Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласы дамуының негізгі тенденциялары





Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен әлемде 9 – орын алатын, 2,7 млн. шаршы километрден астам аумақты алып жатқан, халқының саны 16 миллионнан артық Орталық Азияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Еліміз Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Түркіменстан Республикасымен, Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан Республикасымен және Иран Ислам Республикасымен шектеседі.

Қазіргі заманғы әлем қарқынды өзгерістірге ұшырап жатқаны белгілі. Ұлттық экономиканың жағдайы мен даму тенденцияларын жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы, негізгі қорлардағы, материалдық – энергетикалық, еңбек ресурстарындағы өзгерістер арқылы анықтауға болады.

Ұлттық экономикадағы құрылымдық өзгерістердің қарқыны ғылыми – технологиялық жетістіктерді жүзеге асыру дәрежесімен және қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен анықталады [159].

Еліміз экономикасындағы өзгерістердің тенденцияларын зерделеп көрейік. Отандық экономикадағы өзгерістер жылдам жүзеге аспайтын, ұзақ процесс екендігін ескере отырып және олар өтпелі кезеңде болғанын назарға ала отырып біз талдау үшін 1995 – 2010 жылдар аралығын таңдап алдық.

Кейбір талдау бөлімдерінде 2000 – 2010 жылдар аралығы қарастырылды. Ең алдымен ЖІӨ құрылымындағы аса маңызды өзгерістер әлемдік экономикадағы өзгеріс тенденцияларына сәйкес өндіріс саласы мен қызмет көрсету салаларының ара қатынасында орын алды. Яғни, қызмет көрсету саласының ЖІӨ - дегі үлес салмағы артып, өндіріс саласының үлесі азаюда (6.1 - суреті).

2000 – 2009 жылдар аралығында қызмет көрсету саласының өндіріс саласымен салыстырғандағы өсу қарқыны жоғары болған (48,7% - дан 61,2% - ға дейін ЖІӨ - дегі үлесі өскен). Мұндай өзгерістерді қазіргі экономикалық ғылым мен тәжірибеде «сервистік» экономиканың дамуы деп атайтыны белгілі. Экономиканың мұндай бағытта дамуы техникалық, технологиялық тұрғыдан экономика салаларының жаңаруына, халықтың табысының өсуіне, ауыл тұрғындарының қалалы жерлерге жаппай көшуіне байланысты жүзеге асуда деп ойлаймыз. Сонымен қатар тұтынушылар шығындарының ішіндегі қызметтерді пайдалану үлесінің өсуі және өнеркәсіп салаларының қызмет түрлеріне, соның ішіндегі аутсорсингтік қызметтерге деген сұраныстың өсуіне байланысты қызмет көрсету салалары қарқынды дамуда деген қорытынды жасауға болады. Дегенмен қызмет көрсету саласының мұндай аса қарқынды өсуіне сонымен қатар әлемдік дағдарыстың әсерінен өнеркәсіп пен құрылыс салаларындағы өндіріс қарқынының күрт азаюы да өз ыкпалын тигізбей қойған жоқ.

 


 

6.1 – сурет. ҚР ЖІӨ құрылымы.

Ескертпе: [160,161] – көздер мәліметтерінің негізінде автор дайындаған.

 

Қазақстанның ЖІӨ құрылымының өзгерісінде шағын және орта бизнестің де ролі жоғары. Дамыған мемлекеттерде шағын бизнестің ЖІӨ - дегі үлесі 60% - ға дейін жетіп жығылады. Өндірістік және тұрмыстық сипаттағы қызмет түрлерін, соның ішінде аутсорсинг қызметтерін шағын және орта кәсіпорындары көрсететінін ұмытпаумыз керек. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша жекелеген жұмыс және қызмет түрлерін атқаратын шағын және орта бизнес ұйымдарының үлесі жылдан – жылға артып келеді. Отандық экономикада аталған сектордың ЖІӨ - дегі үлесі соңғы жылдарда 16 – 17% - дан аспай қалуда және ол көрсеткіш өткен ғасырдың 90 – жылдарынан бері көп өзгере қойған жоқ, көбінде шағын және орта бизнес кәсіпорындары сауда – саттық, халыққа қызмет көрсету салаларында ғана даму үстінде.

ЖІӨ - нің қалыптасуына қандай да бір қызмет саласының қосқан үлесін анықтайтын аса маңызды көрсеткіш – жалпы қосылған құн деп аталатыны белгілі. Ол әрбір салада өндірілген өнімдер мен қызметтердің және оларды тұтынудың көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталады. 6.1 – кестесінде көрсетілгеніндей, жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) экономика салалары бойынша көбінде өнеркәсіп саласында (28 – 34%), сауда және қызмет көрсету салаларында (12 - 14%), көлік және байланыс салаларында (12 - 13%), жылжымайтын мүлік операциялары бойынша (11 - 15%), құрылады екен. Талдап отырған мерзім аралығында құрылыс саласында (5,5% - дан 8,3% - ға дейін), жылжымайтын мүлік операциялары секторында (11,6% - дан 15,3% - ға дейін) үлес салмағының неғұрлым жоғары қарқынмен өскені байқалады. Оның себебі біздің ойымызша Тұрғын үй құрылысы туралы мемлекеттік бағдарламаның үш кезеңде жүйелі жүзеге асырылғандығымен түсіндіріледі.

Жоғарыда аталған жетістіктермен қатар, айтарлықтай теріс тенденциялар да байқалады. Өнім өңдеу саласының үлесі күрт азайған (17,7% - дан 12,4% - ға дейін). Дегенмен өндеу саласының өсу қарқыны да, оның өнеркәсіп өндірісіндегі үлесінің де өсуі 2005 – жылдан бастап байқалуда. Бүкіл әлемде дәл осы өндеу саласының өнімді терең қайта өңдеу есебінен жалпы қосылған құны жоғары екендігі белгілі. Аталған мәселелер отандық экономикадағы құрылымдық диспропорциялардың орын алғандығын сипаттайды. Бұл ел экономикасының шикізат есебінен өсу саясатының айғағы, өндіріс көлемі артқанымен оның сапалық деңгейі төмендеп бара жатыр. 2003 жылдан бері үкімет керісінше саясатты жүзеге асыратындығы туралы айтып келеді. Себебі еліміздің индустриалды – инновациялық даму стратегиясының басты себептерінің бірі – қосылған құны жоғары өндіріс сатыларын игеру, іске асыруды дамыту екендігі белгілі.

 

 

6.1 – кесте – Экономикалық қызмет түрлері бойынша табыстардың өндірілуі мен қалыптасуының құрылымы.

Қорытындыға шаққандағы пайызбен (%)

Көрсеткіштер жылдар
                   
Барлық ЖҚҚ, оның ішінде:                    
Ауыл шаруашылығы, аң және орман шаруашылығы 8,5 9,2 8,4 8,3 7,5 6,7 5,8   5,4 5,2
Тау – кен өндірісі   12,3 13,1   14,5 16,8 17,2 16,2 16,3 16,1
Өнім өңдеу өнеркәсібі 17,7 17,7 15,6 15,3 14,2 12,8 12,4 12,4 12,5 12,7
Электр қуатын, газ, суды өндіру және тарату 3,3 3,3 3,1   2,5 2,1 1,9 1,9 2,0 2,1
Құрылыс 5,5 5,9 6,8 6,4 6,4 8,4 10,5 10,2 8,3 8,1

6.1 – кестенің жалғасы

Көрсеткіштер жылдар
                   
Сауда, автокөліктерді жөндеу,тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтыну заттарын жөндеу 13,3   13,2 12,5 13,3 12,6 12,2 13,3 12,5 12,4
Қонақ үйлер мен мейрамханалар 0,6 0,6 0,7 0,9 0,9       0,8 0,9
Көлік және байланыс 12,3   12,5 13,3 12,5 12,6 12,3 12,4 11,3 12,2
Қаржылық қызмет 3,3 3,7 3,7 3,4 3,1 3,5   6,4 5,4 5,6
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жалгерлік қызметжәне қызмет көрсету 11,6   13,5 15,4 16,3   15,9 15,9 15,3 15,6
Мемлекеттік басқару 2,5 2,2 2,1   2,3 2,3   2,1 1,7 1,5
Білім беру   3,9 3,8 3,7   3,7 3,4 3,5 2,9 2,5
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 2,2 2,3 2,2 1,9 2,1 1,8 1,7 1,5 1,5 1,4
Коммуналдық, әлеуметтік және қызмет көрсету   2,2 2,4 2,3 2,1 1,9 1,8 1,9 1,7 1,8
Ескертпе:[160;161] – көздер негізінде автор дайындаған

 

Отандық экономика құрылымындағы қызметтер түрлерінің арасында соңғы жылдары өндірістік қызметтердің үлесі ұлғаюда. Қызмет көрсету салаларын шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болады: жеке тұтыну қызметтері (толайым және бөлшек сауда, мейрамханалар мен қонақ үйлер, тұрмыстық техниканы жөндеу, автосервис, тұрғындарға көрсетілетін дербес қызметтер және т.б.), қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қызметтер (білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және т.б.), өндірістік тұтынуға бағытталған іскерлік қызметтер (банктік және басқа қаржылық қызметтер, жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар, аутсорсинг қызметтері және т.б.). Экономиканың «сервистік» бағытта дамуы әлеуметтік және жеке қызметтер түрлерімен салыстырғанда өндірістік мақсаттағы қызметтер түрлерінің үлесінің артуымен сипатталады.

Ел экономикасының өсуі кезеңінде «іскерлік қызметтер» тобына кіретін қызметтердің ішінде қаржылық қызмет пен жылжымайтын мүлік операцияларының өсу қарқыны неғұрлым жоғары болды. Қызметтердің бұл екі түрі техникалық прогрестің тікелей қозғаушы күштеріне жатпайтыны белгілі. 2007 – 2008 жылдары дәл осы қызмет салаларында барынша қиын жағдай қалыптасып, олармен тығыз байланыстағы салаларды мультипликациялық негізде төмен құлдыратқаны түсінікті жайт. Постиндустриалды даму, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған 2020 жылға дейінгі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру үшін инновациялар, инфрақұрылымдар және ақпараттар тәрізді ресурстар қажет, олар отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі кезде жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар, сауда, автокөлік жөндеу және көлік тасымалдау қызметтерінің үлесі жоғары (ЖІӨ 12% - дан 15% - ға дейінгі үлесін алады). Аталған қызмет түрлерінде көбінде шағын кәсіпорындардың үлесі үлкен. Ал, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, туризм инфрақұрылымына кіретін қонақ үйлер мен мейрамханалардың үлесі өте төмен болып қалуда (0,9% - дан 3% - ға дейін)

Еліміздегі шикізат ресурстарының мол болуы, экономикалық өсімнің индустрияландыруға бағытталуы, индустрияландыруды прогрестің көрінісі деп қабылдау идеологиясының үйреншікті және басым болуы жекелеген ғалымдардың пікірлері бойынша Қазақстандағы постиндустриалды экономикаға көшудегі қиындықтарды тудырып отыр [162]. ҚР қызмет көрсету салаларының құрылымы 6.2 – кестеде көрсетілген.

6.2 – кесте. Қызмет көрсету салаларының құрылымы.

Қорытындыға шаққанда пайызбен (%)

Көрсеткіштер жылдар
                   
Қызмет көрсету саласы, барлығы, оның ішінде                    
Сауда, автокөлік жөндеу, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтыну бұйымдарын жөндеу 12,4 12,1 12,2 11,6 12,5 11,8 11,4 12,4 12,3 12,4
Қонақ үйлер мен мейрамханалар 0,6 0,6 0,7 0,8 0,9 0,9 0,9 0,9 0,9 0,9
Көлік саласы   9,7 10,1 10,8 10,1 9,8 9,3   8,3 8,4
Байланыс саласы 1,5 1,5 1,5 1,6 1,7   2,2 2,5 1,9 2,1
Қаржылық қызмет 3,1 3,4 3,5 3,2 2,9 3,2 4,7 5,9 5,4 5,5
Жылжымайтын мүлік операциялары, жалгерлік қызметтер және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет 10,8 12,1 12,5 14,4 15,4 15,1 14,9 14,8 15,2 15,3

6.2 – кестенің жалғасы

Көрсеткіштер жылдар
                   
Мемлекеттік басқару 2,4     1,9 2,2 2,1 1,9 1,9 1,7 1,6
Білім беру 3,7 3,6 3,5 3,5 3,7 3,5 3,1 3,3 2,9 2,8
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер   2,1 2,1 1,8 1,9 1,7 1,6 1,7 1,3 1,2
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер 1,9 1,9 2,2 2,1   1,8 1,7 1,7 1,7 1,8
Ескертпе: - [160,163,164] – қөздер негізінде автор дайындаған

 

Қазақстанның жер қойнауында табиғи байлықтардың барлық түрлері кездеседі және олардың барланған, барланбаған қорлары да мол. Барланған табиғи байлық қорларының негізінде бүгінгі таңда аса қуатты мұнай – газ өндіру, уран және көмір өнеркәсібі, қара, түсті және қымбат бағалы металлдар өндірісі мен қайта өңдеу, металл емес пайдалы қазба байлықтарының түрлерін өндіретін салалар қалыптасқан. Тау – кен өндірісінің кешеніне 200 – ден астам кен өндіретін және оларды қайта өңдейтін кәсіпорындар кіреді, олардың тауарлық өнімі Еуропа мемлекеттеріне, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және басқа мемлекеттерге сатылады.

Қазақстанның жалпы тауар өндірісіндегі минералдық – шикізат кешеніндегі (МШК) өндіріс көлемі 44% - ды құрайды, оның 39% мұнай – газ кешенінің үлесіне тиеді, ал қалған 5% мұнай мен газдан басқа минералды шикізаттардың үлесінде.

МШК – ң өнімді қайта өндеу өндірісінің 11% - түсті металлургияның, 5% - қара металлургияның үлесіне тиеді. Мемлекеттің сыртқы сауда айналымындағы МШК (металл қортпалары мен мұнай өнімдерін қосқанда) өндірілген өнімнің құн өлшеміндегі үлесі жалпы экспорттың 80% құрайды. Оның ішінде мұнай – газ өнімдерінің үлесіне 60% - дан көбі келеді және тау – кен өндірісі мен металлургия салаларына 20% мөлшеріндегі үлесі тиеді.

Елімізде инвестициялаудың басым бағыттарына көмірқышқыл – сутегі шикізаттары бойынша жер қойнауын игеру объектілері мен мұнай – газ барлауы мен өндірісі жатады. Олардың үлесіне барлық инвестициялардың 70% келеді. Қатты табиғи байлық қазбаларының үлесіне инвестициялардың аз бөлігі тиеді. Қазақстанда табиғи қазба байлықтарды игеруді дамытудың ерекшелігі – минералдық шикізаттарды тереңірек қайта өндеу мен қосылған құны неғұрлым жоғары өнімдер өндіру салаларына басымдылық беріледі. Яғни, табиғи қазба байлықтарды өндіру ғана емес, оларды терең қайта өндеу бағыттарына инвестициялар жұмсауға зор қолдау көрсетіледі.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жылға жуық уақытта өндірілген негізгі өнім түрлерінің көлемін келесі кестеде көрнекі түрде көрсетуге болады.

6.3 – кестеде Қазақстан Республикасындағы өнім өндіру көлемі көрсетілген.

Бейнеленген кестеден байқағынымыздай, тәуелсіздік алған 1991 –жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралығын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға болады. 1991 – 1999 жылдар аралығын «құлдырау» кезеңі, ал 2000 – 2009 жылдар аралығын «өсу» кезеңі деп талдауға негіз бар. Себебі құлдырау кезеңіндегі көптеген өнімдер өндірісінің деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда барынша төмендеген, ал 2009 жылы кейбір өнім түрлерінің өндіріс көлемі шарықтау шегіне жетіп, 1991 жылдың көрсеткіштерінен асып кеткен немесе сол деңгейге жетіп, таяған. Атап айтсақ, өндіріс өнімінің негізгі түрлерінің арасында көмір өндіру көлемі 1991 жылғы 130382 мың тоннадан 1999 жылы 58378 мың тоннаға дейін азайып, 1991 жылмен салыстырғанда бар – жоғы 44,8% құраған, яғни екі еседен артық азайып кеткен. Ал, 2000 жылдан бастап көмір өндіру көлемі ұлғайып, 2009 жылы 101524 мың тоннаға жеткен. Яғни, 1991 жылдың деңгейіне жете қоймаса да, соған таяу, ал 1999 жылмен салыстырғанда елімізде көмір өндіру көлемі 157,5% - ға артқан. Сол тәрізді тенденция басқа өнім өндірістеріне байланысты байқалады. 2009 жылы 1991 жылмен салыстырғандағы деңгейге темір рудалары, мыс рудалары, хром рудалары, шойын, ферроқортпалар өндіру, алюминий, қорғасын, мырыш, мыс өндіру көлемдері жетіп жығылған немесе кейбір түрлері бойынша еселеп артқан. Еліміз экономикасының әзірше өзегі болып қалған мұнай және газ өндірісінде ғана жоғарыда аталғандай күрт құлдырау - өсу тенденциялары көп байқалмайды, тұрақты өсу қарқыны байқалады. Ендігі уақытта ел экономикасының даму тенденцияларына сүйенсек, мұндай күрт құлдырау - өсу құбылыстарына жол беріле қоймас деген тұжырым жасауға толық мүмкіндігіміз бар.

Қазақстан экономикасының өнеркәсіп саласы біздің зерттеу жұмысымыздың өзегі болып отырғандықтан, осы саланың дамуының негізгі тенденцияларын талдау қажет. Өнеркәсіп саласын статистикалық зерттеу тұрғысынан үш топқа немесе құрамдас бөліктерге бөліп қарастыру әдеті қалыптасқан: тау – кен өнеркәсібі, өнімді өңдеу өнеркәсібі, газ, су және электр қуатын өндіру мен тарату өнеркәсібі. Міне осы үш бағыттың жалпы өнеркәсіп саласындағы құрылымдық үлестерінің өзгеруі байқалады. Оның ішінде өнімді өңдеу саласының үлесі отандық өнеркәсіпте азайып барады. Бұл құбылыс әлемдік тенденцияларға сәйкес келмейді. Дәл осы өнімді өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібінде басқа бағыттармен салыстырғанда ғылыми сиымдылығы жоғары және технологиялық деңгейі биік өнімдер өндіруге негіз бар екені белгілі. Отандық өнімді өндеу секторындағы өндірістің технологиялық даму дәрежесі төмен (1 – 4 деңгейде), өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі төмен дәрежеде қалуда. Отандық өнеркәсіп саласындағы өнімді өңдеу секторының мұндай әлсіреуінің басты себептеріне және тарихи сатыларына мыналар жатады деп есептейміз:

– отандық экономикадағы өткен ғасырдың 90 – жылдарындағы құлдырау процестері ең алдымен өнеркәсіп саласындағы құлаштап дағдарудың нәтижесінде орын алды;

– 1993 – 1994 жылдары өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау қарқыны 20 – 25% құрады. Оның ішінде әсіресе химия, жеңіл, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және металлургия, құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсіптері құрдымға кете бастады. Кейбір өнеркәсіп өндірістері мүлдемге жұмысын тоқтатты;

– 1995 жылдан бастап өнеркәсіп өңдірісінің құлдырауы баяулап, 1996 – 1997 жылдары өте төмен деңгейде болды;

– сол жылдары шикізаттық емес салалардың үлесі 3 – 6 есе азайып, есесіне орны толтырылмайтын ресурстар өндірісінің үлесі артты: мұнай, газ, түсті және қара металлдар өндірісі арта бастады;

– жоғарыда аталған құбылыстар өңдеу дәрежесі жоғары тауарлар өндіретін өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібінің тұралауына алып келіп соқтырды. Экономиканың негізіне минералдық шикізат салалары айланды;

– XXI – ғасырдың басынан бастап ұлттық экономиканың өсуі байқалды. Оның негізгі себептеріне әлемдік нарықтардағы шикізаттардың бағасының күрт өсуін, тұрғындардың табыстарын арттыру арқылы тұтынушылық сұранысты қолдау шараларын және 1999 жылы жүзеге асырылған ұлттық валюта – теңгенің девальвациясын жатқызуға болады;

– дегенмен мұндай экономикалық өсім жүйелі трансформациялардың нәтижесі емес, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұрақты дамуға мүмкіндік бермейтін құбылысқа айланды деген баға беруге болады.

 


6.3 – кесте. Қазақстан Республикасындағы өнім өндіру көлемі

Өнім түрлері Жылдар
                                     
Көмір (мың тонна)                                      
Шикі мұнай, газ конденсатымен қосқанда (мың тонна)                                      
Табиғи газ (жалпы өндірісі) (млн. куб.м.)                                      
Темір рудалары (мың тонна)                                      
Темір шекемтастары                                      
Мыс рудалары (мың тонна)                                      
Хром рудалары (мың тонна)                                      
Асбест (мың тонна)                                      
Бидай өнімдері (тонна)                                      
Бидай өнімдері мен өсімдік ұндары (мың тонна)                                      
Нан (мың тонна)                                      
Қант (тонна)                                      
Мұнайды қайта өңдеу өнімдері (мың тонна)                                      
Мотор отыны (бензин) (мың тонна)                                      
Керосин (мың тонна)                                      
Газойли (дизель отыны) (мың тонна)                                      
Жағар мазут (мың тонна)                                      
Цемент (мың тонна)                                      
Тауарлық бетон (мың тонна) ... ... ... ... ... ... ...                        

6.3 – кестенің жалғасы

Өнім түрлері Жылдар
                                     
Шойын (мың тонна)                                      
Шикі болат (мың тонна)                                      
Ферроқортпалар (мың тонна)                                      
Жазық жайма прокаты (мың тонна)                                      
Мырышталған (оцинкованный) прокат (мың тонна) ... ... ... ... ... ... 126,2 114,7 278,7 363,7 396,3 499,2 709,3 761,6 606,3 580,2 603,9    
Алюминий өңделмеген: глинозем (мың тонна)                                      
Өңделмеген қорғасын (тонна)                                      
Өңделмеген мырыш (тонна)                                      
Рафинажды мыс (тонна)                                      
Электр қуаты (млн.квт.сағ.)                                      
Жылу қуаты (мың Г.кал)                                      
Табиғи су (млн.куб.м.) ... ... ... ... ... ...                          

Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы тау – кен өндірісінің үлес салмағы 2005 жылдан (59,4 %) бастап, одан кейін 2008 жылдан бастап (61,1 %) өсе бастады да, керісінше өнімді өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1995 жылмен (61,9 %) салыстырғанда 2009 жылы (32,7 %) екі есеге жуық азайған. Ал бұл жағдайды түзетуге ҚР Үкіметі қазіргі кезде көп күш, қаражат жұмсауда. Өнімді өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің қосылған құнын арттыру, жаңа технологиялар мен инновацияларды өндіріске енгізу шараларын жүзеге асыруға талпыныс жасалуда. Ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуді жеделдету мақсатында әртүрлі ғылыми – технологиялық парктер құру, инновациялық аймақтар құру және т.с.с. шетел тәжірибесін енгізуге талпынуда. Дегенмен осы саясатқа байланысты пікірімізді қысқаша баяндап кетуді жөн көрдік. Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін ол шараларды кешенді түрде бір жүйеге келтіріп алу керек. Ең алдымен ғылыми – технологиялық парктердің жұмыс бағыттарын өнеркәсіп кәсіпорындарының сұранысын ескере отырып, анықтап алу қажет. Олардың өзара қарым – қатынастарын, іскерлік байланыстарын мемлекеттік тұрғыдан, салық, қаражат, мамандар мәселелерін шешіп алу қажет. Ондай ғылыми орталықтарға мол қаражат бөлмей тұрып, алдымен олардың өнімдері мен қызметтеріне деген сұраныс мөлшерін анықтап, тапсырыстар портфелін (қоржынын) құрып алу қажет. Қаржыландыруды содан кейін жасалған жоспарға байланысты жүзеге асырған дұрыс. Олай жасалмаса қазіргі уақыттағыдай, өндірісте ешбір қажеттілігі төмен немесе жоқ «ғылыми» жобаларға бюджет, әртүрлі ұлттық қорлар қаражаттарын босқа шашу мәселесі шешілмейді. Осы проблемаға келгенде қазіргі ел Үкіметінің жүріп келе жатқан пайыздың алдына түсіп жүрген адамға ұқсатуға болады.

Отандық өнеркәсіп өндірісінің құрылымынын 1995 – жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі өзгеру динамикасы 6.4 – кестеде көрсетілген.

6.4 – кесте Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы.

Өнеркәсіп салалары Жылдар
                     
Өнеркәсіп саласы бойынша барлығы, оның ішінде:                      
Тау – кен өндірісі өнеркәсібі 21,7 44,5 44,3 47,9 48,4 53,4 59,4 57,8 56,9 61,1 61,4
Өнімді өңдеу өнеркәсібі 61,9 46,5 46,9 43,3 42,9 39,7 35,2   37,8 33,6 32,3
Газ, электр қуаты және су өндіру және тарату өндірісі өнеркәсібі   16,4     8,8   8,8   8,7   6,9   5,3   5,3   5,3   5,3   6,3
Ескертпе: [161] – көзінің мәліметтері негізінде автор дайындаған.

 

Шикізат тауарлары бағаларының өсуі экономикаға бір – біріне қарама – қайшы ықпал ететін екі факторды тудырады. Бір жағынан өсу факторы болса, басқа жағынан шикізаттарға деген бағалардың өсуі технологиялық тізбек бойынша тұтыну тауарларының (азық – түлік, жылжымайтын мүлік, басқа да тұтыну тауарлары) сыртқы және ішкі нарықтардағы бағаларының ұлғаюына ықпалын тигізіп, өндірістің құлдырауына алғышарттар туғызады. Сондықтан қазір орын алып отырған дағдарыстың бастауы ипотекалық несиелеудің диспропорциясы мен қаржы нарықтарындағы қиыншылықтарға ғана байланысты емес, ол нақты өндіріс салаларына да қатысты. Атап айтсақ 2008 жылы 238 ірі кәсіпорындардың 138 – нің көрсеткіштері нашарлаған, 85 ірі кәсіпорынның табысы азайған және 4 мың экспорттаушы кәсіпорындардың (барлық экспорттаушылардың 63%) экспорт көлемі төмендеген [165].

Сонымен қатар Ұлттық қордың саясаты да теріс әсерін тигізді. Ол инновациялық дамудың неғұрлым бейтарап формасы болып табылатын батыс елдерінің бағалы қағаздарына қаражаттар салған. Бұл дағдарысқа қатысты жаппай инновациялық даму бағыттарына барлық ресурстарды қағаз жүзінде емес, нақты түрде жұмсау қажет етеді. Себебі бұл бағыт экономикалық дағдарысқа қарсы тұру мен теріс ықпалын азайтудың тиімді әдісіне жатады [166].

Жалпы талдау мерзімінде (1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін) өнеркәсіп саласының ЖIӨ-дегі үлесі 1,5 есеге жуық артқан. Дегенмен мұндай өсім ненің есебінен жүзеге асқандығына келетін болсақ, үлкен мәселе туындайды. Ол өсім тау – кен өндірісі өнеркәсібінің аса қарқынды дамуы мен ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-дегі үлесінің күрт құлдырауы нәтижесінде мүмкін болды. Номиналдық өлшеммен алғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі талдау жүргізілген кезеңде (1995 – 2009 жылдары) 15,5 есеге ұлғайған.

Өсу жылдарындағы өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлемінің өсімі 9,6% - ды құрады. Бұл ЖІӨ-нің физикалық көлемінің өсімі көрсеткішіне жуық. Ал 2008 жылы әлемдік дағдарыс ықпалынан өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны 2,1% - ға, 2009 жылы 2,7% - ға дейін баяулады.

Біз талдау жүргізіп отырған кезеңде негізгі капиталға құйылған инвестициялардың көлемі (18 еседен астам) мен орташа айлық жалақы мөлшері (10,5 есеге жуық) ұлғайған. Ал негізгі қызметке қатысатын жұмыскерлердің саны азайған (1,5 есеге). Бірақ жалақының өсу қарқынының экономикадағы рентабельділік деңгейімен салыстырғанда жылдамырақ өсуі қауіп төндіруі мүмкін. оның үстіне кәсіпорындар саны 1,3 есеге азайған.

Жеңіл, тамақ, ағаш өңдеу, химия, машина жасау өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың арасында ірі, технологиялық мүмкіндіктері жоғары кәсіпорындар жоққа тән. Шағын бизнестің де айтарлықтай ролі арта қоймады. Шағын бизнес саласындағы өнеркәсіптік бағытта жұмыс жасайтын кәсіпорындардың үлесі 13% - дан аспайды. Әлемдік тәжірибеде азық – түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп пен ағаш өңдеу өнеркәсібінде, жиһаз жасау, баспа ісі және басқа бірқатар өнеркәсіп секторларындағы шағын бизнестің үлесі жоғары екені белгілі.

Біздің пікірімізше өнеркәсіп салаларының дамуының жалпы проблемаларына мыналар жатады:

– менеджмент деңгейінің төмендігі;

– технологиялардың даму деңгейінің төмендігі (біз осы бағытта әлемдік стандарттардан 20 – 30 жылға артта қалып қойғанбыз);

– қуат, шикізат және отын ресурстарының шығындарының үлесі үлкен (дамыған елдердің зауыт, фабрикаларымен салыстырғанда 30 – 60% - ға жоғары);

– табиғи монополиялар өнімдеріне деген бағаның үнемі өсе беруі;

– шикізат көздерінің азаюы немесе таусылуы;

– негізгі қорлардың тозу деңгейінің ұлғаюы;

– кәсіпорын қожайындарының сыртқы серіктестер, мемлекет, қоғам үшін ашықтықты қамтамасыз етуге құлқының болмауы және т.б.

Отандық өнеркәсіптіің даму көрсеткіштерінің динамикасын келесі 6.5 – кестесінде жинақтап көрсетуге болады.

 


6.5 – кесте Өнеркәсіп саласының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер Жылдар
                     
ЖІӨ – гі өнеркәсіптің үлесі (%) 23,5 33,2 30,7 29,5 29,1 31,1 29,8 29,5 28,3 32,2 29,8
Өнеркәсіптік кәсіпорындары мен өндірістерінің саны (бірлік)                      
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі (млрд.теңге)   1798,3 2000,2 2336,9   3867,9 5’253 6509,9 7845,9 1019,2 8925,2
Өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлемінің индексі (алдыңғы жылға шаққанда пайызбен) 91,8 115,5 113,8 110,5 109,1 110,4 104,8 107,3   102,1 102,0
Өнеркәсіп кәсіпорындарының баға индексі (алдыңғы жылға шаққанда пайызбен) 239.8   100,3 100,3 109,3 116,7 123,7 118,4 112,4 136,8 78,0
Өнеркәсіп саласы бойынша пайда (зиян) (млн.теңге)                      
Өнеркәсіп саласындағы рентабельділік деңгейі (%) 15,7 26,5     26,8 40,3 50,5   61,8 55,5  
Негізгі қызметпен айналысатын жұмыскерлердің саны (мың адам) 1025,5 653,8 664,5 671,2 597,4 600,9 617,6 638,1 652,3 690,4 694,0

6.5 – кестенің жалғасы

Көрсеткіштер Жылдар
                     
Өнеркәсіптік - өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы (теңге)                      
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар (млн. теңге)                      
Ескертпе: [161] – көз мәліметтер негізінде автор құрастырған

Өнеркәсіп салалары бойынша өндірілген өнімнің физикалық көлемінің индексі 2000 жылдан бастап (115,5%) жоғары деңгейде болғанын, ал 2005 жылдан бастап төмендегенін (104,8%) көрсетеді. 2006 жылы аздап өсіп (107,3%), 2007 жылдан бері тұрақты төмендеп келе жатыр. Мұндай өзгерістерге көбінде тау – кен өндірісіндегі тұрақсыздық (бірде ұлғаяды, бірде төмендейді) ықпалын тигізген. Тау – кен өнеркәсібінің өнімі көбінде экспортқа бағытталғандықтан, оған әсер ететін аса маңызды фактор әлемдік нарықтардағы баға конъюнктурасы екенін ұмытпауымыз керек, ол 2008 жылдың орта шеніне дейін дамуға жағымды дәрежеде болған.

Өнімді өңдеу саласы 2005 – 2007 жылдары жалпы өнеркәсіп саласының өсу қарқыны мен оның ішіндегі тау – кен өндірісінің өсу қарқынынан жоғары болған. Мысалы 2007 жылы өнім өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің физикалық көлемінің индексі 7,8% - ды құраса, тау – кен өнеркәсібінде 2,6% - ды құраған.

Әлемдік қаржылық – экономикалық дағдарыстың теріс ықпалының салқыны жекелеген экономика салаларында 2007 жылы байқала бастаған. Атап айтсақ металл рудаларының өндірісі, түсті металлдар, жеңіл өнеркәсіп салаларында өндіріс көлемі азая бастаған.

2008 – 2009 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюы ең алдымен тау – кен өнеркәсібіндегі өсімге (107,2%), оның ішінде табиғи газ өңдіру (105,5%), көмір (90,8%), шикі мұнай мен ілеспе газ (108,2%), түсті металлдар рудалары (107,5%) өндірісі өскен. Сонымен бірге электр қуатын, газ бен суды өңдіру мен тарату (89,2%), суды тазалау, жинақтау (89%), электр қуатын өңдіру мен тарату (89,4%), газ тектес отынды өндіру (89,1%), бумен, ыстық сумен қамтамасыз ету (89,3%) бағыттарында азаюы байқалған.

2008 – 2009 жылдары өнім өңдеу өнеркәсібінде 2,6% - ға және 2,9% - ға құлдырау байқалған және осы саланың өнеркәсіп саласындағы үлесі 33,6% - ға және 33,8% - ға дейін төмендеген. Машина жасау (82,5%), химия өнеркәсібі (75,7%), түсті металлургия (92,0%) салаларындағы өндіріс көлемі азайған.

2009 жылы өнеркәсіп өнімдерінің ағымдағы бағадағы көлемі 912 млрд. теңгені құраған, ол 2008 жылмен салыстырғанда 2,7% - ға жоғары. Өндіріс көлемінің ұлғаюы еліміздің 6 аймағында байқалған. Олардың ішінде Атырау облысында ең жоғарғы өсім байқалады. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21,5% - ға ұлғайған, себебі мұнай мен мұнай айыру өнімдерінің көлемі жоғары деңгейде өскен. Ақтөбе облысындағы өндірістің өсімі мұнай, хром рудалары мен концентраттары, мыс концентраттарының өндірісінің өсуі есебінен жүзеге асырылған (физикалық көлем индексі 106,2%). Батыс Қазақстан облысында газ конденсаты мен табиғи газ өндірісі ұлғайды (103,7%). Оңтүстік Қазақстан облысында мазут, ядролық материалдар, цемент, ұн өндірісінің өсуі есебінен физикалық көлем индексі 2,7% - ға өскен. Солтүстік Қазақстан облысында ұн, сүт, май, құрылыс материалдары, электр және жылу қуатының өндірісі (102,6%) артқан. Ал Қостанай облысында темір руда концентраттарының, ұнның, сүттің, кондитер өнімдерін өндіру көлемі ұлғайған (101,6%). Басқа облыстарда өнеркәсіп өнімін өндірудің физикалық көлемінің индекстері азайған (6.2 - сурет).

 

Алдыңғы жылға шаққанда пайызбен (%)

 

 


6.2 – сурет. ҚР аймақтары бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемінің өзгерісі.

Ескертпе: [161] – көзінің мәліметтері негізінде автор дайындаған.

 

Өндіріс көлемі азайған аймақтарға келетін болсақ Шығыс Қазақстан облысында цемент, өңделмеген қорғасын, тантал, ұн, күнбағыс майын өндіру көлемі қысқарған (93,6%), Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемінің азайғандығынан өндіріс көлемі азайған (99,0%). Павлодар облысында өнімнің физикалық көлемінің индексі төмендеген (99,3%), себебі феррохром, тас көмір, мазут, электр қуаты мен жылу қуатының көлемі қысқарған.

Қарағанды облысында өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 95,4% құраған. Мыс, көмір концентраты, марганец және темір рудасы концентраттарының көлемі азайған. Алматы облысында өнімнің физикалық индексі 97,9% құраған. Темекі өнімдерінің, қант, электр қуатының, жылу қуатының және электр аккумуляторлары өндірісінің көлемі қысқарған. Астана қаласындағы өндіріс көлемі 95,2% құраған. Бетон, құрылысқа қажетті конструкциялар элементтері, құрылыс материалдары мен құбыр өндіру көлемі азайған. Ақмола облысында өндіріс көлемі алтын, жүк автокөліктері мен қосалқы бөлшектері және ұн өндірісінің азаюы нәтижесінде қысқарған (97,8%). Алматы қаласында өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 90,5% құраған. Бетон, құрылыс езінділері, сыра, алкогольсіз сусындар көкөніс және жеміс шырындары, ұн, нан, электр қуатын таратушы құрылғылар, есептегіш машина және телевизорлар өндірісі азайған. Маңғыстау облысында өндірістің физикалық көлемі 99,3% құраған, мұнай өндіру шамалы азайған. Ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысында орын алған (69,3%). Бұл аймақта фосфор, фосфор қышқылы, натрий триполифосфаты, қант және электр қуаты өндірісі былтырғы жылмен салыстырғанда күрт қысқарған.

Өнеркәсіп салалары бойынша өндірілген өнімнің физикалық көлемі индексінің динамикасын 1995 жылдан 2009 жылға дейін 6.6 – кестеде көрсетуге болады.

6.6 – кесте. ҚР өнеркәсіп салалары бойынша өндірілген өнімнің физикалық көлемі индексінің динамикасы.

Алдыңғы жылға шаққанда пайызбен (%)







Көрсеткіштер Жылдар
                     
Өнеркәсіп саласы, барлығы,оның ішінде: 91,8

Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1785. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия