Студопедия — Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі






Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз баяу, біртіндеп нефрондардың санымен жұмыс істеу қабілетінің төмендеп, ұлғаюымен сипатталатын жалпы бүйрек ауруларының қалпына қайтып келе алмайтын асқынулық жағдайы. Осы аталған жағдайдың әсерінен ағзадағы зат алмасу дәрісі қышқылмен сілті тепе – теңдігін өзгертіп, уыттану белгілерінің пайда болуын тудырады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің қарқынды түрде дамуы, ағзадағы басқа жүйелердің қызметтерінің бұзылуына да кері әсерін тигізеді.

Этиологиясы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебіне біріншіден созылмалы гломерулонефрит орын алса, ал екіншіден созылмалы пиелонефрит ауруы болып саналады. Басқа да себептерінің ішінде қант сусамырлы гломерулосклероз, амилоидоз, бүйректің жылауықтары және зәр шығару жолдарының ауруларын назардан тыс қалдырмау керек екендігін ескерген жөн.

Клиникалық бейнесі. Бұл сырқат негізінен үш кезеңмен өтеді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі біртіндеп басталады. Алғашқы кезеңінде полиурия және никтурия байқалады. Науқастар әлсізденіп, жұмысқа деген қабілеті бұзылып, ұйқысының қашуы, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі байқалады. Бет пішінінде існуі таңертеңгі уақыттарда және ісіктің білінуі беттен басталып, айқын түрде көрінеді. Науқастың сергектік қасиетінің төмендеуі, ұйқының басуы, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқтығы байқалынады. Біртіндеп улану белгілері ұлғайып, диспепсия белгілері қосылады: лоқсу, құсу, нәжісінің өзгеруі, азоттың қалдықтары тері арқылы шығып, терінің қышуын тудырады. Осы өршу кезеңінде орталық жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады: ұйқышылдық, бұлшық етерінің жиырылып қалуы, денесінің құрысып – тырысуы. Денедегі сүйек буындарының ауырсынуы, ураттардың буын қалтасына жиналуынан пайда болады. Кеуде қуысында ауырсыну сезімі, өкпеде сырылдар және жүрек жеткіліксіздік белгілері байқалады. Бұл кезеңде қан қысымы тұрақты түрде, үнемі болады. Қан ұю дәрісі бұзылып, анемия белгілері дамиды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің келесі бір белгілеріне қатысты ауыз қуысында жағымсыз иіс болуы және құрғауы, тамаққа бет қаратпауы, лоқсу, құсу жатады. Сырқаттың соңғы терминалды кезеңінде олигурия, анурия белгілері білінеді. Бүйрек сүзу жұмысын доғарады. Осы кезеңде ісіктер көлемі ұлғаяды. Сутегі иондардың шығуы бұзылуымен қанда ацидозға қатысты белгілері біліне бастайды. Урикемия белгілері тұрақты түрде сақталынып қалады. Қанда көп мөлшерде азоттың керексіз қалдық заттары көбейеді. Науқастың ауызынан зәрдің иісі шығады, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің болмауы, іштің өтуі, шулы демнің естілуі, қызыл иектен, мұрыннан қанның кетуі, сіңірлерінің тартылуы және денесінің құрысып тырысуы білініп, есінен танады.

Емі. Этиотроптық емі жоқ. Негізінде сырқаттың кезеңіне байланысты симптомға қарсы ем қолданылады. Қатаң төсек тәртібін сақтау және бүйректі жылы қалыпында сақтау керек. Сол себептен беліне, аяғына жылытқыш қойылады. Науқасқа №7а емдәмі тағайындалады. Тағам құрамында ақуызды шектеп, тұздың мөлшерін тәулігіне 1,5 г – ға дейін азайтады. Ацидозға қарсы улану белгілерін жою мақсатымен көк тамырға 5% глюкоза, 4% натрий гидрокарбанат ерітінділерін, гормон дәрілерін жібереді. Ағзадағы зат алмасу дәрісін жақсарту үшін ретаболил, нерабол дәрілерін қолданады. Ісікті басу үшін зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: фуросемид, урегит, верошпирон. Қан қысымы қатты көтерілген жағдайларда гипотензиялық дәрілерін қолданады: энам, эднит, клофелин және тағы басқалары. Қансырауды басу үшін кальций хлорид ерітіндісін, кальций глюконатын, аминокапрон қышқылымен қолданады. Қан аздықта салмақтық эритроцитті құяды. Ауыр жағдайда асқазанды жуып, гемодиализді қолданады. Іс жүзінде гемодиализ ғана бірқатар жағдайларда науқастың өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді.

Болжамы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп отырған негізгі аурудың өту ағымына байланысты. Сондықтан бүйрек ауруларын уақытында толық емдеп, алдын алған жөн. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайда науқастың өмірін тек қана гемодиализді немесе жасанды бүйрек аппаратымен қолдану арқылы ұзартуға болады.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алу бүйрек ауруларын уақытында толық емдеу. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер жағдайына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерде қаралып тұрады. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек.

Ан ауруларымен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау.Лимфа түйіндер пальпациясы, көкбауырдың перкуссиясы мен пальпациясы. Анемиялық және геморрагиялық синдромдар. Қан аурулары кезіндегі лабораториялық-инструментальды тексеру әдістері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы.

Ан жүйелеріне қан түзуші мүшелер (қанды түзу және оны бұзып, жүзеге асыратын мүшелер) мен қан, қанның құрамдық бөліктері, сары су, және химиялық заттар жатады. Қан түйіршіктеріне эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер жатады. Эритроциттер көректену қызметін атқарады, лейкоциттер иммун жүйесіне қатысты, яғни қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер қан ұю дәрісіне қатысыды.Адам ағзасында қанның атқаратын ролі орасан маңызды. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан ағзадағы заттар алмасу дәрісін реттейді.Сонымен қатар қан ағзадан зиянды заттар шығарып оны түрлі зиянды әсерлерден сақтайды және дене қызуын бірқалыпты реттеп отырады. Оттегін денеге тарату қызметін қанның гемоглобині басқарса, көмірқышқылды денеден шығаруды сарысу атқарады. Ішкен тамақтағы көректік заттар және гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды. Ағзаны түрлі аурудан қорғау қызметін ақ түйіршіктер атқарып, олар ауру жұқпаларын жойып отырады. Қан түйіршіктері өз міндеттерін атқарып біткен соң тамаққа барып қырылады да олардың орнын жілік мойында және лимфа бездерінде пайда болған жаңа түйіршіктер басады. Ал қанның ескірген сары сұйығы тері, бүйрек және ішек арқылы ағзадан сыртқа шығады. Қанды бояушы қызыл зат – гемоглобин қанның тыныстық пигменті. Гемоглобин оттегі мен кейбір газдарға қосылудан оңай ыдырайтын күрделі ақуызды қосынды. Негізгі қызметі – оттегін өкпеден тіндерге және тіндерден көмірқышқыл газын өкпеге жеткізу. Гемоглобин қанның қызыл түйіршік терінде болып, оған қызыл өң береді. Оттегін бай қанның түсі ашық қызыл (артерия қаны) болады. Артерия қаны тіндерге еніп құрамындағы оттегін тінге алмастырғаннан кейін оның түсі қоңыр тартады (көк тамыр қаны) Ағзадағы кез – келген патологиялық дәріске қан жағынан серпіліс беретіні белгілі. Тек қана басты өзгерістер қан жүйесінде ғана болатын аурулар бар. Көбінесе қан түзілу немесе қан бұзу дәрісі бұзылады, оның ішінде құрамдық бөліктерінің біреуі (мысалы, эритроцит, лейкоцит, тромбоцит). Қан түзілудің қай бөлігі бұзылуына байланысты барлық аурулар шартты түрде келесі топтарға бөлінеді: қан аздық көбінесе қан құрамының бұзылуымен және шеттік қанда эритроцитпен гемоглобиннің санының азаюымен байланысты ауру; гемобластоздар – қан түзілуінің милеоидтық, лимфоидтық, эритроидтық немесе мегакариоцитарлы өсінділердің зақымдануы бар ісікті аурулар. Қан жүйелерінің ауруларында бір – бірімен белгілі бір дәрежеде байланысқан жалпы симптомдар кездесуі мүмкін.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3016. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия