Сабақ. Тері рагы. О-алкилирование олефинами имеет важное значение для синтеза третбутилметилового эфира – высокооктанового компонента моторных топлив
сабақ. Тері рагы Кіріспе. Тері рагы – қатерлі ісіктердің ішінде өте жиі тараған түрі. Ол бірнеше жерден бір мезетте пайда болуы мүмкін және морфологиялық тұрғыдан күрделі, ол тек эпидермистен пайда болады. Терідегі кезкелген қатерлі ісіктер - қөзге көрінетін, сырт орналасқан аурулар, бұларды дер кезінде анықтау және емдеу қиын емес. Тері рагы жалпы көзбен көріп анықталатын ісіктердің біріне жатады, сондықтан ол Ш- сатысында анықталса асқынған түрі деп есептеліп, оған «Хаттама» толтырып, дәрігерлік мәжілісте талқыланып, оның асқыну себептері анықталып, ұйымдастыру шешімі қабылданады. Осыған байланысты тері рагынан сақтандыру шараларын белсенді жүргізу, дәрігерлердің білімін арттыру, оларды студент кезінде тәжірибелік білімділігін артыру білім берудің басты мақсаты болып саналады.. Иновациялық тәжірибелік сабақтың негізгі мақсаттары - т ері рагы мен меланоманы анықтау үшін, терінің анатомиясын, физиологиясын, патанатомиясын, эпидемиологиясын, клиникалық белгілерін, оларды анықтау жолдарымен емін, болжамдық көрсеткіштерін және сақтандыру жолдарымен шараларын оқушылардың жетік білуін қамтамасыз ету негізгі мақсат болып саналады. Студент бұл қатерлі ісіктердің сырт көріністерін және тексеру жұмыстарының нәтижелерін бір-бірімен салыстыра отырып, басқа аурулардан ажырата біліп, клиникалық диагнозды нақты қойып, емдеу жоспарын жасап, оның тиімділігін нақты дәлелдей білуінің нәтижесінде, олардың білім, дағдылану, коммуникативті, құқықты және өз бетінше жетілу құзыреттерін артыруға мүмкіндік береді.
|