Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Туындаушы грамматика элементтері





Генеративизм, генеративтік грамматика деген атпен белгілі грам-матикалық сипаттау, талдау жүйесін қалыптастырушы деп Ноэм Хомскийді танимыз. Ол теория негізін 1950 жылдардың ортасында қалыптастырды. Қазіргі таңда генеративизм даму жолында қырық жылды артқа тастады, әлемдік деңгейдегі мәселеге айналады. 1960 – 1970 жылдары «туындаушы семантика» өкілдерінің сыны әсерінен артта қалып, тек 1980 – 1990 жылдары өз позициясына қайтадан енді.

Осы уақыт аралығында генеративтік лингвистика бірнеше сатылардан өтті. Олардың маңыздылары мыналар:

1. Қалыпты (стандартты) теория. Оның келесідей тармақтары бар:

· Хомский алғашқы монографиясының атымен аталған «синтаксистік құрылым» моделі. Мұнда тілді көптеген сөйлемдерді грамматикалық құралдар жиынтығы көмегімен тудыру механизмі деп таниды. Бұл үшін ол үстірт және астырт грамматикалық құрылымдарды түсінуге ұсыныс жасайды. Мысалы, бір тереңдік құрылымға бірнеше сыртқы құрылымдар сәйкес келуі мүмкін.

· «Аспектілер» моделі. Мұнда формальды модельге семантикалық компонент енгізуді қарастырады. «Аспектіде» тілдік компетенцияны тілдің қолданысына (performance) қарама–қарсы қояды. Осыған сәйкес трансформация кезінде мағынаның сақталуы туралы Катц–Постал гипотезасы ойлап табылады.

· Лексикализм. Бұған лексикалық компонентпен көптеген семантикалық интерпретация ережелері енгізіледі. Теорияның негізгі шарттары Хомскийдің «Номинализация туралы байқаулар» мақаласында баяндалады (1970 ж.)

Хомскийдің «Басқару мен байланыстыру туралы лекциялар» кітабында көрініс тапқан басқару және байланыстыру теориясы. Оны GВ–теория деп атайды. Бұл теорияға көшудің негізгі өзгерісі, ерекшелігі нақты тілдердің синтаксистік құрылымдарын сипаттайтын ерекше (спецификалық) ережелерден бас тартып, оларды әмбебеп шектеулермен алмастыруда жатыр. Барлық трансформациялардың орнын бір ғана универсалды ауысу трансформациялары болды, GВ–теория шеңберінде жекелеген модульдер (X – штрих теориясы, шектеу теориясы, байланыстыру теориясы, басқару теориясы, септік, тета теориясы т.с.с.) ерекшеленеді. Бұлардың әрқайсысы грамматиканың белгілі бір бөлігіне жауапты, соған қатысты өзіндік принциптері мен нақты тілдік спецификаны анықтаушы параметрлері бойынша жүзеге асады.

Минималистік бағдарлама. Бұл бағдарлама (модуль де емес, теория да емес) тілдік көрістер минимализациясы мен оның басқа когнитивтік жүйе-лермен қарым – қатынасын сипаттауды қарстырады. Ол адамның тілдік ап-паратында екі басты жүйе: лексика мен есептеуіш жүйені; екі интерфейсті – фонетикалық және логикалықты табады.

Генеративимнің аппарат және көптеген теориялық постулаттары соңғы жылда танымастай өзгерді. Ғылымның жаңа нұсқаларында үстірт және астырт құрылым түсініктері жоққа шығарылды. Генеративизмде тек адамның туа біткен сөйлеу қабілеті, түрлі тілдердің түрлі базалық қондырғы принциптерінің бірлігі сияқты постулаттар қалды. Бұлар тек жекелеген тілдерде грамматикалық ережелері бойынша ажыратылады.

Хомский генеративизмінің ортасы, нақты инварианты деп методологиялық монизмді танимыз. Яғни барлық ғылымдарға – жаратылыс-тану ғылымына да, физика т.б. секілді ғылымға да тең дәрежеде ереже – түсінік, талаптарының болуы. Табиғат заңдары есебінде грамматикалық ережелер және принциптер – автономды және орнықты синтаксис (бұл сөздің кең мағынасында) болса, ал дыбыстық формалар көбіне физикаға телінеді.

Хомскийдің генеративтік теориясы, әрине, интелектуалды жетістік болып есептеледі, Алғашқы кездерде (1960-1970) ол формальды грамматика мен қолданбалы лингвистиканың дамуына үлкен ықпал етті.

Хомскийдің «Синтаксистік құрылымдары» - қазіргі когнитивтік ғылымның негізі боларлықтай еңбектердің бірі. Теориялық жағынан генеративтік теория бихевиоризмге қарсы. «Тіл және ойлау» («язык и мышление») – осы салада маңызды орын алады. Бұдан бұрынғы еңбектерінде Хомский өз теориясының «техникалық аспектісіне» және теориядан шығатын тілдік материалдар анализі әдісі теориясына көңіл аударады. «Тіл және ойлау» генеративтік лингвистиканың ғылыми платформасының қалыптасуына, бұрын анықталмаған теоретикалық жағдайлардың анықталуына үлкен әсер етті. Бұл кітаптың басқа еңбектерден ерекшелігі – Хомскийдің генеративтік лингвистикадағы зерттеулерін топшылап, бұрынғысы, қазіргі күйі, болашағын суреттейді. Бұрынғы күнде жасалған жұмыстарды сараласа, қазірдегісіне атқарылып жатқан жағдайларды баяндайды да, болашаққа қатысты автор генеративтік лингвистиканың ғылыми ұмтылыстары мен шешілуге тиісті нақты теоретикалық міндеттер көзделетіндігін айтады.

Кітапта негізінен не туралы сөз козғалады? Оның жауабы келесідей: Оқырман мұнда бұрыннан келе жатқан дәстүрлі мәселе – тіл мен ойлау мәселесіне кездеседі. Алайда бұл мәселе шешімі бұрынғыдан өзгеше, жаңаша, жаңа әдістермен (тікелей тәжірибемен, эмпирикалық әдіспен) табылады. Еңбектің алғы сөзінде Хомский еңбектің лингвистика, философия, психология арналарының тоғысуында тұрғандығын сөз етеді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2208. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия