Егер жүйе кері бағытта 2-1–ші күйге өткенде – сыртқы энергияны пайдаланса онда мұндай процессті қайтымасыз процесс деп атайды.
Бұл кайтымдылықтың термодинамикалық критерийі. Бұл критерий – биохимиялық реакциядағы қайтымды және қайтымсыз ұғымдармен дәл келмейді. Биохимиялық реакциядағы қайтымды процесс деп – егер ол тура және кері бағытта өтіп реакция қосылыстары бастапқы қалпына энергияның жоғалғанына қарамай келген процесті айтамыз. Оның үстіне организмде әртүрлі қайтымды биохимиялық циклдер өтіп тұрады. Химиялық реакция үшін қайтымдылық пен тепе–тендік процессі бір–біріне дәл келеді. Тепе–тендік процесінде – системаның әрбір берілген моментінде система тепе–тендік күйіне жақын күйде болады. Сонымен термодинамикада биохимиялық реакцияларды түсіндіру, үшін, еске алатын жағдай биохимиялық процестер басқа процестер сияқты – тепе–тендік күйге жақын тұратындықтан – қайтымды процеске жатады. Қайтымды және қайтымсыз процестерді бір–бірінен ажыратудың мынандай формальді түрі бар. Уақыт бойынша өтетін процестің теңдеуін қарастырсақ, егер оның құрамында айнымалы уақыт болса, онда процесс қайтымды процеске жатады, ал керісінше болса қайтымсыз процеске жатады. Қайтымды процесті анықтайтын теңдеуде уақыт өзінің арифметикалық шамасы бойынша енеді. Мысалы: Толқындық теңдеуді яғни жұтпайтын ортадағы толқынның таралу теңдеуін қарастырайық
Мұндағы: φ = U - өрістің кернеулігі С – жарық жылдамдығы х,y,z –координаттар Бұл теңдеудегі t - ны (-t)–ға ауыстырсақ осы (1) теңдеумен анықталатын толқынның таралу теңдеуі өзгермейді – яғни толқынның таралуы қайтымды процесс. Жылу өткізгіштік процесс үшін Фурье теңдеуі:
мұндағы: α – жылу өткізгіштік коэффициенті x,y,z – координаттар Т- температура Жылу өткізгіштік процесс қайтымсыз процесті сипаттайды. Биология үшін өте маңызды диффузия процессі қайтымсыз процеске жатады.
|