Студопедия — Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары






 

Қаржылық тұрақтылық – ол кәсіпорынның қаржылық «саулығы», осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Теориялық негізде көрсеткендей, қаржылық тұрақтылық капиталдың құрылымымен тығыз байланысты. Ал кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңыздылығы ретінде активтердің жабық көздерінің құрылымын білдіреді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және меншікті айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі мен оны шаруашылық бағытта тиімді қолдану, анық есептік ұйым, тұрақты базаның болуын айтамыз.

Қаржылық тұрақтылықтың маңыздылығының жаңа көзқарасы екі жақты болып келеді, оны бағалауда тұрақсыздықтың бір көрсеткішін анықтау керек. Бұл мақсатқа жету үшін капиталдың құрылымын анықтайтын классификацияны қолдану шарт. Қаржылық тұрақтылықтың классификациясының уақытша факторын қосу тек икемділік принципін жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар, оны предикативті мақсатта қолдануға болатынын көрсетеді.

Бұл классификацияны қолдануға оптимистік фактор (бұл капитал құрылымының динамикасы кәсіпорынның сыртқы қаржылық тұрақтылығын күшейтуге бағытталған) және теңдік нүктесі графикте көрсетілгендей тікелей қарыз (заем) және меншікті капиталдың қиылысуын көрсетеді, ол заемды капиталдың меншік капиталына қатынасы 1-ге тең болады[10].

Біздің ойымызша, бүгінгі таңда кәсіпорынның қаржылық классификациясы оптимистік фактор бойынша 4 деңгейде бейнеленуі тиіс: оптимистік қаржылық тұрақсыздық, оптимистік қаржылық тұрақтылық, пессимистік қаржылық тұрақтылық, пессимистік қаржылық тұрақсыздық, ол келесі 10 суретте көрсетілген.

 

а) оптимистік қаржылық тұрақсыздық б) оптимистік қаржылық тұрақтылық

 

 

теңдік нүктесі зк

МК2 қт

теңдік нүктесі ҚТ ұзк

ҰЗК ЗК МК қт

МК1

ЗК

қзк ұзк

қзк

уақыт уақыт

 

в) пессимистік қаржылық тұрақтылық г) пессимистік қаржылық тұрақсыздық

 

мк2
мк2 қт мк1

зк зк қт

қзк ұзк

қт МК 1 мк2

ұзк мк1

қзк

уақыт уақыт

10 сурет Қаржылық тұрақтылықтың оптимистік фактор бойынша классификациясы

мұндағы МК2-меншікті капитал;

ҚТ-қаржылық тұрақтылық;

ЗК-заемдық капитал;

ҰЗК-ұзақ мерзімді заемдық капитал;

ҚЗК-қысқа мерзімді заемдық капитал.

Көрсетілген классификация қарапайым тәжірибеде қолдануда тиімді деп есептейміз. Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың тәжірибесінде, қаржылық тұрақтылықтың маңыздылығын біржақты бағытты қабылдау, оның біржақты ғана әдісті бағалау болып табылады. Кең қолданылған коэффициенттелген әдіс керекті талаптарға жауап бермейді.

Кәсіпорынның активтерін қаржылық және қаржылық емес деп бөлінуі әлдеқайда тиімді әдістеме болып табылады. Ол кәсіпорынның ішкі қаржылық тұрақтылығын сипаттай отырып, сонымен бірге қаржылық тұрақтылықтың индикаторы ретінде қолданудың маңыздылығын ескеріп, оның сәйкестендірілген классификацияның негізі бола алады. Қаржылық тұрақтылық индикаторының классификациясының бейнесі төмендегі 11 суретте көрсетілген.

 

мк, өтімділік

мобильді қар-

жылық актив-

тер

мобильді емес таза несиелеу

қаржылық тұрақты

активтер

өтімді қаржы- тұрақсыз

лық емес

активтер таза тәуелділік


өтімді емес

қаржылық

емес активтер

 

0 тәуекел қысым тұрақты жеткілікті супертұрақтылық МК=0 ҚТ

тұрақтылық

11 сурет Меншікті капитал есебінен активтерді жабу деңгейіндегі қаржылық тұрақтылықтың классификациясы

 

Осы суретте кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін анықтауға жеңілдету жолдары көрсетілген.

Бағалаудың әмбебаптылық әдісі статистикалық көрсеткіштерін көрсету қажет, яғни қаржылық тұрақтылықтың әрбір жақтарының жеткіліктілігін және динамикалық көрсеткіштер жиынын көрсету керек. Ол үшін келесі 12 суретте бейнеленген кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың алгоритмін қолдану арқылы, біз қажетті көрсеткіштер жиынын аламыз. Қаржылық тұрақтылықтың индикаторы қаржылық тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін бағалаудың жабылу құрылымында қаржылық тұрақтылық индикаторы қолданылады, ол пассивтер құрылымында бағалаудың жеткіліктілігі автономия коэффициенті таңдалған және оның минималды көрсеткіші 0,6-ға тең екені ұсынылған зерттеуде дәлелденген.

 

1.

1.1 Баланс өтімділігін анықтау

 

таза байланыс

таза несиелеу И<0 негативті позитивті

И≥0 nМК≤nНА

қалаған уақытта өзгерісті есептеу
nМК≤nНА

 

 

пассивтер құрылымын зерттеу

1.2

Ка≥0,6

 

2.

 

 

пессимистік ЗК/МК>1

оптимистік ∆МК<ЗК∆

≥1ж. <1ж.

∆МК≥ЗК∆ ЗК/СК≥1 ЗК/МК≤1

 

>1ж

≤1ж

 

3.

 

12 сурет Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау алгоритмі

Алгоритмнің критерийлері сәйкесінше оның тігінен өтетіні көрсетілген, қарсы жағдайда факторлар коррекциясының төмендеуі қаржылық тұрақтылықтың деңгейіне әсері етеді. Алгоритмнің екінші бөлімінде, бағалау кезеңдерін жүргізу барысында факторларды анықтау үшін уақытша фактор қолданылуы қажет деп есептейміз. Көрсетілген алгоритм кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдісіне негізделген. Ол келесі кезеңдерді қамтиды:

а) 1 кезең – дайындық – қаржылық есептің экспресс-талдауын жүргізу – кәсіпорының қаржылық механизмдердің жүзеге асуының жалпы мәліметтері, жұмыстың неғұрлым төмен табыстылығының кезеңін айқындайды:

- пассивтердің құрылымын зерттеу;

- активтердің құрылымын зерттеу;

- жабылған құрылымын зерттеу;

- қаржылық тұрақтылық индикаторының есебі.

ә) 2 кезең – негізгі – нақтыланған мәліметтер негізінде бағалау алгоритмі көмегімен қаржылық тұрақтылықты бағалап, алдыға қояр бағыт беруді ұсынады:

- өткен кезеңге – ағымдағы қаржылық тұрақтылықты бағалау;

- кәсіпорынның неғұрлым төмен табысты кезеңдегі жұмысты экспресс – талдау нәтижесінде анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қолайсыз уақытта негативті факторлардың әсерін анықтау;

- белгіленген мерзімде кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің көрсеткішін бағалау;

б) 3 кезең – болжамдық – қаржылық жоспарды құру үшін жағдайларды қарастыру кезеңі болып табылады..

Ұсынылған әдіс ең алдымен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге кәсіпорынның басқа да тиімді қызмет көрсетудің көрсеткіштерін ескеруге көмектеседі және қаржылық жоспарды құру үшін керекті базаны дайындайды. Бағалаудың негізгі және дайындық кезеңдері және де талдау негізінде жүргізілген көрсеткіштер нәтижесін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын болашақта қамтамасыз етуге бағытталған жоспарға айналуы мүмкін.

Аталған әдіс соңғы есеп нәтижелерінде жүргізілген экспресс-талдауда кәсіпорынның ең төменгі көрсеткіштері анықталған, соның негізінде, қайта өңдеуге қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін факторларды бақылау ұсынылады.

