Дәріс. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Қаржылық тұрғыдан тұрақты кәсіпорын деп келесі шарттарға жауап беретін кәсіпорындарды айтамыз: · Активтерге, солардың ішінде негізгі қорларға, бейматериалдық активтерге, айналым қаражаттарына жұмсалған қаражаттарын өзінің меншікті қаражаттарының есебінен өтеуге қабілетті кәсіпорын; · Себепсіз дебиторлық, кредиторлық қарыздарға жол бермейтін кәсіпорын; · Өзінің мойнына алған міндеттемелерін уақытында орындай алатын кәсіпорын. · №2.2 кесте. Шаруашылық субъектісінің активтерінің құрамы мен орналасуын талдау.
№2.2 кестенің мәліметтеріне сәйкес, қарастырылып отырған кәсіпорынның 2008 жылы активтері 14769 мың теңгеге ұлғайған немесе 0,27%-ке өскен. 2009 жылы 2221189 теңгеге немесе 40,05%-ке өскен. Оның ішінде негізгі қорлар 2008 жылы 31669 мың теңгеге немесе 0,73%-ке өсіп, 2009 жылы 318258 мың теңгеге немесе 7,28%-ке азайған. Ағымдағы активтер 2009 жылы 2821239 теңге. Немесе 339,32%-ке өсіп, 2008 жылы 16698 мың теңгеге немесе 1,95%-ке төмендеген. Дебиторлық қарыздары 2008 жылы 25288 мың теңгеге немесе 3,83%-ке азайып, 2009 жылы 2798549 мың теңгеге немесе 440,51%-ке артқан. Осы кестенің мәліметтері негізінде кәсіпорын активтерінің өсу қарқынын анықтауға болады: А=((НҚЖС+ААЖС)/(НҚЖБ+ААЖБ))*100-100 А – кәсіпорын активтерінің талдау мерзіміндегі өсу қарқыны; НҚЖС – жыл соңындағы негізгі қорлар; ААЖС - жыл соңындағы ағымдағы активтер; НҚЖБ – жыл басындағы негізгі қорлар; ААЖБ - жыл басындағы ағымдағы активтер. 2008 жыл А =( 4371751+841571)/(4340082+858269)*100-100 = 0,3 2009 жыл А = 7716303/5213322*100-100 = 48,01 Кәсіпорынның нақты активтерінің өсу қарқыны бұл кәсіпорынның мүлкі мен айналымда пайдаланатын қаражаттардың жыл көлеміндегі өзгеру динамикасын анықтайды. №2.3 кесте. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау.
1.Егер кәсіпорынның МК¢, МҰМК¢, ЖНК¢<0 болса, онда бұл кәсіпорын - қаржылық тұрғыдан дағдарысқа ұшыраған деген қорытынды жасауға болады; 2.Егер осы 3 көрсеткіштің 2-уі<0 болып, 1-уі>0 болса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – нашар; 3.Егер осы 3 көрсеткіштің 1-уі<0 болып, 2-уі>0 болса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – орташа; 4.Егер осы 3 көрсеткіш>0 болса, онда бұл кәсіпорын қаржылық тұрғыдан тұрақты кәсіпорын болып табылады. Жоғарыдағы кестенің мәліметтері негізінде кәсіпорынның автономия коэффициентін есептеуге болады. Басқаша айтқанда, бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тәуелсіздік коэффициенті деп аталады. Бұл көрсеткіш қарастырылып отырған кәсіпорынның сырттан тартылған қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігін және меншікті қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді. Келесі формуламен есептеледі: КА=МҚ / БҚ≥0,6 МҚ – меншікті қаражаттар; БҚ – баланс қорытындысы. 2008 ж.б.К = 0,92 2008 ж.с. К=0,85 2009 ж.б. К=0,85 2009 ж.с. К=0,93 Қорытынды: Бұл кәсіпорынның 2009 ж.б. КА=0,85, ал осы жылдың соңындағы КА=0,93, яғни 0,07-ге көбейген. Бірақ КА арнайы нормативтен жоғары болғандықтан, бұл кәсіпорынның сырттан тартылған қарыз қаражаттарынан тәуелсіз және меншікті қаражаттарының жеткіліктілігін көрсетеді. Икемділік коэффициенті – кәсіпорынның меншікті қаражаттарының ішіндегі неғұрлым икемді, яғни күнделікті қаржылық-шаруашылық қызметінде пайдалану үшін қол жетімділігі жоғары қаражаттардың үлесін көрсетеді. КИ=(МҚ-(НҚ+АТА)) / МҚ≥0,5 Мұндағы: Ки-икемділік коэффициенті; МҚ-меншікті қаражаттар; НҚ-негізгі қорлар; АТА-айналымнан тыс активтер. 2008 ж.б.К = 0,08 2008 ж.с. К=0,07 2009 ж.б. К=0,07 2009 ж.с. К=0,43 Қорытынды: Бұл кәсіпорынның талданып отырған мерзім ішіндегі КИ арнайы нормативтен жоғары болғандықтан, кәсіпорынның меншікті қаражаттардың ішіндегі неғұрлым икемді қаражаттардың үлесінің біршама жоғары екендігін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын соңғы көрсеткіш – қарыз коэффициенті. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз кредиторларының алдындағы қарыздарының ақшалай көлемін көрсетеді. Қарыз коэффициентінің ұлғаюы кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің өскендігін білдіреді. Ал, азаюы қаржылық тұрақтылыққа оң ықпалын тигізеді. КҚ=ҚММ / БҚ; Мұндағы: Кқ – қарыз коэффициенті; ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелері; БҚ – баланстың қорытындысы.
|