Басқару және индикация мүшелері.
Суретте электрокардиографтың басқару панелі мен индикацияларының жалпы көрінісі көрсетілген. «Вкл/Выкл» батырмасы аккумулятор жұмыс істеп тұрған кезде электрокардиографты қосып, ажырату үшін қолданылады. Индикатор жанып тұрғанда, электрокардиограф ЭКГ-ны алуға дайын. Егер индикатор жыпылықтап тұрса, онда алдында алынған ЭКГ жадыда сақталады. «СТАРТ» батырмасы ЭКГ-ны алу режимін және термоқағазға оның жазылу режимін ажыратып, қосады. Егер тіркелімнің (тармақтың) белгілі бір тобы таңдап алынса, ал «АВТОМАТ» режимі өшіп тұрса, онда «СТАРТ» батырмасын басу осы таңдалынған тіркелім тобының ЭКГ-ң үздіксіз жазылуын орындайды. Жазуды тоқтату үшін осы батырманы қайтадан басу керек. Индикатор ЭКГ-ны алу кезінде ғана жарықталынады. «АВТОМАТ» режимін таңдаған соң «СТАРТ» батырмасын қысқа мерзімде басқан кезде, индикатор 5 секунд жарықтанып тұрады {2,5 с}. Осы уақытта электрокардиограмманың барлық 12 тіркелімінің барлығы электрокардиографтың жадысына жазылады. «КОПИЯ» батырмасы. Осы батырманы басу АВТОМАТ режимінде алынған соңғы зерттеудің көшірмесін жазу режимін қосады. АВТОМАТ режимінде барлық 12 тіркелімді синхронды алу мен жадыға жазу орындалады. Сондықтан КОПИЯ режимінде барлық тіркелімді не оның кезкелген таңдап алынған тобын басып жазуға болады. Жылдамдық «мм/с», батырмасы, «12,5», «25», «50» индикаторлары- эквивалентті жылдамдықты қосатын батырма. Тізбектей басқан кезде эквивалентті жылдамдықтың мәні өзгереді. Жылдамдықтың таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады. 50 мм/с эквивалентті жылдамдықтың мәні барлық тіркелімінің синхронды алынуы кезінде мүмкін (режим WW «АВТОМАТ»), немесе көшірменің алынуы кезінде. Осы кезде қағаздың қозғалысының нақты жылдамдығы 25 мм/сболады. «Масштаб» тобы «мм/мВ» батырмасы, «5», «10», «20» индикаторлары - эквивалентті сезімталдықты қосу батырмасы. Тізбектей басқан кезде сезімталдықтың мәні өзгереді. Сезімталдықты таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады. «Фильтр» тобы, «Гц», батырмасы, «30», «25» индикаторлары – сүзгіш кесігінің жиілігін таңдау батырмасы. Егер индикаторлар жарықталынбаса, онда сүзгіштер өшілген. «Гц» батырмасын басып, минимал шу болатындай жиілікті таңдауға болады. «Смещение» тобы «» батырмасы, «макс/мин», «среднее» индикаторлары- жазудың ортасындағы терезеге салыстырмалы ЭКГ жазуының ығысуын таңдау батырмасы. Толық ЭКГ –ны жазу кезінде тіркелімдер топтасқан: алдымен I. II- ші және III- ші тіркелімдер басылып, жазылады, содан кейін- аVR. aVI және aVF; 01, 02 және СЗ; С4, С5 және 06. Тіркелімнің бір тобын таңдаған кезде қағазға осы таңдалған топ басылады. Аяқ- қолдағы электродтарда (R, N, L, F) контактінің болмауы мүмкін емес, себебі кеуде тіркеліміндегі және бірнеше тіркелімдегі ЭКГ –ның біруақытта дұрыс тіркелмеуіне әкеліп соғады. Аяқ- қолдағы электродтар ұшында контактінің болмауын көрсететін индикаторлар қызыл түсті; әрбір ЭКГ-ң тіркелімі алдында екі индикатордың жарықтанбай тұрғанына көз жеткізіңіздер. Кеуде электродтарының кезкелгенінде контактінің болмауы (С1 - С6) басқа тіркелімдердегі тіркеу қателіктерін тудырмайды. Сары түсті индикатор кеуде электродтарының біреуінің не бірнешеуінің тізбектегі үзілуін не нашар контактісін білдіреді.
|