Дәріс. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, несиені қайтару қабілеттілігін және балансының өтімділігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – оның өз контрагенттерінің алдындағы, жеткізушілердің, мердігерлердің, инвесторлардың, акционерлердің, құрылтайшылардың, кредиторлардың, жұмыскерлердің және мемлекеттің алдындағы мойнына алған міндеттемелерін уақтылы, толық көлемде өтеу мүмкіндігі. Несиені қайтару қабілеттілігі – банктерден және басқа қаржылық ұйымдардан несие алу мүмкіндігінің болуы және сол несиені уақытында, толық көлемде қайтарып беру қабілеттілігі. Кез келген кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несиені қайтару қабілеттілігі оның балансының өтімділігіне тәуелді. Кәсіпорын балансының өтімділігі – баланстағы өтімді активтердің жеткіліктілігі және сол активтердің есебінен өз міндеттемелерін уақтылы орындау мүмкіндігі. Кәсіпорынның неғұрлым өтімді активтеріне мыналар жатады: 1.Кассадағы, есеп шоттағы ақша қаражаттары; 2.Өтімді, қысқа мерзімді бағалы қағаздар; 3.Тауарлы-материалдық қорлар; 4.Дебиторлық қарыз.
№2.8 кесте. Кәсіпорын балансының өтімділігін талдау. мың теңге
Егер, А1,А2, А3,А4 ≥ П1, П2, П3,П4 болса, кәсіпорын балансы абсолютті тұрғыдан өтімді деп есептелінеді және төлем қабілеттілігі абсолютті түрде өте жоғары деп есептелінеді. Егер активтің қандай да бір 3 бөлігі пассивтің қандай да бір 3 бөлігінен артық болса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары деп есептелінеді. Егер активтің қандай да бір 2 бөлігі пассивтің қандай да бір 2 бөлігінен үлкен болса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі орташа деп есептелінеді. Егер активтің қандай да бір 3 бөлігі пассивтің қандай да бір 3 бөлігінен төмен болса, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен. Егер А1,А2, А3,А4 ≤ П1, П2, П3,П4, П4 болса, кәсіпорын балансы абсолютті тұрғыдан өтімсіз деп есептелінеді және төлем қабілеттілігі жоқ деп есептелінеді. Жоғарыдағы мәліметтердің негізінде кәсіпорынның өтімділік коэффициентін есептеуге болады.
Кө=(А1+0,5*A2+0,3*A3)/(П1+0,5*П2+0,3*П3)
2008 жыл басы K=4071838/7550639=0,54 2008 жыл соңы K=372606/7550391=0,49 2009 жыл басы K=372606/7550391=0,49 2009 жыл соңы K=18215452/4453388=4,09
Қорытынды: Бұл кәсіпорынның 2008 жылдың жыл басында активтердің, яғни А2,А3 › П2, П3 болғандықтан осы мерзімде кәсіпорынның балансының өтімділігі орташа және төлем қабілеттілігі де орташа. Ал, 2008 жылдың жыл соңында дәл сондай болса, 2009 жылдың жыл соңында А2,А3 › П2, П3 бұл мерзімде де кәсіпорынның төлем қабілеттілігі орташа. Таза айналым капиталы - бұл көрсеткіш кәсіпорынның сырттан қаражат тартпай, өзінің меншікті қаражаттарының есебінен шаруашылық қызметін ұйымдастыруға айналым қаражаттарының жеткіліктілігін көрсетеді.
ТАК=АА-ҚММ = (А1+А2+А3) – (П1+ П2+ П3)
Мұндағы: ТАК – таза айналым капиталы; АА – ағымдағы активтер(айналым қаражаттары); ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер. Бұл көрсеткіш оң шамамен шығатын болса, онда бұл кәсіпорынның ақша қаражаттары жеткілікті, керісінше теріс шығатын болса ақша қаражаттары жетпейді. Сол себептен кәсіпорын банктен несие алуға мәжбүр болады. 2008 ж.б ТАК=66852 теңге 2008 ж.с ТАК=35385 теңге 2009 ж.с ТАК=3161628 теңге Осыдан кейін кәсіпорынның ағымдағы өтімділік коэффицентін есептеуге болады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге қажетті ағымдағы активтердің жеткіліктілігін көрсетеді.
Кағө=АА/ҚММ=(А1+А2+А3)/(П1+П2+П3)>2 Мұндағы: Кағө - ағымдағы өтімділік коэффициенті; АА – ағымдағы активтер(айналым қаражаттары); ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер.
2008ж.б К=1,08 2008ж.с К=1,04 2009ж.б К=1,04 2009ж.с К=7,3 Мерзімді өтімділік коэффиценті – кәсіпорынның неғұрлым өтімді активтердің есебінен өзінің мойнына алған қысқа мерзімді міндеттемелердің өтеу қабілеттілігін көрсетеді.
Kмө=АА-ТМҚ/ҚММ=((А1+А2+А3) - А3)/(П1+ П2+ П3)≥1 Мұндағы: Кмө - мерзімді өтімділік коэффициенті; АА – ағымдағы активтер(айналым қаражаттары); ТМҚ – тауарлы-материалдық қорлар; ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер.
2008 ж.с=0,82 2009 ж.с=6,95
Абсолютті өтімділік коэффиценті – шаруашылық субъектісінің қысқа мерзімді қарыздарын қайтару үшін қажетті ақша қаражаттарын қысқа уақыт аралығында жинақтау мүмкіндігін көрсетеді. Кабс.ө.=АҚ/КҚ= А1/ П1≥0,25
Мұндағы: Кабс.ө. - абсолютті өтімділік коэффициенті; АҚ – ақша қаражаттары; КҚ – кредиторлық қарыздар.
2008 ж.б=0,03 2008 ж.с=0,04 2009 ж.с=0,12
Қаражаттарды сырттан тарту коэффициенті – кәсіпорынның сырттан тартылған қарыз қаражаттарынан қаржылық тұрғыдан тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым төмен болған сайын шаруашылық субъектісінің несиені қайтару қабілеттілігі соғұрлым жоғары деп есептелінеді.
Ксқт=КҚ/АА= П1/(А1+А2+А3)
Мұндағы: Ксқт – сырттан қарыз тарту коэффициенті; КҚ – кредиторлық қарыздар; АА – ағымдағы активтер(айналым қаражаттары).
2008 ж.б=0,86 2008 ж.с=0,87 2009 ж.с=0,12
Қорытынды: Бұл кәсіпорынның таза айналым капиталы-2008 жылы қалыпты болып, 2009 жылдың соңында бірнеше есеге артқан, яғни айналым қаражаттары жеткілікті. Ағымдағы өтімділік коэффициенті де 2009 жылдың соңында өскен, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге қажетті ағымдағы активтердің жеткілікті екенін көрсеткен. Мерзімді өтімділік коэффициенті және абсолютті өтімділік коэффиценті 2009 жылдың соңында арта түскен. Сырттан қаражат тарту коэффициенті жылдан-жылға төмендеген, яғни бұл шаруашылық субьектісінің несиені қайтару қабілеттілігі біршама жоғары деп айтуға болады.
|