Студопедия — ТЖ-ларда эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТЖ-ларда эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу






Жалпы ережелерЭвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.Халықты эвакуациялау үшін көліктің барлық түрін пайдалану. Жұмысшылар мен қызметшілерге орналастыратын аймақты алдынала әзірлеу.Эвакуацияланған барлық халық маршрутта, орналастырылған пункттерде, бытыраңқы орналастырылған орындарда тіршілік қызметіне қамтамасыз етілуге тиіс. Өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған объектлер үзілсіз әрі түрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етілуге тиіс.Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарынын студенттері, колледждердің, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым – жартылай эвакуациялауға жатады.Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылды.Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.Жарым-жартылай эвакуациялау кезінде халықты орналастыру аудандарын (пунктерін) Республика Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.Жарым-жартылай эвакуация- осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте және қызмет ету саласындағы істемейтін халықты көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым-жартылай көшіреді.Эвакуацияланатын халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне аз уақытта (2-3 сағаттан көп емес) барып келуіне тасымалдауды ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді. Эвакуациялық шараларды жоспарлау Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының аса маңызды міндеті болып табылады.Эвакуациялық шараларды жоспарлау жоғары деңгейдегі бастықтарынан төменге қарай жүргізіледі: Республика – Облыс – Қала, аудан – қәсіпорын.Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбір қала мен облыстың әкімшілік орталығының қалалық ауданы үшін жүзеге асырылады. Көлікті, жолдарды, елді мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелері тиісті қызметтермен келісіледі.Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемі мен мерзімін, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлінетін көлікті және эвакуациялауды жүргізуге қажетті басқа да деректерді көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзінділер төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жеткізіледі. Азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзірлейді, оларды ұйымдарға жеткізеді және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келісіледі.Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.Категорияланған қалалар мен қауіпсіз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметін тоқтатпауға тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқару органдары белгілейді.Осы тізбенің үзінділері облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөніндегі басқармаларына жіберіледі.Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртібін және кезегін анықтау үшін қажетті шаралар күні бұрын жүзеге асырылады.

25 .Қазақстандағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар Сел, сырғыма, опырылма, қар көшкінінің пайда болу себептері неде?

Қауіпті табиғи құбылыстар -табиғаттан шыққан стихиялық құбылыстар, олар өздерінің интенсивтылығы, таралу аймағы және созылыңқылығының арқасында адам өміріне, экономикасына және табиғи аясына кері әсер етеді. Сел - өзен, көл, теңіз суларының жаңбырдың жиі жаууынан, қардың еруінен, қатты желдің суды айдап әкелуінен және басқа да себептермен су деігейін көтерілуінен аймақтың су астында қалуы, бұл құбылыс адам денсаулығына зиян келтіріп тіпті өлімге де әкеліп соғады және адамдарғ материалды зияны да көп. Өзен селінің болу себебі қар немесе мұздақтардың еруңнен оның бассейіні көлемінен су мөлшерінің көбеюі. Сонымен қатар өзен селдері өзен көздерінің мұзбен жабылып қалуынан пайда болады. Кейде сел қатта желдің теңіздерден көп мөлшерде су әкелуінен пайда болады. Мұндай селдер Ленинградтта жіне Нидерландыда көрініс тапқан. Селдің пайда болуының тағы бір себебі, плотиналар мен дамбылардың жарылуы. Қар көшуі бір қарағанда аяқ асты болатын құбылыс тәрізді. Ал шын мәнінде ол аяқ асты болмайды. Қардың жоғарғы қабатының температурасы -10° және -20° түскен кезде, жерге жақын қар қабатындағы температура 0° болып сақталады (шамамен -2°). Осылайша, қалыңдығы тіпті 40-50 см болатын қар қабатының аралығында температура айырмашылығы болады. Температураның әр түрлі болуының нәтижесінде қардың төменгі қабатында су буының қозғалыстары және қардың булануы басталады. Ақырындап қардың төменгі қабаты қопсый бастап өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды да, қауіпті, көшкінді қар қабатына айналады. Қар көшкінінің пайда болуы үшін бұл себептер аз. Қар көшкіні тек қардың шұғыл тау баурайында (15° тен бастап және жоғары) жинақталған кезінде ғана пайда болады. Әсіресе 30-35° шұғыл жатқан тау баурайларында өте қауіпті, мұнда қар айтарлықтай қауіптілікке жеткенше жиналады, содан барып қар көшкіні жерге қарай сырғиды. Қардыі құлауы жылы кезеңде қар жауғаннан кейін екі күннен кейін жүзеге асады. Қар көшкіні – жер шарының таулы аймақтарына тән табиғи сипат. Опырылмалардың анықтамасы – опырылмылыр деп шұғыл жар беткеәлерінде өзінің тұрақсыздығын жоғалту, байланысының әлсіздеуі салдарынан тау жыныстарының белгілі бір массасының тез бөлініп құлауы (жер, құм, тас, балшық). Тау жыныстарының опырылуы жер асты және жер үсті суларының, желдету процессі әсерінен болады.Тау жыныстарның опырылуына жер сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер қыртысының сәл ғана қозғалуы және жар шетіне салмақтың көп түсуі себепкер болады. Тіпті опырылманың болуы үшін адам салмағы да жеткілікті. Опырлманың пайда болына сынықтар, олардың қабатты болу сипаты себепкер болады, егер қатты және мақты блоктар арасында балшық болса, оған кішкене су немесе қар тигенде ол әлсіздене бастайды. Сол себепті опырмалар әсіресе жаңбырлы кездері, қар еріген кезде және жарылғыш заттармен жұмыс істеген кездерде жиі болады. Сырғымалар анықтамасы – сырғымалар деп ауырлық массасы нәтижесінде тау беткейімен төмен жылжитын тау жыныстарын айтамыз. Сырғымалардың пайда болу себептері. Сырғымалар көбіне белестерде, тауларда және жыра сайларда, өзендердің шұғыл жағаларында пайда болады. Сырғымалардың дамуына келесі факторлар ықпал етеді: - шынайы беткей бұрышына сай келмейтін шұғыл ылдилар; -жерсілкінісі;
- ылдилардың жауын-шашын салдарынан тым ылғалданып кетуі; - сумен жуып кету салдарынан ылдилар шұғылдығының жоғарылауы; - желдету салдарынан тау жыныстарының әлсізденуі; - қалың тау қабаттарында балшықтың, құмның мұздың болуы; - жыныстардың сынуы;







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 283. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия