Иерархиялық қатынас.
Бұл әр тектес тұлғалар байланысы деген мағынаны білдіреді. Қатынастың бұл түрі ұсақ парадигмалық топтағылардың өздерінен бір саты жоғары тұрған парадигмалық топпен байланысына негізделеді. Мысалы: дыбыстар материалдық көрсеткіш ретінде морфемалар құрамына енсе, морфемалар сөз құрамына, сөз сөз тіркесі немесе сөйлем құрамына енеді. Иерархиялық қатынас арқасында тіл қабаттары бір-бірімен байланысқа келіп, біртұтас тілдік жүйе құрайды, сөйтіп, бүкіл тілдік механизм тұтасып қимыл жасайды. Иерархиялық қатынасы арқылы фонетика, лексика, грамматика жүйелік сипатқа ие болады.[
Чарльз Сандерс Пирс (1839-1914) – америка философы, физик, математик. 1839 ж. 10 қыркүйекте Кеймбриджде (Массачусетс шт.) Гарвард университетінің математика және астрономия профессоры Бенджамин Пирстың отбасында дүниеге келген. Математика, физика, химия, филология, тарих және дін философиясы, философия тарихы, логика бойынша көптеген еңбектердің авторы. Еңбектері: Обоснования мнения (The Fixation of Belief 1877) Как сделать наши мысли ясными (How to Make Our Ideas Clear, 1878) Шығармалар жинағы (Collected Papers, 1931-1935) 6 томдық Шығармалар жинағы (Collected Papers,1958) 2 томдық
§ Чарльз Уильям Моррис (1901-1979) – америка философы, семиотиканың негізін салушылардың бірі. 23 мамырда 1901 ж. Денверде (Колорада шт.) дүниеге келген. Морриске бихевиоризм және логикалық позепозитивизм идеялары ықпал еткен. 1930 жылдары америка прагматизмі мен Вена үйірмесінің неопозитивизмін синтездеуге тырысқан. § Еңбегі: Основания теории знаков (Foundations of the Theory of Signs, 1938) Бұл еңбегінде Пирстің идеяларын дамыта келе, Моррис семиотиканы таңба туралы ғылым ретінде 3 бөлімге бөлуді ұсынған: - Синтактика (таңбалардың бір-бірімен қатынасын зерттейді) - Семантика (таңбалардың объектіге қатынасын зерттейді - прагматика (таңбалардың оларды қолданушыларға қатынасын зерттейтін)
Фердинанд де Соссюр (1857-1913) - швейцария лингвисі, қазіргі лингвистикалық ғылымдардың, сонымен қатар ғылыми идеология мен әдіснама ретінде структурализмнің негізін салушылардың бірі. Ол 1857 ж. 26 қарашада Женевада француз эмигранттары отбасында дүниеге келген. Студент кезінде (1878 ж.) “Үндіеуропа тілдеріндегі дауыстылардың алғашқы жүйесі туралы” Мемуарын жазған. Еңбектері: Курс общей лингвистики (Cours de Linguistigue generale, 1916). Бұл еңбегі ғалым қайтыс болғаннан кейін оның шәкірттері Шарл Балли мен Альберо Сешенің Соссюр оқыған лекциялар бойынша жазып алған конспектілерінің негізінде жарық көрген.
Фрис Бопп (1791-1867) Майнце қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде–ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі – «Санскрит, зеид, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет; 1856-1861 жылдары жөнделіп екінші рет; 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Расмус Раск. Дания ғалымы, салыстырмалы–тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі –Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан – жақты көрсетеді. Ол – тілдердің сөздік жағынан бір–біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі – дыбастар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір–біріне салыстыра зерттейді. Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы унирверситетінің кафедрасы. Ол 20 шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбекті «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерінен туыстығын дәлелдейді. Якоб Гримм - неміс ғалымы, салыстырмалы – тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылды. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір–біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдерден қатар қоя қарау арқылы айқындалады. Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырды. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс құбылыстардың қай–қайсысыда оның бірте–бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Ф. Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы–тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф. Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады. Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Мартук университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Берлин университеттерінің профессоры болған. Оның негізгі лингвистиканың еңбегі төрт томнан тұратын «неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір–біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы–тарихи тіл білімінің теориялық жағында, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізеді. Салыстырмалы–тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы–тарихи әдіспен үнді-еуропа семьясына жататын тілдерді жекелеп те, топтап та зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір–біріне жақындық дәрежелерін айқындады. Салыстырмалы–тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі – үндеу. Рона семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл – проязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады. Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда бір–біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын калпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі–жарым дыбыстық өзгешеліктер мен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынады жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз осылар. Мұндай тіларалық ононимдер олардың туыстығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай–ақ, қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон. радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар – қазір жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған тілдер қарым–қатынас арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстығының, төркіндестігінің негізгі кепілі – сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардың бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда олардың бір–бірінен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір–біріне ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал, енді қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады. Салыстыру үшін алынған материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшырап, бөлектенген болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде: тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде: дат болып айтылуын немесе қазақ тілінде қосымша д, т дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: біздер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады. З.З. Харрис - генеративизмнің қалыптасуына септігін тигізген американ лингвисі. Ғалым өз зерттеулерін семиолог ретінде бастап, алғашқы жұмыстары Рас–Шамраның угариттік мәтіндерін оқып, талдау, мәнін ашуға арналған. Одан кейін Харрис тілдік құрылымдардың трансформациялық анализі (талдау) идеясына ден қояды. Оның бұл идеясы 1957 жылғы «Қолдану жиілігі мен тіл құрылымдарындағы трансформация», 1965 жылғы «Трансформациялық анализ» мақаласында және «Тілдің математикалық құрылымы» монографиясында көрініс табады. Бұл кезде трансформациялық анализ Хомский есімімен, туындаушы грамматикалың «қалыпты моделімен» тығыз байланысты болды. 1952 жылы «Discourse Analysis» мақаласында Харрис дискурсқа ақпарат қозғалысының зерттеу әдісі ретінде дискурс анализ терминін енгізеді. Ал дискурс теориясы (француз: - discourse –сөйлеу). Дискурс термині XX ғасырдың 70 жылдарының басында кең қолданыла бастады. Алғашында «функциялық стиль» терминіне жақын болды. Дискурс – «тілдегі тіл», бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде орын алды. Ол сөйлемде ерекше грамматика, ерекше лексикон, синтаксисте сөз қолданысының ерекше ережелері, ерекше семантикасы, демек ерекше дүние ретінде ұсынылады. Дискурс терминнің төмендегідей мағыналарын бөліп көрсетеді: а)өзара байланысты мәтін; б) мәтіннің ауызекі сөйлеу формасы; в) диалог; г) сөйлемеліктің мәні жағынан өзара байланысты топтары; д) жазбаша не ауызша сөйлеу қалпы; Мәтіннің алуан түрі дискурс аясында топтастырылып, менталды процестер тұрғысынан және экстралингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылады.[2:111] Қазіргі күнде дискурс анализі алғашқыда көрсетілгендегісінен біршама дамыса да, олайда бұл терминнің, идеяның Харриске қатыстылығы мойындалған. 1970 жылы Харрис грамматикалық теориямен айналысып, оны «операторлар грамматикасы» деп аталады. 1965 жылдан кейін АҚШ – та Language («тіл») журнал қауымы Харрис пайымдауларын дұрыс емес деп, баспаға шығармады. Алайда, көптеген зерттеушілер Харристің соңғы жұмыстарына оңды баға беріп, болашақ ісі деп таныды. Джон Остин (1911-1916) - сөйлеу актісі теориясының (дискурс теориясының) негізін қалаушы ағылшын философы, лингвисі. Дж.Остинді алдымен философ деп тануға болады. «Мағына мен сенсибилиялар» еңбегі бұған дәлел бола алады. 1960 жылдарға таман Остин тіл туралы ғылымға да ден қояды. «Сөз әрекет ретінде» (Слово как действие») еңбегінде ол лингвистикалық прагматиканың маңызды саласы – сөйлеу актісі теориясының негізін қалады. Остин зерттеулерін бақылап отырған адам келесідей терминдерге кезігеді: Мысалы, ол констативті (кейбір заттар жағдайын суреттейді, нақты шыншыл мәнге ие) және перфомативті сөздерді сипаттауға аппарат енгізеді (локуция, иллокуция, иллокуциялық күш, периокуция, сөйлеу актісінің сәттілік шарттары түсініктерін енгізеді), сонымен қатар перфомативтердің алғашқы рет классификациясын ұсынады. Чейф Уоллас 1970жылдан бастап тіл дискурсы мәселерімен шұғылданады. Бұл кезеңде АҚШ–та «функционализм» атты бағыт белең алды, Чейф американ функционалистерінің бірі болды. Оның атақты еңбектері: «Дискурс, ес және уақыт», «Сөйлеу мен жазудағы ағымдық және оқшау ес тәжірбиесі».(1994 ж.). Бұл еңбектер тіл мен сананы, есті зерттеуге арналды. Чейф эксперименталды психолгиямен генеративтік грамматиканы ұштастырады. Осы салада ол екі негізгі мәселені қарастырады: біріншісі – санада болатын процестер негізінде тілдік құбылыстарды түсіндіру; келесі мәселе- ауызекі жазба тілді ұштастыру.Әрине, тілдің универсал формасы ауызекі сөйлеу мәнері болып табылады. Алайда көптеген лингвистер жазба тілді зерттеумен шұғылданды. Сондықтан, Чейф алдымен тұрмыстағы ауызша сөйлеуді қарастырады. Чейф бойынша, дискурс құрылымының басты түсінігі – интонациялық бірлік, яғни сананың, естің бір фокусына сәйкес келетін дискурс кванты, әдетте, әр интонациялық бірлікте жаңа ақпараттық бір элементі көрінеді. Қазіргі таңда Чейф табиғи дискурстағы просодия, тілдегі эмоция мен юмор көрінісі, тіл мен музыка байланысы сияқты мәселелерді зерттеуде. Вайсгербер Лео (1899-1985) – неміс филологы. Мец қаласында 1899 жылы 25 наурызда дүниеге келеді. 1917 жылы гимназияны аяқтағаннан кейін Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысады. Қайта оралып Бонн университетіне түсіп, онда салыстырмалы тіл білімі, германистика, романистика, кельтологиямен айналысады. 1923 жылы кельтология бойынша дисссертация қорғайды да, Бонн университетінде қалып, одан әрі докторлық диссертация қорғауға ұсыныс алады. 1925 жылы ол Тіл қоғамдық таным формасы ретінде. Тіл табиғатын тілдік өзгерістер теориясына кіріспе ретінде зерттеу деген тақырыпты диссертация қорғайды, 1925 жылы В. Бонн университетінің доценті, 1926 жыодың кезінде Росток университетінің салыстырмалы тіл білімінің профессоры болып тағайындалады. 1927 жылы Й.Трирмен танысады. 1933 жылдан кейін Вайсгербер тіл тарихы мәселелерін зерттеумен шұғылданады. 1938 жылы Маркбург Университетінің жалпы және үндіеуропалық тіл білімінің профессоры болып, 1942 жылы Бонн Университетіне қайта оралады. Вайсгербер Боннда 1985 жылдың 8 тамызында дүниеден өтеді. Витгенштейн Людвиг Йозаф Йоганн (1889-1951) – австрия философы. ХХ ғасырдағы атақты ойшылдардың бірі. Ол 1989 жылдың 29 сәуірде Венада туған, Берлинде бірнеше жыл оқып, кейін Манчестер унивеситетінде техникалық құрылғыларды ойлап табу, құрумен айналысады. 1911 жылы В. Кембридч университетінде Бертран Рассемен бірігіп логика мәселелерімен айналысады. 1914 жылы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа өз еркімен барады. Соғыста жүргенде логика және философия мәселелерін көп ойлап, ақыры 1918 жылы Логика – философиялық трактат атты кітап жазып бітіреді. Трактат дүниежүзінде құнды, үздік еңбек болып бағаланған. Соғыстан кейінгі он жыл бойы Витгенштейн философиямен шұғылданбайды. Бірнеше жыл бойы ол Төменгі Австрияның провинциялық мектептерінің бірінде мұғалім болып, содан кейін монастырь – бағбан көмекшісі ретінде жұмыс жасайды. Гумбольдт Вильгельм фон -(1767-1835) – неміс филсофы, филолог,өнертанушы, заңгер және қоғам қайраткері. 1767 жылы 22 шілдеде Потсдамда туған. 1787 жылы Франкфурттағы Университетке түседі, ал1788 жылы Геттинген Университетінде тарих пен филологиядан лекциялар тыңдайды. 1794-1797 жылдары Йен қаласында тұрады.1819 жылға дейін Пруссияда мемлекеттік қызметте, Ватикан, Вена, Лондон, Прага, Париж қалаларында елшілік қызмет,діншілдік және ағарту министрі қызметтерін атқарады.1809 жылы Берлин Университетін ашады. 1819 жылы қоғамдық қызметтерді тастап, ғылыммен айналысады. Гумбольдт 1835 жылдың 8 сәуірінде Тегельде қайтыс болады. Эрнст Кассирер (1874 – 1945) - таным теориясы мен философия ғылымымен кең көлемде шұғылданған неміс философы, лингвисі, тарихшысы. Кассирер өмір бойы философия мәселелерімен айналысып өткен. Оның құнды еңбектері: «Философия мен Жаңа уақыт ғылымын игеру мәселелері», «Символи-калық формалар философиясы». Осы және т.б. еңбектерде Кассирер тіл, миф, дін, өнер, тарихты символикалық формалар деп талдаған. Оның ойынша, адам осылар арқылы өзін-өзі танып, әлемді сипаттайды, яғни адам «символ жасайтын жануар» болып шығады. Кассирер концепциясында тіл философиясы ерекше орынға ие. «Символикалық формалар» арасында тіл әлем бейнесін жасайды. Тіл рухтың автономды туындысы, ол арқылы адам шындықты айқындайды. Тілдік белгілер арқылы Символикалық таным өнімдері ретіндегі түсінік қалыптастырады. Кассирер концециялары XX ғасырдың I жартысында көптеген ғалымдарға үлкен әсер етті: Германиядағы жаңа гумбольдтшыл М. М. Бахтинге, В. Н. Волошноваға, Н. Я. Маррға т.б. Лакофф Джордж (1941 жылы туған) – американ лингвисі, жалпы тіл білімі саласындағы көрнекті маман. Лакофф тіл мен таным, метафораның когнитивтік теориясын кең суреттеген. Осы метафора туралы түсінік адамның түсінік жүйесі мен табиғи тіл құрылымын қалыптастыруды кейінгі жылдарында (Э. Рош пен М.Тернермен бірігіп) «таным» концепциясында жалғас табады. Мұнда адамның ойлау қабілеті, әлем көрінісі, соның ішінде философиялық жүйелерінің адам ағзасы мен адам миына тәуелді көрініс береді. Бұндай негізді Лакофф құнды мәлімет етіп қолданады. Лакоффтың бұл саладағы зерттеулері 1998 жылы «Ағзадағы философия» монографиясында беріледі. Якобсон Роман (1896-1982 жж) – орыс лингвисі, семиотик,әдебиеттанушы. Ол тіл білімінің поэтикамен, өнер, эстетизммен, риторикамен, философиямен, антропологиямен, психоанализбен, семиотикамен байланысын зерттеген. Соның ішінде лингвосемиотика саласындағы еңбектері құнды: «Тіл мәдениеттегі бір ғана семиотикалық жүйе емес, оның басқа таңбалық жүйелер тілдің көмегінсіз–ақ түсініледі (кино, музыка). Сигнифи-кация, яғни ұғындыру – барша мәдениет әлемін қамтитын құбылыс, сонда, семиотиканың міндеті ғылымдар аралық қатынасты зерттеу, ұғыну (ұғындырудың тұрақты және универсал механизмдерін табу». [11;3]. «Яғни, Якобсон тіл мен мәдениеттің байланысында семиотиканың атқаратын қызметі зор екендігін айтқан концепцияларының бір қызығы, ол семиотика, антропология, этнология сияқты пәндер қатары адамдар қоғамында алмасуларды зерттейтін коммуникация теорияның шеңберінде біріктіріліп қаралуы керек» дегенді айтады (этнология алмасуларды негізгі қоғамдық факт ретінде қарайды, мысалы әйелдермен, мүлікпен, ақпаратпен алмасу (Леви – Стросс); семиотикада алмасу таңбалар көмегімен іске асады; лингвистикада табиғи тілде сөйлеу арқылы болатын сөз алмасулар қаралады). Якобсон «лингвистика мен семиотика бірігіп, тілді түрлі функцияларына байланысты жан – жақты талдап, қарастыруы тиіс»,-дейді. Сонымен қатар, ғалым семиотиканың септігі тек тіл мен мәдениет аралық жігінде ғана емес немесе коммуникация теориясын құрайтын фактор ретінде ғана емес, оған қоса поэтика саласында да тиетінін айтады. Мысалы, белгілі бір өлең мазмұнын түсіну үшін сөз фактурасының қызметі жеткіліксіз болып жатса, бұл арада семитикалық пайдасы тиеді. (Якобсон пікірінше, семиотика лингвистикадан ауқымдырақ). Бахтин Михаил Михайлович (1895 - 1975) – көрнекті әдебиеттанушы, философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик. Оның есімі философия мен мәдениет тарихы салаларында елеулі жаңалықтармен танымал. Ол Ф.Достоевский романдарындағы диалогтық құрылымдарды зерделеген, «басқа» сөзінің түрлерін ажыратып берген, «күлкі - әзіл мәдениеті» категориясын жан-жақты талқылаған, ортағасырлық және Қайта Өрлеу мәдениеттеріндегі «ресми» және халықтық типтерді айшықтаған. «Франсуа Рабле»шығармашылығы және ортағасырлар мен Ренессанстың халықтық мәдениеті» (1965) атты еңбегінде Бахтин карнавалды халық мейрамы ретінде көрсетіп, оның жаңғыртушы бастауларына үлкен назар аударады. Бұл «дұрыстықтардың», «өмір бейнелерінің», «адам тағдырларының» алмасатын уақыты – тазалаушы күлкі уақыты. Осы сипатта Бахтин өндіруші «төмендіктердің» бейнесі болып табылатын, күлкі тудыратын «көңілді материя» категориясын арнаулы негіздеді. Бұл тым өзін жоғары бағалайтын дандайсыған адамдарды тәубеге келтіруге бағытталған. Халық өмірінің бір бастауы – күлкі адамды жоғары көтереді, оның рухының толық ашылуына мүмкіндік туғызады. Достоевский поэтикасында Бахтинді адам тағдырының шұғыл бұрылыстары қызықтырады. Күлкі-әзіл мәдениеті авторды шынайы өмір трагедияларын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу асқақтық еріктен гөрі, үйлесімді әрі салқынқанды стилімен дараланады. Зерттеуші бұл ізденісінде тек сөзді емес, сонымен бірге адамды, авторды, оның өмірлік тағдыры мен бетбұрыстарын көпырғақты мәдени қалыптарда зерделейді. Адамтану мәселелеріне байланысты Бахтин қылық категориясына арнайы назар аударады және осы арқылы адамның рухани өсу сатыларын айқындайды. Бахтин еңбектері адамдық мәдениетті зерделеуде өзінің жан-жақтылығымен және тереңдігімен көзге түседі. 20ғ мәдениеттануында Бахтиннің еңбектері ерекше орын алады.
Бердяев Николай Александрович (1874 - 1948) – көрнекті философ, персонализм мен экзистенциализмнің идеологы. Ғасыр басында жария марксизм дегенге жақындап, кейін діни философияға бет бұрды. 1922ж Кеңес үкіметі оны шет елге жер аударып жібереді. 400-тан артық кітаптарының ішінде философиялық түбегейлі трактаттар, мәдени-тарихи туындылар, әдебиеттану саласында және өмірбаяндық эсселері бар. Бердяев ұлт пен мәдениет, мәдениеттегі жалпыадмазаттық және ұлттықұ бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс және мәдениет сияқты түбегейлі мәселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Бердяев аталған сқрақтарды бірінші, батыл және ашық қойды және олар қалыптасып келе жатқан ғылым – мәдениеттануда үлкен қызмет атқарады. «Орыс рухы» туралы пайымдауларында Бердяев орыс рухының «пейзажы» орыс жерінің «пейзажына» сәйкес келеді деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократтық орталықтандырылған билікті жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдық, ұйымдастырауға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтті. «Орыс халқында, - деді Бердяев, - кез-келген мәдентетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар». Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша, амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті, қарапайымдылықты жоғары бағлады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талқандау ұзаұұа созыла алмайды, түбінде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарын бір-бірінен ажырата қарастырады. Мәдениет рухани және ақсүйектік құбылыс болып табылады. Өркениетте техникалық, «машиналық» жақтар басым. Бердяев халықтың бірлігі мен рухани егемендігін қызу қолдады, дәйекті демократ болды. Адамдық тұлға және оның тіршілігі Бердяев ізденістерінің өзеі болды.
Франс Бопп (1791 - 1867) Майнце қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үштомнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Витгенштейн Людвиг (1889 - 1951) – философ және логик, аналитикалық философияны жасаушылардың бірі. Венада туған «Логикалық философия трактатында» (1921) «Логикалық тұрғыда жетілген» немесе «идеалдық» тілдің концепциясын ұсынды. Бұл тілдің келешектегі үлгісі ол үшін Рассел мен Уайтхедтің «Pzincipia Mathematica» еңбегінде баяндалғандай математикалық логика тілі болды. Бұл концепция шектелген логикалық формализмге тән қасиеттерде әлем туралы білімнің жиынтығына көшіруге әрекет жасаушылыққа, өзара конъюнкция, дизъюнкция және т.б. логикалық операциялармен байланысқан жай тұжырымдар жиынтығын бейнелеуге негізделді. Витгенштейн логикалық – гносеологиялық концепциясын логикалық атомизм ілімі ретінде алдын-ала онтологиялық негізге алады. «Идеалдық» тіл шеңберіне жатпайтын – дәстүрлі философия, этика және т.б.-ң бәрін Витгенштейн ғылыми мазмұнын мқұрым деп жариялады. «Тілден, санадан тәуелсіз тұратын объективті шындық туралы мәселені жоққа шығара отырып, Витгенштейн солипсизмге келді, Логикалық – философиялық трактат» мұраттарын логикалық позитивизм қабылдады. Витгенштейннің бірқатар логикалық мұраттары таблицлық немесе матрицалық, ақиқат мәнін айқындау әдісі қазіргі логикалық дамуына әсер етті.
Гумбольдт Вильгельм (1767 - 1835) – неміс философы, тіл зерттеуші және мемлекет қайраткері. Канттың философиялық іліміне ден қойған Гумбольдт оның материалымен қоғамдық тарихты нақтыландырып, дамыта түсуге ұмтылды. Гумбольдттің тарихи таным теориясына сәйкес, бүкіл дүние жүзілік тарих – таным шегінен тысқары жатқан рухани күш қызметінің нәтижесі, сондықтан оның себепті көзқарас тұрғысынан ұғынылуы мүмкін емес. Гумбольдттің ғылым ретінде тарих белгілі бір мағынасында эстетикамен сәйкес келуі мүмкін деді. Тілдерді зерттеудің аса маңызды болып тбылатын салыстырмалы – тарихи әдісін ұснды; Шлейермахермен және Шлегельмен бір мезгілде герменевтиканың бірқатар мәселелерін талдап шешті. Этикада абстрактілік гуманизм айқындамасында болды. Гумбольдттің антифеодалдық көзқарастары білім беру жүйесі реформасының, Германияны біріктіру идеясының шегінен шықпады.
Гадамер Ганс Георг (1900ж) – неміс философы, филолог, өнертагушы, герменевтиканың негізін салушылардың бірі. Негізгі еңбегі – «Ақиқат және методикалық Герменвтика философиясының негізгі белгілері» (1960). Хайдеггердің ізімен Гадамер түсіндіруді логикалық құрал түрінде емес, адамдық болмыс тәсілі ретінде қабылдайды. Герменевтика Шлейермахердегідей мәнді ашу да, Дильтейдегідей таным әдісі де емес. Гадамер дүниені түсіндіруде «ақылға дейінгі» құрылымдардың маңыздылығын атап өтеді. Мәтінді түсіну үшін, дейді ол, біз оның жеке бөліктерінің мағынасын білуге ұмтыламыз, бірақ бұл үшін тұтастықты алдын ала білуіміз қажет. Гадамер түсінудің диалогтық табиғатын атап өтеді. Түсіну – сұрақ-жауаптық құрылымға негізделген: мәтінді түсіну үшін, онда қойылған сұрақтарды біліп, бөтен сұрақтар қоймау қажет. Сұрақты тек өзімізге қоя блсек қана түсіне аламыз. Гадамер тіл мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, Хайдеггер тәрізді, оны болмысты тану дәнекері ретінде алады. Медиум ретіндегі тілдің әмбебаптылығы герменевтиканың әмбебаптылығын дәлелдейді. Герменевтиканы тәжірибе түрінде алған Гадамер практик түсіндірмеші ретінде философия тарихынан және әдебиет тарихынан көптеген мысалдар келтіреді.
Ницше Фридрих (1844 - 1900) – неміс философы. «Өмір философиясының» негізін салушы ретінде белгілі. Оның Батыс мәдниетінің генезисі туралы концепциясы философиялық шығармаларында көрініс тпқан. Батыс мәдениетінің қайнар көзі грекия антиктік заманында деп таниды. Өйткені адамның өмір сүруін қамтамасыз ету жолында пайда болған бірегей болмыс, интеллект пен қиял символдары Апполон мен Дионистің тең құқылығы тек осы шынайы мәдениетте мойындалған. Ол мәдениетті «өмірге құштарлық», «билікке құштарлық» принциптерімен салыстырады. Батыс философиясы мен мәдениеті болмыс қасіретінен жоғарылап, өмірдің кемелдену формаларын жасайтын және өз әрекеттері үшін өзі жауап бере латын «асқан адамның» тұлғасын жасайды. «Асқан адам» - қуаты дионистік бастауды «ақыл», Құдай құндылықтарымен дами бастады. Адамдардың табиғи күйі – христиандардың Құдай фикциясы, оло жаң заманда интеллект фикциясы тұрғысынан бұзылды. Мұның өзі, философтың ойынша, Батыс мәдениетін «Құдайдың қайтыс болуы» мен барлық құндылықтарды қайта бағалау туралы жар салған «еуропалық нигилизмге» айналған тұйыққа әкеліп тіреді.
Сократ (б.з.б. 469 – 399ж) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ойысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешкен, одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп, Мегарлық Авклид дәріс алды. Сократ ілімі туралы тек Аристотель мен Платонның айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымын, заттардың физикалық табиғатын танып-білуге болмайды, біз өзімізді ғана білуіміз мүмкін дейді. Таным мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып-біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, практикада - өмір сүрпу өнерінде. Сократ бойынша, білім дегеніміз – ой, жалпы туралы ұғым. Ұғым анықтау арқылы айқындалады да, индукция арқылы жалпыланады. Сократ этикалық ұғымдарды анықтау мен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудың бұрын әңгімеге жол беріледі, соның барысында бірнеше дәйекті сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталады. Қайшылықтарды айқындаумен жалған түсінік жойылады да, осы сәтте күйзеліске түскен ақыл-ойға шынайы ақиқатты іздестіруге ықпал жасайды. Сократ өз зерттеу әдістерін «кіндікшеше өнерімен» теңестіреді; оның догмалық ұйғарымдарға қатысты сыни көзқарасты керек ететін сұрақтар тәсілі Сократ «кекесңдері» деген атпен таралды. Сократ этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды.
Соловьев Владимир Сергеевич (1853 - 1900) – орыс философы және діни қайраткері, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Соловьевтің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің және басқа діни-философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол неміс философиясынан славяншылдардан көп нәрсені қабылдап пайдаланды. Соловьев ілімінің өзегі баршаның біртұтастығы идеясы болып табылады. Ол абсолюттік, құдіреттілік аясы ретінде, ал реалды дүние – осы идеяның дербестелуі және жүзеге асуы ретінде қаралады. Шартысз «біртұтастық» ақиқаттың, жақсылық пен сұлулықтың мінсіз, жетілген синтезі ретінде, Соловьевтің пікірінше, мистикалық, рационалдық және эмпирикалық білімнің жиынтығы болып табылатын «тұтас» біліммен ғана ұғынылады. Және де оның негізін мистикалық білім: таным нәрсесінің еш шартсыз өмір сүруіне сену; интукция немесе нәрсенің ақиқат идеясын беретін қиял; шығармашылық құрайды. Соловьев теологияның, философияның және ғылымның бірлігі үшін күресті және оны «азат теософия» деп атады. Қоғамда біртұтастық идеясы өзін адамдардың құдай адам одағы адамзаттың көкейкесті мақсатын айқындайтын жер бетінде әлеуметтік немесе барлық ұлттарды біріктіретін және қайшылықтарды шешетін «құдай патшалығын» орнатуды көздейтін ғаламдық шіркеу ретінде танытады.
Хайдеггер Мартин (1889 - 1976) – неміс экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі. Хайдеггеридеалистік философиясының негізгі өлшемі «өткіншілік» болып табылады, оны ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы ретінде түсінген. Хайдеггер «көңіл күйді», яғни стихиялы, дамыған сана-сезім формаларын бастапқы нәрсе деп есептеді. Қамқорлық, алаңдаушылық, үрей және т.б. Хайдеггер бойынша жеке адамның априорлық формалары болып саналады. Бұл формалар адамның субъективті болмысын құрайды, оны Хайдеггер дүниедегі болмыс деп атады. Долбарлы формалар туралы ілімді Хайдеггер болмыс туралы ілім ретінде жасады. «Болмыстың мағынасын» түсіну үшін адм барлық нақтылы нысаналы қағидалардан бас тартуға, өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындауы тиіс. Хайдеггерше, адам өзінің үнемі «ажал алдында тұрғанын» сезініп қана өмірдің әрбір сәтінің маңызы мен толымдылығын көре біледі, «қоғамдық болмыстың кесапаты» - мақсаттардан, «мұраттардан», «ғылыми абстракциялардан» арыла алады. Тілді «болмыс үйі», мәдениеттің нағыз жиынтығы ретінде қарастыра отырып, Хайдеггер «болмыс ақиқаттарын» анықтау мақсатиымен «спекулятивті филология» идеясын жасады.
Шлегель Фридрих (1772-1829) – неміс идеалист-философы, сыншы, жазушы, тіл маманы, романтизм теоретигі. Ағасы Август Вильгельм Шлегельмен (1767 - 1845) бірге Иена романтиктер үйіәрмесінің бағдарламалық қағидаларын әзірледі. Жаңа заман мәдениетін сынай келіп, ежелгі үнді дәуіріндегі сияқты мифология жасау идеясын ұсынды, онда қазіргі сананың «жіктелуі» жойылып, ғылым, философия, өнер етене бірігіп кетер еді. Оның пікірінше,өмір шындығын эстетикалық тұрғыдан өзгерту де осылайша, «шексіз универсумға» ұмтылған мәдениет арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Өмірінің соңында жазылған шығармаларында шынайы философия христиан діні принциптеріне негізделуге тиіс деп тұжырымдады. Негізгі шығармалары: «Философия туралы хат», «Идеялар», «Поэзия туралы әңгіме», «Өмір философиясы».
Юнг Карл Густав (1875 - 1961) – Швейцария психологы, «аналитиклық психологияны» жасаушы. 1907 – 1912 ж Фрейдтің ең жақын жақтаушысы. Юнг бойынша жеке адамның санасыздығымен қатар «ұжымдық санасыздықтың» неғұрлым терең қабаттары болады, онда «бастапқы» психикалық құрылымдар түрінде адамзаттың ең ежелгі тәжірибесі сақталады, ол дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорлік әзірлікті қамтамасыз етеді. Юнг «индивидтену» процесін – жеке адамның өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға ұмтылуын адамның психикалық тіршілігінің негізгі мазмұны деп санады. Егер бұған жеке немесе әлеуметтік өмір мәселелері кедергі жасайтын болса, санасыздық архетиптік құрылымдары жанданып, символдық бейнелер пайда болады, олар түрлі халықтардың аңыздарында қайталанып отырады және әрбір адамның бойында түс беріп, оны таңғажайып күшпен баурап алуы мүмкін. Дәрігердің пациенттерінде пайда болатын архетиптік бейнелерді түсіндіруін Юнг «аналитикалық психологияның» міндеті деп есептеді. Ол ұлы идеялардың бәрі архетиптік негізінде жатыр деп санады. Сонымен бірге Юнг еңбектері салыстырмалы аңыздар жөнінде зерттеулердің пайда болуына жәрдемдесті; оның психолгиялық типтер концепциясы әйгілі болды § Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы § Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы § Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім § Датив – барыс септік § Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин § Диграф – екі таңбадан тұратын әріп, диграмма § Дилогия – сөйлеу үстінде бір мезгілде сөздің әртүрлі екі мағынада қолданылуы § Дисиллаб – екі буынды сөз § Дорсал дауыссыздар – тіл үстінің алдыңғы жағының таңдайға қарай көтерілуі, тіл ұшының алыңғы тістерге тиюі арқылы жасалатын дауыссыздар: т, д, с § Изоглоссо – тілді лингвистикалық география әдісімен зерттеуде тілдік құбылыстардың таралу шегін көрсететін қатардағы сызықтар, шекаралық белгілер § Иллитерат – әріппен таңбалауға болмайтын түшкіру, пысқыру, ысқыру, күрсіну сияқты дыбыстар § Имплицитті – тілдік материал арқылы ашып көрсетілмеген, бірақ контекст арқылы білініп, сезіліп тұратын жасырын мағына § Императив – бұйрық рай § Инфинитив – флективті және агглютинативті тілдердегі етістіктің қимыл атауының формасы, тұйық рай етістік § Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин § Конъюнктив – шартты рай § Ксенолексика – басқа тілден ауысқан сөздер мен сөз тіркесі § Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім § Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы § Лингвистика – тіл туралы ғылым § Лингвист – тіл маманы § Локатив – жатыс септік § Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім § Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі § Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім § Ономапоэтикалық теория – дыбысқа еліктеу теориясы § Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин § Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин § Оптатив – қалау рай § Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала § Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім § Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы § Семиотика – таңбалар жүйесі § Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді § Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі § Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы § Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала § Синхрония – гректің бір кездегі § Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі § Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі § Транскрипция –дыбыстаңба § Транслитерация – бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру § Транспозиция – парадигмалық қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа бір форманың орнына қолдану кең мағынасында кез келген тілдік форманың ауысуын білдіреді § «Тіл туралы жаңа ілім» (Яфет теориясы) – 20 ғ. 20-30 жж.-нда тіл білімінің жалпы мәселелері жайында Н.Я.Марр ұсынған көзқарастар жүйесі § Узус – әдеби тілдегі норма емес, бір тілде сөйлейтін адамдардың басым көпшілігі қабылдаған сөйлеу үлгісі, сөз қолданудағы әдет, дағды. Әдеби нормалар әр дәуір талабына сай үрдіс ретінде өзгеріп отыруы мүмкін, ал узус тұрақты, халық оны үнемі қолданады. § Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім § Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы § Фонология – тіл дыбыстарын атқаратын қызметіне қарай зерттейтін тіл білімінің саласы § Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс § Эксплицитті – тілдік материал арқылы ашық айтылып, нақты түсіндірілген ақпараттың айқын мазмұны § Элатив – сапаның мейілінше артықшылығын басқа затпен салыстырмай-ақ білдіретін асырмалы шырайдың мағынасы: аса қымбатты § Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы § Эпоним – елді мекен, қала т.б. адам есімімен аталуы § Этноним – этникалық әртүрлі құрылымдардың, ұлттар мен халықтардың, тайпалар мен тайпалық одақтардың, рулардың аттары § Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
Осымша Азақ тілі, қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша 2006-2008 оқу жылында жарық көрген оқу және оқу-әдістемелік еңбектер туралы мәлімет
|