Осы әдісті «Фирма Алтайпромснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын бағалауда қолдандық. Ол үшін соңғы соңғы үш жылдың яғни 2006-2008 жылдар аралығындағы қаржылық есеп құжаттарын пайдаландық. Бағалау нәтижесінде кәсіпорынның 2006 жылы қаржылық жағдайы тұрақты болып, ал 2008 жылы қаржылық тұрақсыздыққа ие болған. Әрбір жылдың қауіпті факторлары анықталып, оларды жоюға арнлаған ұсыныстар берілген.

Алдын ала анықталған тұрақтылық деңгейі қаржылық тұрақтылықтың пассивті құрылымын біртіндеп төмендетуді ұсынып, жабық көздерінің нақты бағалауы, қайта өңдеу пропорцияларын сақтау кезінде негізгі балансты тұрақтандырып қолдау.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің дебиторлық қарыздың үлес салмағын төмендету керек, ол оның қарыз капиталын қаржыландыруға кеткен бөлігін азайтады; ағымдағы активтердің үлесін көбейту; меншікті капиталдың пассивті құрылымындағы «Фирма Алтайпромснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қор деңгейін төмендетуді ұсынамыз, пассивтегі тиімділікті жоғарылатуда және меншікті капиталдың үлесін арттыру шараларын жүргізу. Міндетті түрде қаражат бөлігін активтерге қаржылық инвестицияларды құйса, қосалқы қорларды қаржыландыруға кеткен активтердің тиімділігін арттырады.

Ұсынылған бағалау әдісте негізгі мәліметтер ретінде кәсіпорынның балансы қолданылса, ал қаржылық тұрақтылыққа ықпалын тигізетін табыс деңгейін қаржылық қауқар қорының көрсеткіштерін қолдану қажет.

Осы айтылған ұсыныстың дәлеліне ұшбұрыш ұсынылған, оның жоғарғы шыңы шығынсыз нүктесі (Нш/з) болып табылады, ал нақты түсім нүктесі (Ннт), нақты шығын нүктесі (Ннш) төмендегі 13 суретте көрсетілген. Келесі 12 суретте кәсіпорынның қаржылық қауқар қоры мен пайда көлемінің қатынасын көре аламыз.


ш

ы

ғ З Нт Түсім

ы

н В П

д

а Б Қосылған шығындар

р Нш

Шығынсыз А

нүктесі

А Қққ ӨК

 

Б

 


өткізу көлемі

13 сурет Кәсіпорынның қаржылық қауқар қоры мен пайда көлемінің қатынасының көрінісі

 

13 суретте қаржылық қауқар қорының шығыны және тікелей түсімінің бұрышы қиылысуының функциясы мен пайдаға тәуелді екенінің формуласы шығарылған (Формула 5.1)

 

Кқққ=П*CosA*Cos(А+Б)/SinБ (5.1)

мұндағы Қққ – қаржылық қауқар қоры;

П – пайда;

А – тура жиынтық шығынның қиылысу бұрышы;

Б – тікелей түсімнің қиылысу бұрышы.

Кәсіпорынның қаржылық қауқар қорының пайдаға және басқа да тұрақты немесе ауыспалы шығындарға тәуелділігі графикті және тригонометриялы түрде дәлелденген. Шығынсыз график көмегімен қаржылық қауқар қорының алтернативті есеп формуласы анықталды (Формула 5.2):

 

Қққ=П(өнімді өткізу көлемі – ауыспалы шығын) * 100 %, (5.2)

мұндағы Қққ – қаржылық қауқар қоры;

П-пайда.

Қаржылық қауқар қорының алтернативті формуласы басқа есеп

формулаларымен салыстырғанда өте қарапайым қолданылады, себебі кәсіпорынның қаржылық есебін жүргізуде өзінің көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Оның негізінде кәсіпорынның қаржылық қауқар қорының толық бағалау әдістемесі құрастырылыған, ол төмендегі белгілерімен анықталған:

1) қаржылық қауқар қоры алтернативті формуласы бойынша есептеу;

2) өндіріс көлемі мен сату көлемін талдауының әсері қаржылық қауқар қоры арқылы қосалқы қорлар көлемін ескере отырып өндірістің көлеміне әсері;

3) қаржылық қауқар қорының шектеулі шегін және өткізу көлемінің тиімді өсімін есептеу.

Ғылымға алғаш рет қаржылық тұрақсыздықтың тұйық түсінігі енгізілген, ол сату көлемінің және өнімнің көлемі сәйкестенбеуінде пайда болып, есеп жүргізу кезінде анықталады. Осыдан келе, қосалқы қорлардың белгілі бір өсімі, сату көлеміне өзгеріс алып келеді. Бұл дәлел шығынсыз график жолымен көрсетілген. Ол үш түрлі нұсқада болуы мүмкін[11]:

а) сату көлемі өндіру көлеміне тең;

ә) сату көлемі өндіру көлемінен кем;

б) сату көлемі өндіру көлемінен артық.

Нақты сату көлемі қосалқы қорлар сомасының өзгеруіне әкелетін жағдай екі жақты қарастырылады, бірінші жағдайда қаржылық қауқар қорының бөлігі тұйық қаржылық тұрақсыздық болып табылады. Екінші жағдай 13 суретте ұсынылған.

Қаржылық қауқар қорының шектеуі – бұл жаңа түсінік болып табылады және ол экономикалық өсімін көрсететін және қаржылық қауқар қорының сомасы ретінде есептелетін формулалардың бірін қолданып есептеледі. Теория жүзінде кәсіпорын шығынсыз нүктесін жоюды көздеп, шектеу енгізуді мақсат етеді, сол себепті қаржылық қауқар қорын жоғарылатып, экономикалық дамудың қарқынымен шектелуі тиіс деп есептейміз.

Айтылған проблемаларды шешу үшін ақша айналымын жақсарту механизмі қолданылған, ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын күшейтуге бағытталған. Мұндай жұмыс кәсіпорынның ақша айналымын қалыптастыруда тиімді шешім қабылдауды ұсынады, ақша айналымының көлемін жоғарылату, қаржылық айналым активтердің оңтайлы құрылым көздерін қалыптастыру. Шығынсыз график жолымен көрсетілген екінші жағдай 14 суретте бейнеленген.

х2

шығындар

х1

п1 П2 с02

х0 2 с2

с01

х01

 

қққ1

қққ2

о ш/з 1 о ш/з 2 о р о п өндіріу көлемі

 

 

14 сурет Сату көлемі өндіру көлемінен кем кезеңдегі шығынсыз графигі

 

Осы суретте тұйық қаржылық тұрақсыздықтың өлшемі о ш/з 1 о ш/з 2 жуан сызықпен көрсетілген.

Кәсіпорынның ақша айналымын жетілдіру үш кезеңнен құралады: 1 кезең – талдау, 2 кезең – оңтайландыру, 3 кезең – алынған нәтижелер қорытындысын және ұсыныстарды тіркеу. Бірінші кезең нәтижесі үш аналитикалық кестеден тұрады. Ол төмендегі көрсеткіштерде келтірілген:

- айналымдағы активтерді қаржыландыру принципі;

- айналым активтерінің құрылымы;

- айналымдылық көрсеткіштерін талдау;

- активтердің өтімділігі;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсері.

Аталған шартты кестені құрастыруды ұсынамыз, ол қаржылық тұрақтылықтың оңтайлы жағдайымен үйлесіп, кәсіпорынның қор қайтарымдылығын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар, шешуші кестеде нақты баланс көрсеткіштерін өзгерту көмегімен қойылған шарттарға жетуге бағытталған.

Ақша айналымын оңтайландырудың екі кезеңінде, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен өндірістік кәсіпорынның айналым активтерінің құрылымын жетілдіру айтарлықтай проблема болып табылады.

Қаржылық тұрақтылықты бағалауда қолданылатын негізгі көрсеткіштер жиынтығы қолданылды. Әрбір көрсеткіш баланстың құрылымын сипаттайды, ал баланстың бір құрылымының өзгеруі баланстың толық өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тқрақтылығын қамтамасыз ететін моделі ауыспалы болып келеді. Ол келесі 15 суретте бейнеленген.

 

 


 

 

МК/ЗК

тиімділік

қаржылыққауқар

қоры

балансталған

есептұйыққаржылық

тұрақсыздық

 

 

15 сурет Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету моделі

 

Баланстық көрсеткіштерден басқа да жұмыс нәтижелілігі тәуелді болғандықтан, егер кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер оңтайлы болса, онда ол жан-жақты нәтижелі және балансталған болып табылады. Ұсынылған модельдің сыртқы сақинасындағы байланыстар математикалық есептеумен көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылықты ұстап тұратын математикалық есептеулер шығарылған. Олар келесілерге бағытталады:

1) меншікті капиталдың заемдық капиталдан үлкен немесе тең болуы (МК≥ЗК);

2) меншікті капитал қаржылық емес активтерден жоғары немесе тең болуы (МК≥ҚеА);

3) қаржылық активтер қаржылық емес активтерден жоғары немесе тең болуы (ҚА≥ҚеА);

4) айналым активтерінің айналымсыз активтерден жоғары болуы (АА≥АзА);

5) қаржылық айналым активтерінің 0-ден жоғары болуы (ҚАА>0);

6) қосалқы қорлар: дебиторлар: инвестиция және ақша қаражаттары ағымдағы активтерде тең үлесте болуы.

Зерттеу барысындағы анықталған математикалық байланыстар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық моделін ұсынып, баланс құрылымының оңтайлы әдісі ретінде 5.1 кестеде көрсетілген.

5.1 кесте Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық құрылымының типтік моделі

Көрсеткіштер Нормативтік шегі Есеп номері Есептеу формуласы Жеткілікті деңгейі (%)
Айналымнан тыс активтер (АТА) 53%   =А-АА 39-58
Қаржылық емес айналымнан тыс активтер (АТҚеА) 31%   =МК-З-3% 20-52
Қаржылық айналымнан тыс активтер (ҚАТА) 22%   =АТА-ҚеАТА 10-20
Айналым активтері (АА) 47%   =ЗК-1-3% 42-61
Ақша қаражаттары (АҚ) 3%   Айналым активтерінің оңтайлы құрылымы 2-5
Инвестициялар (Инв) 12%  
Дебиторлар (Д) 16%      
Қосалқы қорлар (Ққ) 16%   =ҰЗК-1% 6-21
Активтер (А) 100%      

7 кестенің жалғасы

Меншікті капитал (МК) 50%   МК 40-60
Ұзақ мерзімді заемдық капитал (ҰЗК) 17%   =Ка-МК 7-21
Қысқа мерзімді заемдық капитал (ҚЗК) 33%   =100%-МК-ҰЗК 30-40
Қысқа мерзімді несиелер (Н) 3%   =АҚ 2-5
Саудалық қарыз (СҚ) 30%   =ҚЗК-Н 29-38
Пассивтер (П) 100%      

 

Алынған нәтижелер қорытындысы кәсіпорын баланс құрылымы бойынша тәжірибелік мәні, әрбір кәсіпорын үшін қаржылық тұрақтылық деңгейіне жетуге және оны жоспарлау үрдісін жеңілдетеді. Осы есептеулердің кейбір қайшылықтары болғандықтан, қосымша автономия коэффициентіне әсерін тигізетін кәсіпорынның пассивтер құрылымын зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету моделі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Жұмысты қорытындылай келе құрылымындағы кез-келген ағымдағы активтерді қолдану бұл кәсіпорында қаржыны басқарудағы кемшілік екендігі көрсетілген. Дебиторлардың көбеюі – бұл несие саясатындағы жүргізілетін кемшілік, инвестиция – бұл қаражаттың негізгі қызмет бағытынан ауытқуын білдіреді. Әртүрлі деңгейдегі ағымдағы активтердің үш элементі: қосалқы қорлар, дебиторлық қарыз, бағалы қағаздар және ақша қаражаттары тең үлесте болуы тиіс. Ақша қаражатының көлемі мен қысқа мерзімдегі инвестициялардың көрсеткіштері өтімді болғандықтан бір – бірімен тығыз байланысты және есеп жүргізу кезінде олар бір формадан екінші формаға жеңіл ауысатын, пайдалануға ыңғайлы болып табылады, сондықтан оларды біртұтас элементі ретінде санауы мүмкін.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2454. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия