Студопедия — ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. 13 И сейчас я хочу поговорить об этом великом примере
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. 13 И сейчас я хочу поговорить об этом великом примере

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

Курс:2

 

 

Қарағанды – 2005ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

«___»_________2005 ж. Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі __________ Калишев М.Г.

 

 

1.Тақырыбы:Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Көптеген зиянды өндірістік факторлардың бірі шаң болып табылады. Шаң бұрғылау, шикізатты бөлшектеу және езу сияқты технологиялық процестердің салдарынан пайда болады. Тұрақты әсер етуші зиянды факторлардың бірі ретінде шаң кәсіптік ауруларды тудырады. Дәрігер гигиенистің өзінің іс – тәжірибесінде зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету және шаңнан пайда болған кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыруда алатын орны зор.

Шу мен діріл кең таралған жағымсыз фактор және олармен күресу қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Техниканың даму салдарынан акустикалық және механикалық талқындардың адам

ағзасына әсер ету күннен күнге маңызды болып келеді. Қазіргі НТП-ға шу мен дірілді күшейтіп, ультра- және инфра дыбыстық диапазон жағына кеңеюімен қатар жүретін өндірістік қуаттын күшеюі, қуатты жаңа құралдардың пайда болуы, ескі технологиялық процесстердің интенсификациясы тән.

4.Сабақтың мақсаты: Шаңның санитарлық – гигиеналық маңыздылығына, өндірістік ортадағы шаңды зерттеу әдістерін бөлменің шаңдану дәрежесіне санитарлық – гигиеналық баға беруге үйрету.

Қауіп пен зияндылығын бағалап олармен күресу шараларын

ойластыру мақсатында шу мен дірілді физикалық, гигиеналық және физиологиялық маңызы жағынан теориялық білімдерді бекіту.

Студент білуге тиіс:

- шаңның жіктелуін

- адам организміне әр түрлі құрамды шаңның әсерін

- ауаның шаңдауын зерттеу әдістерін

- шаңның дисперстілігін бағалауды

- токсикологиялық зерттеу әдістерін

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, олардың өлшем бірліктерін

-шу мен дірілдің жіктелуі мен оның адам ағзасына әсерін

-шу мен дірілдің қалыптастыру принциптерін

-олардың адам ағзасына зиянды әсерінің профилактикасын

Студент істей білуі керек:

- бөлменің шаңдануын анықтауды

- шаңның дисперстілігін анықтауды

- шаң ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыруды

- токсикологиялық эксперимент өткізуді

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, дірілді акустикалық аппаратура көмегімен анықтауды

-шу деңгейі, жергілікті және жалпы діріл деңгейіне қарап еңбек жағдайлар класстарын анықтауды

-аудиометрияны жүргізуді

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  1. Күн тәртібінің физиологиялық негізі.
  2. Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінің ерекшеліктері мен жалпы негізі.
  3. Балалар мен жасөспірімдерді оқытудың гигиеналық негізі.
  4. Мектепке дейінгі және мектеп жастағыларды оқыту ұйымы.
  5. Емдеу – профилактикалық мекемелердің гигиенасы, тамақтану гигиенасы бойынша дәрістік және тәжірибелік сұрақтар бойынша сұхбаттасу.
  6. Өткен тақырыптардың сұрақтары бойынша аралық тест бақылау.
 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Шаңның жіктелуі, оларға сипаттама

2. Ауаның шаңдануын аспирациондық өлшеу әдістері

3. Пневмокониоздар, басқа да кәсіптік шаң ауруларының алдын алу

4. Жұмыс аймағының ауасында аммиак пен күкіртті газ концентрациясын анықтауды

5. Ауадағы улы заттарды бағалаудың экспресс әдісі

6. Орташа тәуліктік және максималды бір реттік концентрациялар туралы түсінік

7. Шу мен дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты. Шу мен өндірістік ортаның зиянды факторлар ретінде.

8. Шу. Жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері.

9. Шу ауруы, мүкіс құлақтық. Орталық жүйке жүйесінің аурулары «шулы» жұмыс орындарының кәсіптік аурулары ретінде.

10. Діріл ауруы, олардың даму сатылары.

11. Ағзаға мүмкін болатын шеткі деңгейі. Профилактикалық шаралар.

 

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

ТОЗАҢНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 

ШЫҚҚАН ТЕГІ БОЙЫНША ЖАСАЛУЫ БОЙЫНША ДИСПЕРСТІЛІГІ БОЙЫНША
  1. Органикалық
- өсімдік тозаңы (дақылдар, талшықтар); - жануарлар тозаңы (жүні, терісі) - микроорганизмдер және олардың ыдырау өнімдері
  1. Органикалық емес
- минералды (кремнийлі, силикаты); - металдық (темір тозаңы, мырш тозаңы);
  1. Аралас
- минералды – металдың (темір және кремний заңдарының қоспасы) - -органикалық және органикалық емес тозаңдар қоспасы (дақылдар және топырақ).
1. Ыдырау (ұсақталу) аэрозолі-қатты жыныстардың бұзылуынан пайда болады (бұрғылау,үгіту,ұнтақтау), сусымалы материалдарды буып түйгенде, тасымалдағанда, бұйымдарды механикалық өндегенде (жылтырлау, тегістеу). 2. Бірігу аэрозолі (түтін) – ауада металдар мен метал еместер булануы мен кейіннен олардың бірігуінен пайда болады (электрлі дәнекерлеу, электрлі балқытуда металдардың булануы және басқа технологиялық процестерде). 1. Көрінетін бөлшектердің көлемі 10 мкм – нан үлкен және ауадан тез шөгеді. 2. Микроскопиялық бөлшектер көлемі 10 – 0,25 мкм және ауадан баяу шөгеді. 3. Ультрамикроскопиялық бөлшектер көлемі 0,25 мкм – нан төмен броундық қозғалыс заңына сәйкес ұзақ уақыты ауада қалықтап жүреді.
 

Ашық атмосферада, сол сияқты өндірістік бөлмелердің ауасын да тозаңның кездесуі, оның тазалығын көрсетеді. Ауаның қатты тозаңдануы ағзаға өте нашар әсер етеді.

Ауада тозаң тыныс алу жолдарын тітіркендіреді және өндірістік жағдайда профессоналдық аурулар (пневмокониоз) туғызуы мүмкін.

Атмосферада тозаң ультрокүлгін сәулелерді өткізбейді, жасыл – жеміске зиянды әсерін тигізеді.

Сондықтан біздің елімізде ауадағы тозаңның шектеуге рұқсат етілген концентрациясы белгіленген. Ол – бүкіл жұмыс кезеңінде тәулігіне 8 сағаттан кем жұмыс уақыты ішінде жұмысшылардың проффесиялық патологиялары мен денсаулықтардың ауытқуын тудырмайтын концентрация.

Тозаңның шектеуге рұқсат етілген концентрациясы оның құрамында 2 оттегі кремнийдің (SiO) болуымен нормаланады.

Өндірістік бөлмелердегі тозаңның ШРЕК:

1 мг/м3 SiO 70 % көп болған жағдайда

2 мг/м3 SiO 10 – 70 % болған жағдайда

4 мг/м3 SiO 10 % аз болған жағдайда

10 мг/м3 SiO жоқ болған жағдайда

 

АСПИРАЦИЯЛЫ САЛМАҚТЫҚ ӘДІС

Әдіс тозаң аэрозольдерін ауадан сүзгішке (фильтр) жинап, олардың мг/ м3 салмақтық концентрациясын есептеуге негізделген.

Тозаң сынамаларын алшу үшін ФПП – 15 гидрофобты сүзгіш материалдан жасалған АФН-В-18 немесе АФА-В-10 аналитикалық сүзгіштерді қолданылады. Олардың кедергісі аз (12 мм НО), өткізгіш қабілеті жоғары (100-200 л/мин) меншікті салмағы өте аз (100 мг), азот тотығы, күшті қышқылдар мен сілтілер секілді химиялық агрессивті заттарға шыдамды болады. Бұнын барлығы ауадағы аэрозольдер концентрациясын жеткілікті дәлдікпен және салыстырмалы түрде аз уақыт бөлігінде анықтауға мүмкіндік береді.

Анықтау техникасы.

Ауа сынамаларын алмаса бұрын сүзгіштердің бастапқы салмағын анықтап алу керек. Ол үшін обоймадан аналитикалық сүзгіштер тобын шығарып, қорғаныш сақиналарын ашып, әр сүзгішті төртеуден пинцетпен қабаттастырады және таразының табағына салып кезекпен өлшейді. Өлшеп болғаннан кейін сүзгіштерді қатталап жиегіне қарай пинцетпен ақырын жөндеп, қайтадан қорғаныш қағаз сақиналарда оларды және огбоймаға кигізілетін калькадан жасалған пакеттерге жинайды. Әр сүзгіштің салмағы және оның реттік саны қорғаныш сақинаның дөңес жеріне жазып қояды.

Ауа сынамаларын ауа үрлегіш немесе электрлі шаң сорғышы бар реометрдің көмегімен алады. Ауа сынамаларын алу жылдамдығы ауаның ластану байланысты белгіленеді, бірақ 20 мл/мин жоғары болмауы керек.

Аэрозольдер концентрациясын есептеу үшін мына формула қолданылады:

(а-в) х 1000

Х = ___________________________, мұндағы

V

Х – аэрозольдің салмақтық концентрациясы, мг %

а – сүзгіштердің алынған сынамалармен қосқандағы салмағы, мг

в – таза сүзгіштің салмағы, мг

V - сүзгіш арқылы кеткен және қалыпты жағдайға келтірілген ауа көлемі, мг

Ауаны қалыпты жағдайға келтіру келесі формуламен жүзеге асады:

 

V х 273 х Р

V = ______________________, мұндағы

(273 + t) х 760

V – талдауға алынған ауа көлемі, л

273 – қалыпты жағдайға келтіру тұрақты коэффициенті

Р – атмосфералық ауаның барометрлік қысымы, мм сын. бағ.

760 – теңіз деңгейінде О 0С болғандығы барометрлік қысым сүзгіштегні

АФА-В-18 сүзгіші үшін ең кіші салмақ 1 мг, ал ең үлкен – 50 мг сынамаларды алып болғаннан кейін ауа сүзгішті қорғаныш сақиналардың дөңес жағынан патроннан шығарады. Содан кейін сүзгішті он жағын ішіне қаратып пакетке салады. Онда ол сынаманы алғанша тұрады да, кейін обойманың бос бөліміне салады. Патронды жаңа сынама алуға дайындайды. Лабораторияда сүзгіштерді алынған сынамалармен бастапқы жағдайда біраз уақыт ұстайды. Содан соң кезекпен пакеттер мен обоймалардан шығарып, ақырын қорғаныш сақиналардан босатады. Сосын төртеуден қабаттап, алғашқы жағдайдағы салмағын өлшейді.

Егер сынамалар жоғары ылғалдылық жағдайында алынса, салмағын өлшемес бұрын сүзгіштерді ылғалдылығын жою үшін 2 сағат эксикаторға орналастырады, ал содан кейін оларды 10 – 15 минут бөлме температурасы мен ылғалдылығы жағдайында ұстайды.

Мысал: ауа сынамасын алғанға дейін сүзгіш салмағы 2,5 мг, тозаңмен қосқандағын сүзгіштің салмағы – 14,5 мг, сорылған ауа көлемі – 200 л, сынама алынған кездегі ауа температурасы 78 0С болған.

Ауаны қалыпты жағдайға келтіру:

200 х 273 х 736

V = _________________________ = 181.7 = 182 л

(273 + 18) х 760

 

Ауаның тозаңдануы:

(14,5 – 2,5) х 1000

Х = __________________________ = 65.9 мг/м3

 

СЕДИМЕНТАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

Атмосфералық ауадан еркін шөгетін аэрозольдер үйлердің не құрылыстардың төбелеріне 3 метрлік бағандарға 15 – 30, ал кей жағдайда 45-90 тәулікке қойылған биіктігі 25-30 см, диаметрі 16-18 см цилиндрлі банкаларға (винилді, пластмасса не фаянсты) жиналады. Шөгіндінің салмағын өлшеп осы уақыт аралығында банканың түбіне шөккен аэрозоль бөлшектерінің салмағын анықтайды және ай, тоқсан жылға 1 м2 – та қанша грамм бар екенін есептейді.

Банканы оған аэрозоль бөлшектерін бүйірден түсуінен және шөккен бөлшектердің желдің үрлеп шығаруынан қорғау үшін банканы қабырғасының биіктігі 0,8 м беті ашық фаенрадан жасалған жәшікке орналастырады.

Банкаларды «жел розасын» есепке алып және елді пункттің бөлек жерлері жағдайда, алш зоналық тексеру кезінде ластау (орнынан көзіне) әр түрлі арақашықтықта орнатады (0,5; 1,0; 2,0 км). Нақты нәтиже алу үшін бақылау пунктерін

Шаңды жолдардан және кездейсоқ ластану көздерінен (құрылыс, жер қазу және басқа жұмыстар) қошығырақ жерлерді таңдайды. Банкаларды қоймас бұрын алдымен сабын және содамен мұқият жуып, 2-3 рет дистилденген сумен шайып, экспозиция пунктеріне жабық күйінде жеткізеді. Кустар ластап тастамас үшін банканың жиегін тотықпайтын металмен қаптайды, сосын банканы жәшіктрің ортасына орналастырады.

Жаз мезгілінде, әсіресе құрғақ климатты және жауын – шашыны аз жерлерде банка қабырғасын дымқылдау үшін 200 мл дистилденген су құяды, ал ұзақ экспозициаланған кезде уақытылы толықтырып отырады. Қыс мезгілінде солтүстік енділіктерде мезгіл – мезгіл түскен қардан тазартады.

Экспозицияның белгіленген уақыты өткеннен кейін банканың бетін 2 қабат таза пергамент қағазы мен немесе клеенкамен жауып, абайлап лабораторияға жеткізеді.

Лабораторияда банкаларды столға сынамаларды реттік санымен орналастырып, тексеруден өткізеді. Онда банканың ішіндегісінің сыртқы түрін, атмосфералық жауын-шашынның (су, қар) және богде ластанудың бар – жоғын тексереді.

Банкалардан тұрмыстық және өндірістік шығарыстарға жатпайтын кездейсоқ түскен, мысалы ағаштың жапырағы, жидектер, ұсақ қоқымдар, ұсақ сабандар және т.б. сияқты бөгде заттар табылса, оларды пинценттің көмегімен алып, банканың үстінен дистилденген сумен мұқият жуып тастайды.

Атмосфералық ауаның тозаңдану дәрежесі төмендегіден бағаланады: қалада атмосфералық ауадағы тозаңның көлемі орташа тәуліктік приборларды 0,15 мг/м3 - тан аспауы тиіс, ал (максималды) ең жоғарғы бір реттік - мг/м3.

Шудың физикалық-гигиеналық сипаты. Шу өндістік ортаның зиянды факторы ретінде физикалық жағынан шу уақыты ретсіз өзгеретін, әртүрлі амплитудалармен жиіліктері бар ортаның апериодикалық бөлшектердің тербелістерден құралатын күрделі дыбыстық құбылыс. Сондықтан музыкалық дыбыстарға қарағанда олардың жеке тондардың арасында дұрыс сандық байланыс жоқ.

Гигиеналық жағынан шу ретінде кезі келген жағымсыз, уақыт, орынға және адамдар қажеттіліктеріне жауап бермейтін. Сондықтан жұмыс пен демалысқа бөгет жасайтын дыбыстарды санайды.

Шу түсінігінде физиологиялық мағына жатыр, яғни толқындық қозғалыстарды субъективті қабылдау. Субъективті дыбыс қатаңдығы, биіктігі және тембрі жағынан қабылдайды.

Шудың қайнар көзі тығыз орта бөлшектерінің тербелістік қозғалыстарға әкелетін сыртқы орта күшімен тұрақтылық қалпінен шығарылған кез келген тербелетін дене, яғни дыбыстық толқындарды жасайтын. Өйткені дыбыстық толқын тербелетін процесс болып табылады, ол келесі түсініктермен сипатталады: тербелу периоды- бір толық тербеліс жасалынатын уақыт (Т); тербеліс жиілігі (F);- 1сек-та толық тербеліс саны өлшем бірлігі (Гц); тербеліс амплитудасы- тұрақты тепе-теңдік нүктесінен тербелетін дененің ең үлкен ауытқуы (А); таралу жылдымдығы-немесе уақыт жылдамдығы- бір секунд аралығында толқындық процестің таралатын ауданы, м/с-пен өлшенеді. Дыбыс жылдамдығы орта тығыздығына және серпінділігіне тәуелді бірақ дыбыстың тербелу жиілігіне тәуелді емес. Ауада температура 20 С және қалыпты атмосфералық қысымы кезінде С 334 м/с-ке тең, температура жоғарылағанда ол әр бір градуста 0,71 м/с-ке көбейеді. Одан тығыздырақ орталарда (металл, шыны, ағаш, су және т.б) дыбыс тездеу таралады. Толқын ұзындығы-екі көрші қоюлтулар немесе дыбыстық толқын бейтараптанулар арасындағы арақашықтық метрмен өлшенеді. Толқын ұзындығы дыбыстың жиілігі мен жылдамдық қатынасымен с/f, ал тербелу периоды оның жиілікпен кері қатынасымен Т=1/f байланысты.

Дыбыстың (дыбыстың) ағзаға әсерін анықтайтын физикалық сипаты біріншіден қарқындылығы немесе сандар мен жиілікті құрам.

Дыбыстың (шудын) қарқындылығы немесе куші.

Дыбыс толқындардың таралуы кеңістікте тербеліс энергияның таралуымен қатар жүреді. Оның дыбыс толқын бағытына перпендикуляр орналасқан аудан бірлігінен уақыт бірлігіне(с) өтуі дыбыстың қарқындылығы немесе күші (I). Өлшем бірлігі эрг/см2 немесе Ватт /м2(Вт/м2).

Тербелу амплитудасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым дыбыс күші мен қысым жоғары. Есту анализатор дыбыс күші мен дыбыстық қысым субъективті түрде қатты дайыс ретінде қабылдайды. Осыдан амплитудасы үлкен дыбыстар қаттырақ болып қабылданады.

Адам дыбыс анализторымен қабылданатын дыбыстық энергияның минимальді мөлшері есту табалдырығы деп аталады және 2000 Гц- жиіліктегі тон үшін 10-12Вт/м2 болып келеді. Ол дыбыстың 2*10-5Н/м (2*10-5Па) қысымына әсер етеді. І0 дыбыстың табалдырық күші ретінде стандартизацияның халықаралық ұыймымен 10-12Вт/м2-тең энергия шамасы қабылданды (жиілігі 2000Гц) және оған сәйкес 2*10-5Н/м2-қа тең және Си бойынша 2*10-5Па дыбыс қысымы Р0 қабылданды (1Н=0,102кг).

Дыбыс және дыбыс қысымының үлкею күші белгілі бір шекке дейін, қанша дыбыс қабылданады, фон жоғары ауыр сезім қабылданады.Бұл шек қабылдаудың жоғарғы шегі болып табылады және 1-2 Вт/м2 дыбыс энергиясына 2*102Н/м2 91*102Па) дыбыс қысымына сәйкес келеді және ауру сезімінің табалдырығы деп аталады. Сонымен есту анализаторы өзінің қасиеттеріне сүйеніп анализатор олардың күшеюі мен төмендеуін қабылдайды дыбыс күшінің үлкен 1014 рет өзгеретін дыбыс деапозонын тіркеуге қабіллеті.Осындай тәуелділікке байланысты дыбыс энергияның 10, 100, 1000 рет үлкеюі субъективті түрде 2,3,4 рет үлкейгені ретінде қабылданады. Бұны келесі таблица көруге болады.

 

Дыбыс қатандығының қарқындылығы мен

дыбыс энергиясының арасындағы тәуелділік

 

Дыбыс энергиясының мөлшері Дыбыс қатандығын сезу қарқындалағы Дыбыс энергиясының мөлшері Дыбыс қатандығын сезу қарқындылығы
    107  
    108  
102   109  
103   1010  
104   1011  
105   1012  
106   1013  
 

Табалдырық дыбыс энергиясы нәтижесінде бірлік ретінде алынған-бірінші бағана.

Кестенің екінші бағанасы қатаңдылықтын сезу қарқындылығын сипаттайды. Сонымен бірге бірінші бағанаға сәйкес келетін ондық логорифмдер болып табылады. 1- бұл lg10; 2-lg 100; 3-lg1000 т.б. Яғни дегеніміз есту анализаторына дыбыс күшінің, дыбыс қысымының айырмашылығын өзгерту еселігін ажыратамыз. Сонымен қаттылығын өзгеру сезімін дыбыс энергиның lg-м мөлшеріне пропорционал.

Бұл телефонды ашқан Г.Белге абсолютті шамалар шкаласының орнына сезімталдылықтың физиологиялық ерекшеліктеріне жауап беретін дыбыстық энергияларды қолдануға ұсынды- салыстырмалы немесе логарифмді шкала. Логарифмді шкаланың артықшылығы оның қолдануға ыңғайлы болуы.

Ыңғайлы болу үшін белді емес есе кем бірлікті-децибелді қолданады. Ол құлақпен естілетін дыбыс күшін минимальді шамасына тең. Сәйкесінше децибел- бұл нақты дыбыс қарқындылығының оның естілу табалдырығының қарқындылығына қатынасының ондық логарифм немесе нақты дыбыс қысымының оның естілу табалдырығындағы дыбыс қысымына қатынасының логарифмі болып келетін дыбыс қарқындылығының немесе дыбыс қысым деңгейінің өлшем бірлігі.

Шудың жиілік құрамы (шу спекрт, ол дегеніміз оған кіретін барлық жиіліктер жиынтығы). Кез келген дыбыс физикалық жағынан тербелетін құбылыс болып келеді. Бірақ өр тербеліс дыбыстық қозу бола бемейді. Өйткені олар белгілі бір дыбыс қысым диапазоны мен жиілігімен шектелген. Дыбыстық тербелістер адамның есту мүшесімен қабылданады, егер олардың жиілігі – 16-20Гц тең 18000-20000 Гц (18-20кГц) интервалында болса. Құлақтың ең сезімтал жиілігі 1000 нан 4000 Гц-ке дейін.

Дыбыс (шу) қарқындылығы деңгей түсінігіне сәйкес дыбыс қаттылық деңгейі ьүсінігі енгізілді, оның өлшем бірлігі «фон». Фон кез келген жиіліктегі дыбыстың стандартты тон қарқындылығымен 2000 Гц (1000Гц) салыстыра отырып естілу қаттылығын көрсетеді.

Осыдан «фон» бірлігімен шудың ақаусыз естілу деңгейін сипаттау мүмкін емес, өйткені оның құрамына дыбыс жиілігінің барлық дыбыстары кіреді. Сондықтан бұл мақсатта «фон» бірлігін қолданған жөн, ол қаттылықты субъективті қабылдау өзгерісін нақтылау көрсетеді де бір дыбыстың екіншіден нешеге қаттылау екенің көрсетеді.

Сонымен 40 фонға тең дауысты бірлік ретінде алып 1 санға тең десек, 50 фонға – 2 саны, 60 фонға – 4 саны т.с.с. Басқа сөзбен айтқанда һр бір 10 фонға естілу қаттылығы өскен сайын ол сан да 2 есе өседі.

Дыбыстың жиілікті құрамын қабылдаудың физиологиялық ерекшелігі болып сонымен бірге есту абсолютті емес салыстырмалы жиілік келуіне жауап береді.Тербелу жиілігінің өсуі тонның (биіктіктің) белгілі бір шамаға октаваға көтерілуі ретінде қабылданады.

 

Өндірістік шудың жіктелуі:

  1. Басымдылық жиілік құрамы бойынша:
а) төмен жиілікті шулар-400Гц-ке дейін

б) орта жиілікті шулар-400Гц-тен 1000Гц-ке дейін

в) жоғары жиілікті шулар-1000Гц-тен жоғары

2. Спектр сипаты бойынша:

а) кең сызықты, барлық естілу жиілік диапазонын қамтитын (1 октавадвн үлкен кендікпен)

б)тар сызықты, энергиялық спектр салыстырмалы тар жиілік сызығында жинақталған кезде

в)тонды шулар, олардың спектрлер 1/3 октавадан кең емес енді және көрші тондар 10дБ кем емес

  1. Жеке құрамдар арасындағы интервалдар шамасы бойынша:
а) тегіс шу, жиілікті құрамдар бір-бірінен кішкентай интервалмен үзілмей кезектескен кезде

б) дискретті шу немесе сызықты, егер жеке құрам бөліктері бір-бірінен жиі интервалмен бөлінген кезде

в) аралас шу, бұнда тегіс спектр фоны




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Царица южная восстанет на суд с родом сим и осудит его, ибо она приходила от пределов земли послушать мудрости Соломоновой; и вот, здесь больше Соломона. | 

Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 390. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия