Студопедия — ВЕЛИКИЙ УСТЮГ 7 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ВЕЛИКИЙ УСТЮГ 7 страница






107. Эквивалентті доза.Өлшем бірлігі Сапа коэффицентін ескере отырып анықталған дозаны эквиваленті доза деп атайды, ол мына өрнекпен анықталынады: H =K×D. Эквиваленті доза зиберт (Зв) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар бэр(биологический эквивалент рентгена) деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 бэр= 10-2 Эв тең. Эквивалентті доза қуаты Зв/мин; Зв/сағ; Зв/жыл; бэр/ мин; бэр/сағ. өлшенеді.

108. Экспозициялық доза. Иондаушы сәулелердің ауаны иондау қабілетін ескеріп, экспозициялық доза деген шама енгізілген. Ол сан жағынан ауаның бірлік массасы көлемінде пайда болған барлық оң иондардың шамысына X =Q/m тең. Экспозициялық доза Кулон/кг өлшенеді, бірақ бұл өте үлкен шама болғандықтан, практикада одан көп кіші рентген-Р деген шама қолданылады 1Р = 2,58 10-4 Кл/кг. Жұтылу және экспозициялық доза арасында мына түрде өз ара байланыс бар: D=fX, мұндағы f-өтпелі коэфициент деп аталады. Жұмсақ ұлпалар үшін f=1 тең, сондықтан «рад» анықталған жұтылу дозасы «рентегнмен» анықталған экспозициялық дозаға сан жағынан тең болады. Экспозициялық доза қуаты микрР/сағ; милР/сағ; Р/сағ және т.б. өлшенеді

109. Сапа коэффиценті К. Жұтылу дозасы иондаушы сәулелердің денеге тигізетін түрлі радиациялық әсерлерін толық сипаттай алмайды. Осы олқылықты жою үшін иондаушы сәуленің әсерін сапа коэффициенті деген шамамен сипаттайды. Сапа коэффициенті сан жағынан дозалары бірдей, иондаушы сәуленің биологиялық әсерін рентген немесе гамма сәулесіне салыстырғанда қаншалықты жоғары немесе кем екендігін көрсететін шамаға тең. Иондаушы сәуленің биологиялық әсері ретінде сәуленің әсерінен денеде орын алатын құбылысты атайды. Мысалы, иондаушы сәуленің әсерінен зақымдалған жасуша саны, немесе денеде пайда болған зарядталған бөлшектердің саны және т.б. мәліметтерді атауға болады. Гамма немесе рентген сәулесі және бета сәулесінің сапа коэффициенті 1-ге, ал альфа сәулесінің сапа коэффициенті 20-ға тең.

110. Доза қуаты деп доза шамасының сол дозаны қабылдаған уақытқа қатынасымен анықталынатын шаманы атайды: ND = D/t NX=X/t NH=H/t. Жұтылу дозасының қуаты Гр/ мин; Гр/сағ экспозициялық доза қуаты микрР/сағ; милР/сағ; Р/сағ және т.б. өлшенеді. Эквивалентті доза Зв/мин; Зв/сағ; Зв/жыл; бэр/ мин; бэр/сағ. өлшенеді.

111. Радионуклейдтерді мед.қолдану. Радионуклидтер деп жартылай ыдырау периоды өте аз, радиоактивті заттарды атайды. Табиғатта мұндай химиялық элементтер кездеспейді, оларды жасанды түрде алады. Қазіргі уақытта радионуклидтер диагностикалық және терапиялық мақсаттарда кең түрде қолданылуда.Радионуклидті диагностикалық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардың адам ағзаның кей мүшелерінде талғампаздық түрде жиналуын атауға болады. Мысалы, радиоактивті иод негізінен қалқан безінде, ал кальции болса сүйекте жиналады. Радиоактивті элементердің изотопын адам ағзасына ендіріп, олардың адам ағзасында жиналған аймағынан шығарған сәулесі арқылы адам мүшесінің немесе аймақтың диагностикалық күйін анықтауға болады, мұны таңбаланған атомдар әдісі деп атайды. Радионуклидтерді терапиялық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардан шығатын иондаушы сәулелердің ісік жасушаларын бұзуын атауға болады. 1. Гамма терапия деп, терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы g сәулесі арқылы жоюды атайды. g сәулесінінң көзі ретінде 60Со кобальт қолданылады. 2. Альфа терапия деп α сәулесі арқылы емдеуді атайды. Бұл сәуленің иондаушылық қасиетінің өте жоғары, сондықтан ол сәл ғана ауа қабытының өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның белгілі бір мүшесіне тікелей әсер ететіндей жағдайда қолданады. Мысалы, теріге тікелей әсер ету үшін радон ваннасын қабылдайды, ас қазанға әсер ету үшін радонды суды ішеді, тыныс алу мүшелеріне әсера ету үшін ингаляция қабылдайды.

112.Тұрақты токтың физиологиялық әсері жасуша мен ұлпаны толтырып тұрған электролиттердегі процестерге де байланысты. Егер адам денесіне орнатылған екі электрод арқылы күші өте аз ток өткізсек, онда электрод астындағы дене бөлігінің ептеп ашығандығын, егер ток күшін артырсақ онда терінің күйгендігін байқаймыз. Бұл құбылыс цитоплазма мен жасуша аралық сұйық құрамындағы көп мөлшердегі натрий мен хлор иондары екінші реттік реакция нәтижесінде электрод орналасқан аймақта HCl және NaOH қышқылдарын пайда етеді және олардың теріге әсер етуі нәтижесінде тері күйеді. Электр тогымен емдеуде мұндай құбылысты болдырмау үшін металл электрод пен тері арасына физиологиялық ертіндіге малынған марлі салады, ал биоэлектрлік өлшеулер жүргізуде поляризацияланбайтын электрод қолданады. Медициналық практикада көбіне қорғасыннан жасалынған электрод қолданылады. Мұндай электродтардың жұмсақ болуы, олардың адам денесіне әсер ететін аймақтың пішінін жеңіл қабылдауына мүмкіндік береді. Егер электрод адам денесінің тек бірнеше нүктесіне ғана тиіп тұрса, ондай нүктелердегі ток тығыздығы артады да ол нүктелер күйеді. Қорғысының ауыр иондырының қозғалғыштығының өте төмен болуы, әлсіз ток әсерінен олардың адам ағзасына енуіне жол бермейді.

 

113.Гальванизация және электрофорез аппараты.Поток-2. Ток шамасы төмен тұрақты токтардың терапиялық әсері бар. Осындай токпен емдеуді гальванизация деп атайды. Бұл әдіс тұрақты токты гальваний деп аталған ХІХ ғасырдан бері қолданылуда. Электрод орналасқан аймақтағы теріден өткен тұрақты токтың әсерінен пайда болған тітіркендіру, нерв талшығы арқылы тарап ішкі мүшеге жетеді. Соның әсерінен мүшедегі зат алмасу процесі мен оның функционалдық қабілеті өзгереді. Тітіркендіруге жауап ретінде ағза капиллярлары кеңиді, мембрананың өткізгіштігі өзгереді, жасуша мен ұлпадағы электролиздік құбылыстар физиологиялық белсенділігі жаңа заттар түзейді. Мұндай әдіс кезіндегі токтың жылулық әсері өте төмен, өйткені ток тығыздығы аз 0,5 мА/см2 , сондықтан ток өткен ортада бөлінетн джоуль жылуының шамасы да аз болады.

Емдік мақсатта тұрақты токты электрофорез деген әдісте қолданады. Электрофорез деп тұрақты токтың көмігімен тері немесе шырышты қабат арқылы дәрілік заттарды ағзаға ендіруді атаймыз. Ол үшін электрод астына, дәрілік зат ертіндісіне малынған марліні қояды. Электродтың таңбасы денеге ендірілетін дәрілік зат ионы таңбасымен сәйкес келуі тиіс, яғни катод арқылы аниондар (иод, гепарин, бром, т.б.), анод арқылы –катиондар(натрий, кальций, новокаин, т.б.). Иондардың қозғалғыштығы аз болғандықтан электрофрез өте ұзақ уақытқа созылады. Егер электродтар дененің бір бетінде орналасса, онда осы бетте орналасқан ұлпаларға, ішкі мүшелерге дәрілік заттар жеткізіледі, егер электродтар дененің қарама қарсы беттерінде орналасса, онда терең жатқан ұлпалар мен мүшелерге дәрілік заттар жеткізіледі

 

114.Айнымалы токтың био.әсері Енді айнымалы токтың тірі ағзаға әсерін қарастырайық. Медицинада айнымалы токтарды жиіліктері бойынша мындай түрлерге бөледі;

Төменгі(дыбыс) жиілік 20- 20000 Гц

Ультрадыбыстық жиілік 20000 Гц- 100 кГц

Жоғары жиілік 100 кГц- 30 МГц

Ультра жоғары жиілік 30-100 МГц

Аса жоғары жиілік 100 МГц- 1000 МГц

Қиыр шеткі жиілік 1000 МГц- 3000 МГц

Жүргізілген түрлі эксперименттер жануарлар мен адамдарға, барлық тіршілік әлеміне электр және магнит өрістерінің (ЭМӨ) әсер ететіндігін көрсетті. Айнымалы токтардың биологиялық объектілермен әрекеті нәтижесінде өрістерінің энергиясы негізінен әсер етуші объектіде жылу тұрінде бөлінеді екен, ал 100 кГц жоғары жиіліктегі токтардың тітіркендіргіш әсері толығымен жоғалады. Мұндай жиіліктегі токтарды иондық каналдардың қақпалары сезбейді, соның әсерінен жасушаның иондық құрылымында өзгеріс болмайды

115.Жоғары жиілікті токтың биологиялық әсері. ЖЖ токтың әсерінен биологиялық ортаның қызу дәрежесі ұлпаның жылу реттегіштік қабілетіне де байланысты. Мысалы, қанның жылу сиымдылығы жоғары және ол берілген жылуды тез таратып жібереді, ал қан тамырлары аз ортада жылудың басқа жаққа қарай таралуы кем, сондықтан қан тамырлары аз(көз, ұрық қалта) мүшелер жылдам қызады.

Жүргізілген зерттеулер ЭМӨ әсерінен ұлпалардың қызуы өріс кернеуліктері өте жоғары болғанда, яғни жоғары жиілік (ЖЖ) өрісінің кернеулігі 106 В/м, аса жоғары жиілік (АЖЖ) үшін 100 В/м болғанда байқалатындығын көрсетті. Мұндай өрістердің интенсивтілігі табиғи өрістерден көптеген есе артық, сол себепті оларды терапиялық мақсатта кеңінен қолданады.

116. УЖЖ токтың биологиялық әсері. Жиілігі 30- 300 МГц аралығындағы электромагниттік (ЭМ) тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке (УЖЖ)жатқызылады, ал осы диапазонда жататын 27,12 МГц және 40,68 МГц жиіліке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) терапия деп атайды. УЖЖ ток медициналық ғылыми - зертеулерде көп қолданылады, оның аз дозасының әсерінен қан тамырларының кеңитіндігі (Дроздова А.В.,1955; Валиев Д.И.,1977), миокардтың қалпына келу процесін жанданыруға болатындығы, оның сығылу қабілетін жақсарту, жүрек аймағындағы ауырсынудың азайту (Григорьева В.Д. 1961; Крупенников А.И., 1963; Саперов В.П., 1977) сияқты әсерілері бар. УЖЖТ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңде, ринит, неврит, т.б. көптеген) басуға болады. Мұндай емдік шараларды УВЧ-80, УВЧ-66, Экран-1, Импульс-3 құралдары арқылы жүргізеді (5 сурет). Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер [1,2] берілген.

 

117. аса жоғары жиілікті (АЖЖ) токтың биологиялық әсері.Дециметрлік толқынды терапия (ДТТ-ДМВ) деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 460 МГц, толқын ұзындығы 65 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Сантимерлік толқынды терапия (СМТ-СМВ) деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12,6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Жүргізілген зерттеулер ЭМӨ әсерінен ұлпалардың қызуы өріс кернеуліктері өте жоғары болғанда, яғни жоғары жиілік (ЖЖ) өрісінің кернеулігі 106 В/м, аса жоғарыжиілік (АЖЖ) үшін 100 В/м болғанда байқалатындығын көрсетті. Мұндай өрістердің интенсивтілігі табиғи өрістерден көптеген есе артық, сол себепті оларды терапиялық мақсатта кеңінен қолданады. АЖЖ және ҚЖЖ ұлпаға енуі қабілеті олардың жиілігіне байланысты, жиілік жоғары болған сайын толқынның енуі төмендейді, осыған сәйкес ұлпаға ену тереңдігі ЭМӨ толқын ұзындығының 0,1 үлесіне тең. Жиілігі төмен 10 МГц дейінгі токтар тарайтын ұлпаны өткізгіш ретінде қарауға болады және ондай ортадағы ЭМӨ энергиясының жылуға айналуын Джоуль жылу түрінде санаған дұрыс, ал УЖЖ, АЖЖ және ҚЖЖ тарайтын ұлпаны өткізгіш ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ортаның тангенс бұрыштық шығыны (ЭМӨ энергиясының жылуға айналатын бөлігінің көрсеткіші) азаяды. Аса жоғары жиілік 100 МГц- 1000 МГц

118.жж токтың жылулық және жылулық емес әсері. Жүргізілген зерттеулер ЭМӨ әсерінен ұлпалардың қызуы өріс кернеуліктері өте жоғары болғанда, яғни жоғары жиілік (ЖЖ) өрісінің кернеулігі 106 В/м, аса жоғары жиілік (АЖЖ) үшін 100 В/м болғанда байқалатындығын көрсетті. Мұндай өрістердің интенсивтілігі табиғи өрістерден көптеген есе артық, сол себепті оларды терапиялық мақсатта кеңінен қолданады.Көп уақытқа дейін табиғи электромагниттік өрістер (ЭМӨ) мен радиофондардың тірі ағзаға әсері жоқ деп саналатын. Соңғы жылдары табиғи және әлсіз ЭМӨ-ді өте қарапайым бір жасушалы тіршілік түріннен бастап, күрделі сүт көректілерге дейін сезгіш келетіндігі анықталып отыр. Мұндай өрістер тірі ағзада жылулық әсер туғызбайды, олар орталық және вегетативтік нерв жүйесіне әсер етіп, ағзаның физиологиялық жүйесінде функционалдық өзгерістер туғызады. Мұндай өзгерістерге жүрек соғысының бұзылуы, қан қысымының өзгеруі, зат алмасу үрдісінің және т.б. бұзылыуы мен өзгерулерін жатқызуға болады. Нақтылай айтсақ, адамның көру, есту және сезіну қабілетінде өзгерістер орын алады, ал жануарлар дүниесінің эмоционалдық күйі қатты күйзелістен қозу күйіне дейін өзгеруі мүмкін. Мысалы, адамға жиілігі 425, 1310 және 2982 МГц электромагниттік өріспен әсер еткенде олар шуыл, ысқырық, тақылдаған тәрізді «дыбыстарды» сезінеді. Бұл экссенсорлық қабылдауға жатады, мұндай «дыбыстарды» адам есту мүшелері арқылы қабылдамайды, бұл «дыбыстар» адам миы нейрондарының өрісіне сыртқы ЭМӨ әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Жоғары жиілікті ток (ЖЖТ) жылулық әсермен қатар «ерекше» әсерлері де бар. ЖЖТ «ерекеше әсері деп ағзадағы эритроциттердің, лейкоцитердің және басқа да жасушылар мен бөлшектердің электр өрісі бойымен орналасуын, сонымен қатар жасушының макромолекулаларының поляризацияланған бүйір шыбықтарының өріске сәйкес орналасуын және т.б. атайды, бірақ бұл құбылыстың механизмі әлі толық зерттелмеген.

121.Электрохирургия. Жоғары жиілікті(ЖЖ) токты медицинада қолданудың тағы бір саласы электрохиругия болып саналады. Қазіргі кезеңде гинекология, гастроэнтерология, оториноларингология, офтальмология, урология, проктология, торакльды хирургия т.б. салалардағы хирургиялық операциялардың 80-90% осы әдіспен жасалынады.

 

122.Электрокоагуляция. Электротомия Электрохирургия (ЭХ) екі түрлі аталады. ЖЖ токтың жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны кесуді - электротомия деп, ал оны балқыта отырып кесуді электрокоагуляция деп атайды. Электротомия кезінде ұлпа пышықтың механикалық әсері нәтижесіндегідей кесілмейді, керісінше ЖЖ ток ұлпа арқылы өткенде кескіш - электрод астындағы ұлпаның жасуша аралық қабаттардағы сұйықтар жоғары температураға (4000С және одан жоғары) дейін лезде қызады, жылдам қызған сұйықтардың булануы жарылыс(кавитация) түрінде жүреді, соның нәтижесінде ұлпаның құрылымының бұзылуы, ұлпа қабатындағы белоктардың жиырылып балқуы тәрізді құбылыстар орын алады. Бұл кезде электрод астындағы ұлпада ток тығызды 40 кА/м2 дейін артады

123.Лазер сәулесін медицинада қолдану. Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.1. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады.[1]

124.Аудиометрия,медицинада қолданылуы. Медицинада адамның есту апараты құлақтың физалогиялық күйін 20-20000 гц аралығындағы дыбысты сезу және есту дәрежесі арқылы зерттеуді аудиометрия деп атайды.Бұл әдісте алдымен патциенттің бір құлағына,онан соң екіншісіне жиілігі белгілі дыбыстың қаттылығын бірте-бірте кеміте отырып,патциент құлағының әр түрлі жиіліктерді сезінуін графигін алып,сол арқылы адам құлағының қандай аймақтардағы жиіліктерді естуі жақсы,қандай аймақтардағы жиіліктерді сезуі нашар екендігін анықтап,тиісті диагноз қойылады.Естілу шегі ар түрлі жиіліктер ушін ар түрлі болады жане ол адамнын физиологиялык ерекшелігіне сайкес болады. Адам кулагынын дыбысты кабылдау кабілетін аныктайтын адісти аудиометрия дейді. Дыбыстын ауырту мен естілу шегінін арасын естілу аимагы дейді. Дыбыстын каттылыгын дал олшеуге болмайды. Онын себебі туйсік тудырушы дыбыстын каттылыгы есту органынын адаптациялык касиетіне тауелді. Алайда Вебер-Фехнердін психофизиологиялык занына суйенип туйсіктің қаншалықты күшті болатындығын анықтауға бол

125.Электроэнцофалография,медицинада қолданылуы. Электроэнцефалография (ЭЭГ)- ми қабаттарының жұмыс істеу кезіндегі биоэлектрлік белсенділігін зерттейтін әдіс. Жүйке жасуша мембранасының тыныштық күйдегі потенциалы 60-70 мкВ. Зат алмасу баяулаған немесе тоқтаған кезде нейрондардың электрлік белсенділігі төмендейді, сонан соң толық тоқтайды. Бұл мидың клиникалық және биологиялық қызметінің толық тоқтатылғандығының көрсеткіші. Жекеленген нейрондардың деңгейінде өтетін электрлік үдерістерді, сол нейрондарға тікелей енгізілген микроэлектродтардың көмегімен тіркеуге болады. Сау адамның ЭЭГ-сында біріктірілген (синхронды! Ми құрылымынң жақсы ұйымдастырылғаг ырғақты тербелістері болады. Қазіргі кезде мидың функционалдық белсенділігін реттеу, негізінен, бағаналық құрылымдармен және бірен-саран мидың алдыңғы преоптикалық аймағы арқылы орындалатындығы белгілі.

126.Медициналық техникаларды жіктеу,диагностикалық,терапиялық медициналық техника деп - биологиялық объектілер мен адам ағзасындағы физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физикалық өзгерістерді анықтайтын, өлшейтін және оларды тіркейтін, сонымен қатар оларда кездесетін биологиялық сипаттағы ауытқуларға (патологиялық) табиғаты әр түрлі физикалық факторлармен әсер ету арқылы қалпына келтіру мақсатында қолданылатын техникалар, аппараттар мен құралдар тобын атаймыз. Медицинада қолданылатын құралдарды қолдану мақсатына байланысты оларды: диагностикалық, терапевтік және зертханалық (клиникалық лаборатория) құралдар деген топтарға бөлеміз.Диагностикалық:ЭКГ,ФКГ құралдары,Холтерлік ЭКГ.аудиометриялық құралдар,ЭЭГ,МЭГ,УДЗ,ЭхоКГ,ЭхоЭГ,сфигмографиялық құралдар және т.б. Терапиялық құралдар:жылумен емдеу құралдары,криотерапия құралдары,магниттік терапия құралдары,электрлік тұрмыстық емдеу құралдары.Диагностикалық құралдар электрлік және электрлік емес шамаларды тіркейді. Ал терапиялық құралдар физикалық факторлардың әсер етуі арқылы байқалатын құбылыстарды тіркейді.

127. Мед құрал.қауіпсіз.сенімділігі 1. Құрамына электронды бағдарламаланатын жүйе кіретін медициналық техника оның тағайындалуына сәйкес осы жүйелердің қайталануын, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленуі тиіс 2. Пайдаланған кезде пациенттердің қауіпсіздігі ішкі қоректендіру көзіне (энергиямен жабдықтау) байланысты медициналық техника қуат көзінің жағдайын анықтайтын құралдармен жабдықталуы тиіс. 3. Пайдаланған кезде пациенттердің қауіпсіздігі сыртқы қуат көзіне (энергиямен жабдықтау) байланысты медициналық техниканың энергиямен қамтамасыз етуде бұзылулар туралы ескертуге арналған дабыл жүйесі болуы тиіс. 4. Пациенттің бір немесе бірнеше клиникалық өлшемдерін бақылауға арналған медициналық техника пациент пен пайдаланушыға пациенттің өліміне немесе оның денсаулық жағдайының аса нашарлауына ықпал ететін жағдай туралы ескертуге арналған тиісті дабыл жүйесімен жабдықталуы тиіс. 5. Медициналық техниканы әзірлеу және өндіру кезінде 1) әдеттегі жағдайда басқа құрал-жабдықтың немесе техниканың жұмысын бұзуы мүмкін электромагниттік өрістер неғұрлым төмен қауіп дәрежесіне түсірілуі тиіс; 2) медициналық техниканы орнату (пайдалану) жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дұрыс орнатылған жағдайда әдеттегі қолдану кезінде және бірлі-жарым бұзылу жағдайларында электр тоғымен жазатайым зақымдану қаупі болмауы тиіс. 6. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар электромагниттік өрістердің туындау қаупін ең төменгі жағдайға жеткізіле отырып әзірленуі тиіс, әйтпесе ол басқа медициналық техниканы немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану немесе қолдану кезінде жұмыс істеуін бұзуы немесе сапасына әсер етуі мүмкін. 7. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар олардың электромагниттік жағдайында оларға қойылатын талаптар электромагниттік кедергілерде ғана емес, аспаптың жұмысы кезінде туындаған қуат беруші желінің сәулелендіретін радиокедергі деңгейі медициналық стандарттан аспауы тиіс. 8. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін электромагниттік үйлесімділігі мен олардың сынақтарын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар әдістемелері электромагниттік үйлесімділік саласындағы стандарттарға сәйкес келуі керек. Қойылатын талаптар жеткіліксіз болған жағдайда нақты медициналық техника мемедициналық мақсаттағы бұйымдарға қолданылатын жеке стандарттың арнайы талаптарын есепке ала отырып толықтырылады немесе нақтыланады..

129.Дарсонвализация кезінде ағзаға әсер ететін негізгі емдік фактор болып ұлпа арқылы өткен жоғары жиілікті ток пен электрлік разрядты жатады. Аталған әдісте қолданылатын тербеліс жиілігінің өте жоғары болуы, пайда болатын токтың бір бағыттағы әсерінің өте әлсіз болуына алып келеді, соның себебінен мембрана қабаттарында жиналатын иондар жасушаны қоздыруға жеткіліксіз болады. Сонымен қатар өте аз уақыт ішінде бағытын үздіксіз өзгертетін мұндай ток әсерінен иондар тербеліске түсіп, ортада өте аз мөлшерде жылу пайда болады. Тәжді, әсіресе ұшқынды разрядтар кезінде аз мөлшерде пайда болатын жылудың әсерінен ғөрі, электр разрядының тітіркендіргіш әсер әлдей қайда басым. Осындай құбылыстардың (аз жылу мөлшері, электрлік разряд) әсерінен дарсанвализация аймағындағы артериол мен капиллярлардың кеңуі байқалады, қан айналысы күшейеді, тері қабаттарында гиперемия көрініс табады. Дарсонвализация әдісімен Рейно, аяқ вена тамырларының варикозын, нейродермиттерді, трофикалық жараларды т.б. ауруларды емдейді. Мұндай емдік шараларды Искра-1, Вихрь-1 құралдарымен іске асырады







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1466. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия