Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Банк міндеттемелерін талдау





 

Банк қызметін ұйымдастыруға оның меншікті қаражаттары жеткіліксіз. Қазіргі кезде банк операцияларын жүзеге асыру үшін сырттан тартылған және қарызға алынған ресурстарды пайдаланады. Банк өзінің несиелік ресурстарын көбейту үшін негізгі 2 қаражат көзін пайдаланады:

1. Үлестірілмеген табыс;

2. Сырттан тартылған қаражат.

Банктің сырттан тартылған қаражаттарына мыналар кіреді:

1. Клиенттердің депозиттері;

2. Арнайы құрылған қорлар;

3. Клиенттердің есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы қаражаттардың уақытша бос бөлігі;

4. Клиенттердің кредиторлық қарыздары;

Қарыз қаражаттарына мыналар кіреді:

1.Банкаралық несиелер;

2.Банкаралық уақытша қаржылық көмек;

3.Айналымға шығарылып, сатылған қарыз бағалы қағаздары.

Сырттан тартылған қаражаттармен қарыз қаражаттарының айырмашылығы - сырттан тартылған қаражаттарды банк өз клиенттерінің бастамасы бойынша тартады. Ал, қарыз қаражаттарын алған кезде,өз бастамасы бойынша жүзеге асады..Банктің сырттан тартылған қаражаттары мен қарызға алынған қаражаттарының жиынтығы банктің міндеттемелерін құрайды.

Банк міндеттемесі дегеніміз - ол банктің меншігіне жатпайтын, бірақ оның активтік операцияларын жүзеге асырудың көзі болып табылатын, банк қорларының айналымына уақытша қатысатын қаражат.

Банк міндеттемелерін екі топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Ағымдағы міндеттемелер;

2. Басқа да міндеттемелер.

Банктің ағымдағы міндеттемелеріне мыналар жатады:

· Басқа банктердің алдындағы міндеттемелері;

· Клиенттердің алдындағы міндеттемелері;

· Жинақ депозиттері;

· Клиенттердің берілген кепілдік бойынша міндеттемелері;

· Төленбеген дивидендтер;

· Төленбеген салықтар және т.б.

Банктің басқа да міндеттемелеріне келесі қорлар кіреді:

1. зейнетақы және сақтандыру қорлары;

2. күмәнді қарыздардың орнын толтыру үшін құрылған резервтер;

3. банктің меншікті қаражаттарының құрамына кірмейтін басқа да әртүрлі қорлар мен резервтер.

Банктің сырттан тартылған және қарыз ресурстарын талдаған кезде оларды сырттан тарту көздері бойынша келесі топтарға бөліп қарастырады:

I. Мерзімді және талап етілгенге дейінгі депозиттер;

II. Есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар;

III. Қарыз бағалы қағаздарын заңды және жеке тұлғаларға сатудан түскен қаражаттар;

IV. Басқа банктерге берген несиелері;

V. Кредиторлардың берген қаражаттары.

Осы жоғарыдағы бес топтың әрқайсысының жалпы міндеттемелердегі үлесін анықтау арқылы талдау жасауға болады. Жоғарыда аталған қаражат топтарының ішіндегі неғұрлым тұрақтысы - мерзімді депозиттер.Мерзімді депозиттердің, сырттан тартылған міндеттемелердегі үлесі 50%-дан кем болмауы керек.

Біздің елімізде әлемдік тәжірибемен салыстырғанда міндеттемелерді басқарудағы келесі ерекшеліктері бар:

1. Отандық банктерде сырттан тартылған қаражаттармен салыстырғанда меншікті қаражаттардың үлесі өте аз;

2. Банк депозиттерін клиенттер топтары бойынша диверсификациялау мөлшері өте төмен, яғни ол банктің жүзеге асырған активтік операцияларының тәуекелдігінің ұлғайуына алып келеді;

3. Отандық банктер сырттан, яғни шетелдік банктердің қаржыларын тарту арқылы өзінің ішкі несиелік операцияларын жүзеге асыруда;

4. Банктер бір жерден алған қарызды бірнеше рет айналымға салу арқылы пайда табуда.Сырттан тартылған қаражаттардың ішінде қысқа мерзімді ресурстардың үлесі үлкен. Банктің активтік операцияларын жүзеге асырудағы негізгі көзі - қысқа мерзімді ресурстар болып қалуда;

5. Банктің сырттан тартылған қаражаттарының болашағы зор түрі - бағалы қағздарды шығарып сату арқылы қаражат тарту төмен деңгейде қалуда.

Банк міндеттемелерін талдаған кезде талдаудың келесі көрсеткіштері қолданылады:

1. Банктің сырттан тартылған қаражаттардың тиімділігі:

Тстқ = ∑СТҚ (сырттан тартылған қаражат)/∑Несиелер (берілген несиелер);

Бұл көрсеткіш берілген несиелердің әрбір теңгесіне шаққандағы сырттан тартылған қаражаттардың мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төмендігі - банктің сырттан тартылған қаражаттарын тек қана несие беру үшін емес,басқа да мақсаттарға қолданатынын көрсетеді;

2. Тұрғындардың,яғни жеке адамдардың салымдарын(депозиттерін) тарту нормативі (Н11):

Н11=∑ТС (тұрғындардың салым суммасы) ⁄ ∑МК(меншікті капитал);

Бұл норманың ең жоғарғы мөлшері 1-ден немесе 100%-тен аспауы керек.Бұл көрсеткіш банктің меншікті капиталының қажет жағдайда тұрғындардың салымдарын қайтарып беруге жеткіліктілігін көрсетеді.

3. Банк міндеттемелерінің жалпы сомасын талдаған кезде, сырттан тартылған қаражаттар мен қарыз қаражаттарының әр тобының үлес салмағын анықтау қажет және банктің міндеттемелерінің баланс қорытындысындағы үлесін анықтау қажет;

dбм=∑ БМ(банк міндеттемелері)/ ∑БҚ (баланс қорытындысы)*100%;

 

4. Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:

Т бмп =∑ Міндеттемелер / ∑ ББН (барлық берілген несие);

Бұл көрсеткіш банктің несие түрінде берген қаражаттардың әрбір теңгесіне келетін сырттан тартылған қарыздар мен міндеттемелердің мөлшерін анықтайды.Бұл көрсеткіш 1-ден төмен болуы керек.Егер 1-ден жоғары болса, бұл банк сырттан тартылған қаражаттарын тиімсіз пайдаланғандығын көрсетеді.

5. Банктің алған міндеттемелерінің тәуекел мөлшерін анықтайтын көрсеткіш:

ТМ =∑Міндеттемелері / ∑ТБА (тәуекелі бар активтер);

Бұл көрсеткіш банктің тәуекелді активтердің әрбір теңгесіне келетін міндеттеме мөлшерін көрсетеді.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1758. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия