Студопедия — Магнитотерапия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Магнитотерапия






 

Магнитті өрістердің физиологиялық және емдік әсерінің негізінде іргелі физика заңдары жатыр. МӨ адам ағзасының ұлпаларына әсер ету үрдісінде оларға электр токтары енеді; иондалған күйдегі биологиялық макромолекулалардың қайта бағытталуларының және бол радикалдардың, сонымен қатар ағзаның су жүйелерінің физикалық-химиялық қасиеттерінің нәтижесінде. Биохимиялық және биофизикалық үрдістер жылдамдықтарында жылжулар пайда болады. Жасушалық және цитоплазмалық мембраналардың негізі болып табылатын сұйық кристаллдардың магнитті қайта бағытталуы осы мембраналардың өткізгіштігіне және жасушаның ерекше функцияларына әсе етеді.

 

Магнитті өріс оның күш беретін желілерін (Холл әсері) кесіп өтетін өткізгіштерде электр токтарының (индукцияның э.д.с,) бағытталуын шақырады. Индукция э.д.с. өткізгіштің ПМП, сонымен қатар тыныштық күйіндегі өткізгіштерде ПеМП және ИМП әсерінен орын ауыстыруы кезінде пайда болады. Ағзаның сұйық орталарының электр өткізгіштігі жоғары. Оларда индукция э.д.с. бағытталуы сыртқы магниттік өрістердің әсерінен орындалады. Қозғалатын биологиялық сұйықтықтарда ПМП әсерінен пайда болатын, күш беретін магниттік желілерді қиып өтетін (қан тамырларындағы қан, лимфа), ал ПаМП және ИМП әсерінен биологиялық сұйықтықтарда тыныштық күйінде болатын әлсіз электр токтары көбінесе магнитті өрістердің емдік әсерін айқындайды. Магнитті өрістердің биотропты әсерін түсіндіретін басқа маңызды физикалық құбылыс – Лоренцтің магнитті-механикалық әсері болып табылады.

 

Оның мәні магнитті өріс пен оның күш беретін желілерін қиып өтетін қозғалмалы электр зарядыныңы арасындағы өзара әрекеттестіктің (тартылыс немесе тебу) механикалық күштерінің пайда болуында. Электр зарядының қозғалысының бағытына байланысты ол магниттік өріске тартылады немесе тебіледі. Магнитті-механикалық өзара әрекеттесу қозғалмалы электр зарядының өз магниттік өрісінің бар болуының себебінен пайда болады. Ол физикалық құбылыс тірі ағза деңгейінде қарапайым биоэлектрикалық үрдістер өтетін барлық деңгейлердегі (атомдық, молекулалық, субжасушалық, жасушалық, ұлпалық) құрылымдық-функционалды өзгерулерді шақыратын механикалық күштердің пайда болуынан іске асырылады. Сыртқы магнитті өрістер әсерінен өтелмеген магнитті мезгілі бар жұпталмаған валентті электрондардың электродны бұлттарының үйлесімінің өзгеруі болады. Ол жұпталмаған валентті электрондары бар атомдардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне апарады. Осындай атомдары бар биологиялық макромолекулаларда осы макромолекулаларға тән ерекше белсенділіктің жоғарылауы немесе төмендеуінің себебі бола алатын ақпараттық жылжулар пайда болады. Атап айтқанда, магнитті өріс ферменттерді белсендетеді (К-Na – тәуелді АТФ-азаны, трипсинді, карбоксидисмутазаны, РНК-полимеразаны), миокардатың адрено-рецепторларының және шеткі қан тамырларының адреналинге белсенді орталығының ұқсастығын өзгертеді, бос-радикалды типті барлық жасуша ішіндегі биохимиялық реакцияларды ынталандырады. Магнитті өріс әсерінен митохондриялардағы тыныс алу ферменттерінің (цитохромдар) тізбегі бойынша электронның тасымалдануы тездетіледі, ол тотығу фосфорлану үрдістерінің күшеюіне және АТФ жасуша ішінде жиналуына әкеледі. Бәсекелес ингибирлеу механизмінің есебінен бұл ретте гликолиз тежеледі, ұлпалардың сілтіленуі орындалады. Сілтілену реакциясы қабыну үрдісін басады. Магнитті-механикалық әсер электрлі белсенді жасушалар мен ұлпалар деңгейінде жүзеге асырылады: нейрондар мен жүйке талшықтары, орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрылымдары, көлденең-жолақты және тегіс типті бұлшық ет жасушалары. Сыртқы магнитті өрістер әсерінен жүйке және бұлшық ет жасушаларының мембраналарының биомагнитті өрістер (пондеромоторлық әсер) көзі болып табылатын деполяризация мен реполяризацияның әлсіз биотоктарының материалды тасымалдауышы ретінде қайтымды құрылымдық өзгерулері пайда болады. Ол мембраналық өткізгіштіктің, жасушалық мембранада бекітілетін ферменттермен тездетілетін көптеген биохимиялық реакциялардың бағыты мен ағымының жылдамдығының өзгерулерімен қатар болады.

 

Бас миының қабығының және қабық асты өзектердің (гипоталамус, таламус) нейрондарының әрекеттерінде, көбінесе тежеу реакцияларының қалыптастырумен, ретикулярлы формация нейрондарының белсенділігін тежеумен, ЦНС адренергиялық белсенділікті басумен және гипоталамустың парасимпатикалық бөлімдерін ынталандырумен бағанның ретикулярлы формациясының айқын өзгерістері орын алады. Жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі сезімталдығы әр түрлі жабатын ұлпалар рецепорларының, әсіресе ауыру рецепторларының, қозу шегін жоғарылатумен, жоғары көтерілетін және төмен түсетін жүйке өткізгіштері бойынша импульсті өткізуді тездетумен магнитті терапиялық әсер етуге жауапты.

 

Магнитті өрістерді емдік әсерлі барлық компоненттеріне жету үшін магнитті терапия курсы ұзағырақ болуы тиіс. Курс барысындағы әрбір келесі шара жеткізілген нәтижелерді жоғарылатады және күшейтеді. 8-12 шарадан кейін алынған емдік әсерлер тұрақты және ұзақ уақытқа сақталады (3-6 айға дейін). Магнитті терапия физикалық емдеудің ең аяйтын және жеңіл өтетін әдістеріне жатады. Байқалатын субъективті сезімдерді, орталық гемодинамика жылжуларын, жылу әсерлерін шақырмай, магнитті терапия кексе және қарт жастағы науқастарда, балаларда, ауыр ілеспелі соматикалық патологияларда кеңінен пайдалана алады. Магнитті терапия табиғи және адам ағзасына, ағза ұрықталу мезгілінен бастап болатын жаратылыс ортаға жақын. Магнитті өрістер емдік үрдісте басқа физикалық факторлармен жақсы үйлеседі және қиыстырылады. Осы факторлардың әсері бірқатар жағдайларда айтарлықтай артады (лазерлік сәулелену, ультрадыбыс, дәрілік электроферез, импульсті токтар). Төмен жиілікті МП әсер ету науқастардың көпшілігінде қандай да бір сезімдермен және басқа реакциялармен қоса жүреді, сондықтан әсер етуді дозалау миллитеслдарда (мТл) индукция шамасын және минуттарда шара ұзақтығын ескеру жолымен жүзеге асырылады.

 

Қолдануға қарсы көрсетілімдер: МП әсер етуін жеке төзбеушілік, қан кетуге бейімділік, брадикардия, III сатыдағы жүрек-қан тамырларының тапшылығы, III сатыдағы гипертониялық ауру, гипотоникалық тип бойынша қан тамырларының дистониялары, қатты іріңді аурулар, қатерлі өскіндер, жүктілік, қанның жүйелік аурулары, алкогольді интоксикация.

 

Діріл

Тербеліс - бірдей немесе жартылай бірдей процесстердің периодты түрде қайталануы. Бұл тербелістер табиғи түрде немесе қолдан жасанды түрде пайда болады. Тербелістер қатарына жай ғана маятник тербелісінен бастап, күрделі жарық толқындарын шығаратын электромагниттік тербелістерді жатқызуға болады.

Механикалық тербелістер- периодты түрде қайталанатын, айланбалы немесе бастапқы қалпына оралатын процесстер.

Дірілдеу (вибрация)- денеде айнымалы күш әсерінен пайда болатын кіші-гірім механикалық тербелістер. Дірілдеу жер бетімен толқындар арқылы таралады.

Көлік вибрациясы техника жұмыс істеуінің бұзылуына алып келеді де, апаттардың себепшісі болуы мүмкін. Статистика бойынша, көлік апаттарының 80 пайызына осы дірілдеу себебші болады.

Адамның денесін динамикалық жүйе ретінде қарастыруға болады. Көптеген зертеулер көрсетуі бойынша, осы динамикалық жүйе діріл әсер еткен кезде өзгеруі мүмкін. Динамикалық жүйе үшін қауіпті, резонансты тербелістер бар. Резонансты тербелістер кезінде дене немесе оның жеке мүшелер тербелістерінің амплитудасы күрт жоғарылауы мүмкін.

Резонансты жиіліктер.

Адам үшін резонанс болу жағдайлары:

• Адам отырған қалпында жиілік 4-6 Герц

• Бас үшін 20-30 Герц жиілікте

• Көз үшін 60-90 Герц жиілікте

Жоғарыда аталған жиіліктермен адамға әсер етсе, омыртқа зақымдануы, көз көру нашарлалауы, тіпті жүкті әйел адамның уақытынан ерте босануы мүмкін.

Әсер етуші діріл туралы ақпаратты вестибулярлы құрал қабылдайды.Вестибулярлы құрал адам бас сүйегінің самай бөлігінде орналасқан.Мидың бұл бөлігі кеңістіктегі адамның тепе-теңдігіне, орналасуына жауап береді.

Адамға әсер етуші діріл мөлшері шамадан тыс көп болса, вестибулярлық құрал миға жалған ақпарат беруі мүмкін. Бұл жағдайда ағза жүйесінің жұмысы бұзылып, бас айналу пайда болады.

Дірілдің адамға ұзақ әсер етуі діріл ауыруларына алып келеді. Діріл патологиясы шаң патологиясынан кейінгі екінші орынды алады. Дірілдің адам ағзасына әсер ету күшіне қарай ауыру өршуінің төрт кезеңі бар.

1. Бірінші кезеңдегі ауыру белгілері айқара байқалмайды: қол, иық бұлшық еттері ауырады, ұсақ тамырлар қысылады. Ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ашушаңдық, тершеңдік,

2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.

3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.

4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналыды, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.

Яғни діріл ауыруына бірінші ұшырайтын қол және аяқтың тобық бөлігі.

 

Діріл ауыруы

 

Адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету салдарынан пайда болатын ауыру. Бұл ауыры әдетте құрылысшыларда, машинисттерде, тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда пайда болады.

Осы құралдардың көбін қолда ұстауға тура келеді. Ал адамның қолы дірілге қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады. Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан адамдарда болу мүмкін.

Діріл ауыруларының даму кезеңдері алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне байланысты).

Діріл ауыруының негізінде жүйке жүйенің әр түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр. Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық процесс рецепторлардан перифериялық жүйкеге өтеді. Омыртқа араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.

Емделу жолдары

 

Діріл ауыруларының белгілерін байқаған соң, бірден, ауырған адам діріл механизміне байланысты жұмысын уақытша немесе мүлдем доғаруы керек. Ауырған адам физиотерапиядан өтуі керек, кеуде бөлігін ультракүлгін сәулелендіру, басты диатермогальванизациялау, қолды дарсонвализациялау керек. Сонымен қатар массаждың көмегі өте зор.

Қоданылатын дәрі-дәрмектер: ганглиоблокатор, тиамина хлорид, цианокобаламин, аскорбин қышқылы т.б.

 

Алдын алу шаралары.

 

Жалпы діріл әсерін төмендету қажет. Ол үшін станоктардың, көліктердің, тігін машинасының бір сөзбен айтқанда діріл әсері бар құрылғылардың конструкциясын жақсарту керек. Дірілдің жер арқылы берілуін шектеу қажет.

 

Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.

 

Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.

 

Жұмыс күні бойында ЭМА осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.

 

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.

 

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.

 

Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.

 

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер, сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның химиялық заттармен ластануы.

 

Клиникасы.

 

Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді.

 

Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.

 

Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық белсенді болып табылады.

 

Клиникасындағы маңызды орындарға ОНЖ өзгерістер, әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі.

 

Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық. Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес: бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.

 

Аурудың бастапқы кезеңінде астениялық синдром болады, науқастар басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді түрде жүрек аймағында пайда болатын ауырсынулар. Вегетативті симптомдар реакциялардың ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония және брадикардия тән. Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде әкетулерінде, биік, үшкір, ол клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті дисфункция көріністері болып табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан төмен. Қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда көру және сезу қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін өзгертпейді.

 

Аурудың шамалы айқын және айқын кезеңінде астеновегетативті синдром немесе гипертония түріндегі НЦД синдром түрінде дамиды. Астениялық синдромдар тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозғыштығымен байланысты және ангиоспастикалық реакциялар және тамырлардың тұрақсыз гипертензиясымен көрінетін бұзылыстар. Соңғысы аурудың ауырлығын көрсетеді.

 

Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен сипатталатын гипталамиялық синдромдар аурудың жекеленген айқын жағдайларында дамиды. Осы науқастарда жоғары қозғыштық, ұйқысының бұзылулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұстама түріндегі бас аурулары мен зардап шегеді, ол жүрек айну, бас айналу, көзінің қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды қолдарын созған кездегі саусақтар мен қабақтарының терморы, гипергидроз анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы қысып ауырсынуларға «ауаның жетіспеушілігі», АҚ жоғарлауы, әсіресе диастолалық (90-95 мм.сын.бағанасынан жоғары), күрт әлсіздік. Ұстамадан тыс уақыттарда науқастар сол жақ қол және жауырынға таралатын жүрек аймағындағы ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия дамиды, ол тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді. Кейде кезеңді түрде пайда болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде күш түсу, физикалық күш түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды жағдайға ауысқан кездегі пульстердің айқын лабилділігі, субфебрилитет анықталынады. Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға бейім. Қалыпты АҚ бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы күрт систолалық және басым диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясына байланысты, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу естіледі. ЭКГ – да Т тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе екі стандартты немесе сол жақ кеуде әкетулерінде, ST сегменттерінің ығысуларымен. Церебралды криз кезіндегі жеке жағдайларда, жыпылық аритмиясы дамиды, ол қарыншалық экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын жағдайларда атеросклероз, ЖИА, гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.

 

Гипоталамиялық синдром мидың үлкен шарындағы қыртыстың биоэлектрлік белсенделегендегі өзгерістер түрінде сипатталынады (ЭЭГ белгілері бойынша).

 

Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі алмасуларының бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің — триглицерид, беталипопротеид, холестерин және фосфолипидтердің жоғарлауы, хлорид және кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы гистамин деңгейінің жоғарлауы.

 

Шеткі қанда цитопенияға бейімділік, сонымен қатар, эритроциттердің спалы жетіспеушілігі, хромосом аберрациясының жиілігінің жоғарлауы, қан клеткасындағы цитохимиялық өзгерістер (лимфоцит, нейтрофил, тромбоцит және эритроцит), нейтрофилді қатардағы жетілген клеткалар санының азаюы және сүйек миындағы эритропоэз белгілері.

 

Көру ағзасы жағынана баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін. ЭМА әсерінен аз қарқындылықтағы СВЧ кезінде бұндай өзгерістер анықталмайды. Бірақта ангиопатия түріндегі тамырлардың торлы қабаттарындағы өзгерістер және ретиналды тамырлардың склероз белгілері, кейде макулярлы аймақтағы дистрофия ошақтары болады.

 

Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен бейспецификалық реакциялар негізінде көрінетін бұзылыстар зақымданулардың анықталуын қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму процесіне, науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету қабілетіне негізделген. Соңғысына циркуляторлы бұзылыстармен астениялық синдромның дамуы, бас миының биоэлектрлік белсенділігінің өзгерістері, диспротеинемия, дислипидемия, дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық көріністері тән. өзіне тән ерекшеліктеріне пароксизмалды вегетативті – тамырлақ өзгерістер, соматогенді астенияға байланысты, бас миының психогенді немесе органикалық бұзылысары тән.

 

Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық реакциялардың басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.

 

Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және седативті ем, витаминді ем (В,С топтары) тонусты жоғарлатын заттар тағайындалады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.

 

Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.

Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.

Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.

Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.

Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.

Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.

Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.

Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.

Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.

 

27-СУРАК Денсаулыққа зиянды өндіріс факторлары мен иондаушы сәулеленудің әсері. Кәсіби аурулар.

Кәсіби аурулар [1]– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

 

Жартылай ыдырау кезінде – берілген изотоптардың радиоактивтілігі үшін өсу тұрақты болады. әртрлі изотоптардың жартылай ыдырау кезеңіндегі уақыт бірнеше секундтан бірнеше миллиард жылға дейін ауысып отырады.

 

Радиоактивті заттардың сандық сипаты үшін «белсенділік» ұғымы енгізілген. Бір уақытта ыдырайтын ядролар санының белсенділігімен анықталынады. белсенділіктің өлшеу бірлігі – беккерель. Беккерель –(Бк) – 1с уақыттағы 1 белс.ыдырау кезіндегі радиоактивті қайнар көздердегі нуклидтердің белсенділігі. Сонымен қатар өсулер бар: белсенділік үлесі (Бк/кг), белсенділік көлемі (Бк/кг3) және беткейлік белсенділігі – (Бк/кг2).

 

Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері сәулелену энергиясының санымен анықталынады. масса бірлігіне қатынасатын орташа энергия жұтылған дозаны қалыптастырады.

 

СИ жүйесі бойынша иондаушы сәулелердің жұтылған дозасының өлшем бірлігі грей (Гр=1Дж/кг), бұрынғы бірлігі — рад.

 

Иондаушы сәулелердің әртүрлі эквиваленттік дозаларын қолдану үшін биологиялық нәтижеліктің салыстырмалы бағасы қолданылады. Эквиваленттік дозалардың бірлігі – зиверт (ЗВ), жүйеден тыс бірлік – бэр (1 бэр = 10х10-2 Зв).

 

Радиоактивтіліктің кәсіптік қолданылуы

 

Радиоактивтіліктің көрінісі болып табылатын иондаушы сәулелердің ашылуы ғылыми техникалық прогрестің дамуы үшін иондаушы сәулелермен атом энергияларының кең масштабта қолданыу атом ядроларының синтезі және бөліну реакцияларында, өндірістік қиындықтардың өсулерінде, қоғамдық байлықтың жоғарлауында, науқас адамдардың емі мен диагностикасын анықтауда қолданылады. Радиоактивті заттар металлургияда, машинақұрылымында, химиялық өндірістерде, ауыл шаруашылығында, медицинада және көптеген ғылыми зерттеу лабораторияларында қолданылады. Белсенділіктің жоғарлауы, радиоулылығы, физикалық химиялық қасиеті, сонымен қатар оның қолданулары әртүрліліктермен ерекшеленеді. Радиоактивті заттар қатты, сұйық және газ түрінде қолданулары мүмкін.

 

Иондаушы сәулелердің көздерін қолдану қоғамдық энергиялық ресурстардың кеңеюіне, өндірістік процестердегі автоматизация және дистанциялық бақылаулардың кеңеюлеріне әсер етті. Қазіргі кезде халық шаруашылығында атомдық өндіріс саласының құрылғаныны айтуға болады. Бұған ең алдымен ядролық жанғыш цикл жатады: жылу бөлетін элементтерді дайындау, атом электростанцияларында ядерлі реакторлардың эксплуатациясы, атомдық кемелердегі атомдық жылу электростанциялары, срнымен қатар басқада өндірістер мен ғылыми зерттеу обьектілері. Осы циклдің қортынды этабына ядеролы жылытқыштарды өңдеу және жанама радионуклеиндерді өңдеу жатады. сәулелену көздері болып табылатын приборлар өндірісте, медицинада, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

 

29-СУРАК Экология және денсаулық;

 

Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.

Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол ситяқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.

Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар.Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.

Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықтарынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды. Адамдардың жұтқаны қорғасын, топырағы пистицид, жегені желім өңірде бұрын соңды кездеспеген аурулар көбейіп барады. Адамдар ракпен, жүрек талмасынан, анемиямен ауруда.Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптасқан.

Экология дегеніміз не? «Экология» гректің oikoss – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос – ғңылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «Организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірінің байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып үйретіп немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен қатар түтас күрделі м







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 404. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия