Орғаныс ғимараттардың түрлері.
Панаханалар – жан-жақты қамтылған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатынарнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған баспахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. Панаханалар ссу баспайтын учаскілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынығ төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Жылдам тұрғызылған панаханалар(ЖТП) дер кезінде салынаған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панаханалардың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) 50-200кісілік болады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды.Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардасн жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар да пайдалануға болады.Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі. Панаханалардың түрлері, оларға қойылатын талаптар. Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Панаханалардағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі. РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс. Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады. Олар халықты ядролық жарылыстан соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды. ТЖ-да құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу . Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандылықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін.Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери жіе шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.Қорғаныс шарадарын өз уақытында жоспарлау және өткізу мыналарды қамтиды:бейбіт ж/е соғыс жағдайындағы АҚ Жоспарларын әзірлеу;халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістерін даярлау;көшіру шараларын даярлау; бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мн объектілері жұмысының сенімділігі және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
|