Оқу әдістемелік құрал
Тәжірибелік сабақ: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, кіші топпен жұмыс, дискуссия, презентация, кері байланыс. Оқытушының бақылауымен студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ): кіші топпен функциональды диагностика кабинетінде электрокардиограмманы талдау, әр электрокардиограммаға қорытынды жазу. Әдебиеттермен, интернет-ресурстармен, оқулық және ғылыми материалдармен, компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасау. Әртүрлі күрделі деңгейдегі глоссари құрастыру, тесттік және есептік тапсырмаларды шешу. Электрокардиограмманы интерпретациялау, презентация дайындау, жедел көмек көрсету барысындығы алгоритм құрастыру. 2.9.Білім және дағдының әдісін бағалау: Білім және дағдыны негізгі бағалауда келесі нормативті құжаттар қолданылады: · 05.03.06-2006 ГОСО ҚР “Қазақстан Республикасы. Білім жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы білімді бақылау.” 26.08.2006 жылдан бастап. · Үлгерімнің ағымды бақылауын типті ережелерін жүргізу, 2008 ж 18 наурызындағы білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын, БҒМ ҚР №125 бұйрық, 2010 ж 13 сәуіріне дейінгі өзгертулер, БҒМ ҚР №168 бұйрық, 2010 ж 17 мамыр № 6236 ҚР ӘМ тіркелді. · 2011ж 20 сәуірге дейінгі №152 ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің бұйрығына байланысты жоғары мамандандырылған білім беретін, кредитті технология ұйымдастырудағы ережесін оқу. Рейтинг жүйесі бойынша білім алушылардың бағасы келесі компетенцияға негізделген: Когнитивті компетенция(білім) әр тәжірибелік сабақта келесі әрекеттің түрлерімен бағаланады: ауызша сұрау,тестті тапсырмалар, функциональды-диагностикалық кабинетте кіші топпен жұмыс жасау,дискуссия,презентация. Операциональды компетенция (тәжірибелік дағдылар) функциональды диагностика кабинетінде оқутышының қатысуымен студенттің өзіндік жұмысын бағалау,студентті ЭКГ түсіру,оны интерпретациялау,оқу бөлмесінде сабақ тақырыбы бойынша электрокардиграмма жинағын интерпретациялау. Аксиологиялық компетенция (коммуникативті дағды) әр сабақ сайын келесі әрекеттердің түрімен жүргізіледі және бағаланады: ауызша сұрау,топпен жұмыс,электрокардиограмма түсіру кезінде науқаспен қарым-қатынас,интерпретациялау,қорытындылау. Құқықтық компетенция (денсаулық адвокаты) ҚР-ның білім кодексіндегі тестілеу арқылы бағаланады,науқасты қорғау және науқастың қызығушылығын қорғау. Өзіндік жетілдіру -тақырыптық жоспарға байланысты әр студенттің өзіндік жұмысын бағалау,функциональды кабинетте жұмыс жасау. Әр Студенттің өзіндік жұмысы –бір кредит.
Бақылау түрлері: Ағымдық бақылау: тесттік тапсырмалар, жазба/ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топтарда өз өзін бағалау және топтық бағалау. Әр тәжірибелік сабақ, СӨЖ, рубеждік бақылау 100 баллдан есептеледі, яғни 100 пайызға сәйкес. Пән бойынша ағымдық баға балл-рейтинг жүйесі 5 компетенциямен бағаланады: білім (Z), дағды (тәжірибелік дағды(n), коммуникативтік дағды(k), білім және денсаулық сақтау құқықтық құжаттарын білу (p), өз өзін жетілдіру (s). Әр компетенция 100 баллдық жүйемен бағаланады. Ағымдық бақылау t– компетенцияны қалыптастыру деңгейінің бағасы: t= (Z+N+K+P+S)/n мұнда, n – барлық компетенция бойынша тапсырыстар саны Z: z1+z2+…+zn – білімді бағалау: 5 баға 100 баллдық жүйе бойынша. N: n1+n2+…+nn- дағдыны бағалау: 5 баға K: k1+ k2+ k3+ k4+ k5 коммуникативтік дағдыға бір баға қойылады. Бұл баға 5 коммуникативтік көрсеткіштің нәтижесінде пайда болады: 100 баллдық шкала бойынша 5 көрсеткіштің орташа арифметикалық қосындысы. P: - құқықтық компетенция бағасы: 1 баға, 4 сабақта тесттілеу нәтижесінде қойылады S: СӨЖ бағалау- 1 Әр компетенция 100-бальдық шкала бойынша есептеледі. Әр кредиттің соңында рубеждік бақылау (коллоквиум) 2 кезеңмен жүргізіледі: тестілеу, тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тәжірибелік дағдыларды тексеру ЭКГ қорытындылау бойынша жүргізіледі. 1 рубеждік бақылау 1 кредит. Қорытынды бақылау: пән соңында интегрирленген емтихан: тесттілеу, тәжірибелік дағдыларды тексеру – ЭКГ қорытындылау. Білімді бағалау ережесі және критерийлері: ағымдық және рубеждік бақылау бағаларының қорытындысынан тұрады. Жіберу рейтингі студенттің соңғы бағасы 60 % төмен болмауы тиіс, формула бойынша анықталады: Rд= (t+r1+r2)/3 ×0,6 мұнда t– ағымдық бақылау. r1 – бірінші рубеждік бақылау, r2– екінші рубеждік бақылау. Барлығы екі рубеждік бақылау, цикл соңында орташа рейтинг шығарылады. Жіберу рейтингі студенттің соңғы бағасы 60 % кем болмайды. Студент емтиханға жіберіледі, егер оның семестрлік бағасы 50 баллға тең немесе жоғары болғанда. (%) Пән бойынша студент білімінің соңғы бағасы - I I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда I – соңғы баға R– жіберу рейтингі бағасы E – соңғы бақылаудың бағасы (пән бойынша емтихан) Жіберу рейтингі I соңғы бағаның 60% құрайды, емтихан - I соңғы бағаның 40% құрайды. Білім бағасының критерийі ҚР ГОСО 5.03.06-2006 негізінде құралған: «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Жоғары оқу орындарында білімді бақылау» 26.08.2006ж. Білім, үйрену, дағды және компетенция, білім алушыларды бақылаудың барлық жағынан әріптік жүйе баллдық-рейтингтік бағамен анықтайды, пропорциональды қарым қатынаста.
|