Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тіл ерекше таңбалық жүйе ретінде. Семиотика негіздері





Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады.

20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика — грек сөзі, мағынасы — белгілі дегенді білдіреді.

Семиотика -- хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, крлдану процесіңцегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен кдрым-кдтынасын зерттейді.

Семиотика – 20 ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшыларының өздері де айтқан. Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу — сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары — Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.

 

 

Басқа таңбалық жүйелерден тілдің айырмашылығы мен ортақтықтары (форма, мазмұн, мазмұн мен форманың қатынасы тұрғысынан)

Қазіргі тілшілердің басым бөлігі табиғи тілді таңбалық жүйелердің ерекше түріне жатқызады. Әлі күнге дейін тілшілер арасында табиғи тілді табиғи жүйе деп тануға қарсылық білдірушілер бар. Бұл кездейсоқ емес. Семиотика тұрғысынан тілдік таңба таңбалардың жалпы теориясы тұрғысынан да ажыратылады. Бір түсінік аясында биологиялық таңба – жануарлар арасындағы сигналдар, конвенционалды (яғни, алдын ала келісілген, шартты) таңба түрлері және жеке тек тілге тән таңбалар – қаралуы қарсылық туғызады. Жалпы теория тұрғысынан алғанда таңба – қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы сигнал. Сигнал ретінде кез келген зат не құбылыс танылады. Таңба әруақытта өзінен ерекшеленетін, өзі таңбалайтын затты, әрекетті, қатынасты көрсетеді. Бұл зат (әрекет, қатынас) таңбаның бастапқы мағынасы ретінде ұғынылады. Қазіргі семиотикада таңба мен таңбалық жүйені зерттейтін төмендегідей бағыттар бар әрі олар адамзат қоғамында қолданылатын таңбалық жүйені зерттеп қоймайды, жануарлар әлеміндегі сигнализация жүйесін де зерттейді: биосемиотика, этносемиотика, өнер семиотикасы, лингвосемиотика, абстрактілі семиотика.

Таңбалық ұғым мазмұны ретінде таңбаның репрезентативті, гносологиялық, коммуникативтік, экспрессивті, прагматикалық қызметтері

Тілдік таңбалардың ерекшеліктері.

Қызметіндегі кейбір ұқсастыққа қарап тілдік элементтерде де таңбалық сипат бар делінгенімен, тілдік таңбалардың тілдік емес көмекші таңбалардан құрылымы жағынан да, қызметінің көлемі, мәні жағынан да, білдіретін хабары мен қарым-қатынасы жағынан да түбірлі өзгешеліктері бар.

Дыбыс тілі және оның таңбалары семиотикалық хабаршы таңбалардай тек бір нәрселерді мәлімдеп қоймайды, сонымен бірге ол — айналадағы өмірді танып-білудің, ойды қалыптастырып, дамытудың да құралы, басқаша айтқанда, адам баласының бүкіл өмірі мен дамуының құралы.

Тілдік таңбалардың қызметін белгілі біреулер я шағын бір қауым алдын ала жасаған келісім бойынша белгілеп бермейді. Олар осы тілде сөйлейтін бүкіл қауымның табысы, сондықтан ол тілдік қауым мүшелерінің барлығына да белгілі, жалпыхалықтық болады.

Қызметі жағынан алғанда тілдік емес таңбалар алдын ала белгілеп қойылған белгілі бір жайды ғана хабарлап білдіреді. Олардың коммуникативтік рөлі сандық жағынан да, сапалық жағынан да мейлінше шағын, бір нысанға ғана тәуелді. Тілдік таңба — қоғам өмірінің барлық саласында да, қоғам мүшелерінің барлығы үшін де бірдей дәрежеде, мейлінше кең көлемді қолданылатын универсалды таңба. Оның беретін хабары шексіз дерлік.

 

Таңба түрлері (индекстер, символдар, икондық таңбалар)

Ч. Пирстың басылым көрген семиотикалық идеялары лингвистикалық ортадан тыс алыста дүниеге келді, сондай-ақ түсінуге ауыр тілмен жазылғандықтан сол уақыттарда АҚШ-тан тыс жерлерде кең танылмады; оған ұқсас тәуелсіз идеяларды Ф.де Соссюр дүниеге әкелді. Оның басты айырмашылығы идеяны математикалық логикадан емес лингвистикадан туындатуы болды. Пирс тұжырымдамаларының кең оқырманмен табысуы және дамытылуы 1930-жылдарда Ч.М.Моррис арқылы жүзеге асты және ол Пирстың әлемге семиотиканың негізін салушы ретінде кең танымал болуына ықпал етті. Пирс идеяларының көпшілік сипат алуына Р.Якобсон да біраз еңбек сіңірді.

Пирс таңбаларға классификация жасады: икондық таңбалар, индекстер, символдар.

Икондық таңбалар - белгілеуші мен белгіленушісі бір-бірімен қандай да бір ортақ ұқсастыққа ие бейнелі таңбалар Мыс. Аюдың (хайуан) өзі мен суреті;

§ Индекс-таңбалар (олар индекстік, нұсқаушы не дейксистік таңбалар) – белгіленуші мен белгілеушінің өзара араластығымен бір-бірімен байланысты болатын таңбалар; көп жағдайда бұл байланыс себеп-салдарлық және/немесе нұсқаушы сипатта болады: із – оны тастаушыға сілтейді, түтін – отқа.

§ Символ-таңбалар немесе символдық таңбалар белгілеуші мен белгіленуші сол қоғамда қабылданған және/немесе сол мәдениеттегі шартты келісім негізінде бір-бірімен байланысты болады Мыс.: бағдаршам түстері мен олардың мағыналары арасындағы байланыс.

Пирс таңбалар синтаксисін жасаудың маңыздылығын атап көрсетеді.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 9535. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия