Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдау





«Үлбі металлургия зауыты» АҚ қызметін басқарудың басты мақсаты – «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық акционерлік компаниясы АҚ осы кәсіпорынға қатысты стратегиясын жүзеге асыру мен стратегиялық тұрғыдан басқару. «ҮМЗ» АҚ «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық акционерлік компаниясының еншілес кәсіпорны бола отырып, дербес бизнес – қызметін жүзеге асырады. Ол өз қызметінде ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңын, «ҮМЗ» АҚ Жарғысын негізге алады және «Қазатомөнеркәсібі» ҰАҚ жалпы стратегиялық саясатының аясында жұмыс істейді [171].

«ҮМЗ» АҚ-ның басқару органдарына мыналар кіреді:

1) Жоғарғы басқару органы – Жалғыз акционер (АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы);

2) Басқару органы – «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесі;

3) Атқарушы орган – «ҮМЗ» АҚ Басқармасы;

4) Бақылаушы орган – Ішкі аудит қызметі;

«ҮМЗ» АҚ ұйымдық құрылымы Г-Қосымшасында көрсетілген.

Қарастырып отырған кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен сапалық құрылымын 2005 – 2009 жылдар мәліметтері негізінде талдайық.

Активтердің икемділік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді ағымдағы активтердің жалпы құнындағы үлесін көрсетеді, яғни активтердің өтімділігінің дәрежесін сипаттайды.


(6.1)

 

Талдау мерзіміндегі бұл коэффициенттің өзгерісі келесі 6.21 - кестеде көрсетілген.

6.21 - кесте – «ҮМЗ» АҚ 2005 – 2009 жылдардағы активтерінің икемділік коэффициенті

Көрсеткіштер 31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Активтердің жалпы құны (баланс) (мың теңге)          
Активтердің икемділік коэффициенті 0,6845 0,7067 0,4253 0,3344 0,3731
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері [171] негізінде автор есептеген

 

Бұл көрсеткіш бірде шамалы ұлғаяды, бірде азаяды: 2005 жылы 0,6845, 2006 жылы 0,7067 дейін ұлғайған да, 2007 жылы қайтадан 0,4253, 2008 жылы 0,3344, 2009 жылы 0,3731 – ге дейін азайған. Есептеулер нәтижесінде активтердің құрылымында бірде оң, бірде теріс өзгерістер байқалатыны туралы қорытындыға келуге болады. Кәсіпорынның қолда бар ресурстарының икемділігі негізінен төмендеп барады, олардың айналымдылығы азаюда және пайдалану тиімділігі тұрақсыз.

Икемді және иммобилизацияланған (икемсіз, оқшауланған) активтердің ара қатынасының коэффициенті келесі формуламен анықталады:

 


(6.2)

 

 

Бұл көрсеткіштің дәрежесі 0,5 – тен кем болмауы керек. Басқаша айтсақ, талдап отырған кәсіпорынның икемді, ағымдағы (қысқа мерзімді) активтердің көлемі ұзақ мерзімді (икемділігі төмен) активтердің көлемінен жоғары болуы керек. 2005 – 2009 жылдардағы бұл көрсеткіштің мәндерін келесі 6.22 - кестесінде көрсетуге болады.

6.22 - кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ икемді және иммобилизацияланған (икемсіз) активтерінің ара қатынасының коэффициенті

Көрсеткіштер          
Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Икемді және иммобилизацияланған (икемсіз) активтердің ара қатынасының коэффициенті 2,1694 2,4092 0,7399 0,5025 0,5951
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтер негізінде [171] автор есептеген

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтеріне сәйкес, 2005 – 2006 жылдары бұл көрсеткіштің шамасы нормативтік 0,5 деңгейінен әлдеқайда төмен екендігі, яғни өтімді активтерінің тапшылығы байқалады. 2007 жылы 0,7399 мөлшерінде көрсеткіштің дәрежесі өте жоғары болған, 2008 – 2009 жылдары аталған көрсеткіштің шамасы аздап төмендегенімен, нормативтен (0,5) жоғары деңгейде қалған. Соңғы жылдары 2007 жылмен салыстырғанда кәсіпорынның айналым қаражаттарының көлемі де, үлесі де азайғанымен, қалыпты деңгейде қалғанын айта кету орынды.

Негізгі қорлардың (құралдардың) нақты құнының коэффициенті негізгі қорлардың активтердегі үлесін сипаттайды және оның үлесі барлық активтердің 0,5 (жартысынан) кем болмауы керек. Ол келесі формуламен анықталады:


(6.3)

 

 

Аталған көрсеткіштің 2005 – 2009 жылдар аралығындағы өзгеру динамикасы келесі кестеде бейнеленген.

6.23 - кесте –2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ негізгі қорларының (құралдарының) нақты құнының коэффициенті

Көрсеткіштер          
Негізгі қорлар (құралдар) (мың теңге)          
Активтердің жалпы құны (баланс) (мың теңге)          
Негізгі қорлардың (құралдардың) нақты құнының коэффициенті 0,2310 0,2213 0,2387 0,2568 0,3517
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтер негізінде [171] автор есептеген

 

6.23 - кесте мәліметтері негізінде жүргізілген есептеулердің нәтижесінде «ҮМЗ» АҚ негізгі қорларының (құралдарының) жетіспейтіндігі туралы қорытындыға келуге болады. Себебі бұл коэффициент қабылданған нормативтен төмен. Талдау жүргізілген бес жылдың ішінде көрсеткіш нормативке жетпеген, тек 2009 жылы ғана шамалы көбейген.

«ҮМЗ» АҚ активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдауды өтімділік коэффициенттерінің көмегімен жүзеге асырамыз. Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігін сипаттайтыны белгілі. Олардың қатарына мыналар кіреді:

1) Таза айналым (жұмыс істеуші) капиталы;

2) Ағымдағы өтімділік коэффициенті;

3) Жедел өтімділік коэффициенті;

4) Абсолюттік өтімділік коэффициенті.

Кәсіпорын активтерінің өтімділігін талдаған кезде таза айналым капиталын (ТАК) есептеудің маңызы зор. Ол келесі формуламен есептеледі:

 

ТАК = ҚМА – ҚММ (6.4)

Мұндағы: ҚМА - қысқа мерзімді активтер;

ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер.

Келесі 6.24 – кестеде есептелгендей, «ҮМЗ» АҚ таза айналым капиталы талдау мерзімінің барлық жылдарында оң шама көрсеткен. 2005 жылы оның мөлшері 19943193 мың теңге, 2006 жылы 27743672 мың теңгеге дейін ұлғайған, 2008 жылы 11285546 мың теңгеге дейін азайып, 2009 жылы қайтадан өсіп, 14730955 мың теңгені құраған. Бұл жерде қысқа мерзімді активтердің сомасы қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасынан біршама жоғары болған. Мұндай жағдайда «ҮМЗ» АҚ-ның болашақта өз қызметін кеңейтуге және дамытуға қажетті қаржы ресурстары бар деген қорытындыға келуге негіз бар.

6.24 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ таза айналым капиталы

Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Таза айналым капиталы (мың тенге)          
Ескертпе:«ҮМЗ» АҚ мәліметтері [171] негізінде автор есептеген

 

Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу үшін ағымдағы қысқа мерзімді активтерінің жеткіліктілігін сипаттайды.

Бұл көрсеткіш келесі формуламен есептеледі және 2 – ден кем болмауы керек:


(6.5)

 

«ҮМЗ» АҚ ағымдағы өтімділік коэффициентінің өзгерістерінің динамикасын келесі кестеде көрсетуге болады

6.25 - кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ ағымдағы өтімділік коэффициентінің өзгерісі

Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 6,6431 12,7285 4,6372 3,9506 5,9499
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Қарастырып отырған бес жылдың ішінде «ҮМЗ» АҚ-ның ағымдағы өтімділік коэффициенті қабылданған нормативке сай, жоғары болған. 2005 жылы қысқа мерзімді міндеттемелердің әрбір теңгесінің үстінен 6,64 теңге ағымдағы активтер келген, 2006 жылы – 12,73 теңге, 2007 жылы 4,64 теңге, 2008 жылы 3,95 теңге және 2009 жылы 5,95 теңгеден келген. Бұл коэффициенттің шамасы айтарлықтай жоғары деңгейде болып келгендіктен, «ҮМЗ» АҚ-ның өз мойнына алған қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу үшін қысқа мерзімді активтерінің мөлшері артығымен жеткілікті болған.

Жедел өтімділік коэффициенті кәсіпорынның өтімді активтеріне жататын ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді дебиторлық қарыздарының қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге жеткіліктілігін сипаттайды және келесі формуламен есептеледі:

 

 


(6.6)

 

 

Бұл көрсеткіштің нормативтік деңгейі 1- ден кем болмауы керек. 2005 – 2009 жылдар аралығында «ҮМЗ» АҚ-ның жедел өтімділік коэфициентінің анық көрінетіндей тенденциясы болмаған. 2005 жыл мен 2008 жыл аралығында бұл көрсеткіш нормативтен төмен болған. Есептеулер нәтижесі көрсеткендей, 2006 жылы, 2007 жылы және 2009 жылы аталған көрсеткіш 1 – ден жоғары болып, өтімді активтердің есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі жеткілікті болған.

6.26 - кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ жедел өтімділік коэффициентінің өзгерісі

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)          
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз (мың теңге)          
Өтімді активтер (мың тенге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)            
Жедел өтімділік коэффициенті 0,8505 3,3526 1,2308 0,6995 1,1433    
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Абсолюттік өтімділік коэффициенті кәсіпорынның ақша қаражаттарының қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуі үшін жеткіліктілігін сипаттайды және келесі формуламен анықталады:

 

(6.7)

 

Бұл көрсеткіштің әлемдік тәжірибеде қабылданған ең төменгі мөлшерінің нормативі 0,2 – ден кем болмауы керек. Көрсеткіштің шамасындағы өзгерістер 6.27 - кестеде көрсетілген

6.27 - кесте. 2005 -2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ абсолюттік өтімділік коэффициентінің өзгерісі

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Абсолюттік өтімділік коэффициенті 0,0771 1,2326 0,7958 0,2740 0,7068  
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтерінің негізінде автор есептеген

 

Абсолюттік өтімділік коэффициентінің шамаларының өзгеруінің айқын байқалып тұрған тенденциясы көрінбейді. 2005 жылы оның шамасы нормативтен мүлдемге төмен (0,0771).

2008 жылы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебінен «ҮМЗ» АҚ барлық қысқа мерзімді міндеттемелерінің 27,4% төлей алатын мүмкіндігі болған, 2009 жылы 70,68%, ал 2006 жылы толық көлемде төлеу қабілеті байқалған. Сондықтан қарастырылып отырған мерзімде бұл кәсіпорынның активтерінің өтімділігі туралы біржақты пікір айту қиын.

«ҮМЗ» АҚ-ның төлем қабілеттілігін талдаған кезде төлем қабілеттілігінің қаржылық коэффициентері есептеледі. Егер мұндай коэффициенттердің нақты шамасы әлемдік тәжірибе мен ғылымда қалыптасқан нормативтерге сәйкес келмесе, оларды динамикасына қарап бағалайды. Оларға:

1) Таза айналым капиталының икемділік коэффициенті;

2) Айналым қаражаттарының активтердегі үлесі;

3) Меншікті айналым қаражаттарының айналым активтерінің жалпы сомасындағы үлесі;

4) Қосалқы қорлардың айналым қаражаттарындағы үлесі жатады.

Таза айналым капиталының икемділік коэффициенті кәсіпорынның айналым жылдамдығы төмен, баяу өтетін активтері мен таза айналым капиталының қатынасын сипаттайды (нормативі 0 – ден 1 – ге дейін болуы керек) және келесі формуламен анықталады:

 


(6.8)

 

 

«ҮМЗ» АҚ-ның 2005 – 2009 жылдардағы таза айналым капиталының икемділік коэффициентінің динамикасы 6.28 - кестеде есептеліп, көрсетілген.

6.28 - кесте 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ таза айналым капиталының икемділік коэффициентінің өзгерісі

Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Баяу өтетін (өтімділігі төмен) активтер (мың теңге)          
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың тенге)          
Таза айналым капиталы (мың теңге)          
Таза айналым капиталының икемділік коэффициенті 0,9793 0,6170 0,5267 0,8123 0,7194    
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтерінің негізінде автор есептеген

 

Есептеулер нәтижесінде кәсіпорынның айналым қаражаттарының активтердің жалпы сомасындағы үлесі үлкен екенін және әр жылдары 0,7067 – ден 0,3344 – ке дейін өзгергендігі байқалды. 2009 жылы активтердің әрбір теңгесіне 37 тиын айналым қаражаттары келгендігі анықталды, 2008 жылы – 33 тиын, 2007 жылы – 43 тиынға жуық, 2006 жылы – 71 тиын, ал 2005 жылы – 68 тиыннан келген.

«ҮМЗ» АҚ-ның айналым қаражаттарының жалпы активтердегі үлесін келесі формуламен есептейміз және есептеу нәтижелерін 6.29 - кестеде көрсетеміз:

(6.9)

 

6.29 – кесте. «ҮМЗ» АҚ-ның 2005 – 2009 жылдардағы айналым қаражаттарының активтердің жалпы сомасындағы үлесі.

 

Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді активтердің (айналым қаражаттарының) қорытындысы (мың теңге)          
Активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Айналым қаражаттарының активтердегі үлесі 0,6845 0,7067 0,4253 0,3344 0,3731
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының айналым активтерінің жалпы сомасындағы үлесі (ҮлесМАҚ/ЖАҚ) шаруашылық субъектісінің өзінің меншікті айналым қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. 2005 жылы меншікті айналым қаражаттарының жалпы айналым қаражаттарындағы үлесі 0,7743, 2006 жылы 0,7980 – ге дейін ұлғайған, 2008 жылға қарай 0,6525 – ке дейін азайған, ал 2009 жылы қайтадан 0,7055 – ке дейін көбейген. Дегенмен 2005 – 2008 жылдар кезеңінде меншікті айналым қаражаттарының қысқа мерзімді активтер сомасындағы үлесі қомақты болған.

 


(6.10)

 

 

Осы көрсеткішті есептеу нәтижелері келесі кестеде жинақталған.

6.30 - кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ айналым активтерінің жалпы сомасындағы меншікті айналым қаражаттарының үлесі

Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Капитал қорытындысы (мың теңге)          
Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Меншікті айналым қаражаттары (мың тенге)          
Қысқа мерзімді активтердің корытындысы (мың теңге)          
Айналым активтеріндегі меншікті айналым қаражаттарының үлесі 0,7743 0,7980 0,7221 0,6525 0,7055    
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Айналым активтеріндегі қосалқы қорлардың үлесі кәсіпорын қоймасында сақталған тауарлық – материалдық қорлардың айналым активтерінің жалпы сомасына қатынасы арқылы анықталады.


(6.11)

 

 

Есептеулер нәтижелері бойынша қысқа мерзімді активтер, яғни айналым қаражаттарының ішіндегі қосалқы қорлардың үлесі жоғары. 2005 жылы кәсіпорынның жалпы айналым қаражаттарындағы қосалқы қорлардың үлесі әрбір теңгеге шаққанда 0,8316 теңгені құраған, 2007 жылы оның ағымдағы активтердің әрбір теңгесіне шаққандағы үлесі 0,4131 теңгені құраған, ал 2009 жылы 0,5985 болған. «ҮМЗ» АҚ қосалқы қорларының айналым қаражаттарының құрамындағы үлесінің 2005 – 2009 талдау жылдарындағы өзгерісін 6.31 – кестеде көрнекі түрде бейнелеуге болады.

6.31 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ айналым қаражаттарындағы қосалқы қорлардың үлесі

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қосалқы қорлар          
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қосалқы қорлардың айналым қаражаттарындағы үлесі 0,8319 0,5689 0,4131 0,6067 0,5985
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын талдаған кезде келесі көрсеткіштер қолданылады:

1) Қаржылық тәуелсіздік (автономия) коэффициенті;

2) Қарыз қаражаттары (тәуелділік) коэффициенті;

3) Қаржылық леверидж (кәсіпорынның қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттарының қатынасы коэффициенті);

4) Меншікті капиталдың икемділік коэффициенті;

5) Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті.

Автономия коэффициенті кәсіпорынның меншікті қаражаттарының жеткіліктілігін немесе оның сырттан тартылған қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігін сипаттайды және келесі формуламен өрнектеледі:

(6.12)

 

Есептеу нәижелері «ҮМЗ» АҚ-ның автономия коэффициентінің нормативпен салыстырғанда барынша жоғары екендігін, яғни оның сыртқы қарыз қаражаттарынан тәуелсіз екендігін көрсетті. Қарастырып отырған мерзім аралығында бұл көрсеткіштің шамасы 0,8455 – тен (2005 жылы) төмендемеген және 2009 жылы ең жоғары шегіне жеткен (0,8901).

6.32 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ автономия коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Капитал қорытындысы (мың теңге)          
Баланс қорытындысы (мың теңге)          
Автономия коэффициенті 0,8455 0,8573 0,8818 0,8838 0,8901
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Қарыз қаражаттарының коэффициенті (немесе тәуелділік коэффициенті деп аталады) кәсіпорынның өз мойнына алған міндеттемелері мен қарыздарын өтеуі үшін активтерінің жеткіліктілігін көрсетеді және оның мөлшері 0,5 – тен аспауы керек. Басқаша айтсақ, кәсіпорынның алған міндеттемелері мен қарыздарының көлемі оның жалпы активтерінің сомасының жартысынан аспауы тиіс, ол келесі формула арқылы есептеледі:


(6.13)

 

Төмендегі кестеде «ҮМЗ» АҚ-ның талдау мерзіміндегі міндеттемелері мен қарыздарының мөлшері 0,5 – тен аспаған. 2005 жылы бұл коффициенттің шамасы ең жоғарғы деңгейде (0,1545) болған, 2009 жылдың соңына қарай 0,1099 – ға дейін төмендеген, яғни «ҮМЗ» АҚ-ның қарыздардан тәуелділігі төмен.

6.33 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ қарыз қаражаттарының коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді міндеттемелер қорытындысы (мың теңге)          
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Барлық міндеттемелері (мың теңге)          
Баланс қорытындысы (мың теңге)          
Қарыз қаражаттарының коэффициенті 0,1545 0,1427 0,1182 0,1162 0,1099
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Кәсіпорынның қаржылық левериджі оның міндеттемелерін орындауы үшін меншікті капиталының жеткіліктілігін көрсетеді және оның шамасы 1 – ге таяған сайын кәсіпорынның қарыз капиталынан тәуелділігі жоғары деп есептеледі:


(6.14)

 

«ҮМЗ» АҚ 2005 – 2009 жылдардағы қаржылық левериджін есептеу нәтижелері мен өзгерістерінің динамикасын келесі кестеде көрсетуге болады.

6.34 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ қаржылық левериджі

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Қысқа мерзімді міндеттемелер қорытындысы (мың теңге)          
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Капитал қорытындысы (мың теңге)          
Қаржылық леверидж 0,1827 0,1665 0,1340 0,1315 0,1235
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Талдау мерзіміндегі қаржылық леверидж көрсеткіші 1 – ден айтарлықтай төмен болған, оның шамасы 0,1827 (2005 жылы) аспаған. 2009 жылы қаржылық леверидж шамасы 0,1235 болған, яғни «ҮМЗ» АҚ-ның меншікті капиталы оның барлық міндеттемелері мен қарыздарын қайтаруға жеткілікті. Компания өз меншікті капиталының шамасын жеткілікті деңгейде ұстаған, қарыз қаражаттарынан тәуелділігі төмен.

Меншікті капиаталдың икемділік коэффициенті кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының меншікті капиталдың жалпы шамасындағы үлесін көрсетеді және оның нормативі 0,5 – тен кем болмауы керек.

 

(6.15)

Мұндағы: МК-меншікті капиталдың шамасы;

ҰМА-ұзақ мерзімді активтер.

Есептеулер нәтижесінде меншікті капиталдың икемділік коэффициенті 2005 – 2006 жылдары қойылатын талаптарға сай, оның шамасы 0,5 – тен жоғары, ал 2007 – 2009 жылдары керісінше икемді меншікті айналым қаражаттарының тапшылығы байқалған. Себебі бұл коэффициенттің 2007 жылдағы шамасы 0,3482, 2008 жылы 0,2469, 2009 жылы 0,2957 болып, нормативке жетпеген.

6.35 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ меншікті капиталының икемділік коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Капитал қорытындысы (мың теңге) 28999,896        
Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Меншікті айналым қаражаттары (мың теңге)          
Меншікті капиталдың икемділік коэффициенті 0,6268 0,6578 0,3482 0,2469 0,2957
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициентті оның меншікті айналым қаражаттарының ішіндегі неғұрлым икемділерінің (өтімділерінің) жалпы активтердегі немесе қосалқы қорларға шаққандағы үлесін көрсетеді. Оның нормативтік қалыпты шамасы 0,6-дан кем болмауы керек.


(6.16)

 

немесе

 


(6.17)

 

6.36 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ айналым қаражаттары- мен қамтамасыз етілу коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Капитал қорытындысы (мың теңге) 28999,896        
Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Меншікті айналым қаражаттары (мың теңге)          
Қосалқы қорлар (мың теңге)          
Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,9308 1,14038 1,7480 1,0754 1,1788
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Есептеу нәтижелері көрсеткендей, талдау мерзіміндегі коэффициент шамалары нормативке сай болған, яғни компанияның меншікті айналым қаражаттарының мөлшері оның қосалқы қорларының шамасынан жоғары болған. 2005 жылы тауарлық – материалдық қорлардың шамасы негізделген қажеттілік мөлшерінен аздап асып кеткен, оның шамасы «ҮМЗ» АҚ меншікті айналым қаражаттарының есебінен толық өтеле қоймаған, коэффициент шамасы 0,9308 болған. 2006 – 2009 жылдар мерзімінде бұл коэффициенттің шамасы 1 – ден жоғары болған, яғни компанияның меншікті айналым қаражаттарының мөлшері оның қосалқы қорларының мөлшерін толық көлемде жауып тұр.

«ҮМЗ» АҚ-ның талдап отырған мерзімдегі іскерлік белсенділігі мен рентабельдігіне талдау жасайық. Кез – келген кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне талдау жасағанда айналымдылық және рентабельділік көрсеткіштері қолданылатыны белгілі.

Айналымдылық коэффициенттерін белгілі бір уақыт мерзіміндегі айналым санымен немесе әрбір айналымның күн санымен есептелген ұзақтығымен есептеуге болады. Әрбір айналымның күн санымен есептелген ұзақтығын келесі формуламен анықтауға болады:

 

(6.18)

 

Айналымдылық коэффициенттерінің қатырына мыналар кіреді:

1) Активтердің айналымдылық коэффициенті;

2) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;

3) Негізгі қорлардың (құралдардың) айналымдылық коэффициенті (қор қайтарымдылығы);

4) Қысқа мерзімді активтердің айналымдылық коэффициенті;

5) Қосалқы қорлардың айналымдылық коэффициенті;

6) Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті;

7) Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті;

8) Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті;

9) Жұмыс істеп тұрған капиталдың айналымдылық коэффициенті;

10) Перманентті капиталдың айналымдылық коэффициенті.

Активтердің айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның активтерінің өндірістік циклдің барлық сатыларынан белгілі бір уақыт (1 жыл) аралығында өту жылдамдығын немесе өндірістік циклдің ұзақтығын көрсетеді.


(6.19)

 

«ҮМЗ» АҚ-ның активтерінің айналымдылығы да, өндірістік циклінің ұзақтығы да 1 жылдан артық мерзімді құрайтыны анықталды, ал активтердің бір айналымының ұзақтығы 2006 жылы 576 күн 2009 жылы 1155 күнге дейін ұзарған.

6.37 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ активтерінің айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Активтердің жалпы құны (баланс) (мың теңге)          
Активтердің айналымдылық коэффиициенті 0,3180 0,6246 0,4349 0,3709 0,3116
Айналым ұзақтығы (күн) 1132,02 576,41 827,83 970,56 1155,26
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері [ ] негізінде автор есептеген

 

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның меншікті капиталының айналым жылдамдығын сипаттайды және келесі формуламен есептеледі:


(6.20)

 

6.38 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ меншікті капиталының айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Капитал қорытындысы (мың теңге)          
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті 0,3761 0,7285 0,4932 0,4197 0,3501
Айналым ұзақтығы (күн) 957,12 494,15 729,99 857,75 1028,31
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтерінің негізінде автор есептеген

 

Талдау мерзімінде қарастырып отырған көрсеткіштің шамасы 0,7285 айналымынан (2006 жылы) 0,3501 айналымға (2009 жылы) дейін өзгерген. Бұл коэффициент деңгейінің төменгі «ҮМЗ» АҚ-ның өнімдерін өткізу көлемі жеткіліксіз, ақша қаражаттарын пайдалану белсенділігі төмен, капитал айналымының жылдамдығы баяу, яғни кәсіпорынның қаражаттарының бір бөлігі жұмыс істемегенін көрсетеді және олардың уақытша бос бөлігін табыс табудың басқа бағыттарына жұмсау қажеттілігін дәлелдейді.

Негізгі қорлардың (құралдардың) айналымдылық коэффициенті (қор қайтарымдылығы) кәсіпорынның негізгі қорларына жұмсаған қаражаттарының табыс түрінде қайтарылу мүмкіндігін сипаттайды. Ол келесі формулаға негізделеді:

(6.21)

 

Талдау кезеңіндегі бұл коэффициенттің ең төменгі шамасы 0,8860 айналымды құраған және айналым ұзақтығы жылына 406,32 күн болған. Ал ең жоғарғы деңгейі негізгі қорлар айналымдылығының жылдық мөлшері 2,8219 рет немесе 127,57 күнді құраған. Көрсеткіштің барық жылдардағы орташа шамасы 1,6702 рет немесе 248,45 күн болған. Есептеу нәтижелері бұл кәсіпорынның негізгі қорлары (құралдары) тиімді пайдаланылғанын және айтарлықтай табыс әкелетінін дәлелдейді.

6.39 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ негізгі қорларының (құралдарының) айналымдылық коэффициенті (қор қайтарымдылығы)

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Негізгі қорлар (құралдар) (мың теңге)          
Негізгі қорлардың (құралдардың) айналымдылық коэффициенті 1,3765 2,8219 1,82220 1,4446 0,8860
Айналым ұзақтығы (күн) 261,54 127,57 197,59 249,21 406,32
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Қысқа мерзімді активтердің айналымдылық коэффициенті олардың пайдаланылу тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:

 


(6.22)

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтеріне сәйкес, 2005 – 2008 жылдар аралығында 0,4646 – дан 1,1091 – ге дейін кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің айналымы ұлғайған. 2009 жылы бұл шама 0,8353 – ке дейін төмендеген. Есептелген көрсеткіштердің шамаларына қарап «ҮМЗ» АҚ өзінің қысқа мерзімді активтерін жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланғандығына көз жеткізуге болады.

6.40 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ мерзімді (ағымдағы) активтерінің айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қысқа мерзімді активтердің айналымдылық коэффициенті 0,4646 0,8838 1,0226 1,1091 0,8353
Айналым ұзақтығы (күн) 774,85 407,34 352,04 324,59 431,00
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Қосалқы қорлардың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның тауарлық – материалдық қорларының өткізілу жылдамдығын және олардың қоймада сақталуының орташа мерзімін көрсетеді.


(6.23)

 

Есептеулер көрсеткендей, «ҮМЗ» АҚ-ның аталған көрсеткіші 2007 жылға дейін аса қарқынды ұлғайғаны (1,5726 – ға дейін) байқалады, яғни тауарлық – материалдық қорларды өткізу жылдамдығы қарқынды түрде өскен. 2008 жылы бұл көрсеткіш 1,4266 – ға дейін төмендеген, яғни айналым активтерінің құрылымының өтімділігі нашарлай бастаған. 2009 жылы көрсеткіштің шамасы айтарлықтай төмендеген (0,9295) және бір айналымның ұзақтығы 387,31 күн болған. Қосалқы қорлардың айналым жылдамдығының баяулауы кәсіпорынның өндіріс пен өнімді өткізуге көп уақыт жұмсай бастағанының дәлелі, ол өз кезегінде ұйым қызметінің нәтижелеріне теріс ықпалын тигізеді.

6.41 – кесте. 2005 – 2008 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ қосалқы қорларының айналымдық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны (мың теңге)          
Қосалқы қорлар (мың теңге)          
Қосалқы қорлардың айналымдылық коэффициенті 0,4255 0,7204 1,5726 1,4266 0,9295
Айналым ұзақтығы (күн) 846,02 499,72 228,93 252,36 387,31
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өз серіктестері мен жабдықтаушыларына алдын – ала төлеген, әлі алынбаған алашақ қаражаттарының қайтарылу жылдамдығын сипаттайды және келесі формуламен анықталады:

 


(4.24)

 

«ҮМЗ» АҚ дебиторлық қарыздарының айналымдылық коэффициенті келесі түрде көрсетілген.

6.42 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ дебиторлық қарызының айналымдылық коэффициенті.

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны (мың теңге)          
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз (мың теңге)          
Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті          
Айналым ұзақтығы (күн) 90,20 67,84 33,02 34,97 31,62
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздың айналым ұзақтығы жылдан жылға қысқаруда, ал айналым саны жыл сайын өсуде. «ҮМЗ» АҚ басқа кәсіпорындарға берген коммерциялық несиесінің мөлшері азаюда және ол жағдай оның қызметінің нәтижелерінің жақсаруына ықпалын тигізуде. Кәсіпорын оңтайлы несие саясатын жүргізуде.

Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның басқа кәсіпорындардан алған қарыздарының мөлшерін және олардың қайтарылу жылдамдығын көрсетеді.

(6.25)

 

Бұл көрсеткішті есептеу нәтижелері келесі кестеде жинақталып көрсетілген.

6.43 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ кредиторлық қарызының айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны (мың теңге)          
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз (мың теңге)          
Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті 11,2678 11,7259 10,8102 9,3356 12,5355
Айналым ұзақтығы (күн) 31,95 30,70 33,30 38,56 28,72
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Біз талдап отырған 2005 – 2009 жылдар аралығында кредиторлық қарыздың айналым ұзақтығы 38,56 күннен аспаған. Мұндай жағдай «ҮМЗ» АҚ-ның алған қарыздары мен міндеттемелерін уақтылы, өзінің өндірістік және қаржылық қызметінің қажеттіліктеріне сай қайтара алу қабілетін дәлелдейді. Көрсеткіштің ең жоғарғы шамасы 2009 жылы (12,5355) байқалған. Өткен жылы материалдардың қосалқы қорлар түрінде болу уақыты оларды дайын өнімге айналдыру уақытына және дебиторлық қарыздың қайтарылу уақытына сәйкес келеді.

Инвестициялық капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялары мен инвестициялық мақсаттағы жылжымайтын мүлікке жұмсаған жиынтық инвестицияларының табыс (кіріс) түрінде қайту ұзақтығын сипаттайды.


(4.26)

 

 

Өз кезегінде инвестициялық капиталдың құрылымын жоғарыда айттық. Талдау нәтижелері көрсеткендей, инвестициялық капиталдың айналымдылық коэффициентінің өзгеруі айқын тенденцияға ие емес. Себебі «ҮМЗ» АҚ-ның жұмсаған қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының мөлшері өте аз өзгерген. 2009 жылдың соңында бұл көрсеткіштің жылдық шамасы 4,8300 айналым болған, ал бір айналымның ұзақтығы 75,53 күнді құраған. Кәсіпорынның талдау мерзіміндегі инвестициялық капиталының айналымдылық коэффициентінің өзгеру динамикасы келесі 6.44 – кестеде көрсетілген.

6.44 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ инвестициялық капиталының айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар (мың теңге)          
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар (мың теңге)          
Инвестициялық мақсаттағы жылжымайтын мүлік (мың теңге)          
Инвестицияланған капитал (мың теңге)          
Инвестициялық капиталдың айналымдылық коэффициенті          
Айналым ұзақтығы (күн) 9,39 60,73 84,22 48,26 74,53
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

Жұмыс істеп тұрған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның таза айналымда, қолданыста жүрген активтерінің табысты қалыптастырудағы қосқан үлесін көретеді:


(6.27)

 

Таза айналым капиталы кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмасы арқылы анықталатынын біз жоғарыда қарастырып кеткенбіз.

6.45 – кесте. 2005 – 2009 жылдардағы «ҮМЗ» АҚ жұмыс істеп тұрған (айналымдағы) капиталының айналымдылық коэффициенті

  Көрсеткіштер Жылдар
31.12.2005 31.12.2006 31.12.2007 31.12.2008 31.12.2009
Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс (мың теңге)          
Қысқа мерзімді активтердің қорытындысы (мың теңге)          
Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)          
Таза айналым капиталы (мың теңге)          
Жұмыс істеп тұрған (айналымдағы) капиталдың айналымдылық коэффициенті 0,5469 0,9591 1,3038 1,4850 1,0040
Айналым ұзақтығы (күн) 658,21 375,33 276,12 242,43 358,56
Ескертпе: «ҮМЗ» АҚ мәліметтері негізінде автор есептеген

 

2005 – 2008 жылдар кезеңінде көрсеткіш ұлғайып отырған, жұмыс істеп тұрған айналымдағы капиталдың айналым жылдамдығы шапшаңдаған. Өндірістік қызметте тікелей пайдаланылатын капиталдың бір айналымының ұзақтығы 2008 жылы 242,43 күнді құраған. 2009 жылы көрсеткіш айналымдылығы баяулаған және жылына 1,0040 ретке дейін төмендеген, ал айналым ұзақтығы 358,56 күнге дейін ұзарған.

Перманентті капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның меншікті капиталы







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1145. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия