Студопедия — АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ






 

1.1 «Рустембаев» ЖШС кәсіпорнының жалпы сипаттамасы

 

 

Зерттеу тақырыбы болып жиһаз (жиһаз жабдықтағыштар) өндірумен және сатумен айналысатын «Рустембаев» ЖШС табылады.

«Рустембаев» фирмасы 2002 жылы құрылған. Алматы қаласындағы тіркеу палатасындағы құрылтай құжаттарына сәйкес, «Рустембаев» ЖШС -на № 2035010203237жеке тіркеу номері,салық төлеушінің 5050041202 сәйкестендіру номері берілген, «Рустембаев» ЖШС -ның кеңсесі: 141103, Алматы қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 49 үй мекен-жайында орналасқан. Фирманың аумағында осында өндіріс үшін қажетті материалдардың негізгі түрлері сақталатын қоймаларға алаң таралған. «Рустембаев» ЖШС өндірістен делдалдың қоймасына дайын өнімді тасымалдауды іске асырады. Клиенттер анықтамалығы дайын өнімді тиеп-жөнелту тікелей делдалдың қоймасынан жүргізіледі. Сатылатын өнімнің номенклатурасы бірнеше мың атауды құрайды және үнемі артып отырады.

Ұйымдық-құқықтық тұрғысынан алғанда «Рустембаев» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған, қоғамға қатысушы болып «ЭМИТИ» Тобы ЖАҚ табылады.

Кәсіпорынның міндеті – жиһаз (жиһаз жинақтаушыларды) өндіруге мамандана отырып, ұсынылатын өнімнің сапасы бойынша көшбасшылыққа ұмтылу. Өндірісті кеңейте отырып, өзінің сипаттамалары бойынша аталған өнімнің аналогтарынан кем түспейтін өніп жасау. Аталған өнім туралы толық ақпаратты тілектестікпен және объективті түрде беріп отыру. Қызметкерлердің еңбектегі тіршілік жағдайларын тұрақты жақсартуға ұмтылу. Серіктестердің сенімін құрметтеп, бағалау және қол жеткізілген уағдаластықтарды тиянақтылықпен сақтап отыру.

«Рустембаев» ЖШС -ның жұмысының негізгі мақсаттары:

1. барлық заңмен жол берілетін тәсілдермен пайда табу;

2. азаматтардың қажеттіліктерін мейлінше толық және сапалы қанағаттандыру және олармен жасалатын шарттардың және келісім-шарттардың негізінде жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстарын орындап отыру болып табылады.

«Рустембаев» ЖШС -ның жұмысының негізгі міндеті өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және мейлінше мүмкін болатын пайда табу болып табылады.

Сондай-ақ, құрылтай құжаттарына сәйкес «Рустембаев» ЖШС заңмен тыйым салынбаған жұмыстың кез келген түрін іске асыруға құқылы, оның ішінде «Рустембаев» ЖШС жұмысының тақырыбы:

- жиһаз өндіру (тұрғындардың тапсырысы бойынша жиһаз өндірусіз);

- тұрғындардың тапсырысы бойынша жиһаз жасау және жөндеу;

- ағаштан және ағаш негізіндегі тақтайлардан құрылыс бөлшектерін жасау;

- көтерме және бөлшек сауда;

- сыртқы экономикалық қызмет;

- халық тұтынатын тауарларды сатып алу-сату кезіндегі делдалдық қызметтер;

- жабдықтау және өнім өткізу;

- белгіленген тәртіппен жұмыстың өзге түрлерін іске асыру болып табылады.

«Рустембаев» ЖШС Алматы және Алматы облыстарында орналасқан және бұлар да өндірістік жұмыстарды іске асыратын екі филиалы бар.

«Рустембаев» ЖШС пластик ламинат өндірумен айналысатын итальянның «LIRI» фирмасымен ынтымақтастық жасайды.

«Рустембаев» ЖШС -ның табыстарының негізгі көздері сатылған өнім үшін делдалдан алынатын ақшалай қаражаттар болып табылады. «Рустембаев» ЖШС -ның шығындарының негізгі көздері:

- өндіріске арналған материалдарды, оның ішінде кесілген құрылыс тақтайы, ДВП, пластик ламинат, желім және т.с. сатып алуға кететін шығындар;

- жабдықты сатып алуға және жөндеуге кететін шығындар;

- бөлмелерді жалдауға кететін шығындар;

- электр қуатына, жылытуға кететін шығындар;

- жұмысшылардың және ИТҚ-ң жалақысынан кететін шығындар болып табылады.

Сыртқы жүйеде «Рустембаев» ЖШС делдалдың және осы өнімді тұтынушылар арасындағы тауарлар өндірушінің ролін орындайды.

Мұны 1.1-суреттен көрнекі түрде көруге болады.

 

 


1.1-сурет. Кәсіпорынның сыртқы көрінісінің сызылмасы*

* Ескерту – суретті құрған автор

 

Кәсіпорынның ішкі ұйымдық құрылымын сипаттау 1.2-суретте көрсетілген:

 

 

 


 

1.2-сурет. Ұйымның ішкі құрылымы*

*Ескерту – суретті құрған автор

 

Фирманың басында негізінен басқару мәселелерін, сондай-ақ стратегиялық сипаттағы мәселелерді шешетін бас директор тұр. Ол барлық бөлімдердің жұмысын бақылап отырады. Сондай-ақ оның құзыретінде қаржы ағындарының қозғалыс мәселелері бар болып отыр.

Материалдар сатып алумен жабдықтау бөлімі айналысады. Оның міндеттеріне сондай-ақ жеткізудің тиімдірек шарттары бар материалдарды жаңа жеткізушілерді іздестіру де кіреді. Бұл бөлім бүкіл ассортимент бойынша сатып алу мәселелерін шешеді. Материалдарды сатып алу өндірістен қабылданған тапсырыстардың негізінде жүргізіледі.

Бухгалтерия бөлімі өзінің құрамына үш шағын бөлімді қосады: бұл бас бухгалтер, көшірме, төлемдер және касса.

Бас бухгалтер бухгалтерлік есепті жүргізеді, баланс, әртүрлі қарсы салыстырып тексерулер жасайды, барлық салықтарды есептейді және өзінің қол астында тұрған бөлімдерде туындайтын мәселелерді шешеді.

«Төлемдер» бөлімі төлемдерді жөнелтуді және арнайы банк бағдарламасы арқылы банктен төлемдерді алуды қарастырады. Бұл материалдар жеткізушілерге шоттар бойынша ақы төлеу, салықтар төлеу, делдалдан фирманың есеп айырысу шотына ақшалай қаражаттарды және өзге төлемдерді күн сайын алып отыру.

Кассир фирманың қолма қол ақша қаражаттарын бөлумен айналысады (жалақы беру, шаруашылық қажеттіліктерге қаражат бөлу, іссапар ақысын беру және т.с.).

Экономикалық қауіпсіздік бөліміне: нысанның қауіпсіздігіне және өткізу жүйесіне жауап беретін күзет бастығы, мұның міндеті ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және есептеу кешенінің міндет атқаруын қамтамасыз ету болып табылатын жүйелік әкімші кіреді.

Автоматтандырылған жүйе «Көшірме» бөлімінің міндеттерін шешуге арналған. Аталған бөлімнің негізгі міндеттері – бұл шығыс құжаттарды жазып беру, кірісті енгізу, банк көшірмелерін енгізу, ішкі құжаттады жазу, номенклатураны және жаңа жеткізушілерді енгізу, қойма бойынша қалдықтарды, жеткізушілермен өзара есеп айырысуларды шығару.[4]

Мақсатты нарықтың сипаттамасы. Жиһаз өнімдерінің нарығы белгілі бір ерекшеліктермен сипатталады:

а) қарастырылып отырған салада жұмыс істейтін компаниялар өнімнің өзіндік, айтарлықтай тар ассортиментіне маманданады;

б) өнім өндіруші компаниялар әрқайсысы өз нарық сегментінде жұмыс істейді және өздерінің сатып алушылар топтарына ие;

в) кәсіпорын шығаратын ұқсас өнім дизайн, пішін, түс секілді параметрлер бойынша айырмашылыққа ие және нақты тұтынушылардың әртүрлі спецификалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Қалыптасқан нарықтық коньюнктура оның күйін анықтайтын негізгі фактор отандық өндірушілердің жиһазына (жиһаз жинақтаушыларға) сұраныстың орнтықты өсуі болып табылатындығымен сипатталады. Жалпы алғанда, отандық өндірушілер есебінен қанағаттандырылатын ресейлік жиһаз (жиһаз жинақтаушылары) нарығы жылдам өсіп отырған нарық болып табылады, әрі оның сыйымдылығының өсу қарқындары жылына кем дегенде 20 – 30 % болып бағаланады.

Жиһазға (жиһаз жинақтаушыларға) бағалар деңгейі шығарылатын өнімнің түріне байланысты болып келеді. Шетелдік жиһаз (жиһаз жинақтаушылары) құнының құрамдас бөліктерінің бірі орама материалға (қағаз немесе картонға) байланысты тауардың кедендік құнынан 5 % бастап 15 % дейін құрайтын енгізу кеден бажының мөлшері болып табылады. Осыған байланысты, сондай-ақ көлік шығындарын және жұмыс күшінің қымбатырақ құнын ескере отырып, импортталған өнімнің құны Қазақстан кәсіпорындарында жасалатын өнімнің құнынан іс жүзінде екі есе қымбатырақ.

Өнім бірлігінің құны:

- ДСП, ДВП және т.с. пішініне және қалыңдығына;

- нақты бөлшекті жасау үшін пайдаланылатын пластик ламинаттың атауына, пішініне және қалыңдығына;

- жасалатын бөлшектің өлшемдеріне;

- бөлшекті жиектеу үшін қажетті, пайдаланылатын жиекке (ПВХ, меламин, акрил) байланысты болып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда сатып алынатын жиһаздың (жиһаз жинақтаушыларының) көлемдері еуропалық деңгейден шамамен 25 – 30 %құрайды, осыған байланысты жиһаз саласы нарығын дамытудың үлкен келешектері бар болып отыр. Қазақстан оның үлкен аумағымен байланысты, жиһаздың орасан зор нарығына ие. Жиһаз индустриясын дамытудың қазіргі мәселелерін табысты шешу ішкі және сыртқы тауар нарықтарында сатылатын өнімдер көлемінің елеулі өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жан басына шаққанда жиһазды (жиһаз жинақтаушыларын) «тұтынудың» орташа әлемдік деңгейінің шамасынан тек шамамен 40 % келіп отыр. Экономика тиісінше көтерілген кезде нарық көлемінің тым болмағанда үш есе артуын болжауға болады. Мемлекет салықтардың жиналу деңгейінің артуына мүдделі болып отыр және жиһаз саласының барлық құрамдас бөліктерін дамыту үшін жағдай жасауға, басым бағыттарды белгілеуге және оларды ынталандыруға тиіс. Сол кезде Қазақстандық жиһаз нарығының артуын және, осының нәтижесі ретінде, ғылымды көп қажет ететін жаңа технологиялардың дамуын, кадрлардың кәсіпқойлығының өсуін болжауға болады. Сондай-ақ Қазақстандық жиһаз нарығымен салыстырғанда, батыстың жиһаз нарығының айтарлықтай қарапайым қарқындарымен (жылына шамамен 4 – 6%) дамып отырғандығын да атай кету керек.

 

 

1.2 «Рустембаев» ЖШС кәсіпорнында қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алуды талдау

 

Материалдардың және дайын өнімнің қозғалысын есепке алу және рәсімдеу нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуге тиіс.

Материалдардың және дайын өнімнің келіп түсуі, орын ауыстыруы және жіберілуі сандық және құндық көріністегі бастапқы құжаттармен рәсімделеді. Бастапқы есеп құжаттарының үлгілерін ұйым шаруашылық операцияларын тіркеу үшін үшін қолданылатын есепке алу құжаттарының жүйесінің құрамында анықтайды және белгілейді.

Бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасында Бухгалтерлік есеп және есептілік туралы ереженің (ҚР Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 1-қаңтардағы Қазақстан Республикасында Бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есептілікті жүргізу жөніндегі бұйрығы) талаптарына сәйкес рәсімделуге және құрамына келесідей міндетті реквизиттерді: құжаттың (үлгінің) атауын; үлгінің кодын; толтырылу датасын; шаруашылық операциясының мазмұнын; шаруашылық операцияларды өлшегіштерді (натуралық және ақшалай көрсетілімде); шаруашылық операциясының жасалуы және оның рәсімделуінің дұрыстығы үшін жауапты тұлғалардың қызметтерінің атауын, жеке қолдарын және олардың шифрдан шығарылуларын, сондай-ақ ұйымның мөрін және мөртабанын енгізуге тиіс.

Құжаттардың толтырылуының уақтылығы және дұрыстығы, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі үшін белгіленген мерзімдерде берілуі, құжаттарда бар мәліметтердің растылығы үшін жауапкершілікті осы құжаттарды жасаған және оларға қол қойған тұлғалар арқалайды. Тексеру аяқталған кезде материалдарды және дайын өнімді қабылдау, сақтау және жіберу операцияларын есепке алу және толтыру жөніндегі бастапқы құжаттар нормативтік тізімдемеге сәйкес үш жыл сақталады.

Келіп түскен материалдарды кіріске жазу ілеспе құжатқа: тауар-көлік жүкқұжатына, шот-фактураға, шотқа және келіп түскен материалдардың санын немесе сапасын растайтын басқа құжаттарда мөртабан салумен рәсімделеді.

Материалдарды сатып алған немесе оларды қабылдаған кезде сатып алынатын материалдарға сәйкестік сертификатының болуын қадағалап отыру керек.

Талап-жүкқұжат (М-11 үлгі) материалдардың ұйымның ішінде, құрылымдық бөлімшелер арасында немесе материалдық жауапты тұлғалар арасында қозғалуын есепке алу үшін қолданылады.

Екі данамен жүкқұжатты материалдарды тапсыратын құрылымдық бөлімшенің амтериалдық жауапты тұлғасы толтырады. Бір дана тапсырушы қоймаға құндылықтарды шығынға жазу үшін, екінші дана қабылдаушы бөлімшеге құндылықтарды кіріске жазу үшін қызмет етеді.

Дәл осы жүкқұжаттармен, егер бұлар ертеректе талап ету бойынша алынған болса, қоймаға шығындалмаған материалдардың қалдықтарын тапсыру операциялары, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен өнімді тапсыру рәсімделеді.

Жүкқұжатқа тиісінше өнім тапсырушының және алушының материалдық жауапты тұлғалары қол қояды және оларды материалдар мен дайын өнімнің қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға тапсырады.

 

Қойма есебін бақылау

Кәсіпорынның бухгалтері келіп түскен материалдардың кіріске жазылуының уақыттылығын және толықтығын, олардың шығынға жазылуының дұрыстығын, сондай-ақ материалдық жауапты тұлғалардың есептер жасауының дұрыстығын тексеріп, қамтамасыз етіп отыруға міндетті.

Материалдық жауапты тұлғалардың есептерін тексерген кезде бухгалтер:

- құжаттардың шынайылығын және қоса тіркелген құжаттардың негізінде есептегі жазбалардың дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың датасының есеп осы үшін беріліп отырған кезеңге сәйкестігін;

- аталған есептегі есептік кезеңнің басына материалдардың қалдықтарының алдындағы есепте есептік кезеңнің соңына көрсетілген қалдықтарға сәйкестігін;

- есептегі есептік кезеңнің басына материал қалдықтарының түгендеу датасына түгендеу тізімдемелеріндегі іс жүзіндегі қалдықтарға сәйкестігін;

- шаруашылық операцияларының (материалдарды қабылдау, жіберу, шығынға жазу және т.с.) заңдылығын және негізділігін;

- құжаттарда барлық қажетті реквизиттердің, материалдық жауапты тұлғалардың қолдарының болуын;

- матенриалдарға бағалардың дұрыстығын тексеруге міндетті

Түгендеу (Инвентаризация)

Материалдардың нақты болуын тексеру қалдықтарды дәлдеп тексеру және мұқият салыстырудың құралы ретінде қажет. Түгендеудің үш тәсілі – мерзімдік, үздіксіз және таңдамалы тәсілдері іс-тәжірибеде қолданылып отырады.

Мерзімді түгендеу – түгендеуді жүргізіп жатқан тұлғаларға қалдықтарды дәл есептеп шығаруға мүмкіндік беру үшін, түгендеу кезеңіне қойманың жұмысы тоқтатылуға тиіс.

Үздіксіз түгендеу – түгендеушілер күн сайын немесе апта сайын қолда бар қорлардың белгілі бір санын немесе әлдебір пайызын есептеп шығарып отырады және тұрақты жүргізіліп отыратын түгендеу шоттары тиісінше түзетіліп отырады.

Таңдамалы түгендеу – тек ерекше бақыланатын атаулардың болуын тексеру, көбінесе жаппай түгендеуге қарағанда дәлірек болып келеді.

Бухгалтерия түгендеулі жүргізудің бастамашысы болуға тиіс. Материалдардың қандай түрлерін және қашан тексеру керектігін анықтай отырып, бухгалтерия қоймашылардың жұмысын бақылап отырады. Бухгалтерияның өкілі түгендеудің жүргізілуін бақылап отыруға тиіс.

Түгендеудің негізгі мақсаттары:

- материалдардың нақты болуын айқындау;

- материалдардың нақты болуын бухгалтерлік есептің мәліметтерімен

салыстырып қарау;

- есепте міндеттемелердің көрсетілуінің толықтығын тексеру болып

табылады.

«Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп берушілік туралы ережеге» сәйкес, түгендеуді жүргізу:

- ұйымның мүлкін жалға берген, сатып алған, сатқан кезде, сондай-ақ мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорынды қайта құрған кезде заңдармен қарастырылған жағдайларда;

- материалдық жауапты тұлғалар ауысқан кезде (істерді тапсыруды қабылдау күніне);

- құндылықтарды жымқыру немесе асыра пайдалану, сондай-ақ бүлдіру деректері анықталған кезде;

- зілзала апаттары, өрт, апаттар және экстремалды жағдайлар тудырған басқа төтенше жағдайлар кезінде;

- ұйымды таратқан (қайта құрған) кезде тарату (бөлу) балансын толтырудың алдында және Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік актілерімен қарастырылған басқа жағдайларда міндетті болып табылады.

 

Топтық материалдық жауапкершілік кезінде түгендеулер бригадир ауысқан кезде, ұжымнан оның мүшелерінің 50%-ынан астамы сыртқа кеткен кезде, сондай-ақ бригаданың талап етуі бойынша жүргізіледі.

Есептік жылдағы түгендеулердің санын, олардың өткізілетін күндерін ұйымның басшысы белгілейді.

Түгендеуді жүргізу үшін ұйымда тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комисссиясы құрылады.

Тұрақты жұмыс істейтін және жұмыс бабындағы түгендеу комиссияларының дербес құрамын бұйрықпен кәсіпорын басшысы бекітеді.

Мүліктің нақты болуы туралы мәліметтер кемінде екі данамен түгендеу тізімдемелеріне немесе түгендеу актілеріне жазылады.

 

Материалдарды сақтау және оларды орналастыру

Материалдарды қоймада орналастыру әдісін тапсырмаларды орындауға, сақтаудың таңдап алынған тәсіліне, секцияларды ұтымды орналастырған кезде қойманың көлемін максималды пайдалану қажеттігіне, материалдарды зақымданулардан сақтауға, қойманың кез келген ұясының қол жетімділігіне байланысты таңдап алады.

Сақтаудың келесідей тәсілдерін ажыратады:

- әртүрлі түрлердің және сорттардың материалдары бір бірінен жеке орналастырылады;

- партиялық – қоймаға келіп түскен материалдардың әрбір партиясы жеке сақталады;

- партиялық – сорттық - қоймаға келіп түскен материалдардың әрбір партиясы жеке сақталады, бұл ретте партияның ішінде материалдар түрлері және сұрыптары бойынша бөлінеді және дәл осылайша жеке орналастырылады;

- атаулары бойынша – әр атаудың материалдары жеке сақталады.

Сызылмаларды жасаған кезде материалдардың келіп түсуінің мерзімділігі және көлемдері, олардың өндіріске берілуі, орналастырудың оңтайлы тәсілдері назарға алынып отырады.

Сақтау

Сақтауды ұйымдастыру:

- материалдардың санының және сапасының сақталуын;

- тиісті бақылаушы органдардың амтериалдарды қарап шығуы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

Материалдардың қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етуге материалдарды сақтаудың лайықты гидротермиялық режимін жасаумен, оларды жатқызудың және орналастырудың ыңғайлы жүйесімен, сақтау барысында тұрақты бақылауды ұйымдастырумен қол жеткізіледі.

Сақтауды жақсы ұйымдастырған кезде:

- материалдарды өтетін жерлерге орналастырмайды;

- оларды тым биік штабельдерге қаламайды;

- материалды сақтаудың оптималды режимдерін – температураны және ауаның ылғалдылығын ұстап отырады, ауаның температурасын термометрлердің қашықтықтан бақылау жүйелерінің құралдары бойынша бақылап отырады, ал қоймалардағы ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін гигрометрлерді қолданады;

- ауаның температурасын және ылғалдылығын жылытуды және желдетуді реттеп отырудың көмегімен жөнге салып отырады.

Жиһаз (жиһаз жинақтаушылар) өндіретін «Рустембаев» ЖШС материалдарды көп көлемде сатып алады, оларды өңдейді және дайын өнім сатады. Күрделі технологиялық тізбек келіп түсетін материалдарды және қоймадан сатылатын дайын өнімді мұқият есепке алуды талап етеді.

Материалдарды есепке алу «Рустембаев» ЖШС қоймасындағы есепке алудың маңызды бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп материалдық құндылықтардың, сондай-ақ дайын өнімнің қозғалысын бақылап отыруға міндетті. Қазіргі экономика жағдайларында есепке алу үшін қойма операцияларының және өнім сатудың есебін автоматтандыру қажет. «Рустембаев» ЖШС -да тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысын есепке алуда әлі де болса көптеген кемшіліктер бар. Есепке алу сомалық көрінісінде жүргізіледі. Бұл барлық ассортимент бойынша қорлардың санын көруге мүмкіндік бермейді. Материалдардың келіп түсуін реттеп отыру, бұлардың қорлары минималды болып отырған материалдарды қосымша сатып алу жөніндегі жұмысты жүргізу үшін, қойма меңгерушісі кәсіпорынның қоймадағы қалдықтарын үнемі көріп отыруға тиіс.

Материал, өнім жеткізушіден материалдардың «Рустембаев» ЖШС қоймасына қозғалысы жеткізу шарттарымен және жүктерді тасымалдау ережелерімен қарастырылған ілеспелі құжаттармен: жүкқұжатпен және шот-фактурамен рәсімделеді. Кәсіпорында ілеспелі құжаттардың, жекелей алғанда жүкқұжаттардың үлкен көлемі келеді. Жүкқұжаттарда 30 ға дейін атаулар болып отырады. Жүкқұжатта көшірменің номері және сәнесі; жеткізуші фирманың және алушы фирманың атауы; өнімнің атауы және қысқаша сипаттамасы, оның саны (бірліктермен), бағасы және өнімді жіберудің жалпы сомасы (қосылған құн салығын ескере отырып) көрсетіледі. Жүкқұжат екі данамен жазылады, оған өнімді тапсырған және қабылдаған материалдық жағынан жауапты адамдар қол қояды және жеткізуші мен алушының дөңгелек мөрлерімен расталады. Бір данасы өнімді жеткізушіде қалады, екіншісі алушыға беріледі.

 

Аналитикалық бөлім бойынша қорытындылар

«Рустембаев» ЖШС 2002 жылы құрылған. Тұрған орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

Кәсіпорын жеке мүлікке ие, банкте есеп айырысу шоттары, кәсіпорынның атауы жазылған дөңгелек мөрі бар.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы өз жұмысын қаржыландырудың сыртқы көздеріне қаржылық тәуелсіздік, өз қаржылық міндеттемелерін мерзімінде өтеуге қабілеттілік, яғни төлемге қабілеттілік дәрежесімен анықталады. Өтімділік коэффициенттерін есептеген кезде әлдебір мәліметтер алынды, бірақ бір де бір нәтиже қалыпты мәнге ие емес, бұл шектіқаржылық туралы куәландырып отыр. «Рустембаев» ЖШС-ның қысқа мерзімді міндеттемелерін төлеуге қаражаты жоқ.

Рентабельділік кәсіпорынның салыстырмалы пайдалылығын сипаттайды. Есептік кезең ішінде сатылымдардан пайда және өзге операциялардан пайда алынғандықтан, рентабельділіктің барлық коэффициенттері оң мәнге ие. Бұл «Рустембаев» ЖШС -ның істерінің жағдайын оң сипаттап отыр.

«Рустембаев» ЖШС кәсіпорынның жұмысын толығырақ қарастырып шығайық.

Қазіргі кезде «Рустембаев» ЖШС кәсіпорнында қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алуды жүргізудің кемшіліктері бухгалтерлік есептің қолмен жүргізілетіндігі болып табылады, бұл бухгалтердің және қойма қызметкерінің жұмысын баяулатады және еңбекті көбірек қажет етеді.

Жауапты адамның материалдардың кірісі бойынша бастапқы құжаттарды есепке алуы тауарлардың келіп түсуінің еркін үлгідегі журналында жүргізіледі, бұл журналда кіріс құжаттың атауы, оның сәнесі және номері, құжаттың қысқаша сипаттамасы, құжатты тіркеу датасы, келіп түскен материалдар, материалды жеткізуші туралы мәліметтер болуға тиіс.

Есепті қолмен жүргізудің тиімсіздігіне және ескіруіне байланысты, қазіргі кезде қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алу процестерін автоматтандыру мүмкіндігі пайда болды.

«Рустембаев» ЖШС-ның бухгалтериясының және қоймасының тиімдірек жұмыс істеуі үшін қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесін құрудың объективті қажеттігі туындап отыр.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 942. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия