Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо- «жан», логос «ғылым») дегенді аңғартады. Кең тараған түсініктерге, алғашқы психологиялық көз қарастар, діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да ғылым тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ой пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни мифологиялық көз қарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуіне бірінші кезең болды да, психология әуел бастан «жан» туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көз қарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін, материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келеді.