ж. № 10 Хаттама
Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д. профессор __________C.К. Жаугашева
Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілер (2 бөлім) Дәрістің мақсаты: Ұйқы безінің ішкі секреторлық жеткіліксіздігінен болатын ішектік диспепсияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәрістің жоспары: 1. Ұйқы безінің ішкі секреторлық жеткіліксіздігінен болатын ішектік диспепсияда қолданылатын дәрілік заттар. 2. Ферменттер 3. Пробиотиктер 4. Прокинетиктер
Ұйқы безі функциясының жеткіліксіздігі кезінде орынбасушы терапия үшін ферменттік препараттар қолданылады. ПАНКРЕАТИН (Pancreatinum; таблетка және ұнтақ түрінде 0,5) амилазадан, липаза, трипсиннен тұрады.Оны ірі қара малдың және шошқаның ұйқы безінен алады. Ферменттің белсенділігі жоғары емес және оны көп мөлшерде қолданады. Препарат ұйқы безінің ішкі секреторлық функциясының, асқазан секрециясының жеткіліксіздігінде; гастроэнтероколитте, муковисцидоздың ішектік формасында, бауыр ауруларында және созылмалы энтероколитте қолданылады. Препарат копрограмманың бақылауымен тағайындалады. Препаратты сілтілік суды (боржоми) ішу арқылы тамақ ішер алдында куніне 3-6 рет қабылдайды. ФЕСТАЛ (Festalum; драже түрінде)қазіргі уақыттағы панкреатиттік ферменттерден (липаза,протеаза,амилаза және т.б) және негізгі компоненті өттен тұратын жаңа преперат. Препаратты гастритте,энтероколитте, асқазанның және ішектің сіңіру қызметінің және секреторлық жеткіліксіздігінде; панкреатитте, гепатитте, холециститте, асқазанға, ішекке, ұйқы безіне операция жасаудан кейін; диета және тамақтан уланумен байланысты астың қорытылуының бұзылуында қолданылады. Препаратты күніне 3 реттен тамақ уақытысында 1 дражеден тағайындайды. ПАНЗИНОРМ (форте) Panzynorm-forte) екі қабатты таблетка түрінде босатылатын аналогтық препарат. Сыртқы қабаты асқазанда еритін, ірі қара малдың асқазанының шырышты қабатынан алынған экстракт (асқазан сөлі ферменттері, ұйқы безі және ішек ферменттері). Ішкі қабаты ішекте ыдырайтын, панкреатин және өт сығындысынан тұратын қышқыл тұрақты қабат. Панзинорм фестал көрсеткіштеріндегідей қолданылады.
МЕКСАЗА - құрылысы бойынша үш қабаттылығына байланысты ферменттік және антибактериальдық әсер көрсететін препарат: 1. Ішкі қабат -энтеросептол. 2. Ортаңғы қабат -панкреатин және дигидрохольдық қышқыл. 3. Сыртқы қабат -ферменттік препарат бромелин.
Препарат асқорыту сөлінің жеткіліксіздігі, АІТ, бауырдың және өт қапшығының инфекциясына байланысты, асқорытылудың бұзылуында эффективті әсер көрсетеді.
МЕЗИМ-ФОРТЕ –күрделі ферменттік препарат. Көрсеткіштері мексазадағыдай. АНТИФЕРМЕНТТІК ПРЕПАРАТТАР (ферменттер ингибиторы). Протеазалардың инактивациясы биологиялық белсенді полипептидтердің (кининдер) босап шығуын ескертеді. Нәтижесінде: - кининдердің инактивациясы (калликрин). -капиллярлар өткізгіштігінің стабилизация жолымен ісіктің тоқтауы. Бұл ауырсынудың, интоксикацияның төмендеуі, науқастың жалпы жағдайының жоғарылауы, аутолиз процесінің тоқтауы, эксудацияның төмендеуімен қамтамасыз етеді. Препараттар:
Соңғы екі препарат шокта, перитонитте, миокардтың абдоминальдық инфекциясында қолданылады.
Асқазан моторикасына әсер ететін дәрілік заттар.
Асқазан моторикасын күшейтетін дәрілік заттарға (прокинетикалық заттар), метоклопромид – шеткері және орталықтық дофаминдік D2- рецепторлардың антогонисті, серотониндік 5-HT-рецепторлардың агонисті, цизаприд- (шеткері холинергиялық нейрондардың тонусын жоғарылатады; серотониндік 5-HT-рецепторлардың агонисті), домперидон –(мотилиум; шеткері дофаминдік D2- рецепторларды тежейді) және тағы басқа да препараттар жатады. Оларды асқазанның эвакуацияланудың кедергісінде және де гастроэзофагеальды рефлюкс кезінде қолданады. Асқазан моторикасы жоғарылағанда холиноблокаторларды (атропин тәрізді және ганглиоблокторларлық дәрілік заттарды, яғни екі түріне де әсер ететін, мысалы бускопан, пробантин) және миотроптық әсер көрсетуші спазмолитиктерді қолданады (папаверин, но-шпа және т.б препараттар).
ӘДЕБИЕТТЕР:
Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):
|