Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Неркәсіп кәсіпорындарының қаржылық - шаруашылық қызметін салыстырмалы түрде бағалау





Аналитикалық тараудың бұл бөлімінде аутсорсинг қатынастарына қатыса бастаған, ШҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарының, оның ішінде түсті металлургиялық компаниялар қатарында жататын үш алып кәсіпорындар «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және «Қазмырыш» ЖШС жалпы ұйымдық, шаруашылық және қаржылық жағдайын салыстырмалы түрде талдауды жөн көрдік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ҚР заңдарына сәйкес «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық акционерлік компаниясы АҚ еншілес кәсіпорны болып табылады. Бұл кәсіпорын 1949 жылы 29-қазанда өз жұмысын бастаған. Сол кезде ең алғашқы металл ториін, торий оксалатын өндіре бастаған, 1951 жылдан бастап бериллийдің толық өндірістік циклі игерілді, 1962-1964 жылдары тантал өнімдерін өндіре бастады, 1969 жылы өткізгіштік қасиеті жоғары кабельдер мен шиналар, 1989 жылы ВВЭР-1000 атом реакторларына арналған уранның отын таблеткалары жасала бастаған. 1992 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанның Монеталар сарайы «ҮМЗ» АҚ өндірістік базасында жұмыс жасай бастады, 1997 жылы Үкімет шешімімен «Қазатомөнеркәсібі» ҰАҚ құрылып, оның құрамына «ҮМЗ» АҚ енгізілді. 1998 жылы Қазақстанда ең алғаш болып ISO9002 халықаралық стандарттарына сай өнім өндіретіні туралы куәлік алған, 2004 жылы Қытай Халық Республикасында Қытай нарығында бериллий мен тантал өнімдерін өткізумен айланысатын Ulba-China Co. Ltd еншілес кәсіпорны құрылды. 2007 жылы «ҮМЗ» АҚ мен Қытайдың Ningo Shine Group компаниясының бірлескен кәсіпорны құрылды. Ол кәсіпорын Қытайда бериллий қоласы мен прокатын лента, фольга түрінде шығарып, сатумен шұғылданды. 2008 жылдың желтоқсан айында сиымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік технология өндіріске енгізілді. Бұл жоба «30 - корпоративтік лидер» мемлекеттік бағдарламасына енген жобалардың бірі.

«ҮМЗ» АҚ-ның негізгі мақсаты-атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді атқару арқылы пайда табу. Кәсіпорын уран, бериллий, тантал, ниобий өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сатумен айланысады, әлемдік нарықтағы ядролық отын циклінің белді жабдықтаушысы болып табылады [170].

Кәсіпорын жарғысына сәйкес, оның негізгі қызмет түрлеріне атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалануға бағытталған, технологиялық деңгейі жоғары өнеркәсіп өнімдерін өндіру жөніндегі жұмыстар жатады. «ҮМЗ» АҚ қосалқы қызметтеріне ұзақ мерзімді активтерді сату, қаржылық инвестициялар және басқа негізгі өнімге қатысы жоқ операциялар жатады. 2009 жылдың маусым айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҮМЗ» АҚ негізінде құрылған сиымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтары өндірісін көріп, мұндай серпінді жобаның жүзеге асырылуына жоғары баға берген [171, 2-5 беттер].

Қарастырылып отырған 2005-2009 жылдар мерзімінде активтердің нақты құнын сипаттайтын баланс қорытындысының айқын өсу тенденциясы байқалған. 2005 жылы баланс қорытындысы 34299413 мың теңгені құраған, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 8307497 мың теңгеге немесе 24,22% - ға ұлғайған.

Оның себебі қысқа мерзімді активтер, соның ішінде қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 4204519 мың теңгеге көбейген. 2007 жылы баланс қорытындысы 10805866 мың теңгеге немесе 31,5% - ға ұлғайған. 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда активтер көлемінің қарқынды ұлғаюы байқалады (13162995 мың теңгеге немесе 38,38%-ға артқан).

6.13 және 6.14 суреттерде «ҮМЗ» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасы олардың сәйкесінше абсолютті және салыстырмалы шамаларында көрсетілген.

 


Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған.

6.13 – сурет. 2005-2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ активтеріндегі абсолюттік өзгерістер (мың теңгемен).

 

«ҮМЗ» АҚ ұзақ мерзімді активтері де баланс қорытындысымен бірге айтарлықтай өсу тенденциясын көрсеткен. 2007 жылы неғұрлым жоғары дәрежеде, 19247879 мың теңгеге 2005 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Кәсіпорын қызметінің мәліметтерінде 2005 жылы ұзақ мерзімді активтердің сомасы 10822152 мың теңгені құрағаны көрсетілген. Қысқа мерзімді активтері болса, талдау мерзімінде үнемі төмендеу тенденциясын көрсеткен. Атап айтсақ, 2005 жылы 29101453 мың теңгені құраса, 2008 жылы 15109563 мың теңгені құрап, 48% - ға азайған. Тек 2009 жылы ғана 17706979 мың теңгеге дейін ұлғайған.

 

 


Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған.

6.14-сурет – 2005-2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ активтеріндегі салыстырмалы өзгерістер (%).

 

Жоғарыдағы 6.14 – суретте «ҮМЗ» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымындағы 2005-2009 жылдардағы өзгерістерінің салыстырмалы шамалары бейнеленген.

Баланс активтерінің құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған. 2005 жылдың мәліметтеріне сәйкес компания активтерінің ішінде неғұрлым үлкен үлесті қысқа мерзімді активтер алған (68,45%). 2007 жылы бұған қарама-қарсы жағдай қалыптасқан, қысқа мерзімді активтердің үлесі 42,53%-ға дейін азайған. Талдап отырған мерзім ішінде қысқа мерзімді активтердегі «Қорлар» бабының үлес салмағы барынша жоғары болып қалған (2005 жылы 56,94%, 2006 жылы 40,17% және 2009 жылы 22,3% құраған).

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымында осыған ұқсас жағдай байқалады. «Негізгі қорлар (құралдар)» бабының үлесі неғұрлым қомақты. Мысалы 2009 жылы негізгі қорлардың ұзақ мерзімді активтердегі үлесі 35,17%-ды құраған. Жоғарыда аталған есептелуге тиіс көрсеткіштердің шамасы мен талдау мерзіміндегі өзгеру динамикасын осы тараудың келесі 4.4-бөлімінде көрсетуді жөн көрдік.

«ҮМЗ» АҚ 2005-2009 жылдар аралығындағы активтердің қалыптасу көздерінің нақты құнын сипаттайтын балансының қорытындысы (пассивтері) да айқын байқалатын өсу тенденциясын көрсеткен. 2005 жылы кәсіпорын пассивтерінің жалпы сомасы 34’299’413 мың теңгені құраған. 2006 жылы 2005 жыл мәліметтерімен салыстырғанда 8’307’497 мың теңгеге немесе 24,22%-ға ұлғайған.

Мұндай өсімнің негізгі себебі – «ҮМЗ» АҚ меншікті капиталының шамасының біркелкі ұлғаюы. Баланстың қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшері талдап отырған бес жыл бойы 5’000’000 мың теңгенің шегінен аспаған. 2006 жылы 1’168’582 мың теңгеге (33,07%-ға) азайған, ал 2007 жылы 2005 жыл мәліметтерімен салыстырғанда 602’405 мың теңгеге (15,79%-ға), 2009 жылы 558’045 мың теңгеге (15,79%-ға) төмендеген. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 2006 жылы 1’949’820 мың теңге (110,44%-ға) мөлшерінде айтарлықтай ұлғайған, бірақ 2007 жылы азайған және 1’194’179 мың теңгені құраған. «Капитал қорытындысы» бабы бойынша біркелкі өсім байқалады, ол негізінен тапқан пайда мөлшерінің ұлғаюы нәтижесінде орын алған.

«ҮМЗ» АҚ соңғы бес жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдауды оның активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдадық. Ол үшін келесі көрсеткіштерді есептеу қажет:

1) кәсіпорын активтерінің құрамы мен орналастырылуын;

2) активтерінің икемділік коэффициентін;

3) икемді және иммобилизацияланған қаражаттардың ара қатынасының коэффициентін;

4) негізгі қорларының (құралдарының) нақты құнының коэффициентін.

Келесі 6.15-суретте «ҮМЗ» АҚ 2005-2009 жылдар мерзіміндегі пассивтерінің құрамы мен құрылымының динамикасының абсолютті шамалары көрсетілген.

 

 


Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ қаржылық есеп құжаттарының негізінде автор құрастырған.

6.15-сурет – 2005-2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ пассивтеріндегі абсолюттік өзгерістер (мың теңге).

 

Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылымында «Үлестірілмеген табыс (өтелмеген зиян)» бабының үлесі неғұрлым жоғары. 2005 жылы оның үлесі 76,15% құраса, 2009 жылы 83,63% үлесі тиген. Келесі 6.16-суретте «ҮМЗ» АҚ пассивтерінің құрылымындағы салыстырмалы өзгерістер көрсетілген.

 


 

 

Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ қаржылық есеп құжаттарының негізінде автор құрастырған.

6.16-сурет – «ҮМЗ» АҚ-ның 2005-2009 жылдардағы пассивтері құрылымыныдағы салыстырмалы өзгерістер (%).

2006 жылы «ҮМЗ» АҚ тапқан таза пайдасының мөлшері 8,77 млрд. теңгені құраған. Одан кейінгі жылдары компанияның кірісі үнемі азайып отырған, 2007 жылы өткізілген өнімнің ақшалай көлемі 26,7%-ға азайса, 2008 жылы 14,6%-ға төмендеп, 2009 жылы да 39,3%-ға қысқарған. Бұл жерде өндірілген өнім мен оның өткізілуінің заттай өлшемдегі көлемі ұлғайып келе жатқандығына назар аудару қажет. Өнімді өткізуден түскен түсімнің волатильдік дәрежесі айтарлықтай жоғары, дегенмен қаржылық көрсеткіштері соңғы жылдары аса жоғары бола қоймағанына қарамастан, компания оң көрсеткіштері көрсету үстінде. Жалпы рентабельділігі (өндіріс тиімділігі) төмендеп келеді, мысалы 2004 жылы жалпы рентабельділігі 32,2% құраса, 2007 жылы 36,5%, 2008 жылы 22,0% құраған [172].

Қазақстан әлемде уранның табиғи қорлары жөнінен бірінші орын алады, ал оны өндіру көлемі жөнінен әлемнің жетекші мемлекеттерінің қатарына кіретіні белгілі. «ҮМЗ» АҚ болса «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК жүйесіндегі басты құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Атом өнеркәсібінің стратегиялық маңыздылығы мен өндірісінің ерекшелігі егер бұл компанияда проблемалар туындай қалған жағдайда мемлекет тарапынан кепілдік беруіне толық сеніммен қарауға жол ашады. Әлемдік дәрежеде өнеркәсіп өндірісіне байланысты экологиялық талаптардың жылдан жылға күшейіп келе жатқандығын ескеріп, нарық «ҮМЗ» АҚ-ның өнімдерін тұтыну көлемін ұлғайта беретіндігіне толық сенім бар.

Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп локомотивтерінің қатарына кіретін тағы бір ірі металлургиялық кәсіпорын – «Өскемен титан – магний комбинаты» АҚ екендігі баршаға аян («Өскемен ТМК»АҚ).

«Өскемен ТМК» АҚ еліміздегі титан, магний, және басқа түсті металлургия өнімдерін өндіретін, әлемдік нарықтарда да өзіндік орны бар, Қазақстанның қор биржасында бағалы қағаздарының өтімділігі мен сенімділігі ең жоғары эмитенттердің қатарына кіретін белді кәсіпорындардың бірі болып табылады.

2005-2009 жылдары аралығындағы «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістердің абсолюттік шамаларының динамикасын қарастырайық. 2005 жылы «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің мөлшері 9895169 мың теңгені құрап, оның алдындағы 2004 жылмен (9237719 мың теңге) салыстырғанда 7,1% - ға ұлғайған, 2006 жылы 12278596 мың теңгені құраған, 2007 жылы 14596315 мың теңгеге дейін өскен, 2008 жылы 19204292 мың теңге, ал 2009 жылы 25698468 мың теңгені құраған немесе 2005 жылдың дәл осындай көрсеткішімен салыстырғанда 259,7% - ға ұлғайған. «Өскемен ТМК» АҚ 2005 – 2009 жылдар кезеңіндегі активтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолюттік өзгерістердің динамикасын келесі 6.17-суретте көрнекі түрде бейнелеуге болады.

 

 

 


Ескертпе: «Өскемен ТМК» АҚ қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған.

6.17 - «Өскемен ТМК» АҚ 2005 – 2009 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолюттік өзгерістер динамикасы.

 

2005 – 2009 жылдары аралығында «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің 2,5 еседен артық өсуіне ұзақ мерзімді активтердің қарқынды түрде өсуі үлкен ықпалын тигізген. 2005 жылы ұзақ мерзімді активтерінің көлемі 4771609 мың теңгені құраған, одан кейінгі жылдары да үнемі өсу үстінде болған және 2009 жылы ол 15872841 мың теңгені құрап, 2005 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 11101232 мың теңгеге немесе 332,6% - ға ұлғайған. Ал қысқа мерзімді активтерінің көлемі 2005 жылы 5123560 мың теңгені құрап, одан кейінгі жылдары үнемі өсіп келген және 2008 жылы 10861006 мың теңгені құраған. Яғни 2005 жылмен салыстырғандаекі екі еседен артық ұлғайған. Дегенмен 2009 жылы қысқа мерзімді активтердің көлемі алдыңғы 2008 жылмен салыстырғанда 9825627 мың теңгеге дейін азайған.

Келесі 6.18 – суретте «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістердің 2005 – 2009 жылдар аралығындағы динамикасы келтірілген.

 


Ескертпе: «Өскемен ТМК» АҚ қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған.

6.18-сурет – 2005-2009 жылдардағы «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістер (%).

«Өскемен ТМК» АҚ активтерінің құрамындағы қысқа мерзімді активтерінің үлесі 2005-2007 жылдар аралығында ұлғайғаны байқалады, ал 2008 жылдан бастап олардың үлесі азая бастаған, 2009 жылы қысқа мерзімді активтердің үлес салмағы ең төменгі шамаға жеткен (38,23%). 2009 жылы қысқа мерзімді активтердің күрт азаюына ықпал еткен «Қосылған құнға салынатын салық және басқа төленуге тиісті салықтар» бабы 743210 мың теңге деңгейіне дейін төмендеген, ал оның алдындағы 2008 жылы бұл көрсеткіштің шамасы 1’113’886 мың теңгені құраған. Яғни ол 370’676 мың теңгеге немесе 33,28%-ға азайған. Талдау жүргізілген мерзімде ұзақ мерзімді активтерінің үлесі ұлғайған. 2005 жылы 48,22%-ды құраса, 2009 жылы 61,77%-ға дейін өскен. Яғни, «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің құрамындағы қысқа мерзімді активтердің үлесі азайып, ұзақ мерзімді активтерінің үлесі керісінше көбейіп бара жатқан тенденция байқалады. Бұл қалыптасқан жағдай «ҮМЗ» АҚ активтерінің құрылымындағы өзгерістердей қарқынды болмаса да, соған ұқсас.

«Өскемен ТМК» АҚ 2005-2009 жылдар аралығындағы активтерінің қалыптасу көздерінің (пассивтерінің) өсу қарқыны да айтарлықтай жоғары болған. 2005 жылы бұл кәсіпорын балансының пассивтерінің көлемі 9895169 мың теңгені құраған. Оның ішіндегі меншікті капитал мөлшері 9461002 мың теңгені (95,61%), ұзақ мерзімді міндеттемелері мүлдемге болмаған, ал қысқа мерзімді міндеттемелері 434167 мың теңге (4,39%) болған. 2006 жылы баланс пассивінің мөлшері 12278596 мың теңге, оның ішінде меншікті капиталы 10752251 мың теңге немесе 87,57%-ды құраған, қысқа мерзімді міндеттемелері 1190554 мың теңге 9,7% үлес алған және аздаған ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде несиелер алған. Оның сомасы 335791 мың теңге немесе бар-жоғы 2,73% құраған.

«Өскемен ТМК» АҚ – ның пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістердің абсолютті шамалары келесі 6.19 – суретте көрсетілген.

 

 

Баланс баптары Қысқа мерзімді міндеттемелері Ұзақ мерзімді міндеттемелері Меншікті капиталы Баланс
31.12.2005        
31.12.2006        
31.12.2007        
31.12.2008        
31.12.2009        
Ескертпе: «Өскемен ТМК» АҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған

6.19 – сурет. «Өскемен ТМК» АҚ – ның 2005 – 2009 жылдардағы пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолюттік өзгерістер (мың теңге).

 

2009 жылы «Өскемен ТМК» АҚ баланс пассивіндегі меншікті капитал мөлшері 10840935 мың теңге (42,2%), ұзақ мерзімді міндеттемелері 10006361 мың теңге (38,9%), қысқа мерзімді міндеттемелері 4873302 мың теңге (18,9%) болған.

 

 


Ескертпе: «Өскемен ТМК» АҚ қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған.

6.20 – сурет. 2005 – 2009 жылдардағы «Өскемен ТМК» АҚ пассивтеріндегі салыстырмалы өзгерістер (%).

 

Жоғарыдағы 6.20-суретте «Өскемен ТМК» АҚ 2005-2009 жылдар мерзіміндегі активтерінің қалыптасу көздерінің (пассивтерінің) құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістердің динамикасы бейнеленген.

«Өскемен ТМК» АҚ талдау мерзіміндегі активтерінің икемділік коэффициентін, икемді және иммобилизацияланған активтерінің ара қатынасының коэффициентін, негізгі қорларының (құралдарының) нақты құнының коэффициентін, активтерінің өтімділігін, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын, сонымен қатар іскерлік белсенділігі мен рентабельділігін осы бөлімнің соңына қарай «ҮМЗ» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС сәйкес көрсеткіштерімен салыстыра отырып талдайтын боламыз.

Ендігі жерде Шығыс Қазақстан өңірінің өнеркәсібіндегі тағы бір алып түсті металлургия компаниялары қатарына жататын «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық – шаруашылық қызметіне талдау жасап көрейік.

2005 – 2009 жылдар мерзіміндегі «Қазмырыш» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістердің абсолюттік шамаларының динамикасын қарастыратын болсақ, 2005 жылы бұл металлургиялық компанияның активтерінің ақшалай өлшемдегі көлемі 119405376 мың теңгені құраған, 2006 жылы бұл көрсеткіш 120763106 мың теңгеге дейін ұлғайған. 2007 жылы «Қазмырыш» ЖШС активтерінің жалпы сомасы 279554272 мың теңгені құраған, ал 2008 жылы 381235159 мың теңгеге дейін ұлғайған, 2009 жылы активтерінің көлемі 384446767 мың теңге болған. Талдау мерзіміне кірген жылдар аралығында «Қазмырыш» ЖШС–нің активтерінің көлемі 322% - ға, яғни үш еседен артық ұлғайған. Активтерінің мұндай қарқынды өсуіне «Қазмырыш» ЖШС осы жылдар аралығында жүзеге асырған ірі инвестициялық жобаларымен қатар (мысалы 2010 жылдың қыркүйек айында іске қосылуы тиіс жаңа Мыс қорыту зауыты), 2009 жылдың ақпан айындағы ҚР Ұлттық банкі тарапынан жүзеге асырылған девальвациясы да әсерін тигізді. Себебі бұл компания өнімдері көбінде экспортқа бағытталғандықтан, шетел валютасымен есептелетін активтерінің көлемі де қомақты. Активтердің құрамындағы қысқа мерзімді активтерінің көлемі 2005 жылы 52922968 мың теңгені құраған, яғни барлық активтердің 44,3% үлесін алған, қалған 55,7% активтері немесе 66482408 мың теңгесі ұзақ мерзімді активтер болған. 2006 жылы қысқа мерзімді активтерінің абсолюттік көлемі азайған, 48608272 мың теңге немесе жалпы активтердің 40,25% құраған. Ұзақ мерзімді активтерінің абсолюттік көлемі қарқынды өсіп, жалпы активтерінің 59,75% құраған. 2007 жылы қысқа мерзімді активтердің сомасы 150447609 мың теңге немесе жалпы активтердің 53,8% құраған, яғни алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым ұлғайған. Ұзақ мерзімді активтері 46,2% үлес алған. 2008 жылы айналым қаражаттарының көлемі 148018684 мың теңге мөлшеріне дейін азайған және барлық активтерінің 38,8% құраған, есесіне ұзақ мерзімді активтері жалпы активтердің 61,2% құрап, 233216475 мың теңгеге дейін өскен. 2009 жылы «Қазмырыш» ЖШС-нің қысқа мерзімді айналым активтерінің көлемі де, үлесі де азайған. Бұл кәсіпорынның активтерінің ішінде ең үлкен үлес негізгі қорлардың (құралдардың) үлесіне тиеді. Ал, қысқа мерзімді айналым активтерінің ішінде дебиторлық қарыздарының үлесі үлкен. Дебиторлық қарыздарының ұлғаюы «Қазмырыш» ЖШС өз серіктестерімен қызмет атқару, қарыз беру – қарыз алу мәселесінде үлкен проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Біз салыстырып талдап отырған үш алып кәсіпорынның ішінде әрине ең ірісі осы «Қазмырыш» ЖШС. Бұл компания Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорын және сәйкесінше ең ірі салық төлеуші болып табылады. Дегенмен, бұл алып кәсіпорынның капиталының көп бөлігі Швейцарияның «Гленкор» компаниясының иелігінде. Кәсіпорынның даму стратегиясын да, басқару құрылымын да анықтайтын және басшыларын тағайындайтын сол шетелдік инвесторлар. Келесі суретте «Қазмырыш» ЖШС–нің 2005 – 2009 талдау жылдары аралығындағы активтерінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістер көрнекі түрде көрсетілген.

 

 

Баланс баптары Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы Баланс
31.12.2005      
31.12.2006      
31.12.2007      
31.12.2008      
31.12.2009      
Ескертпе: «Қазмырыш» ЖШС қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған

6.21 сурет - «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолюттік өзгерістер динамикасы.

 

2005 – 2009 жылдар аралығындағы «Қазмырыш» ЖШС – ң активтерінің жалпы абсолюттік өсімі 3,5 есеге жуық ұлғайған. Ең қарқынды өсім 2007 жылы және 2008 жылы байқалған. 2007 жылы алдыңғы 2006 жылмен салыстырғанда активтердің жалпы сомасы 158791166 мың теңгеге немесе 231,5% -ға ұлғайған, оның ішінде қысқа мерзімді айналым активтерінің өсімі өте қарқынды түрде болған. Жалпы алғанда 2007 жылғы активтердің мұндай қарқынды өсуі әлемдік нарықтардағы түсті металл бағаларының өсуіне байланысты жүзеге асқан болар деген қорытынды жасауға болады. 2008 жылы да «Қазмырыш» ЖШС – ның активтерінің өсуі өте қарқынды дәрежеде болған және 2007 жылмен салыстырғанда 101680887 мың теңгеге немесе 136,4% -ға ұлғайған. 2009 жылы ғана активтердің өсу қарқыны бәсеңдеген және жалпы сомасы 384446767 мың теңгені құраған. «Қазмырыш» ЖШС активтерінің көлемі жөнінен «ҮМЗ» АҚ – ның активтерінен 8 есеге жуық үлкен, ал «Өскемен ТМК» АҚ – ның 2009 жылғы активтерінің көлемінен 15 еседен артық жоғары, алыптардың ішіндегі нағыз алпауыты болып табылады. Әрине, бұл үш кәсіпорын бір – біріне бәсекелес емес. Себебі олардың өндіретін өнімдері бір түсті металлургия саласына жатқанымен, түсті металлдардың әр түрлерін өңдеумен, өндірумен айланысады. «Қазмырыш» ЖШС – нің активтерінің құрамы мен құрамындағы салыстырмалы көрсеткіштерінің өзгерістерін келесі суретте бейнелеуге болады.

 

Баланс баптары Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы
31.12.2005 44,30% 55,70%
31.12.2006 40,25% 59,75%
31.12.2007 53,80% 46,20%
31.12.2008 38,80% 61,20%
31.12.2009 38,60% 61,40%
Ескертпе: «Қазмырыш» ЖШС қаржылық есеп құжаттары мәліметтерінің негізінде автор құрастырған

6.22 – сурет. «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістер динамикасы.

 

Суреттегі мәліметтер «Қазмырыш» ЖШС–нің талдау жылдарындағы активтерінің ішіндегі қысқа мерзімді айналым қаражаттарының үлесінің азайып, керісінше ұзақ мерзімді активтерінің үлесінің көбейгендігін көрсетеді. Әрине ұзақ мерзімді активтерінің ұлғаюы өнеркәсіп саласында қызмет атқаратын кәсіпорынның негізгі қорларына (құралдарына) жұмсалған инвестицияларының көбейгенін сипаттайды. Дегенмен айналымдағы қысқа мерзімді активтерінің үлесінің азаюы бұл компанияның балансының өтімділігіне, төлем қабілеттілігіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.

«Қазмырыш» ЖШС–нің пассивтеріндегі өзгерістерге, яғни меншікті капиталы мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерге келетін болсақ, келесі тенденцияларды байқауға болады.

2005 жылы бұл компанияның пассивтерінің жалпы сомасы 119405376 мың теңгені құраған, оның ішіндегі қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасы 39162541 мың теңге немесе барлық пассивтердің 32,8% құраған. Ұзақ мерзімді міндеттемелерінің сомасы 11460309 мың теңге (96%) болған.

«Қазмырыш» ЖШС–нің меншікті капиталының көлемі 2005 жылы 68782526 мың теңге немесе барлық пассивтерінің 57,6% құраған. 2006 жылы қысқа мерзімді міндеттемелері 19729233 мың теңгеге дейін күрт азайған және жалпы пассивтерінің 16,3% үлесін алған, ұзақ мерзімді міндеттемелері де азайып, 7677144,5 мың теңге немесе 6,5% құраған, меншікті капиталының сомасы 93356728 мың теңгеге дейін қарқынды өсіп, барлық пассивтерінің 77,2% құраған. 2007 жылы қысқа мерзімді міндеттемелері 35576797 мың теңге (12,7%), ұзақ мерзімді міндеттемелері 6598706 мың теңге (2,4%) және меншікті капиталы 237378769 мың теңге (84,9%) болған. 2008 жылы қысқа мерзімді міндеттемелері 53209868 мың теңгеге (13,9%) дейін ұлғайған, ұзақ мерзімді міндеттемелері де күрт өсіп, 81133674 мың теңге (21,3%) болған. Ал, меншікті капиталы 246891617 мың теңгені (64,8%) құраған. 2009 жылы «Қазмырыш» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелері 54111975 мың теңге немесе барлық пассивтерінің 14% үлесін алған, ұзақ мерзімді міндеттемелері 80175819 мың теңге немесе 20,8% болған. Меншікті капиталы 250158973 мың теңге немесе жалпы пассивтерінің 65,2% құраған. Келесі суретте «Қазмырыш» ЖШС – пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолютті өзгерістерінің динамикасы бейнеленген.

Компанияның қысқа мерзімді міндеттемелері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда күрт азайғаны болмаса, қалған уақыт мерзімдерінде тұрақты өсу тенденциясын байқатқан. Ұзақ мерзімді міндеттемелерінің көлемі 2005-2007 жылдар аралығында өте аз болып, жыл сайын азайып отырғанымен, 2008 жылдан бастап күрт ұлғайған (10 еседен артық). Бұл жағдайды «Қазмырыш» ЖШС–нің сол 2008 жылдан бастап Қазақстанның «30-корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына сәйкес жаңадан Мыс қорыту зауытының құрылысына ұзақ мерзімді несиелер мен займдар тарта басталғанымен түсіндіруге болады. Бұл зауыт 2010 жылдың қыркүйек айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен РФ Президенті Д.А. Медведевтің арасында өткен «Аймақаралық серіктестік» форумының аясында Өскемен қаласында ашылып, өз жұмысын бастады.

 

Ескертпе: «Қазмырыш» ЖШС қаржылық есеп құжаттарының негізінде автор құрастырған.

6.23 – сурет. «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдардағы пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы абсолюттік өзгерістердің динамикасы.

 

«Қазмырыш» ЖШС меншікті капиталы біз талдап отырған 2005 – 2009 жылдар аралығында кәсіпорын пассивтерінің ең үлкен үлесін алып отырған және үнемі өсу үстінде болған. 2007 жылы меншікті капиталы 93356728 мың теңгеден бірден 237378769 мың теңгеге дейін үш еседен артық күрт ұлғайған. Әрине, меншікті капиталының жеткіліктілігі кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан сенімділігі мен дамуына үлкен кепілдік береді.

Төмендегі суретте «Қазмырыш» ЖШС–нің 2005 – 2009 жылдар аралығындағы пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістердің динамикасы бейнеленген.

 

Баланс баптары Қысқа мерзімді міндеттемелері Ұзақ мерзімді міндеттемелері Меншікті капиталы
31.12.2005 32,80% 9,60% 57,60%
31.12.2006 16,30% 6,50% 77,20%
31.12.2007 12,70% 2,40% 84,90%
31.12.2008 13,90% 21,30% 64,80%
31.12.2009 14% 20,80% 65,20%

Ескертпе: «Қазмырыш» ЖШС қаржылық есеп құжаттарының негізінде автор құрастырған.

 

6.24 – сурет. «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдардағы пассивтерінің құрамы мен құрылымындағы салыстырмалы өзгерістердің динамикасы.

 

Жоғарыдағы қарастырылған, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында орналасқан түсті металлургия өнеркәсібі саласының үш алып кәсіпорындарының қаржылық – шаруашылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін салыстыра отырып талдау және қорытынды жасау үшін біз олардың келесі түрлерін таңдап алдық:

- меншікті капиталға шаққандағы пайда (ROE);

- активтерінің айналымдылығы;

- таза рентабельділігі;

- қаржылық левериджі;

- жалпы қарызының ақша ағымдарының көлеміне қатынасы;

- ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Бұл көрсеткіштердің 2005-2009 жылдар мерзіміндегі үш кәсіпорын бойынша есептелген шамаларын салыстыру кестесі төменде көрсетілген.


 

 

6.20-кесте. Салыстырудың негізгі көрсеткіштерінің 2005-2009 жылдар аралығындағы шамалары

 

           
  «ҮМЗ»АҚ «ТМК»АҚ «Қазмырыш»ЖШС «ҮМЗ»АҚ «ТМК»АҚ «Қазмырыш»ЖШС «ҮМЗ»АҚ «ТМК»АҚ «Қазмырыш»ЖШС «ҮМЗ»АҚ «ТМК»АҚ «Қазмырыш»ЖШС «ҮМЗ»АҚ «ТМК»АҚ «Қазмырыш»ЖШС
1. Меншікті капиталға шаққандағы пайда (ROE) (%)     0,2     0,27     0,6     27,5     0,16     0,7     10,1     0,1     0,9     1,4     0,14     0,9     0,21     0,01     1,1
2. Активтерінің айналымдылығы (КАА)   0,32   1,38   0,31   0,62   1,27   0,26   0,43   1,13   0,37   0,37   0,92   0,22   0,31   0,55   0,19
3. Қаржылық левериджі (КҚЛ)   0,18   0,05     0,74   0,17   0,14   0,29   0,13   0,35   0,18   0,13   0,7   0,54   0,12   1,37   0,47
4. Жалпы қарыздарының ақша ағымдарының көлеміне қатынасы (Кжқ/АА)   2,9       0,58   0,006   0,0   1,16   0,04   -0,1   3,13   0,33   -4,9   9,2   0,02   -1,4   21,18   -0,1
5. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағым, ө)     6,64     11,8     1,35     12,73     10,3     2,46     4,64     2,9     4,23     3,95     2,89     2,78     5,95     2,03     2,86
6. Таза рентабельділігі (RТ) (%)   0,7   8,5   0,9   29,8   7,86   5,4   18,9   2,8   4,2   3,4   3,47   1,2   2,4   1,07   1,0
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС мәліметтерінің негізінде автор есептеп, құрастырған

Біз қарастырған «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС негізгі талдау көрсеткіштерін жоғарыдағы кестеде анықтадық, олардың 2005-2009 жылдардағы өзгеру динамикасын көрнекті түрде бейнелеп, қажетті қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін, келесі суреттерге назар аударайық.

 

 


 

 

 


 

 

 


 

 


 

Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «Қазмырыш» ЖШС мәліметтері негізінде автор дайындаған

6.25 – сурет. «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК» және «Қазмырыш» ЖШС 2005 – 2009 жылдар аралығындағы негізігі көрсеткіштерінің өзгеруінің салыстырмалы динамикасы.

 

Жоғарыдағы суреттер жиынынан көріп тұрғанымыздай, салыстырып отырған кәсіпорындардың меншікті капиталға шаққандағы пайда мөлшері (ROE) «ҮМЗ» АҚ 2005 жылы 0,2 құраған, 2006 жылы 27,5 – ке дейін күрт өскен. Яғни, бұл кәсіпорынның меншікті капиталы пайда табу үшін өте жоғары деңгейде, тиімді пайдаланыла бастаған. Ал, 2007 жылы ROE көрсеткіші 10,1 – ге дейін күрт төмендеген, 2008 жылы 1,4 – ке дейін, 2009 жылы 0,21 – ге дейін құлдырап, 2005 жылдың деңгейіне дейін қайта түсіп қалған. «Өскемен ТМК» АҚ – ның ROE көрсеткіші 2005 жылы 0,27 құраған, 2006 жылы 0,16 – ға дейін төмендеген, 2007 жылы 0,1 – ге дейін төмендеп, 2008 жылы 0,14 – ке дейін шамалы өскенімен, 2009 жылы 0,01 дәрежесіне дейін күрт азайған. Жалпы талдап отырған мерзімде «Өскемен ТМК» АҚ–ның меншікті капиталға шаққандағы пайда мөлшері «ҮМЗ» АҚ сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда қалыпты, бірақ төмендеу динамикасын көрсеткен. «Қазмырыш» ЖСШ–нің ROE көрсеткіші төмен болғанымен 1 – дің маңайындағы қалыпты тенденция байқатқан. Ол көрсеткіштің ең төменгі мөлшері 0,6 (2005 жылы), ал ең жоғарғы мөлшері 1,1 (2009 жылы) байқалған. Яғни, бұл кәсіпорынның меншікті қаражаттарының пайда табу үшін пайдалану тиімділігі қалыпты, дегенмен төмен дәрежеде екендігі туралы тұжырым жасауға болады.

Үш кәсіпорынның активтерінің айналымдылық коэффициенттерін салыстыратын болсақ, бұл жерде анық байқалатын тенденция көрініп тұр: үшеуінің арасында өз активтерін өнімді өткізуден түсетін табысты (жалпы кірісті) қалыптастыруда неғұрлым тиімді пайдаланатын кәсіпорын – «Өскемен ТМК» АҚ. Ол 2005 жылдан (1,38) бастап өз активтерінің айналым жылдамдығын біртіндеп төмендеткенімен, басқа екеуімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш көрсеткен: 2006 жылы – 1,27; 2007 жылы – 1,13; 2008 жылы – 0,92; 2009 жылы – 0,55. Яғни, бұл көрсеткіштің айқын, тұрақты азаю тенденциясы байқалғанымен, басқалармен салыстырғанда «Өскемен ТМК» АҚ активтерінің өндіріс пен өнімді өткізудің барлық сатыларынан өту жылдамдығы жоғары. Бұл оның өндіретін өнімдеріне деген сұраныстың жоғарылығын байқатады. «ҮМЗ» АҚ мен «Қазмырыш» ЖШС активтерінің айналымдылығы бір – біріне жуық және 2006 – 2007 жылдардан бері қарай баяу төмендеу тенденциясын көрсетіп тұр.

Салыстырып отырған өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржылық леверидж коэффициенттерінің динамикалары бір – біріне қарама – қайшы тенденциялар байқатқан. Мысалы, «Өскемен ТМК» АҚ қаржылық левериджі 2005 жылы шырқау шегіне (1,37) жеткен. Яғни, ол кәсіпорынның қарыздарының мөлшері шамадан тыс ұлғайып, меншікті капиталының мөлшерінен асып кеткен. Бұл жағдай «Өскемен ТМК» АҚ – ның қаржылық тәуекелі деңгейінің басқаларымен салыстырғанда жоғары екендігі көрсетеді. Қаржылық леверидждің мұндай қарқынды өсуін «Өскемен ТМК» АҚ – ның Қазақстан қор биржасындағы және жалпы бағалы қағаздар нарығындағы белсенді инвестициялық саясатымен түсіндіруге болады. «Қазмырыш» ЖШС – ң қаржылық леверидж коэффициенті аса тұрақсыз тенденция байқатуда. 2005 жылы айтарлықтай жоғары деңгейде (0,74) болған бұл көрсеткіш 2006 жылы (0,29) және 2007 жылдары (0,18) азайып барып, 2008 жылы қайтадан 0,54 – ке дейін күрт ұлғайған, ал 2009 жылы (0,47) аздап төмендеген. Мұндай тұрақсыз тенденцияны «Қазмырыш» ЖШС басшылығы тарапынан жүргізілген қарыз алу саясатының тұрақсыздығымен түсіндіруге болады. «ҮМЗ» АҚ – ның қаржылық леверидж көрсеткішінің динамикасы тұрақтылық тенденциясын көрсетіп тұр. 2005 жылдан бастап «ҮМЗ» АҚ – ның қарыздарының меншікті капиталымен қамтамасыз етілу дәрежесі төмен деңгейде және одан әрі азаюда. Бұл жағдай «ҮМЗ» АҚ басшылығының қаржылық тәуекелдерге жол бермеу мақсатында байыпты да парасатты саясат жүргізіп отырғанын дәлелдейді. Меншікті капиталдың қарыздарын өтеу үшін жеткіліктілігі кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан сенімділігінің артуына оңтайлы ықпалын тигізетіні белгілі.

Кәсіпорыннның жалпы қарыздарының ақша ағымдарының көлеміне қатынасы оның қарыздарын өтеу қажеттілігі туындай қалған жағдайда, қолдағы ақша қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым ұлғайған сайын, қарыздардың көбейіп, ағымдағы ақша қаражаттарының тапшы бола бастағандығына көз жеткізуге болады. Осы тұрғыдан келгенде талдап отырған үш кәсіпорынның арасында «Өскемен ТМК» АҚ – ның қарыздарының мөлшері көп екендігі көзге түсіп тұр. «ҮМЗ» АҚ мен «Қазмырыш» ЖШС көрсеткіштері төменгі дәрежеде, яғни кейбір жылдары ол теріс шама көрсеткен. Бұл олардың өз қарыздарымен салыстырғандағы ағымдағы ақша қаражаттары көлемінің артығымен жететіндігі дәлелдейді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің үш кәсіпорындағы динамикасының айқын тенденциясы байқалмайды. Яғни, бұл көрсеткіш қарастырып отырған үш кәсіпорында да бірде өсіп, бірде кеміп, тұрақсыз болып қалуда. Дегенмен олардың барлығында ағымдағы активтер мөлшерінің ағымдағы міндеттемелерін өтеу нормативі екіден кем емес, тұрақты түрде сақталатыны байқалады. Басқаша айтсақ, ұзақ мерзімді перспективада болмаса, қысқа мерзім аралығында, яғни жақын бір жылдың ішінде қаржылық тұрақсыздық қаупі байқалмайды.

Соңғы, таза рентабельділік көрсеткішіне келетін болсақ, бұл жерде де тұрақты да айқын тенденцияны атап көрсету қиын. Дегенмен үш кәсіпорынның да соңғы екі – үш жылда таза рентабельділік көрсеткіштерінің өте төмен деңгейге құлдырауы байқалады. Әрине бұл әлемдік дағдарыстың салдарынан да орын алуы мүмкін. 2006 жылдан бастап бұл үшеуінің арасында «ҮМЗ» АҚ – ның жұмысының тиімділігі салыстырмалы түрде жоғары деңгейде болған: 2006 жылы – 29,8%, 2007 жылы – 18,9%, 2008 жылы – 3,4% және 2009 жылы 2,4%. «Өскемен ТМК» АҚ – ның таза рентабельділік көрсеткіші 2005 жылы ең жоғарғы деңгейде (8,5%) болғанымен, кейінгі жылдары үнемі төмендеп отырған; 2006 жылы – 7,86%; 2007 жылы – 2,8%; 2008 жылы – 3,47% және 2009 жылы – 1,07% мөлшерінде болған. «Қазмырыш» ЖШС сәйкес көрсеткіші үш кәсіпорынның арасында ең төменгі дәрежеде болған: 2005 жылы – 0,9%; 2006 жылы – 5,4%; 2007 жылы – 4,2%; 2008 жылы – 1,2% және 2009 жылы – 1,0% төңірегінде болған.

Жалпылама қорытындылай келгенде біз салыстырған үш кәсіпорынның арасында неғұрлым ірісі – «Қазмырыш» ЖШС болғанымен, салыстырмалы, сапалық көрсеткіштері бойынша көшбасшы кәсіпорын – «ҮМЗ» АҚ деген қорытынды жасауға болады. Дегенмен жоғарыда қарастырылған жетістіктерімен қатар «ҮМЗ» АҚ – ның кемшіліктерін түзеу мақсатында олардың қызметін нақты, жан – жақты және терең түрде талдап алу қажет.

Сондықтан келесі бөлімде біз «ҮМЗ» АҚ – ның өндірістік – қаржылық қызметін талдауға арнауды жөн көрдік.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1183. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия