Студопедия — І. Құжаттық мәліметтері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

І. Құжаттық мәліметтері






Билет№ 1

1. Аты жөні 2. Жынысы

1. Жасы 4. Мамандығы

5. Жұмыс орны 6. Тұратын жері

7. Білімі 8. Ауруханаға түскен уақыты

9. Курация жасау уақыты

ІІ. Аурудың шағымдары. Шағымдары (негізгі, қосымша) сипаттама беру

ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi)

1. Аурудың дамуы

2. Алғашқы симптомдары оның әрі қарай дамуы

3. Аурудың қозуы, бәсеңдеуі ұзақтылығы

4. Тексеру қорытындысы

5. Емдеу шаралары оның нәтижелері

6. Ауруханаға жеткізу себептері

7. Курация жүргізгеннен бастап денсаулығының өзгеруі

IV. Науқастыңөмір баяны (Anamnesis vitae)

Жалпы биографиялық мәліметтер

1. Қай жанұяда туған2. Дамуындағы ауытқуы

3. Мектептегі оқуы 4. Мамандық оқуы

5. Жұмыс әрекетінің басталуы, оның әрі қарай, жалғасуы

6. Мамандық жағымсыз факторлары 7. Жұмыс жағдайы

8. Тұрмыстық жағдай 9. Эпидемиологиялық анамнез (гепагит, түберкүлез ЖИТС т.б.) 10.Аллергологиялық анамнез

11.Гинекологиялық анамнез 12.Тұқым қуалаушылық

2.Теміртапшылықты анемия. Этиология.Клиникалық көрсеткіштері. Диагностика.Емдеу принциптері. Темір тапшылықты қан аздық Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балаларарасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды. Этиологиясы. Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.

Клиникалық бейнесі. Науқастан келесі анемиялық синдромның белгілерін анықтауға болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу. Аяқ ұштары, балтырлар, беті шамалы ісінуі мүмкін. Асқазан – ішек бұзылыстардың ішінде ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері жатады. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен теміртапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында сидеропениялық синдромның белгілері айқындалынады: ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды.Парадонтоз дамиды, глоссит, стоматит білінеді. Ерекше белгілерінің бірі – «сидеропениялық субфебрилитет», дене қызуы узақ уақыт субфебрильді денгейде тұрады

Емі. Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз,темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер теміртапшылықты анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Теміртапшылықты анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррум - лек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Теміртапшылықты анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.

3.Тыныс алу органдарының профилактикасы(тыныс алу органдарының пальпациясы, перкуссиясы) Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады. Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып, ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып, диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына 16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді. Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады. Тыныс алу мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі. Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдары-мен тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы. Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды. Негізгі белгілері Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 201. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия