Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл. Биәріп, регистр орнатуды үйрету
Жұмыстың мақсаты: Биәріп, регистр орнатуды үйрету. Жұмыс барысында қажетті сөзді іздеп, басқасына ауыстыруға, сол сөзге синоним сөздер шығаруға және сөзде қате барлығын тексеру тәіслдерін көрсету. Құжатты қорғау тәсілдеріне үйрету. Жұмыстың орындалу реті: 1. MS Word мәтіндік редакторын жүктеңіз. 2. Жаңа құжат ашыңыз. 3. Құжатқа Мен студентпін мәтінін биәріппен жазу қажет. Ол үшін М әріпін теріп, ерекшелеп Вставка–Буквица командасын орындаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде орналасу жағдайын, жолдағы биіктік, арақашықтық шамаларын беріп, ОК басыңыз және мәтінді ары қарай жалғастырыңыз. 4. Екінші жолға өзіңіздің оқу орныңыздың атын теріңіз. 5. Мәтінді ерекшелеп, Главная- Регистр командасы немесе тінтуірдің оң жағын басып шыққан жанама мәзірден Шрифт - командасында, ашылған терезеде все прописные жолына жалаушаны орнатып ОК батырмасына басыңыз. 6. Жаңа жолға Астана қаласы мәтінін теріңіз. 7. Главная сұхбаттық терезеде найти бөлігіне Астана сөзін, ал заменить на.. бөлігіне Алматы сөзін беріңіз. Заменить батырмасын шертіңіз. 8. Студент сөзін теріп,мәтінді ерекшелеп,тышқанның оң жақ батырмасын басып Синоним – Тезаурус командаларын орындаңыз. Синоним сөздерді оқып шығыңыз. 9. Қатені тексеру үшін Рецензирование –Правописание командасын орындаңыз. 10. Құжатты ерекшелеп, батырманың оң жағын басып Абзац командасын орындап, ашылған сұхбаттық терезеде интервал бөлігінде междустрочный жолына 1,5 шамасын беріп, ОК басыңыз. 10. Құжатты ашуға пароль орнату үшін Office батырмасы –Подготовить-Защифровать документ жолына пароль енгізіңіз. Ок батырмасына басыңыз.
Бақылау сұрақтары: 1. Биәріп орнату үшін не істейміз? Қандай орнату жағдайларын білесіз? 2. Бір сөзді іздеп оны ауыстыру үшін қандай команда? 3. Тезаурус дегеніміз не? Қалай орындаймыз? 4. Жоларалық интервал қалай орнатылады? 5. Құжатты қорғаудың қажеттілігі? № 6 Зертханалық жұмыс Microsoft Word-та құжатқа обьектілерді орналастыру.
|