Студопедия — ХАЛЫҚТЫ бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХАЛЫҚТЫ бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау






Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.1Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. 1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20%-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 212. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия