Студопедия — СУРАК Киім, аяқ киім гигиенасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СУРАК Киім, аяқ киім гигиенасы






 

Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)

Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.

 

Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.

 

26- Адам ағзасына қоршаған ортаның жағымсыз физикалық және химиялық факторларының әсері (шу, инфрадыбыс, магниттік өріс, діріл, электромагниттік таралым, ауыр металдар)

АДАМ АГЗАСЫНА ШУДЫН АСЕРІ

 

Шу ашушаңдықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді. Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша, шудың жоғарғы қысымы жүрек, қантамыры, асқазан, жүйке жүйесі ауруларын қоздырады.

Балалар невропотологі Светлана Михновец: «Тұрғын үйлердің төменгі қабатында немесе жанында орналасқан мейрамханалардан шығатын тұрақты шу жас сәбилер ғана емес, ересектердің де жүйкесіне үлкен әсерін тигізеді» – дейді. Жоғары жиіліктегі қатты дыбыстар балалардың қалыпты жүйке жүйесіне нұқсан келтіріп, қатты шаршатады. Кей жағдайда шудың әсерінен әлсіз балалар аяқ-қолы дірілдеп, талып қалады екен. Ал, би алаңдарындағы дыбыс ұлғайтқыш арқылы таралатын музыканың даусы, тіпті, зиян. Төменгі жиіліктегі инфрақызыл шудың зияны аз. Біз әдетте ультра дыбыстарды естімейміз. Қатты шудан бала дегбірсізденіп, қорқақ болып қалады. Жастар көбіне радиоқабылдағышты құлаққа салатын құрал арқылы тыңдайды. Оның да есту мүшелеріне пайдасынан гөрі зияны басым.

Инфрадыбыстардан болатын табиғат құбылыстары, яғни, жер сілкінісі, цунамидің әсерінен адамның генетикасы бұзылуы мүмкін. Мысалы, қатты жер сілкінісі немесе дауылдан қорыққан әйелдің құрсағындағы нәрестенің денсаулығына кері әсері болмай тұрмайды. Мұндайда сәби жүрегінде немесе жүй­ке жүйесінде ақауы бар болып туылады екен.

Қазір дүниеге келіп жатқан балалардың көпшілігінде тума жүйке аурулары кездеседі. Іште жатқан шақалақ қатты дауыстардан қорқып, жиырылып алады екен. «Ал, біраз уақыт өткенде ата-анасының даусын тани бастағанда ерлі-зайыптылардың ұрсысына наразы болады», – дейді С.Михновец. Сол үшін болашақ ата-ана жанжалдаспауға тырысуы керек.

Ал, жаңа туылған балаға ойыншық таңдаған кезде қатты салдырлайтын сылдырмақты алудан аулақ болған жөн. Жылаған баланы жұбатамын деп үні жағымсыз ойыншықты салдырлата берсеңіз, ол қатты қорыққанынан көзін жұмып алады екен. Үлкендердің айқайлап сөйлеуінің әсерінен нәресте ашуланшақ болады.

Бұрындары көптеген зауыт-фабрикалар қаладан тыс, үлкен жолдардан алыс жерлерге салынатын. Мектеп, балабақша, аурухана құрылысы жоспар­ланғанда да орналасатын жері тыныш болуы басты назарға алынатын. Тұрғын үйлер жолдан белгілі бір қашықтықта салынатын. Ал, бүгінгінің үйлері жолға тиіп тұр. Қалтаның ғана қамын күйттеген мердігерлік компаниялар үй салуға қойылатын талаптарға пысқырап та қарамайды. Көбіне жатын бөлмелердің терезелері аулаға емес, көшеге қарап тұрады.

Шаһардағы шудың жиынтығын қалыпты құбылыс деп есептеу – үлкен қате. Мамандар пәтер, мектеп, аурухана ғимараттарында еденге, төбеге, қабырғаға шуды естіртпейтін құралдарды орнатқан жөн деп есептейді.

 

Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.

 

Инфрадыбыстардың ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады.

 

Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен. Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды

 

Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.

 

Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы төмен жиіліктердегі дыбыстардың тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері, есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада жағымсыз сезімдер туу мүмкін.

 

Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты.

 

Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына байланысты.

 

Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді. Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.

 

Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы жатады.

 

Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады. Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады.

 

Емі: симптомды шаралар жүргізіледі.

 

Алдын алу: жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 242. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия