Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі ХІХ ғасырдың 1-ширегіндегі салыстырмалы тарихи-тіл білімі: Р.Раск, Ф.Бопп, Я.Гримм, Ф.Диц, А.Востоков





Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан, яғни ХІХ ғ. басынан басталады.

1819 ж. Неміс ғалымы Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейін тіл материалдарын иран, славян, балтық, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Тіл білімі тарихында Ф.Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.

Осы әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832 ж.). Ол өзінің 1817 ж басылып шыққан «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» деген еңбегінде «Тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді. Тіл туыстығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсастығында. Өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды», - деген қорытынды жасайды.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың тағы бірі – неміс ғалымы Якоб Гримм (1785-1863). Оның 4 томдық «Неміс тілі грамматикасы» еңбегінің 1-кітабы 1819 жылы басылған. Гримм өзінің еңбегінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын салыстыра зерттеуге баса көңіл бөлген. Гримм тілдік фактілерді тек хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Сөйтіп, ол тілдегі өзгерістердің қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының нәтижесі екенін дәлелдеді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен тығыз байланыста екендігін баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді ол «сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы» деп түсіндірді.. Бұл жаңалық ХІХ ғ. лингвистерінің елеулі табысы болатын.

Салыстырмалы тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың аса көрнекті өкілі – неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт (1767-1835). Ол санскрит, қытай, малай, америка үндістері, т.б. көптеген тілдерді білген және соларды салыстыра зерттеген. Оның лингвистикалық ой-өрісі мейілінше ауқымды болды. Зерттеген мәселелері – тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл ғылымының салалары.

В.Гумбольдт тілдерді типологиялық жағынан топтауда ағайынды Август және Фридрих Шлегельдердің флективті, аффиксті, аморофты тілдер деп жіктеуін қабылдай отырып, аморофты тілдерді даралаушы (изолирующий) тілдер деп атады және бүл үшеуіне төртінші етіп инкорпоративті немесе полисинтетикалық тілдер тобын қосты. Соңғы топқа ол Солтүстік Америкадағы үндістер мен Солтүстік Шығыстағы чукот тілдерін жатқызды. Инкорпаративті тілдер тобының ерекшелігі ретінде олардағы сөйлемнің сөзбен берілетіндігін атады.

В.Гумбольдт әлемдік лингвистикаға «тілге таңбалық сипат тән», «ол – жүйелі құбылыс», «тіл – ұлт рухы, ұлттың рухы тіл арқылы көрінеді», «тіл үнемі дамуда болады» деген сияқты идеялар мен концепциялар ұсынды.

В.Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «Лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара-пар келетін басқа бір ғалымды атау қиын»,- деп жазады.

Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алған.

Салыстырмалы-тарихи әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы, Санк-Петербург академиясының академигі А.Х.Востоковтың (1781-1861 ж.) да еңбегі зор. Ол 1820 жылы жарияланған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» атты кітабында славян тілдері фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу арқылы олардың бір-бірене ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетеді.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшіліктері.

Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл туралы ғылымды қалыптастырып, дамытуда зор рөл атқарды, лингвистикалық жаңа дәуірдің басы болды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Біріншіден, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар тілдің синхрондық күйін, оның жүйелік, кұрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуден айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде қалай болғанын тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бойынша бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасалды, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмеді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлердегі фактілер салыстырылды. Алтыншыдан, тілдік деректерді салыстырғанда сол тілдердің иесі болып табылатын қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады. Ең ақырында, салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептелетін, оның аты ғылым атына (салыстырмалы-тарихи тіл білімі) айналды. Тіл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға сай келмейтін осындай олқылықтар зерттеудің жаңа амал-тәсілдеріне көшуге мәжбүр етті.

 

 

Логика-семантикалық бағыт (К.Беккер, Ф.И.Буслаев)

Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі – тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық кұбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастар негізінде өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап әр түрлі философиялық қағидалар мен концепцияларға сүйенген бағыттар қалыптасты.

Логикалық бағыт– тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшылыққа толы болды. Логикалық бағыттың негізі мақсаты – ойлаудың танымдық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым – сөз, байымдау – сөйлем, субъект – бастауыш, предикат – баяндауыш арқылы т.б.

Бірақ логикалық категориялар мен грамматикалық категориялар арасында қайшылықтар, бір-біріне ұқсамаушылықтар да көп. Соны байқаған ғалымдар сол үйлесімсіздікті болдырмаудың жолын іздестіруде.

Психологиялық бағыт (Штейнталь Г. және Потебня А.А.)

 

Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман ІІІтейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан қарастыру – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 5296. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия