Оқытудың соңғы нәтижелері
Когнитивті компетенциялар. Студентте төмендегілер бойынша білімдері қалыптасуы тиіс: - электрокардиографияның анатомиялық және электрофизиологиялық негіздері бойынша; - жиі кездесетін жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), жедел коронарлы синдром (ЖКС), созылмалы ЖИА патологияларының ЭКГ диагностикасы, олардың егде жастағы ерекшеліктері бойынша; - жиі кездесетін аритмиялар мен блокадалардың ЭКГ диагностикасы, олардың егде жастағы ерекшеліктері бойынша; - жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофияларының ЭКГ диагностикасы, егделердегі ерекшеліктері бойынша; -пациенттермен, оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен тиімді коммуникаия әдісімен. Операциональды компетенциялар. Студентте келесі тәжірибелік дағдылары болуы керек: · электродтарды қою; · ЖИА, ЖКС, оның созылмалы түріндегі ЖКГ интерпретациясы бойынша; · аритмиялар мен блокадалардың ЭКГ интерпретациясы бойынша; · жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофияларының ЭКГ интерпретациясы бойынша; · динамикадағы ЖКГ мәліметтерін талдай білу; Аксиологиялық компетенциялар. Студентте келесі коммуникативті дағдылар болуы керек: · клиникалық ойлау; · ғылыми ақпараттар мен дәлелдеуші зерттеулерді талдау; · пациенттен анамнез жинағанда дұрыс қатынасты көрсету; · пациенттермен, оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен сенімді қарым қатынас орната білу; · командада жұмыс істей білу Студентте құқықтық компетенциялар қалыптасуы керек (денсаулық адвокаты): · ҚР денсаулық кодексін үйрену; · ҚР ДСМ мен ҚР ББҒМ негізгі заңдарын үйрену; · ЖТД, геронтологиялық қызметті ұйымдастырудың негізгі жағдайларын үйрену Студентте өзін өзі жетілдіруі дамуы керек:портфолио (студенттің жеке білімінің жетістіктері) әрбір сабақта жұмыстың келесі түрлері бойынша бағаланады: функциональды диагностика кабинетінде науқастарды қабылдау, электрокардиограммларды интерпретациялау, презентация. 2.5. Пререквизиттер және постреквизиттер (студенттер осы пәнді үйрену үшін қажетті пәндер тізімі) қалыпты физиология кафедрасы, ішкі аурулар пропедевтикасы, № 1 ішкі аурулар, жедел және шұғыл көмек, коммуникативті дағдылар, дәлелдеуші медицина негіздері, коммуникативті дағдылар 2.5. Постреквизиттер:ішкі аурулар бойыншаинтернатура. 2.6 Пәннің қысқаша мазмұны Медицинадағы замануи функциональды диагностика әртүрлі зерттеу әдістеріне ие. Олардың ішінде кейбіреулері тек арнайы мамандарға қол жетімді. Ең көп тараған және қол жетімді әдіс Электрокардиография болып табылады, негізінен кардиологияда, сонымен қатар өкпе, бүйрек, эндокринді бездер, қан ауруларымен науқастарды зерттеуде, сондай ақ;педиатрияда, гериатрияда, онкологияда, спорттық медицинада кеңінен қолданылады. Осы әдіс бойынша оқытудың негізгі міндеті студенттерді негізгі кардиологиялық және ішкі ағзалардың басқа ауруларын диагностикалауды үйрету. ЭКГ – жүрек жұмысының нәтижесінде пайда болатын электрлік құбылыстардың графалық тіркеу әдісі. Терапевт және ЖТД ЭКГң анатомиялық және электрофизиологиялық негіздерін білуі тиіс, электрофизиологиялық әкетулерді, ЭКГ түсіре білу және интерпретация жасау. ЭКГғы өзгерітерді талдай білу кардиологиялық тәжірибедегі шұғыл жағдайларға уақтылы көмек көрсетуге көмектеседі. ЭКГ бойынша элективті модульде жүрек ырғағы мен өткізгіштіктің анатомиялық және электрофизиологиялық негіздері, ЖИА, жүректің әрбір бөлімдерінің гипертроияларындағы ЭКГ өзгерімтері талданады. Студент ырғақ және өткізгіштіктің замануи жіктелулерімен, миокард и нфарктының сатыларына қарай ЭКГ өзгерістерімен танысады. ЭКГ түсіріп, оны талдау дағдыларын игерген студент осы зерттеу әдісінің мңыздылығын түсінеді. Барлық сабақтар функциональды диагностика және оқу бөлмелерінде ЭКГ жинақтарын қолданумен өткізіледі. СОӨЖ және СӨЖ осы Жұмыс бағдарламасы аясында аудиториядан тыс және аудиториялық бағдарлама бойынша ұйымдастырылады. 2.7. Пән бойынша тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары – Элективті модуль «Электрокардиография – терапевт тәжірибесіндегі функциональды диагностиканың негізі. Егде жастағы адамдардағы ерекшеліктер» Пәннің сағаттарын бөлу*
Модульды пән бойынша сағаттардың жалпы саны 90 сағат - 2 кредит, әрқайсысында 45 сағаттан, оның ішінде әрбір кредитте СӨЖ 15 сағат, аудиторлы (жанаспалы) сағаттар тәжірибелік сабақтарға және СОӨЖ на бөлінген. Тәжірибелік сабақтардың ұзақтығы 3 академиялық сағат күніне - 5 күн. 1 академиялық сағат 50 минутқа тең. Әрбір академиялық сағаттан соң 10 мин үзіліс. Тәжірибелік сабақтан соң СОӨЖ өткізіледі. СОӨЖ күніне 3 академиялық сағат. · Академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутқа тең. Пән бойынша тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары – Элективті модуль «Электрокардиография – терапевт тәжірибесіндегі функциональды диагностиканың негізі. Егде жастағы адамдардағы ерекшеліктер»
(академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут)
|