір науқастарда бауыр мен көк бауыр үлкейеді. Сырқат шұғыл өршуі мүмкін, ол жағдайда кома белгілері пайда болады. Науқас есінен танып қалады, дене қызуы және қан қысымы төмендейді, ентігу, лоқсу, рефлекстердің жоғалуы, несептің еріксіз шығуы байқалады. Команың пайда болуымен гемоглобин мөлшерінің арасында анық сәйкестілік болмайды. Команың дамуына негізгі рольді келесі мәнбірлер атқарады: гемоглобин мөлшерінің шапшаң төмендеуінен орталық жүйке жүйесінде шұғыл пайда болатын ишемия және гипоксия. Зертханалық тексерісте қанда гемоглобин және эритроциттердің мөлшерінің азайғаны байқалады. Бояғыш көрсеткіші төмендейді, анизоцитоз, пойкилоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасын клиникалық белгілеріне (глоссит) және гематологиялық өзгерістерге (лейкопения, тромбоцитопения) сүйене отырып жүргізеді. Сырқаттың нақтамасы сүйек миының пунктатының нәтижесімен анықталады.

Емі. Сырқаттың емдеу барысында емдәм тәртібі маңызды роль атқарады. Тамақ құрамында В12 көп болу керек. Аурудың құрамды емін оның этиологиясын, қан аздықтың дәрежесін, жүйке жүйесініңөзгерістерін ескере отырып жүргізу керек. Дисбактериозды емдеу маңызды болып табылады. Патогенетикалық қағида В12 витаминін қолдану. В12 - витаминін 500 мкг күн сайын бұлшық етке, ауыр жағдайларда көк тамырға ұзақ мерзіммен қан анализінің көрсеткішін бақылай отырып жүргізеді. Ас қорыту қызметі бұзылғанда фермент дәрілерін қолданады (панзинорм, фестал, панкреатин). Құрт ауруларымен байланысты қан аздықта міндетті түрде құрттарға қарсы ем тағайындалады. Ішек флорасын қалпына келтіру ферменттік дәрілермен қатар диспепсия синдромын жоюға мүмкіндік туғызатын емдәм тағайындау арқылы жүргізіледі. Анемияның жоғарғы дәрежесінде кома белгілері, қан айналымы өзгерістері пайда болғанда қан құюды қолданады.

Геморрагиялық диатездер Бұл қан ағумен сипатталатын бірнеше аурулардың жинағы. Себебіне байланысты геморрагиялық диатездер үш топқа бөлінеді. Бірінші топта қандағы тромбоциттердің мөлшері азайып, қан ұю дәрісі бұзылады (тромбоцитопениялық пурпуралар). Екінші топта тамыр қабырғалары өзгеріп, қанның ағуы күшейеді. Бұл Шенлейн – Генох ауруы деп аталады немесе геморрагиялық васкулит деп те аталады. Үшінші топта қан ұю дәрісінің бұзылғанынан геморрагиялық диатез дамиды. Бұл ауруды гемофилия деп атайды.

Геморрагиялық васкулитте ағзаның ұсақ тамырлары қабынып, олардың қабырғалары жұқарып геморрагиялық синдром байкалады.

Этиологиясы мен патогенезі. Көптеген себептердің әсерінен пайда болатын иммундық кешендер ұсақ тамырлардың қабырғасын ыдыратып, қан ағу белгісі білінеді. Әкеп соғатын себептерге ауыр жұқпалар, ағзаның улы заттармен зақымдануы, кейбір аллергиялық жағдайлар, індет, суық тию жатады. Осы себептердің әсерінен майда капиллярлар зақымдалады. Мысалы, аллерген әсерінен қарсы денелер пайда болып, олар тамырдың ішкі кілегей қабатында антиген-денеге қарсы ұйым құрады, ал бұл ұйым тамырдың қабыршағының жасушыларын жояды. Бұл жағдайда тері, бүйрек және басқа ішкі мүшелердің тамырлары зақымдалып, тромбоз және қансырау ұлғаяды. Оның нәтижесінде ісік пайда болып, қан айналымы нашарлап, тіндерде геморрагиялық өзгерістер туындайды.

К линикалық бейнесі. Сырқаттың негізгі төрт клиникалық түрі бар. Бірінші түрі – ең жиі кездесетін тері түрі. Науқас әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі. Аяқ – қолында, кеудесінде папулезді майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Бөртпе тері үстінде орналасады, саусақпен басқанда жойылып кетпейді. Екінші түрі – буын түрі. Науқастың денесінде неше түрлі геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар науқастың буындары ісініп, қызарып, ауырсыну білінеді. Ауырсыну көшпелі болып келеді. Негізінде ірі буындар зақымданып, соның салдарынан науқас жүре алмай қалады. Үшінші түрі – іш түрі. Науқастың денесінде бөртпелер байқалады, буындары зақымданады, бірақ аурудың негізгі клиникалық белгісі – іштің өте қатты ауыруы болып табылады. Іштің ауырғаны ұстама түрде өтеді. Ол ішекқабырғасына қан құйылудан болады. Науқас құсып, іші өтеді. Нәтижесінде құсықта және нәжісте қан білінеді. Дене қызуы 380 – 400 - қа дейін көтеріледі. Төртінші түрі – ең ауыр, шиеленіскен түрі. Дене қызуы 400 – қа дейін көтеріледі, бүкіл денесіне бөртпелер жайылады. Бөртпелер жараланып, өлі етке айналады. Науқастың буындары ісініп, қызарып қызметінен айырылады. Асқазаннан, ішектен қан кетуі мүмкін. Шетті қан анализінде қан аздық белгілері байқалады, ЭТЖ артады, лейкоциттердің мөлшері көбейеді, тромбоциттердің мөлшері өзгермейді

Емі. Қабыну дәрісін басу үшін глюкокортикоид гормонын қолданады. Клиникалық көріністердің дәрежесіне байланысты преднизолонның мөлшерін тағайындайды. Буын синдромында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (вольтарен, индометацин, бруфен) қолдану қажет. Қансырауды тоқтату үшін көк тамырға кальций хлор ерітіндісін енгізеді. Ұсақ тамырлардың қабырғаларының өткізгіш қасиетін қалпына келтіру үшін рутин, аскорбин қышқылын тағайыңдайды.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3687. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия