Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нарықтың ролі





 

Қазақстанда нақты нарыққа көшудің орнына әңгіме ету көбірек орын алуда. Кәсіпорындар әлі нарықтық қатынастарға дайын емес, нақты кәсіпорынның нарықтық қатынастарға көшудегі айқын әзірленген жүйесі жоқ. Бұл күрделі үдеріс. Мәселе, экономикалық тетіктердің елеулі бөлігі нарықтық нысандарды қабылдамайды. Нәтижесінде зор өндірістік әлеуеті бар кәсіпорындар нарықтық прогресс жолы бойынша жылжымайды. Қызмет ететін нарықтық тетік керек. Оны әзірлеу қажеттілігі, біріншіден, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қазіргі деңгейінің дамуы халықтың азық-түлік өнімдеріне сұранысының жылдам өсуіне сай келуінен тұрады. Екіншіден, бізге нарық тетігі еңбек ұжымдары мен әрбір қызметкерлердің бастама көтеруіне, дербестігіне жол ашу үшін керек.

Нарықтың дамуы кәсіпорынның үздіксіз дамуымен тығыз байланысты. Алайда кәсіпорынның экономикалық дамуындағы нарықтың рөлі нақты нарықтық материалда әлі анықталған жоқ. Нарық өз табиғаты бойынша өзін - өзі реттейтін жүйе болады, бірақ ол өндіріс пен өнімді тұтынушы арасында байланыстыратын буын ретінде ұдайы өндірісті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің араласуын қажеттілігін жоймайды.

Кәсіпорынның одан әрі дамуына кедергі келтіретін, тұрақсыздандыру факторына, мемлекеттік қолдаудың жоқтығын, ішкі нарықтың импорттық тауардан қорғалуын, өңдеуші кәсіпорындармен бастапқы тауар өндірушілермен тікелей байланыстың болмауын жатқызуға болады. Республикада өндіріс тауарларының бағасы дүниежүзілік нарықтан жоғары және шетелдік валютаға қатысты теңгенің бағамы төмен болғанда импорт экспортқа қарағанда әлдеқайда тиімді екенін атап өтетін іс жүзінде тауардың орасан зор импортты шетелдік тауар өндірушілерді қолдайды.

Мұның барлығы әзірге нарықтың теориялық түрде өмір сүретін және іс жүзінде толыққанды қызмет етпейтінін дәлелдейді. Сондықтан нарықтың көмегімен республикалық кәсіпорындардың даму проблемасы түбегейлі шешілмейді, себебі нарық кәсіпорынның дамуы үшін қолайлы жағдайлар тудыра алмайды.

Егер бұл проблемалар жуық арада жеткілікті түрде шешімін тез арада таппаса, онда республикадағы халықтың тұрмыс деңгейінің тұрақты түрде төмедеуі салдарынан оның күйреуіне әкеп соқтырады. Үкімет өндіріске, шикізатты жеткізуге, қызмет көрсетуге, өнімді өткізуге жауаптылық танытпайды және оларға әртүрлі демеу қаржы бермейді.

Басқаша айтқанда, кәсіпорындар мемлекеттік бақылау салаларынан тыс бола тұрып, өзінің табыстары мен шығындарына жауап береді және тиімсіз басқарған жағдайда банкроттыққа ұшырайды.

Тұрақты дамушы деп, қоғамның өскелең қажеттілігін қолда бар, бірақ шектелген ресурстар мен оларды тиімді пайдаланудың нақты мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ең аз шығындармен қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана танылады. Нәтижесінде, кәсіпорынның тұрақты тұрпатының қалыптасуында нарықтың ерекшеліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін тетіктері талап етіледі. Сондықтан кәсіпорын дамуының тұрақтылығы іске аспай қала береді. Сөз кәсіпорын дамуының жаңа тұжырымдамасы жөнінде болып отыр. Бұл күрделі іс және экономикалық, техникалық, әлеуметтік және нарықтық сипаттағы көптеген міндеттерді кешенді түрде шешуді талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана кәсіпорынның тұрақты дамуы, ұлттық эконмиканың құрамдас бөлігі ретінде, өндіруші мен тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Алайда қазіргі уақытта кәсіпорынның даму теориясының тұтастығы жоқ, оның ядросы қалыптасу сатысында болуда. Кәсіпорынның өміршеңдігінің негізі болып оның қызметінің тиімділігі есептеледі.

Шаруашылықты тиімсіз жүргізу кәсіпорынның бәсекелестік бағытын жоғалтуға және оны нарықтан ығыстыруға әкеледі. Әрбір кәсіпорын көптеген элементтерден тұратын күрделі жүйе болып есептеледі, олардың арасында күрделі көп жоспарлы байланыстар болады. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара түсінушілік нарықтың бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қазіргі даму кезеңінің негізгі мақсаты болып экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуіне көшуі есептеледі. Осы проблемаға ғасырдың басындағы ара ірі форум – Йоханнесбургтегі Бүкіл дүниежүзілік саммит (2002 ж. 26 тамыз – 2 қыркүйек) пен бірқатар басқа халықаралық конференциялар арналды. Соған қарамастан қазіргі уақытта жалпы қабылдаған «тұрақты даму» ұғымының анықтамасы жоқ.

Кәсіпорынның тұрақты дамуы сыртқы орта өзгерген кезде өзіне өзі жеткіліктілігін сақтайтын, өзара тәуелді элементтерді енгізетін біртұтас жүйе ретінде оның қызмет етуін білдіреді. Алайда тұрақты дамуды бағалаудың кешенді тетігі осы уақытқа дейін жоқ. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның негізгі мақсаты – барынша көп пайда табу.

Кәсіпорынның белгілі бір беріктік қоры болуы керек, ол оған, өндірістік бағдарламасына өзгеретін нарықтың әсеріне шыдауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Осыған орай қазіргі дағдарысты ерте кезеңінде танып білу, оған төтеп беру және кәсіпорынның өсу кезеңіне көшуді қамтамасыз ететін стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Алайда кәсіпорындардың қызмет ету практикасында бірқатар проблемаларды шешуге ғылыми негізделген тәсілдерінің болмауынан жиі орындала бермейді: кәсіпорынның өміршеңдік кезең сатысының бағалау критерийі жасалмаған, эволюция кезеңдері диагностиканың қатаң әдіснамасы жоқ, даму стратегиясын таңдау бойынша теориялық және практикалық әзірлемелер жеткіліксіз пысықталған. Аталған проблемалар практикалық шешімді талап етеді. Алайда: «инвестиция берсеңдер, біз кәсіпорынның экономикасын көтереміз» деген көзқарас осы күнге дейін орын алуда.

Нарық пен кәсіпорындар қазіргі уақытта өз - өзімен өмір сүруде. Үкімет, нарықсыз экономиканы көтеру мүмкін еместігін түсінеді. Өндірістің құлдырауы нарық субъектілері қаржылық жағдайының тұрақсыздығына және меншікті қаражаттарының өндіріске жұмсалуына сай келуіне немесе тоқтауына әкеледі. Мұның бәрі кәсіпорынның тұрақсыз дамуына, сондай – ақ өнімдерді өткізудің, импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекелестікке қабілеттілігінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Сондықтан нарық пен кәсіпорынның үйлесімді қосылуы болмады. Берілген аймақта орналасқан және нарыққа қатынасы бар барлық кәсіпорынның механизмінің нарықтың бірігуін қабыл алмайтын жаңа нарықтық теория қажет. Кәсіпорын өзі арқылы машиналарды кең пайдалануға негізделген нарық пен табиғат арасындағы өзара іс – қимылды білдіреді.

Үкіметтің кәсіпорын құрылымының өзгерістерін жүзеге асырудың ғылыми негізделген теориясы жоқ. Кәсіпорын ерекшеліктерінің көпшілігі ескерілмейді. Біріншіден, кәсіпорын меншіктің өндіріс құрал – жабдықтарына қатынасын жүзеге асыру нысаны ретінде пайда болады және қызмет етеді. Екіншіден, нарық жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі бола отырып, еңбекпен табылатын ресурстардың негізінде жеке ұдайы өндірісті жүзеге асыру. Үшіншіден, кәсіпорын ұжымы нарықтың өзара байланыстарының негізінде экономикалық және әлеуметтік қатынастардың белгілі бір кешенімен біріккен қызметкерлердің жиынтығы болып есептеледі.

Кәсіпорын дамуының тиімділігін арттыру үшін республикада қалыптасқан ережелерді өзгерту қажет. Мысалы, Қытай мен Ресейден әкелінген тауарлар нарықтан Қазақстан тауар өндірушілерінің өнімдерін ығыстыра отырып, олардың арзандауына әсер етеді. Жұмысшылардың еңбекақысын төлемеу кәсіпкерлердің жеке басына және еркіне байланысты. Ет, сүт, басқа өнімдерді алып – сатарлар тауарларды төмен бағамен сатып алып, өздеріне үлкен пайдамен қайта сатады.

Жаһандану жағдайында бұл міндеттемелерді шешудің маңызды алғышарттарының бірі болып республиканың әлемдік нарықта тауарлар мен көрсететін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету есептеледі. Сондықтан біз нарық пен кәсіпорынға қатысты стандарттық емес жағдайға сәйкес келетін тұжырымдамалық жаңа тәсілдерді ұсынамыз. Келесі қағида негізінде кәсіпорынның дамуының жаңа үлгісі әзірленді: қанша тауарлар шығару, қандай бағамен және кімге өткізу керек екендігін кәсіпорынның өзі шешеді. Осы мәселелерді тиімді шешу кәсіпорынның тығырықтан шығуы мен дамуының басты шарты болады.

Кәсіпорынның басқарылатын нарық салаларына өтуі олардың құқықтары мен өкілеттілігінің іске асырылуындағы нақты тетіктерін әзірлеумен бірге жүргізуге тиіс. Кәсіпорын дамуының тиімді тетігін қалыптастыру үшін біз жаңа үлгі әзірледік. Оның негізінде әрбір кәсіпорын табиғи – экономикалық жағдайларды ескере отырып өз үлгісін әзірлейді, оның көмегімен олардың өзгерістері ескеріле отырып адамдар, кәсіпорындар, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар зерделенеді. Кәсіпорынның тұрақты дамуының жаңа үлгісін қалыптастырудың мынандай әдіснамалық реттеуіштері – кәсіпорынның құрылымын өзгерту тетігін анықтау, нарықтың талаптарына сәйкес кәсіпорынның бейімделгіш элементтерін қалыптастыру, кәсіпорындарды басқаруды тұрақтандыру, кәсіпорынның нарықтық белсенділігін дамыту, нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметі стратегиясын жетілдіру болып есептеледі. 5.2 кестеде кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуінің үлгісін ұсынамыз.

5.2 кесте Кәсіпорынның тұрақты дамуының үлгісі

Әдіснамалық принциптер Принциптерді жүзеге асыру Әдістемені әзірлеу
1) Кәсіпорынның қайта құрылымдау тетігін анықтау 1) Кәсіпорын өндірісін үлгілеу 2) Техникалық қызметкерлер құрылымын өзгерту және жаңғырту 3) Өндірістің оңтайлы мөлшерін анықтау 4) Аз шығынды технологияларды қолдану 5) Нарықтық инфрақұрылымды құру 6) Өндірісті қайта үлгілеу 7) Кәсіпорын диагностикасын анықтау 8) Кәсіпорын құрылымын өзгерту тәртібін анықтау 9) Кәсіпорынның әлеуметтік – экономикалық деңгейін арттыру 10) Кәсіпорынды құрылымдық реформалау 11) Кәсіпорынды тепе – теңдік қалпына келтіру     1) Ресурстардың әлеуетін анықтау әдістемесі, теңгемен 2) Материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтау, теңгемен 3) Ресурстардың оңтайлы мөлшерін анықтау әдістемесі, теңгемен. 4) Кәсіпорынның даму деңгейін бағалау әдістемесі, %-бен. 5) Кәсіпорын қызметінің экономикалық қауіпсіздігі шегарасын бағалаудың әдістемесі, %-бен. 6) Салалары және тұрпаттары бойынша фирмалар мөлшерін оңтайлы үйлестіру әдістемесі, теңгемен. 7) Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының факторын бағалау әдістемесі, %-бен.  

 

 

5.2 кестенің жалғасы

Әдіснамалық принциптер Принциптерді жүзеге асыру Әдістемені әзірлеу
  13) Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру тетіктерін реттеу 8) Кәсіпорынды қалыптастырудың экономикалық мақсатқа сай екендігін анықтау әдістемесі, теңгемен.
2) Нарық талаптарына кәсіпорынның бейімделгіш элементі 1) Кәсіпорынды қалпына келтіру 2) Кредит берушілердің қарыз алушымен өзара қатынастарын реттеу. 3) Кәсіпорынды қалпына келтіру тетігін құру. 4) Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару жүйесін жетілдіру. 5) Кәсіпорынның тығырықтан шығуы. 6) Сұраныс пен ұсынысқа бейімделу 7) Қызметкерлердің әлеуметтік бейімділігін реттеу. 8) Бейімделгіш басқаруды қолдану. 9) Сыртқы факторларға бейімделу. 10) Кәсіпорынның икемділігін қалыптастыру 11) Кадрларды оқыту. 12) Инвестициялық жүйені құру. 13) Беделге ие болу және оны нарықта сақтау. 1) Өндірістің қарқынды технологиясын еңгізу әдістемесі, %-бен. 2) Шараларды жүргізу демеу қаржы көлемін анықтау әдістемесі, теңгемен. 3) Өнімді өткізуді реттеу әдістемесі, %-бен. 4) Кәсіпорын бағасын анықтау әдістемесі, теңгемен. 5) Инвестициялық ресурстарды ұтымды бағалау әдістемесі, %- бен. 6) Кәсіпорынның инвестицияға қажеттілігін анықтау әдістемесі, теңгемен. 7) Кәсіпорынның нарықтағы құнын анықтау әдістемесі, теңгемен. 8) Кәсіпорынның ұтымды қызмет істеу рейтингін анықтау әдістемесі, %-бен.
3) Кәсіпорынның тұрақтануын басқару 1) Қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету 2) Инвестиция тарту 3) Кәсіпорынды кешенді басқару. 4) Нормативтік құқықты қамтамасыз ету 5) Жеңілдікпен несиелеу. 6) Кәсіпорынның ресурстарының әлеуетін қалыптастыру. 1) Кәсіпорынның тұрақты дамуының жеке құрамдас бөлігін бағалау әдістемесі, %-бен. 2) Инвестициялық ресурстың ұтымдылығын бағалау әдістемесі, %-бен. 3) Кәсіпорынның жиынтық ресурстарын есептеу әдістемесі, теңгемен.
Әдіснамалық принциптер Принциптерді жүзеге асыру Әдістемені әзірлеу
  7) Ұтымды және технологиялық байланыстарды құру. 8) Икемді қаржы жүйесін қалыптастыру. 9) Кәсіпорынның қаржы стратегиясын анықтау. 10) Ғылыми техникалық прогрессті жылдамдату. 11) Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 12) Кәсіпорын қызметкерлерінің нарықтық ойлауын қалыптастыру. 13) Нарықтық тепе – теңдікті іске асыру. 4) Жұмысшылар еңбегінің нәтижесін анықтау әдістемесі, теңгемен. 5) Сатып алушыны ұстап қалу әдістемесі, %-бен. 6) Кәсіпорын қызметінің тәуекелдігін бағалау әдістемесі, %-бен. 7) Инфляциялық шектеулерді анықтау әдістемесі, %-бен.
4) кәсіпорынның нарықтық белсенділігін дамыту 1) Кәсіпорынның белсенділігін арттыру. 2) Нарықтық белсенділігін құру. 3) Еңбек белсенділігін дамыту. 4) Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 5) Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы байланыстарды орнату. 6) Өнімнің жаңа түрлерін игеру.   1) Кәсіпорынды басқару әдістемесі, %-бен. 2) Кәсіпорынның табысын анықтау әдістемесі, теңгемен. 3) Баға саясатының кәсіпорынның жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау әдістемесі, %-бен. 4) Сатып алушылармен ұзақ мерзімді қатынастарды қолдау әдістемесі, %-бен.

 

Кәсіпорында нарықтың үдерісті қалыптастырудың ұсынылып отырған үлгісі ескірген өндірістік қатынастарды өзгертуге, еңбекті ұйымдастыру нысанын түрлендіруге мүмкіндік беретінін атап өтейік.

Бірінші қағида, кәсіпорынның құрылымын өзгертумен байланысты. Бұл кәсіпорынның барлық саласындағы әрі ішкі тепе – теңдікті, сонымен бірге оның сыртқы қоршаған ортамен тепе – теңдігін қалпына келтіруге бағытталған түбегейлі өзара байланысты өзгерістер кешені. Екінші қағида, кәсіпорынның нарық жағдайына бейімделу тәсілін, даму үшін тиімділікті арттыру және жаңа алғышарттарды құру мүмкіндігін қарастырады.

Кәсіпорынның орнықты дамуының басқа әдіснамалық қағидасы болып кәсіпорынның тұрақтануын басқару мүмкіндігін есептейді. Қазіргі кезде кәсіпорындардың жартысына жуығы қызметкерлерін өз шаруасынан алынған өнімнен асырмай алмайды. Сондықтан жергілікті халықтың азық – түлік ресурстарын қалыптастыру, өз шаруашылығы шеңберінде өнімді өндіруді ұйымдастыру, сұранысы көтеріңкі өнім өндіруді жолға қою керек.

Осы уақытқа дейін өнім өңдеудің қалдықсыз технологиясы жасалған жоқ. Залал көбінесе артта қалған технологиядан, ескі нұсқаулықтардан болады. Сондықтан кәсіпорында шығарған өнімнің түрлері жұтаң әрі сапасы төмен.

Кәсіпорынның тұрақты дамуының жаңа үлгісін құрудың аталған әдіснама қағидасы ішінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің стратегиясын жетілдіруге басымдық береді.

Нарықты тұрақтандырудың амалы – жоспар мен нарықтың арақатынасын өзгерту. Атап айтқанда осы тетік өндіріс пен тұтынушыларды, яғни бүкіл нарықтық үдерісін реттейді. Нарық жоспардың әсер етуімен реттелетін, жоспарлы түрде басқарылартын болады. Мемлекет нарықты реттейді және бақылайды, ал нарық кәсіпорындарды бағыттайды.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1732. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия