Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінде командалармен жұмыс істеп үйрену. Жұмыстың орындалу реті: 1. Пуск-Программы-Стандартные-Командная строка бағытымен MS DOS операциялық жүйесін жүк-теңіз. 2. С -дискісіне көшу үшін Cd\ командасын теріп ENTER пернесін басыңыз. 3. Курсор С- дискісіне көшкенін көрсетеді. 4. Dir- командасымен С -дискісіндегі каталогтар мен файлдар жинағын тексеріп көріңіз. 5. С -дискісіне Md_ХХХ командасы арқылы жаңа каталог құрыңыз. 6. Dir- командасымен С -дискісінде жаңа каталогтың құрылғанын тексеріп көріңіз. 7. Құрған каталогыңыздың атын Ren_ХХХ_ХХХХ командасы арқылы өзгертіңіз. 8. Dir- командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз. 9. Аты өзгерген каталогты Rd_ХХХХ командасының көмегімен жойыңыз. 10. Dir- командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз. 11. Ver-командасы арқылы осы компьютердің версиясын көруге болады. 12. Data- командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы күнін көре аласыз. 13. Time- командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы уақытын көріп басқа уақытқа өзгерте аласыз. 14. DOS –операциялық жүйесінен Exit командасы арқылы шығыңыз. Бақылау сұрақтары: 1. MS DOS операциялық жүйесінің қызметі? 2. MS DOS ОЖ командаларының жазылуларын көрсетіңіз. 3. Командалардың қызметі? №3 Зертханалық жұмыс Қолданбалы бағдарламалар арасында алмасу буферін пайдалану
|