Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорынның төлем және несиеге қабілеттілігін талдау





 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп - оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсінуі. Табыс табу қабілеттілігі деп - болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі[9]. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (КАҚЖ) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивидендтерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. Есептеу келесі (18) формула бойынша жұргізіледі

 

  (Күрделі шығындар+Айналым қаражаттарының өсуі)    

 

мұндағы КАҚЖ - ақша қаражатының жеткіліктілікті коэффициенті;

Бұл көрсеткіш 1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілікті коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей, қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.

КАҚЖ 2006ж = 362300/(224580+(-7287400310))=0,00006

КАҚЖ 2007ж = 2940920/(554990+(-7287400310))=0,0004

КАҚЖ 2008ж = 3829270/(2462250+(-7287400310))=0,0005

Осы көрсеткіштерге сүйене отырып біз 2006 жылы 0,00006, ал 2007 жылы 0,0004-ке, 2008 жылы 0,0005-ке дейін жоғарылағанын көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштер нәтижесі нормативтен төмен болғандықтан кәсіпорынның қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес деп айтуға болады.

Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті (КАҚА) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі (Формула 19):

  (негізгі кұралдар+ меншікті айналым капиталы)
   

(4.6)

 

мұндағы КАҚА- Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті.

КАҚА 2006ж = 362,30/(1051433,91+1955128,07+5381807,50)=0,00004

КАҚА 2007ж = 2940,92/(1051433,91+1955128,07+5381807,50)=0,0003

КАҚА 2008ж = 3829,27/(1051433,91+1955128,07+5381807,50)=0,0005

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8 – 10 % шегінде жеткілікті болып саналады. Ал біздің жағдайымызда осы анықталған коэффициенттер 2006 жылы 0,00004 болса, 2008 жылы 0,0005-ке дейін жоғарылаған. Бұл көрсеткіштер нәтижесіне сүйене отырып, ақша қаражаттарын капиталға айналдыру деңгейі жеткіліксіз екенін көріп отырмыз.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік ретінде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Баланс өтімділігін талдаудың мәні активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыру келесі 4.1 кесте негізінде жүргізіледі.

4.1 кесте Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Активтер 2006 жыл м.т. 2007 жыл м.т. 2008жыл м.т.
жыл басы жыл соңы жыл басы жыл соңы жыл басы жыл соңы
Неғұрлым өтімді актив-р 583173,94 440784,03 440784,03 590173,9 590173,9 440784,03
Жылдам өткізілетін актив-р 1731470,7 7300245,7 7300245,7 1731470,8 1731470,8 1700245,7
Баяу өткізілетін актив-р - - - - - -
Өткізілуі қиын актив-р 1174405,6 1051433,9 1051433,9 1174405,6 1174405,6 1061433,9
баланс 3489050,3 8792463,6 3489050,3 8792463,7 3489050,3 8792463,7
Пассивтер 2006 жыл м.т. 2007 жыл м.т. 2008жыл м.т.
жыл басы жыл соңы жыл басы жыл соңы жыл басы жыл соңы
неғұрлым жылдам өтелуге тиісті міндеттемелер     7117301,7 7117301,7     7117301,7
Қысқа мерзімді пассивтер 5983305,7 8711064,2 8711064,2 5983305,7 5983305,7 8711064,2
Ұзақ мерзімді пассивтер - - - - - -

 

 

4.1. кестенің жалғасы

    Тұрақты пассивтер     -6163611,4     7036771,04     -7036771,04     -6163611     -6163611     -7036771,04
баланс 6189050,3 8791594,9 8791594,9 6189050,3 6189050,3 8791594,7
«Фирма Алтайпромснаб» ЖШС қаржылық есеп құжаттары негізінде автор құрастырған

 

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражатарына айлану жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1 Ең өтімді активтер. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражаттарының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2 Тез өткізілетін активтер. Қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз.

А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің «Тауарлы-материалдық қорлар» бабы және баланс активінің «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы. Бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" есепке алынбайды.

А4 Өткізілуі қиын активтер. Баланс активінің «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімнің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлім жиынынан "Үзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, баяу өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады. Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы - материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1 Неғұрлым дереу төленуге тиісті міндеттемелер - уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар.

П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің «Меншікті капитал» бөлімінің баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда салыстырылады:

А1 > П1 ; А2 > П2 ; А3 > П3; А4 < П4

Егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, ал кері жағдайда баланс өтімді емес. Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашанда дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді (Формула 20):

  1+0,5×П2+0,3×П3)  

(4.7)

 

мұндағы Көж - жалпы өтімділік коэффициенті;

салмақтылық коэффициенттері;

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары. Біз талдап отырған кәсіпорынның жалпы өтімділік коэффициентін анықтаған кезде, келесі көрсеткіштерді алдық.

Көж2006 ж.б=(583173,94+0,5*1731470,75)/(6369356+0,3*5983305,7)=0,2

Көж2006ж.с = (440784,03+0,5*7300245,75) =0,42
(7117301,72+0,3*8711064,23)
Көж2006ж.с = (440784,03+0,5*7300245,75) =0,42
(7117301,72+0,3*8711064,23)

Көж2007 ж.с=(583173,94+0,5*1731470,75)/(6369356+0,3*5983305,7)=0,18

Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, келесі 3 суреттегі графикті құрдық.

3 сурет Жалпы өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді. Бұл 0,9-дан төмен болмауға тиіс. Көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады:

1) абсолютті өтімділік коэффициенті;

2) мерзімді өтімділік коэффициенті;

3) ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (21) формула арқылы есептеледі:

 

Каө=АҚ/КҚ≥1 (4.8)

мұндағы КАӨ - абсолютті өтімділік коэффициенті;

АҚ – ақша қаражаттары;

КҚ –кредиторлық қарыз.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін оның ақша қаражаттары есебінен өтеу қабілеттілігін көрсетеді, яғни кәсіпорын күнделікті қаржылық – шаруашылық қызметіне қажетті ақша қаражаттарының жеткіліктілігін көрсетеді.

Талданып отырған кәсіпорынның абсолютті өтімділік коэффициентін анықтау барысында мынандай көрсеткіштерді анықтадық.

КАӨ 2006 жс= 583173,94/6369356=0,09

КАӨ 2007 жб= 583173,94/6369356=0,09

КАӨ 2007 жс= 440784,03/7117301,72=0,06

Бұл көрсеткіш нәтижесінде кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін оның ақша қаражаттар есебінен өтеу қабілеттілігінің нашар екендігін көрсетеді, яғни кәсіпорын күнделікті қаржылық – шаруашылық қызметіне қажетті ақша қаражаттарының жеткіліксіздігі және нормативтен төмендігін анықтап, 2006-2007 жылдар аралығында ешқандай өзгерістер байқалмаған.

Осы көрсеткіштерді қолдана отырып, мына графикке енгіздік, төмендегі суреттен көруге болады.

 


4 сурет Абсолютті өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Мерзімді өтімділік коэффициенті мына формуламен анықталады (Формула 22):

 

Кмө=(АА-ТМҚ)/ҚММ≥1 (4.9)

мұндағы Кмө - мерзімді өтімділік коэффициенті;

АА- ағымдағы активтер;

ТМҚ – тауарлы-материалдық қорлар;

ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаттары есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Кмө 2006 жс=7741029,78/15828365,95=0,5

Кмө 2007 жб=7741029,78/15828365,95=0,5

Кмө 2007 жс= 2314644,69/12352661,7=0,2

 

Осы анықталған көрсеткіштер келесі сызбада бейнеленген (5 сурет).

5 сурет Мерзімді өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, келесідей қорытындыға келуге болады: кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің өтімді активтердің есебінен өтеу қабілеттілігінің өте төмен екендігін көруге болады. 2006 жылдың соңында 0,5 – ке тең екені байқалды. 2007 жыл соңында бұл көрсеткіш 0,2-ге дейін төмендегенін көріп отырмыз. Ағымдағы өтімділік коэффициенті мына формула арқылы есептеледі (23 Формула):

  ҚММ  

 

(4.10)

мұндағы Кағ.ө- ағымдағы өтімділік коэффициенті;

АҚ – ақша қаражаттар;

ҚМҚЖ – қысқа мерзімді қаражаттар жұмсалымдары;

ДҚ – дебиторлық қарыз;

ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.

Осы көрсеткіш өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша дереу есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады: К ағ.ө. 2-ден жоғары болуы..

Осы формулаға сүйене отырып кәсіпорынның ағымдағы өтімділік коэффициентін табуға болады.

Кағ.ө 2006 жб= 583173,94+2314644,69+1731470,75/12352661,7=0,4

Кағ.ө 2006 жс= 440784,03+7741029,78+7300245,75/15828365,95=1

Кағ.ө 2007 жб= 440784,03+7741029,78+7300245,75/15828365,95=1

Кағ.ө 2007 жс= 583173,94+2314644,69+1731470,75/12352661,7=0,4

Бұл көрсеткіштер нәтижесінде қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтеуге мүмкіндігінің төмен екендігін көреміз және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесіне ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша есептесе алу қабілеттілігінің нашарлауына әкеледі. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады: К ағ.ө. 2-ден төмен немесе тең. 2006 жылдың соңында ағымдағы өтімділік коэффициенті 1 болса, 2007 жыл соңында осы коэффициент 0,4 – ке дейін төмендеген. Берілген көрсеткіштің нормативі 2 болғандықтан, біздің есептеуіміз бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті тым төмендігін көреміз. Бұл көрсеткіштердің нәтижелерін келесі суретте көруге болады. Осы анқталған көрсеткіштерден кейін кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін анықтау қажет. Суретте кәсіпорынның ағымдағы өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасын көріп отырмыз.

6 сурет Ағымдағы өтімділік коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Шаруашылық субъектілерінің несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шарттарының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі – оның ресми бухгалтерлік есеп беру құжаттарын талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек:

1. кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін;

2. айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;

3. барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

4. шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;

5. кәсіпорынның табыстылығын бағалау.

Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулері керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.

Несиеге қабілеттілігін бағалау кезінде банктер, өтеудің ағымдағы өтімділік коэффициенттерімен қатар, мерзімді өтімділік коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы өндіріп алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.

Нарықтық қатынастарға өту несиеге деген сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды. Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: сенімді (несиеге қабілетті); тұрақсыз (несие қабілеттілігі шектеулі); сенімсіз (несиеге қабілетсіз).

Сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.). Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады. Кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

Келесі мәліметтерді қолдана отырып, кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициентін есептеуге болады. Бұл көрсеткіш кредиторлық қарыздары жылына неше рет қайтарылып берілетіндігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш (24) формула арқылы есептеледі:

 

Ккқа=Түсім/КҚ (4.11)

мұндағы Ккқа - кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті;

Түсім - өнімді өткізуден түскен табыс;

КҚ – кредиторлық қарыз.

Кредиторлық қарыздың негізсіз өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына алып келеді.

Көрсетілген формула арқылы біз талдап отырған кәсіпорынның кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициентін анықтаймыз.

Ккқа 2006 ж = 362,30:146771,06 =0,002

Ккқа 2007 ж =2940,92: 14654366,66 =0,0002

Ккқа 2008 ж =3829,27: 14393996,08 =0,0003

Егер бұл көрсеткіш жоғары болса, онда кәсіпорынның кредиторлық қарызын аз уақыт ішінде қайтарып беруін көрсетеді.

Анықталған көрсеткіштерді график түрінде көрсетуге болады. Ол 7 суретте бейнеленген.

 

 


7 сурет Кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициентінің өзгеру динамикасының гафигі

 

Ал біздің жағдайымызда бұл көрсеткіш 2006 жылы 0,002 болды. 2007 және 2008 жылдары осы коэффициенттер төмендеп кеткен. Қорытындылап айтқанда кәсіпорынның кредиторлық қарызын қайтарып беру қабілеттілігі төмен деп айтуға болады.

Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлық қарыздарын бір жылда неше рет қайтарып беруін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті төмен екенін көріп отырмыз.

Кәсіпорынның кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті негізінде осы кәсіпорынның кредиторлық қарыздың өтелуінің орташа мерзім коэффициентін есептеуге болады.

Осы аталған коэффициент кәсіпорынның кредиторлық қарызды қайтарып беруге жұмсайтын орташа уақытын көрсетеді. Ол (25) формуламен есептеледі:

  Ккқа

 

(4.12)

мұндағы Ккқө - кредиторлық қарыздың өтелуінің орташа мерзім коэффициенті;

Ккқа - кредиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті.

Ккқө 2006ж= 365: 0,002=183 (күн)

Ккқө 2007ж= 365:0,0002=1810 (күн)

Ккқө 2008ж= 365: 0,0003=1216667 (күн)

Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның қарызды өтеудің орташа мерзімін көрсетеді.

Егер бұл көрсеткіш төмен болса соғұрлым кәсіпорынның қарызды өтеуге аз уақыт жұмсауын көрсетеді. Біздің жағдайда 2006 жылы орташа мерзімі 183 күн болса, 2007 – 2008 жылдар аралығында күрт өсіп кетуін көріп отырмыз.

Осы көрсеткіштер негізінде клесі 8 суреттегі графикті құрдық.

 


8 сурет Кәсіпорынның кредиторлық қарыздың өтелуінің орташа мерзім коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

Осы мәліметтерге сүйеніп, кәсіпорынның кредиторлық қарыздың өтелуінің орташа мерзім коэффициентінің өсуі осы кәсіпорынның шикізаттар, тауарлар, материалдар және басқа да активтерді қарызға алуының ұлғайғанын көрсетіп отыр.

Кредиторлық қарызды анықтап болғаннан кейін, дебиторлық қарызды талдадық.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның дебиторлық қарыздың бір жылдағы қайтарылып беру жиілігін көрсетеді, яғни түптеп келгенде кәсіпорын тұтынушылырының төлем қабілеттілігін анықтайды. Осы көрсеткіш формула (26) арқылы анықталады:

 

Кдқа=Түсім/ДҚ (4.13)

мұндағы Кдқа - дебиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті;

Түсім - өнімді өткізуден түскен табыс;

ДҚ – дебиторлық қарыз.

Талданып отырған кәсіпорынның дебиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициентін анықтау барысында мынандай нәтижелерді алдық:

Ккқа 2006 ж =362,30:483004,68=0,0007

Ккқа 2007 ж =2940,92: 814714,26 =0,0036

Ккқа 2008 ж =3829,27: 554343,68 =0,0069

Осы көрсеткіштер негізінде дебиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті 2006 жылы 0,0007 болса, 2008 жылы 0,0069-ға дейін жоғарылаған, бірақ бұл көрсеткіш тым төмен болғандықтан кәсіпорынның берген қарыздарының қайтарып алу проблемасы көбейген деген қорытындыға келуге болады.

Жоғарыда анықталған коэффициенттер негізінде дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзімінің коэффициентін есептеуге болады. Бұл көрсеткіш қарыздың қайтарылуына жұмсалатын орташа уақыт мөлшерін көрсетеді, және де айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Мәліметтер негізінде кәсіпорынның дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициентін есептеуге болады.

Дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзім коэффициентін анықтау үшін келесі (27) формула бойынша есептеледі:

  Кдқа  

 

(4.14)

мұндағы Кдқө - дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзім коэффициенті;

Кдқа - дебиторлық қарыздың айналымдылығының коэффициенті.

Осы (27) формула арқылы біз талданып отырған кәсіпорынның дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзім коэффициентін анықтаймыз.

Кдққ 2006ж= 365: 0,0007 =521428 (күн)

Кдққ 2007ж= 365: 0,0036=101388 (күн)

Кдққ 2008ж= 365: 0,0069 = 52898(күн)

Кәсіпорынның дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзім коэффициентінің 9 суретте көрсетілгендей кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс ықпалын тигізеді.

Анықталған көрсеткіштер негізінде мына графикті құрдық.

9 сурет Кәсіпорынның дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзім коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Сонымен қатар күмәнді қарыз міндеттемелерінің көбейіп кеткенін білдіреді, яғни бұл кәсіпорын өзінің берген қарыздарын қайтару жөніндегі шараларды күшейтуі қажет деп қорытындылаймыз.

Дебиторлық қарыздың азайюы оның айналым қаражаттарының көбейюіне жол ашады және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында бұл маңызды мәселеге айналуы мүмкін, өйткені нақты ақшаның артық көлемі пайдалы жұмысты сипаттамайды.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 10496. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия