Студопедия — МАССАЖДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ТИГІЗЕР ОҢ ӘСЕРІ МОЛ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

МАССАЖДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ТИГІЗЕР ОҢ ӘСЕРІ МОЛ






.

Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахаттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Ал массаж дұрыс орындалмағанда немесе науқас асқынған жағдайда ағза массажды көтере алмауы да мүмкін. Сондықтан, массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кей сәтте, әсіресе жасы келген қарияларда массаждан кейін дененің қызаруы, талаурауы, ауырсынуы сияқты құбылыстар байқалуы да ықтимал. Ең бастысы, массаждың пайдасы мол, бірақ оны орнымен жасаған жөн.

Массаж – француз сөзінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді. Ол - адам денесіне берілетін механикалық тітіркендіру. Массаждың денеге тигізетін оң әсерін және физиологиялық қасиетін көптеген ғалымдар ерте кезден-ақ зерттеп кеткен. Қазіргі медицинада массаждың гигиеналық, сегменталды және нүктелі деп аталатын түрлері кеңінен қолданылуда.

1. Гигиеналық; массаж. Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып, тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Гигиеналық массаж, күнделікті жаттығулар сияқты орындалып тұрады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен, таңертең ұйқыдан оянған сәтте жасаған массаж пайдалы. Себебі, адам ағзасы бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы біртіндеп таратылады. Сол үшін таңертеңгі массаждың көмегі өте қажет. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға тиімді.

2. Сегменталды массаж. Жұлыннан шыққан жүйке жүйесінің талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып, осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, ауруға шалдыққан ішкі ағзада әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, зақымданған мүшені қалпына келтіруге болады.

3. Нүктелі массаж. Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді (2—10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен ағзада айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеген. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға болады. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Негізінен, ол инемен емдеу әдісіне ұқсас. Оны жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады.

4. Емдік массаж

Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады.

 

5. Қоздыратын нүктелі массаж

Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20—30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4 рет қайталайды. Қазіргі кезде ғалымдардыд айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей банланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен қолданылады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 433. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия