Студопедия — Грам оң споротүзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар, сіріеспе, ботулизм).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Грам оң споротүзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар, сіріеспе, ботулизм).






Грам оң спора түзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар,сіреспе, ботулизм)

Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары тудыратын ауруларға газды гангрена жатады.

Газды гаигрена - жарақаттық, экзогендік анаэробты инфекциялар тобына жататын дерт болып табылады. Ағымының жылдамдылығы мен өлім-жітімнің жоғары болуымен ерекшеленеді. Аталған жарақат - патогенді клостридиялар жұққан жағдайда пайда болады.

Газды гангренаның клиникалық сипаттамасы жұмсақ тіндерде (бұлшық еттерде, тері асты май гарында) үдемелі ісік пайда болып, олардың некроздануымен, сонымен қатар патологиялық ошақта уімен көрініс береді

С.perfringens тудыратын аурулар
Типтері Патология түрлері
А Адам мен жануарларда газды гангрена. тағамдык токсикоинфекциялар
В Ауылшаруашылығында жас малдардың дизентериясы, кой мен ешкінің энтеротоксемиясы
С Адамның некроздык энтериті, кой, ешкі, шошқа және бұзаулардың геморрагиялық энтеротоксемиялары
Б Адамның, қой, ешкі, ор қояндардың, бүзаулардың жұқпалы энтеротоксемиясы, жылқылардың «шөп аурулары»
Е Бүзаулардың және қозылардың токсемиясы

 

Газды гангренаны негізінен клостридияладың бес түрі қоздырады: С.perfringens, С.nоvуі, С.sерtісum, C.histoliticum, С.sоrdеllіі. Бұлар көп жағдайларда бір бірімен немесе басқа да микроорганизмдермен эциацияланып кездесуі мүмкін. Клиникалық жағдайлардың басым көпшілігінде негізгі орынды қоздырғыш ретінде С.perfringens -тің А типі алады (70-80%).

Морфологиясы. Клостридиялар - ірі, грам оң, спора түзетін таяқшалар. Клостридиялардың морфологиялық белгісі (бациллалардан ажырататын): спора диаметрі таяқшаның көлденең мөлшерінен үлкен болады, споралары субтерминальды немесе таяқшаның ортасында орналасады. Газды гангрена клостридиялары зақымдалған тіндерде капсула түзеді.

Дақылдандыруы. Сұйық және тығыз қоректік орталарда анаэробты жағдайда өседі. Ең көп сахаролитикалық белсенділігі бар газды гангрена қоздырғышының түрі: С.perfringens.

Патогенділік факторлары. С.perfringens -тің 5 типінің ішінде ең жиі газды гангрена қоздыраты А типі болып табылады. Патогенезінде негізгі патогендік үрдісті дамытатын б-токсин болып табылады. Сонымен қатар С.perfringens ОЖЖ-не әсер ететін экзотоксин түзеді (мембранотоксинде цитотоксиндер, некротоксиндер, энтеротоксиндер), дәнекер тінді, сондай-ақ эритроциттерді ыдырата гемолизиндік агрессия ферменттерін (коллагеназа, гиалуронидаза, ДНҚаза) бөледі.

Резистенттілігі. Клостридиялардың вегетативті түрлері оттегіге, қышқылға, күн сәулесі қышқылдың жоғары температурасына, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. Споралары жоғары температураға, қышқылдарға, және басқа физикалық, химиялық факторларға түрақты.

Эпидемиологиясы. Адам мен жануарлар ішегінің қалыпты мекендеушісі бола отырып, нәжіспен топыраққа түседі, онда спора түрінде ұзақ жылдар бойы сақталады. Топырақтарда кейбір клостридиялық көбейе де алады.

Газды гангренага диагноз қоюдың критерилері. Әрбір жағдайда оң жауапты клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып береді.

Алғашқы жауап - экпресс-талдау нәтижелеріне сүйене отырып беріледі: 1,5-2 сағат ішінде микроскопта зерттеу және иммундыфлуоресценттік талдау жасау; бүл науқасты емдеу әдістерін асциялауға мүмкіндік береді.

Соңғы оң жауап - алғашқы жауап пен келесі алынған нәтижелердің бірінің негізінде беріледі: науқас немесе мәйітген алынған заттардан және байыту орталарында өсірілген себінділерлден газды гангрена токсинін немесе қоздырғышын тапқан жағдайда (6-18 сағ.);

науқас қанынан немесе мәйіттен алынған қан, жүрек, кокбауыр себінділерінен газды гангрена •ірғышын анықтағанда (24 сағ.);

биохимиялық және токсигендік қасиеттеріне байланысты қоздырғыштың түрін анықтағанда (48-72

Емдеуі. Хирургиялық: жарақат айналасындағы зақымданған барлық тіндерді алып тастау. Операциядан кейін кең спектрлі антибиотиктерді, гангренаға қарсы антитоксикалық сарысуды тағайындайды.

Алдын алуы. Газды гангренаның жедел алдын алу және арнайы емдеуі үшін қолданылатнын препараттар: гангренаға қарсы поливалентті антитоксикалық сарысулар. Газды гангренаның арнайы белсенді профилактикасы: гангренаға қарсы анатоксиндерді эпидкорсеткіш бойынша эскери адамдар мен басқа қауіпті топқа жататындарға енгізеді. Газды гангренаның арнайы емес профилактикасы: жарақатты дұрыс хирургиялық өңдеу, операция кезінде асептика мен антисептиканы сақтау.

Белсенді иммундау үшін газды гангренаға қарсы сейспилық анатоксинді қолданады; егулер арнайы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)

Сіреспе (tetanus) - т Сlostridium tetani туғызатын ауыр жарақатты инфекция, сондай-ақ, жүйке жүйесінің зақымдануымен, тоникалық және клоникалық тырысу-құрысу ұстамаларымен сипатталады.

Морфологиясы. Ірі спора түзетін грам оң таяқшалар, перитрихтары бар, қатаң облигатты анаэробты сапрофит. Сіреспе клостридияларында спораның орналасуы: терминальды, спорасы бар таяқша дабц таяқшасына үқсас болады. Жануарлар және адам ішегінен топыраққа түсіп вегетативті немесе спора күйЦ түседі. ' і

Дақылдандыру. Клостридиялар бос оттегіге өте сезімтал, етті-пептонды агарда және желагищ баяу өседі. Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл сүрлау үзынша беткейлік колониялар қүрайді Жартылай сүйық қоректж орталарда К-пішінді жасымықша дәндеріне үқсас колониялар түзеді немес «түбіт гүйіні» тәрізді өседі. Споралардың түзілуі 2-3 тәуліктен кейін басталады. 4-6 тәуліктен кейін сүйьі қоректік ортада вегетативті жасушалары ыдырап, тек қана споралары қалады.

Резистенттілігі. Сі.іеіапі барлық жерде тараған. Адам мен жануар ішегінің қалыпты мекендеушіс' бола отырыгі, ол топыраққа түседі, онда спора түрінде ондаған жылдар бойы сақталады. Сіреспелік таяқша дезинфектантгарға гүрақты. Қайнагқан кезде споралар 50-60 минутган кейін жойылады.

Энидемиологиясы. Сіреспе жоғары өлім-жітімдікті тудырады, барлық жерде кездеседі. Сіреспеге шалдығу жарақат алғанда (соғыс кезінде, өндірістік және түрмыстық жағдайларда) тері мен шырышты қабатгарының ақаулары, күйген жерлері мен, операциялық жарақат арқылы ағзаға қоздырғыш енуінен пайда болады. Кіндіктің зақымдануы кезінде нәрестелерде сіреспе дамуы мүмкін, осыған байланыст антисанитарлық жағдайда туган нәрестелер дүние жүзінде Імлн. дейін қайтыс болады. СіреспемеИ ауырғандар сау адамдарға қауіпті емес.

Патогенезі. Сіреспенің жұғу көзі - топырақ, шаң, жүғу механизмі - жарақатгық, артифициалдық.: Сіреспенің даму жағдайлары: жарақаттың топырақпен ластануы, өліеттенген тін, анаәробтық жағдай. Науқас ағзасында сіреспе таяқшасының орналасатын жері - тек қана инфекцияның ену қақпасының' орнында.

Басты патогендік факторы - сіреспелік токсин, ол қоздырғыштардың көбею жерінен (жарақатта) қантамырлар мен лимфатамырлары, жүйке бағаналары арқылы таралып, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеледі. Жүйке үштарының синапстарымен секрет түзуші медиаторлар (ацетилхолин т.б. заттар) зақымдалады, жүйке талшықтары арқылы импульстардың өткізілуі бұзылады. Сіреспе кезінде тек жүйке жүйесі ғана зақымдалып коймай, сондай-ақ патологиялық үрдіс ағзаның барлық жүйесіне таралады.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі -6-14 күн. Аурулардың шайнау бүлшық етінің тырысуы жүтудың қиындауы, шүйде бөлігі мен арқа бүлшық етінің тырысуы (дене бойы доға тәріздес болады - опистотонус), барлық дене бұлшық етінің қарысуы, әртүрлі тітіркендіргіштерге cезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Ауру кезінде дене қызуының жоғарылауы ақыл-есінің сақталуында өтеді.

Имунитеті. Кернеулі, ұзақ уақытқа созылады (вакцина егумен байланысты). Ауырғаннан кейін жоғары деңгейлі иммунитет қалыптасады. Сіреспеге қарсы вакцина енгізілген анадан нәрестеге ұзаққа созылмайтын токсинге қарсы пассивті иммунитет беріледі.

Микробнологнялық диагноз қою. Сіреспеге зертханалық диагноз қоюдың принципі - қоздырғышты оның токсинін табу.

Экспресс-талдау ретінде - сіреспе таяқшасын табу үшін жағындылар мен таңбалы-жағындыларды ақ микроскопта қарайды, ИФР-ны қолдануға болады.

Сіреспе микробын бөліп алып идентификациялау диагнозды растайды (96 сағат).

Емдеуі. Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині иылады.

Алдын алуы. Сіреспеге қарсы белсенді иммунитет жасауға қоданылатын препарат - сіреспелік анатоксин. Жоспарлы вакцинацияланатын контингент-үш айлық балалар. Құрамына сіреспелік анатоксин кіретін вакциналар: АКДС, АДС. Сіреспеге қарсы жедел вакцинация жүргізілетін контингент: жарақат алған, күйген, үсік шалған ж/е т.б. адамдар.

 

 

Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum) Ботулизм - ағзаның улануымен, тікелей ОЖЖ зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Науқастану тағам кұрамында Сlostridium botulinum -ның улы токсині бар болғанда пайда болады.

Морфологиясы. Грам оң таяқшалар, спора түзеді, перитрихтары бар. Субтерминальды спорасы бар таяқшаның түрі тенис ракеткасына ұқсайды. Ботулизм таяқшасының физиологиялық ерекшелігі

1. Облигатты анаэроб

2. Сапрофит.

Дақылдандандыру. СІ.botulinum - қатаң анаэроб. Өсу үшін қолайлы температура 28°-37°С, ор рН 7,2-7,4 болуы қажет. Қанды агарда майда мөлдір, гемолизбен қоршалған колониялар түзеді. бағаналы қант агарында ұлпа немесе жасымық дәндері түрінде өседі. Алдын ала сұйық қоректік ортада 15-20 мин қайнатып, жылдам салқындатып тексеретін материалды сепкенде жақсы өседі

Резистенттілігі. Сlostridium botulinum ұзақ уақыт топырақта сақталады, оның споралары физикалық химиялық әсерлерге төзімді (қайнатқанда 3-5 сағат шыдайды).

Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Табиғи иесінде ботулизм қоздырғышының вегетативті түрлерінің орналасатын жері -жануарлар, балықтар, шаянтәрізділердің ішегі. Ботулизм қоздырғыштарының споралары мен вегетативті түрлерінің табиғи тіршілік ету ортасы – топырақ, су. Топырақта С.botulinum спора түрінде үзақ уақыт сақталады және көбейе алады. Сондықтан ботулизмді сапронозды аурулар қатарына жатқызады. Топырақ арқылы ботулизм таяқшасы тағамға түсіп, экзотоксин бөледі. Инфекцияның таралу жолы - тағамдық. Инфекция таралуына консервілер (саңы- қ, жеміс-жидек, ет, балық консервілері) жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Патогенезі. Ботулизмнің берілу факторлары: тамақ өнімдері, үйде жасалынған консервілер жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 6-24 сағаттан 2-6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезең аз болған сайын, ауру ағымы ауырлайды. Ботулизмнің ерте клиникалық белгілері: аккмадацияның бұзылуы, көзге қосарланып көріну, қарашықтың ұлғаюы, жұтудың бұзылуы, афония. Ауру жедел басталады, бірақ дене қызбасы қалыпта болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Ботулизмге зертханалық диагноз қоюдың принципі -;здырғышты немесе токсинін табу. Негізгі әдістері: бактериологиялық және биологиялық сынақ. елетін заттар: ас қапдықтары, қан, құсық массасы мен шайынды сулар.

Емдеуі. Ботулизмнің арнайы емі: А, В, Е токсиндеріне әсер ететін ботулинге қарсы сарысулар немесе гомологиялы иммундыглобулин.

Алдын алуы. Ботулизмнің алдын алу шарасы - үй жағдайында консервілер және тағамдар дайын технологиясын дұрыс сақтау. Ботулизмнің жүғу көзі болған тағамдар жеген, бірақ әлі ауырмаған адамдар жедел профилактикасы үшін қолданылатын препарат: А, В, Е ботулинтоксиндеріне қарсы моновалентті сарысулардың қоспасы. Ботулизмнің арнайы белсенді алдын алу үшін қоданылатын препарат Трианатоксин.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 653. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия