Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты




 

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмыскерлер, коммерциялық серіктестер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

“Қаржылық жағдай” ұғымы әдебиеттерде әртүрлі түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуының үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің қорытынды нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелері тек қана оның жұмыскерлерін ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, оларға мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т.б. жатады. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдауын өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады [1].

Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

- қаржы – есептік және несие шарттарын сақтау;

- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау, кәсіпорын табыстылығын бағалау;

- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады .

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды: ішкі (басқарушылық талдау) талдау; сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етеді. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір негізсіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі негізінде жүргізіледі. Басқарушылық талдау - бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.

Сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі, мұндағы бәсекелестік нәтижесінде өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Қаржылық талдауды іске асыру мақсатына байланысты ол бірқатар белгілеріне тәуелді әртүрлі формаларға бөлінеді:

а) қаржылық талдауды жүргізу ұйымы бойынша:

- ішкі қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық менеджері мен кәсіпорын иелерінің барлық ақпараттық көрсеткіштердің жиынтығын қолдауымен жүргізіледі (мұндай талдау коммерциялық құпия болуы мүмкін);

- сыртқы қаржылық талдау – кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің нәтижесінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктер, аудиторлық фирмалардың, салық органдарының қызметкерлері іске асырады;

ә) аналитикалық зерттеу көлемі бойынша:

- толық қаржылық талдау – кәсіпорынның бүкіл кешеніндегі қаржылық жағдайын және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық аспектілерін зерттеу мақсатында жүзеге асырылады;

- тематикалық қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық жағдайының жеке мінездемесі және қаржылық-шаруашылық қызметінің жеке жақтарын зерттеумен шектеледі;

б) қаржылық талдаудың объектісі бойынша:

- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін, жеке «жауапкершілік орталығын» талдау;

- кәсіпорынның жеке қаржылық операцияларын талдау;

в) жүргізу мерзімі бойынша:

- алдын ала қаржылық талдау;

- ағымдағы қаржылық талдау;

- кейінгі (ретроспективті) қаржылық талдау.

Қаржылық талдау әдісі – талдау жүргізуге қолданылатын қабылдаулар мен тәсілдер[2].

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) Көлденең (уақыт көлемінде) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

2) Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

3) Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

4) Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

5) Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.

6) Қаржылық коэффициенттер әдісі. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбінде өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек меншікті капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде кәсіпорынның сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздігі аса маңызды орын алады. Активтердің қорландырылу көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі.

Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді. Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты ерікті түрде пайдалана алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлу арқылы анықтайды (Формула 1):

Ктс = , (1.1)

мұндағы Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5 - 0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш – бұл тәуелділік коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады (Формула 2):

Кт = , (1.2)

мұндағы Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - сырттан тартылған (қарыз) капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны).

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол формула (3) арқылы анықталады.

Кқ = , (1.3)

мұндағы Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк – сырттан тартылған (қарыз) капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді түрде кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.

Қаржыландыру коэффициенті 1-ден кіші болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады - бұл қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті (Формула 4):

 

Кқм=Тк/Мк (1.4)
мұндағы КҚМ - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Тк - сырттан тартылған капитал;

Мк - меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды өтеу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады (Формула 5):

  Ак  

мұндағы КҚТ - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мк - меншікті капитал.

Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75 - тен төмендеуі қауіпті [3].

Кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей (Формула 6):

 

Кұм=Ұм/(Мк+Ұм) (1.6)

мұндағы КҰ/М - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар сырттан тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді. Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Меншікті капиталды зерттегенде меншікті айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін (Формула 7) қолданылады:

 

МАК = МК – АҰМ (1.7)

мұндағы МАҚ- меншікті айналым капиталы;

МК — меншікті капитал;

АҰМ – ұзақ мерзімді активтер.

Бұл көрсеткіш абсолютті көрсеткіш болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі - теріс бағыты ретінде қарастырылады. Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады. Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жүмсауға болатынын, мобильді формада екендігін көрсетеді және келесі формула (8) арқылы анықталады:

 

Кж=Мақ/Мк (1.8)

мұндағы КЖ - жұмсау коэффициенті;

МАҚ- меншікті айналым капиталы;

МК - меншікті капитал.

Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді (айналымнан уақытша оқшауланған) сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Кәсіпорынның тауарлы - материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі (Формула 9):

 

Ккқ=Мақ/Қтм (1.9)

мұндағы КҚ/Қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

МАҚ - меншікті айналым капиталы;

ҚТМ - тауарлы-материалдық қорлар.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы - материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Сырттан тартылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады. Дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасының коэффициенті (10) формула арқылы есептеледі:

 

Кд/к=ДБ/КБ (1.10)

мұндағы Кд/к – дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасы коэффициенті;

ДБ – дебиторлық борыш;

КБ – кредиторлық борыш.

Бұл коэффициент қатыстырылған қарыздың дебиторлық қарыздан қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда мұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады.

Егер кәсіпорынның коммерциялық несиелеу жүйесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қарқынды өсіп кетуі мүмкін. Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютты көрсеткіштері - тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер. Тауарлы – материалдық қорлардың (ТМҚ) қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:

1) Меншікті айналым капиталының жеткілігі. Бұл көрсеткіш меншікті

капитал мен ұзақ мерзімді активтердің арасындағы айырма ретінде анықталады (Формула 11):

МАК = МК – АҰМ (1.11)

мұндағы МАК- меншікті айналым капиталы;

МК — меншікті капитал;

АҰМ – ұзақ мерзімді активтер.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуының мүмкіндіктерін көрсетеді.

2) ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің жеткілікті болуы. Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формула (12) арқылы анықталады:

МАК/ҰЗ = МАК + ҰМ (1.12)

мұндағы МАК/ҰЗ - ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің жеткіліктілігі;

МАК- меншікті айналым капиталы;

ҰМ – ұзақ мерзімді міндеттемелер

3) ТМҚ-дың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады (Формула 13):

НК=МАК/ҰЗ + АМ (1.13)

мұндағы МАК- меншікті айналым капиталы;

АМ – ағымдағы міндеттемелер;

НК – негізгі көздер.

ТМҚ-дың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

- қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: ҚШ (қарыз шығындары) МАК (меншікті айналым капиталынан) кіші болса;

- қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы: МАК/ҰЗ ҚШ-нан кіші ал ҚШ НК-ден кіші болса;

- тұрақсыз қаржылық жағдайы: НК ҚШ-дан төмен болса, дағдырысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2707. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2019 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия