РНК-геномды вирустары (тымау, везикулярлы стоматит, қызылшаның, АІТВ, энтеровирустар).
Вирустардың бұл тобына табиғатта кең таралған ретровирустардың өкілдері жатады. Таксономиясы. Тұқымдастыгы: Retroviridae. Туыстастығы.Аlpharetroviruses - құстар лейкозының вирусы; Вetaretroviruses - тышқандардың сүт безі ісігінің вирусы; Deltaretroviruses - сиыр лейкемиясының вирусы, НTLV; Gammaretroviruses - тышқан лейкемиясының вирусы; Еpsiloretroviruses - тері саркомасының вирусы; Lentivirus-АИВ Spumavirus - адамдардың көбікті вирусы; Олардың онкогендік потенциалы қайтымды немесе кері транскриптаза (РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза) ферментінің болуымен байланысты. Бұл фермент вирустық РНҚ-нан ДНҚ-геномды провирус пайда болуын қамтамасыз етеді. Ең алдымен жасуша цитоплазмасында ревертазаның бақылауымен вирустық РНҚ геном интегрирленбеген сызықгық ДНҚ-на айналады. Транскрипциялану процесі барысында РНҚ реттіліктері дупликацияланады, сонан соң ДНҚ шеңбер (сақина) қалпына келеді. Кейінірек екі жіпшелі вирустық ДНҚ пайда болады, ол жасушалық геномға интеграцияланады. Оның тіркесуі провирустың шеттерінде орналасқан, қайталанып отыратын LTR (ағыл: lопg tегmіпаl гереаt - ұзын шеттік қайталаулар) ретгіліктермен байланысты. Шеттеріндегі инвентриленген комплементарлы қайталымдардың есебінен LTR-ретгілікгер транспозондар сияқты және тіркеме элементтерге тән қасиетін көрсете бастайды. Жасуша хромосомасына интегра-цияланғаннан кейін вирустық ДНҚ (вирустық РНҚ геномы және вирустық иРНҚ синтезделуі үшін) матрица рөлін атқарады. .РНК-геномды вирустары (тымау, везикулярли стоматит, қызылшаның,АІТВ, энтеровирустар) Қызылша - дене қызбасымен, жоғарғы тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабаттарының катаральдық қабынуымен және де теріде түйіншекті - дақты бөртпелер шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша вирусын 1954 жылы Д.Эндерс және Т.Пиблс бөліп алған. Таксономиясы. Тұқымдастыгы: Рагamyxoviridae Тұқымдастықшасы: [Рагаmyxovirinae] Туыстастыгы: Мorbillivirus (латынша: моrbilli-ауру, кесел) Морфологиясы және антигендік қасиеттері. Морфологиясы жалпы парамиксовирустарға ұқсас.Вирионының диаметрі 150-250 нм. Вирус геномы-бір жіпшелі, фрагменттелмеген, минус - жіпті РНК.Ақуыздары: нуклеокапсидтік ЫР, матриксттік М, беткейлік гемагглютинин (Н) және қосу-біріктіру ақуызы (Ғ) фермент - гемолизин. Қызылша вирусының гемагглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар, құрамында нейраминидаза жоқ. Серотиптері анық-талмаған. Негізгі антигендері: Н (гемагглютинин), Ғ пептид және нуклеокапсид (NР). Гемагглютининге және Ғ ақуызға қарсы пайда болған антиденелер инфицирленген жасушаларға бағытталған цитотоксикалық әсер етеді.
Везикулярлық стоматит - везикулярлы (сулы) бөртпелер шығумен сипатталатын, ауыз қуысының, қызыл иектің және жұтқыншақтың шырышты қабаттарында зақымдану қоздыратын жедел вирустық инфекция. Таксономиясы. Тұқымдастыгы: Rhabdoviridae; Туыстастыгы: Vesiculovirus; Вирусы арбовирустар тобына жатады. Тасымалдаушылары - организмінде вирус өсіп-өніп көбейетін әртүрлі масалар. Везикулярлық стоматит вирусының айырмашылық ерекшелігі - жоғарғы титрде интерферон өндіруді индуцирлеу қабілеттілігі және оған сезімталдығының күшті болуы. Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын зат - везикулалар бөліндісі. Вирусты бөліп алу (индикациялау) - жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ, түйнекдақтар түзуі бойынша анықтау). Идентификациялау және серологиялық диагноз қою - ИФТ, КБР, РИТ, РИФ (төте әдіс). Емдеуі- симптоматикалық. Алдын алуы. Жалпы медициналық сақтану шаралары. Спецификалық профилактикасы (вакцина егу) әлі жасалмаған. АИВ инфекциясы бар науқаста ауыздың зақымдалуы оппортунистік инфекциялар дамыған кезде басталады. Ол аурудың кеш кезенінде және ЖИТС-ке айналганда байқалады. Ауыздың зақымдалуы АИВ инфицирленген 50 %-да, ал ЖИТС дамыган науқастың 80 %-да анықталынады. Көптеген оппортунистік инфекциялар жаралардың пайда болуымен сипатталады. Саңыраукұлақтармен қоздырылган зақымданулар АИВ инфицирленген 40-60 % кездеседі. Негізгі қоздыргышы – Candida albicans (60-90)%, сонымен қатар С.parapsilosis,C.krusei,C dublinienis ж.т.б. бөлінуі мұмкін. Бірден екі және одан көп кандида түрлері қосарланып бөлінген жағдайлар да жие кездеседіВирустық зақымдануылар. Негізгі қоздыргыштар - ҚГВ (қарапайым герпес вирусы) және varisell-zoster вирусы. Зақымдалу бактериялық суперинфекциялармен асқындалган стоматит түрінде көрінеді. АИВ инфицирленген адамдарда вирустық стоматиттің ағымы ауыр өтеді. Шырышты қабықтарда орналасқан жаралар адам тамақ ішкенде қатты ауыру сезімді шақырган себебімен адам тамақ іше алмай тез арыгады. Ерекше тұрде зақымдалуы тұкті лейкоплакия деп аталады. Бұл ауру тіл эпителий жасушасында Эпстайн-Барр вирустың белсенді кобеюінен болады. Түкті лейкоплакия АИВ инфекциясы бар адамдардың 98 % анықталынады. Бұл аурудың көрінісі - ұрттың шырышты қабықтарында немесе тілдің екі жагында ақ тұсті дақтардың болуы, кейін олар тіл ұстіне де тарауы мүмкін. Мүйіздену әр түрлі өтудің себебінен дақтардың келбеті әжімделген немесе түкті болады. Егер науқаста Капоши саркомасы табылса бірден АИВ диагнозын қоюга болады
|