Студопедия — Дәріс. Банк балансының өтімділігін талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Банк балансының өтімділігін талдау






Банк балансының өтімділігін талдағанда келесі міндеттер шешілуі керек:

Ø Банктің нақты өтімділігін анықтау;

Ø Банктің нақты өтімділігінің экономикалық-пруденциалдық нормативтерге сәйкестігін анықтау;

Ø Банктің нақты өтімділік көрсеткіштерінің экономикалық нормативтерден ауытқуының себептерін анықтау.

Банктің өтімділігін талдауды ең алдымен депозиттік базаны талдаудан бастайды. Банктің депозиттік базасының өтімділігін анықтайтын факторларға мыналар кіреді:

1. Сырттан тартылған депозиттердің түрлері;

2. Депозиттердің мерзімдері;

3. Сырттан тартылған қаражаттардың көздері;

4. Депозиттік базаның тұрақтылығы.

Пассивтік операцияларды салыстырмалы түрде талдай отырып, пассивтердің көлеміндегі өзгерістерді және олардың баланс өтімділігіне ықпалын анықтауға болады. Банк депозиттерінің есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы қаражаттардың жалпы сырттан тартылған қаражаттардағы үлесі әрбір ресурстың жалпы несие потенциалындағы орыны мен маңызын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің көлемдері, мерзімдері және құрылымы бір-біріне сәйкес болса, банк өзінің қысқа мерзімді ресурстарының ұзақ мерзімді ресурстарға айналу коэффициентін есептей алады. Ол коэффициент трансформация коэффициенті деп аталады және келесі формуламен есептеледі:

Кт=(R-S) /R*100%

R – қысқа мерзімді ресурстар

S – қысқа мерзімді несиелер

Сонымен қатар, бухгалтерлік баланс пен айналым ведомостарының негізінде банктің ұзақ мерзімді несиелік ресурстар түрінде қолдана алатын қаражаттардың мөлшерін есептеуге болады:

ҰМн=(АҚжб + Ка – АҚжс)*Кт + КҚжб – КҚжс + Ка

ҰМн – ұзақ мерзімді несиелер түрінде қолданыста болатын қаражаттар.

АҚжб – жыл басындағы талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттердегі ақша қаражаттары.

АҚжс – жыл соңындағы талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттердегі ақша қаражаттары.

Ка – кредиттік айналым, яғни талап етілгенге дейінгі депозиттер мен сақталу мерзімі 1 айдан аспайтын шоттарға келіп түсетін ақша қаражаттарының орташа мөлшері.

Кт – трансформация коэффициенті.

КҚжб – жыл басындағы күрделі қаражаттар түрінде қолданыста болатын ақша қаражаттарының сомасы.

КҚжс – жыл соңындағы күрделі қаражаттар түрінде қолданыста болатын ақша қаражаттарының сомасы.

Банктің өтімділігін талдағанда өтімділік деп аталатын ақша қаражаттарының ағымын немесе қорын түсінуге болады. Банк тәжірибесінде кеңінен қолданылатын өтімділік көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер кіреді:

1) К1 - өтімділігі шектеулі ресурстар үшін қолданылады (талап етілгенге дейінгі депозиттерде сақталатын қаражаттар мен мерзімі 6 айдан аспайтын қаражаттар).

К1=(ТЕДСД + СМ6айданАД)/ Пассивтер≥0,2

ТЕДСД – талап етілгенге дейінгі сақталатын депозиттер.

2) К2 - өтімділігі орташа ресурстар.

К2=(СМ6айданАД + СМ1жылғаДД) /Пассивтер≥0,5

3) К3 - өтімділігі жоғары ресурстар.

К3=СМ1жылданАД /Пассивтер≥0,7

Банк өтімділігін көрсететін келесі көрсеткіш – неғұрлым өтімді активтердің осы банктің міндеттемелеріндегі үлесін көрсететін көрсеткіш.

К=Қолма-қол ақшалар / Салымдар сомасы.

Акционерлік капиталдың мультипликаторы банк активтерінің оның меншікті акционерлік капиталының есебінен өтелу деңгейін көрсетеді.

М=Активтер / Акционерлік капитал.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден басқа банк өтімділігін анықтауда келесі көрсеткіштер қолданылады:

Ø Бір несие алушыға берілетін несиенің ең көп мөлшері;

Ø Банктің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттарының арақатынасы;

Ø Банк қаражаттарының өтелу коэффициенті(сенімділік коэффициенті);

Ø Өтімді активтердің барлық активтердің сомасындағы үлесі.

Ұлттық Банк тарапынан екінші деңгейлі банктердің балансының өтімділігін қадағалаған кезде бірнеше өтімділік коэффициенттері қолданылады:

Ø Н2=Активтер(өтімділігі жоғары) / Талап етілгенге дейінгі міндеттемелер

Бұл көрсеткіштің экономикалық мәні әрбір ЕДБ талап етілгенге дейін сақталатын депозит қабылдаған кезде сол қаражаттардың 10 % дейінгі қаражаттардың мөлшерін арнайы резервтерге аударып отыруы керек. Себебі, Ұлттық Банк тарапынан ақша массасын реттеп отыру үшін бұл резервтердің мөлшері ұлғайса, ЕДБ-ң пассивтік шоттарындағы ақшалардың көбеюіне жол бермейді. Керісінше, бұл резервтердің мөлшері азайса, онда ЕДБ-ң эмиссиялық мүмкіндіктері азаяды. Н2>20% болса, бұл банктің алдыңғы және жақын айлардағы төлем қабілеттілігі жоғары болады.

Ø Н3 – ағымдағы өтімділік нормативі.

Н3=Неғұрлым өтімді активтер / Талап етілгенге дейін сақталатын депозиттер(30 күге дейін)*100 %

50 % - 70 %

Бұл нормативті қолдану арқылы банктің активтік-пассивтік операцияларының арасалмағын реттеуге болады. Себебі, олардың балансының өтімділігін қолдап отыру керек.

Ø Н4 – ұзақ мерзімді өтімділік нормативі.

Н4=Ұзақ мерзімді несиелер / (Капитал + Міндеттемелер)* 100 %

Н4≤120 %

Бұл көрсеткіш банктің барлық берілген несиелерінің, заемдарының және басқа мекемелерге сақтау үшін салынған қымбат бағалы металлдар түріндегі депозиттердің барлық сомасының 1 жылдан артық мерзімге салынған қаражаттарының банктің меншікті капиталы мен барлық міндеттемелеріне қатынасын көрсетеді. Егер бұл көрсеткіш тағайындалған нормативтен жоғары бола беретін болса, онда бұл банк басшылығы депозиттік саясатын қайта қарау керек және өзінің пассивтік операцияларын жандандыру керек.

Ø Н5 – жалпы өтімділік нормативі.

Н5=Өтімді активтер / (Активтер – Резервтер)* 100 %

Н5≥20 %

Бұл көрсеткіш банктің өтімді активтерінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында тағайындалған.

Ø Н14 – қымбат бағалы металлдармен жүзеге асырылатын операциялар бойынша өтімділік нормативі.

Н14=Өтімді активтер(қымбат бағалы металлдар түріндегі) /Міндеттемелер(қымбат бағалы металлдар түріндегі)

Н14≥10 %.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1348. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия