Студопедия — Бактериялық, вирустық санырауқұлакттардың щырышты қабатарының зақымдануы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бактериялық, вирустық санырауқұлакттардың щырышты қабатарының зақымдануы.






Стоматит (грек. stoma-ауыз, іtіs-қабыну), ауыз уылуы -ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы. Ауыз қуысының кеңтаралған патологиясы. Сероздық стоматит көптеген жедел вирустықжәне бакгериялық инфекциялар (қызылша, скарлатина, кұл, жерше, сұзек, өкпе қабынуы, грипп, септикалық жағдай ж.т.б.) кезінде кездеседі. Жедел сероздық стоматиттің клиникалық корінісі - ауыз қуысының бұкіл шырышты қабыгының қызаруы және ісінуі, ауыр жағдайда көпіршіктер, пустулалар (безеу), эрозиялар шығады, қызыл иек ісінеді, белдемше (валик) тәріздес болып келеді, тістер арасындағы қызыл иек бұртіктерінің гипертрофиясы байқалады, қанағыштық пайда болады.

Қалыпты жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығы микроорганизмдердің әсеріне төзімді болады, тек зақымдалған кезде (әдетте микрожарақатгар пайда болғанда) инфекциялық ұрдістің дамуына қолайлы жағдай туады. Вирустық стомагитті көбінесе герпесвирустар, Коксаки А вирустары қоздырады. Бактериялықстоматитті әртұрлі бактериялар қоздыруы мұмкін, оның ішінде ауыз қуысындатұрақты мекен ететін тұрлері де, ауызга кездейсоқ жағдайда тұскен тұрлері де. Стоматиттің клиникал ық коріністері және оларды емдеу негіздері этиологиясына сәйкес тарауларда қарастырылған.

Саңырауқұлақтық зақымдалу

Ауыз қуысында болатын микоздар көптеген жағдайларда осы биотопта ұнемі мекен ететін резидентті микрофлораның сапрофиттік саңырауқұлақтармен қоздырылады. Шырышты қабықтардың микозы иммундыбиологиялық резистенттіктің факторлары әлсіреген кезде, метаболиттік бұзылыстар болганда және ретсіз антибиотикотерапия нәтижесінде дамыйды. Ауыз қуысының микоздары аутоинфекция тұрінде кездеседі, олардың ішінде ең жие кездесетін тұрі - кандидоз.

Ауыз қуысында әдетте жалғанмембраноздық кандидоз (ауыз уылуы) кездеседі. Бұл ауру жаңа туған нәристелерде (шала туғандарда, босану жарақаты бар) немесе иммундық тапшылыгы бар ересек адамдарда анықталынады. Аурудың басталу кезенінде шырышты қабықтар қаралайды және жарқырайды (лак тәрізді шырыш), содан сон оның үстінде ақ немесе сары түсті кремге немесе ірімшікке ұқсас дақтар пайда болады. Кейін олар бірігіп, үлкен ошақтарды зақымдайды. Дақтар тіл, жұмсақ және қатты тандай, қызылиек, ұрт, бадамша без, жұтқыншақта ормаласуы мұмкін. Дақтар оңай алынады, дақтардың түбінде қанағыштық жаралар ашылады. Науқастарда дәм сезімдері өзгереді, ащы, ыстық тамақтарға сезімталдықжоғарылайды. Диффуздық эритема мен ауыз кебушілігі байқалады. Ауыр иммундық тапшылық болғанда ауыздың бұкіл шырышты қабықтары, бадамша бездер, жұтқыншақ, өнеш, асқазан, бронхар және өкпелер зақымдалады.

Созылмалы кандидоз көбіне алмалы протез пайдаланғандарда дамыйды, хейлит, ауыздық, глоссит тұрінде көрінеді (8 сурет).

Гиперпластикалық кандидоз кезінде ақтұсті жайылып қосарланған папулалар пайда болады. Қатерлі ісіктің алдынғы ұдерісі ретінде қарастырылады.

Ауруханаішілік, немесе госпиталді, немесе нозокомиальді /грек. nosocomeo- науқастарға қарау/ инфекция - клиникада кецінен танылған микробты ауру, науқасқа ол оны стационарға жатқызғанда немесе сол амбулаторлы - поликлиникалық мекемеге медициналық жәрдемді сұрап келген кезде жұғады, медициналық мекемеге тұскенде немесе шыққанда анықталады, сонымен қатар медицина қыз- меткерлерініц инфекциямен ауруы олардың кәсібі қызметімен байланысты болады.

Аурухана ішілік инфекция /АІИ/ бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың басты маңызды мәселес болып келеді. Науқастың негізгі /біріншілік/ ауруын асқындатып олар жиі жағдайда адам өміріне қауіп туғызады, науқастардың ауруханада емделіп жатқан уақытын ұзартып ұлкен экономикалық зардабын тигізеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл инфекциялар 5-10 % тіркеледі. Мысалы, Германияда ауруханалардың әр тұрлі бөлімшелердегі науқастарда АІИ жиілігі 3,6-6,3 %, Испанияда - 3,9-9,9 %, АҚШ-та - 5,7-6,2 %. Ал Ресейде бұл көрсеткіш едәуіртөмен - 1,2-1,6 1000 науқасқа шаққанда, бірақтаоныңтөменділігі АІИтолық тіркелмеуіне байланысты, себебі іріңдеу - септикалық асқынулардың тіркеуі барлық жағдайларда жұргізілмейді.

Әр тұрлі саладағы ауруханаларда жұмыс барысында арнайы микроәкологиялық жағдайлар қалыптасады. Олардың ерекшеліктері АІИ қоздырғыштарының нақты ауруханалық мекемелерге бейімделген ауруханалық штамдардың қалыптасуын және сипатын анықтайды. АІИ-ны қабылдағыштар кобінесе хирургиялык, соның ішінде стоматологиялық, болімшелердің науқастары болып есептеледі.

Аурухана ішілік инфекцияның пайда болу жиілігі бірнеше факторларға тәуелді: емдік мекемелердің қуаттылығы /ол жерде өткізілетін диагностикалық және емдік инвазиялық манипуляцияның колемі/; науқастармен қарым қатынастағы қызметкерлер саны; науқастардың ауруының тұрі және олардың инфекцияны қабылдаушылығы; емдеуде иммунды депрессиялық дәрі дәрмектерді қолдануы /антибиотик- терді, гормоналды дәрмектерді, химиопрепараттарды, радио-сәулендіру ж.т.б./.

АІИ таралуы осы дәстүрлі факторлардың кешенімен байланысты: емдік мекеменің микроэкологиялық жағдайымен, вирулеттілігі жоғары ауруханалық штаммдардың пайда болуымен, науқастардың және медициналық кызметкерлердің арасында инфекция көзінің шығуымен.

Қазіргі таңда АІИ-ның өсуі екі факторға байланысты: 1) адамдардың иммунды биологиялық тұрақтылығыныц төмендеумен және медициналық технологиялардың озгеруімен; 2) АІИ қоздырғыш- тарының биологиялық қасиеттерінің езгеруімен.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 201. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия