Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Терінің анатомиясымен физиологиясы.





Тері ағзаны сырттай қорғап тұрады, онда сезімталдық жүйке талшықтары, тер және май бездері, бұлшық еттер, шаш, тырнақтар бар (№1-сурет). Тері үш қабаттан тұрады-эпидермистен, дермадан және тері асты майдан (№ 2- сурет).

Терінің ең негізгі қызметінің біріі - қорғаныс, екіншісі - тер шығару, үшіншісі - дем алуға қатнасуы, бұған қоса онда қан тамырлары өте кең мөлшерде дамыған, олар тері артериясынан және бұлшық еттерден басталып, бір-бірімен қосылады, сөйтіп, тереңнен орналасқан тері артериялық торларын негіздейді (№2-сурет). Олардың үстінде беткей жатқан осындай артериялық торлары бар, кейінгілер шаш түбірлерін, тер мен май бездерін қоректендіреді.

№1- сурет. Терінің құрылысы

 

№ 2- сурет. Терінің құрылысы

 

Лимфа тамырлары терінің дерма қабатынан басталады да бір-бірімен қосылысып, тор құрайды, ал олардың барлығы тері астындағы май қабатынды жиналады.

Терінің ісік алды аурулары нақты (облигатты), нақты емес (факультативты) болып, екіге бөлінеді:

нақты ісік алды ауруларға:

· Пигментті ксеродерма,

· Боуэн ауруы,

· Педжет ауруы,

· Кайр эритроплазиясы жатады.

Пигментні ксеродерма (№3- сурет)- жас балаларда, жазда, немесе көктемде басталады, алдымен терінің ашық жерлерінде кішкене қызыл таңбалар пайда болады, олар түлегіш келеді. Кейіннен сол жерлерде жұқа тыртықтар орналасады және бұған қосымша гиперкератоздар, телеангиоэктазиялар, сүйелдер шығады.

 

 

№3- сурет. Пигментті ксеродермия

Боуэн ауруына (№4- сурет) көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап, әр түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады, қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде терісінен көрінеді.

Педжет ауруы (№5- сурет) емшекте (емізікте), емшекұшы айналасында, шапта және шап аралықта кездеседі. Бұл - жұқа қабығы бар жара, бірақ ол өз бетінше жазылып тыртықтанатын жара емес, созылмалы, қанды-су шығарып тұратын, өмір-бақи бітпейтін жара, әсіресе, қабығы түсіп қалса.

Кайра эритроплазиясы (№6- сурет) - жалпақ келген, 1-2 см-дей көлемдегі, суланып тұратын тері бөртпесімен сипатталынады. Ол, көбінде, сыртқы жыныс мүшелерінде орналасады.

Факульт ативты ісік алды аурулардың; өзі екі топ құрайды;

1- топқа кәрілік (№7- сурет) кератоздар (терінің жұқарып, құрғақтануы, жарылуы), терінің мүйізденуі – қалыңдануы (№8- сурет) және кератоакантомалар кіреді;

2- топты терідегі бірнеше өзгерістердің салдарынан болатын аурулар құрастырады, олар көбінесе сыртқы ортаның, соның ішінде рентген, радий сәулелерінің, мышьяктың, өндіріс қалдықтарының зиянды әсерінен пайда болатын өзгерістер, күйік, туберкулез, мерезден соң пайда болатын келлоидты тыртықтар (№ 9 - сурет), туа біткен кемістіктер, ахаулар, қызыл жегі, эпидермальды және дермоидты жылауықтар жатады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5584. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия