Студопедия — Жедел жәрдем.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жедел жәрдем.






· Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

· Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

· Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

· Дымқылданған оттегі беріледі.

· Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны.

Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. Міндетті түрде эндокринолог маманның қарауы қажет.

40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

 

3. Асқазанның негізгі клиникалық көріністері: ауыру сезімі, жүрек қыжылы, кекіру, жүрек айну және құсу жатады.

Асқазанның секреторлық қызметінің бұзылу синдромы. Асқазанның секроторлық қызметінің функционалды өзгеруі біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Біріншілік секроторлық бұзылыстар асқазанның кілегей қабатының өзгерген жағдайында дамиды. Екіншілік секреторлық бұзылыстар басқа жүйелер мен ағзалардың аурулры тұсында асқазанның тұсында асқазанның эпителиі мен сөл бөлетін бездері патологиялық өзгерістерге ұшырауынан пайда болады. Асқазан тұсының ауыруы, кекіру, қыжылдау, құсу, жүрек айну сияқты клиникалық белгілер арасында белгілі бір параллелизм болмайды. Бұл шағымдар көбіне асқазанның моторлық- эвакуаторлық қызметіне тікелей байланысты болады.

Функционалдық диспепсия синдромы. Асқазан- ішек жолдарының органикалық зақымдануына байланыссыз, үш айдан астам бойы асқазан мен он екі елі ішектің функционалдық қызметінің бұзылуынан дамыған диспепсияларды функционалдық диспепсия синдромы деп атайды.

Жедел гастрит. Жедел гастриттің туындауына әкелетін экзогенді себептерге қатты, ыстық тағамды, арақ-шарапты және оның суррогаттарын, сапасыз тағамды, кейбір дәрі-дәрмектерді қолдануы жатады. Түрлері: жай, коррозивті, флегмонозды, эрозивті. Коррозивті гастрит байқаусызда немесе басын өлімге байлап қышқылдардың, я негіздердің ерітінділерін ішуден және асқазанға құрамында мырыш, фосфор, йод бар заттардың ішке түсуінен пайда болады. Флегмонозды гастрит өте сирек кездеседі. Қатар жатқан ағзалардың іріңді аурулары, сол сияқты асқазанның қабырғасын бөгде бір заттың зақымдануынан осы ауруға шалдығады. Эрозивті гастриттің орны бөлек. Бұл ауру кейде себепсіз пайда болады, не болмаса сапасыз, қатты тағамдар, дәрі-дәрмектер, әсіресе аспирин, стероидты емес қабынуларға қарсы препараттар қабылдағааннан кейін пайда болады. Клин. көрінісі. Жедел гастрит- науқас терісі құрғақтау, бозғылт, ауызынан жағымсыз иіс шығады, іш кебуі, пальпация кезінде асқазан аумағы ауырады. Жедел коррозивті гастритте улы заттар қабылдаған сәтте бірден ауызда, кеңірдекте, өңештің бойында, асқазан үсті аймағында қатты ауырсыну сезімі пайда болады, қайта-қайта қан аралас құсады. Флегмонозды гастрит- дене қалтырауы, қайта-қайта құсу, ауыру сезіну, іш пердесінің тітіркенгенін дәлдейтін белгілердің пайда болуы. Мұндай гастрит асқазанның тесілуіне соқтырып, іш қуысында тағам қалдықтары, сұйықтық және іріңнің жиналуы мүмкін.

Созылмалы гастрит. Эндогендік себептерге қызметі бұзылған ағзалардың рефлекторлы әсерлері, гормоналды жүйенің бұзылыстары, созылмалы инфекциялар, созылмалы инфекция ошақтары жатады. Клин.көрінісі- Созылмалы гастрит көбіне жас адамдарда кездеседі, бұл ойық жара тәрізді симптомдар, оның ішінде аш қарынға білінетін, түнде кешірек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгілері анықталады.Диагностикасында асқазанның қышқыл және пепсин түзгіш қызметі зерттеледі.

Ішек аурулары. Созылмалы энтерит - жіңішке ішектің кілегей қабатының созылмалы қабынуы. Жедел жұқпалы аурулардан кейін, ішектің микрофлорасы бұзылған шақта, тұқым қуалайтын энзимопатияларда, иондатқыш сәулеленуден соң, сол сияқты басқа әр түрлі аурулар кезінде де дамуы мүмкін. Негізгі клин.көрінісі нәжістің бұзылуы. Көбіне іштің өтуі байқалады. Нәжістің түсі жасыл-сары болып келеді, мөлшері көбейеді.

Созылмалы колит. Кілегей қабатының қабынулық және дистрофиялық зақымдануымен сипатталатын, ұзаққа созылатын жуан ішек ауруы. Тудыратын себептері әр түрлі: жедел жұқпалы аурулар, паразитарлы аурулар, ұзақ уақытқа созылған ауыр металдармен улану, токсиндерін жуан ішек арқылы шығаратын басқа аурулар. Клин.көрінісі. Нәжістен кейін және газ шығарудан соң азаятын іштің ауру сезімі, нәжістің бұзылуы, іштің желденуі, шұрқырауы, тенезмдер, жалпы әлсіздік, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы.

Ойық жаралық колит – жуан ішектің некроздық қабынуымен, қанмен араласқан іштің өтуімен, өзіндік эндоскопиялық және рентгенологиялық көріністермен сипатталатын созылмалы ауру. Бұл аурумен жастар диірек ауырады, әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда 1,5 жиірек кездеседі. Клин.белгілері- диарея, қан кету, іштің бүріп ауыруы, тік ішектің төмен қарай тартуы. Іштің ауруы, нәжіс шығар алдында күшейе түседі.

Жуан ішек обыры- қатерлі ісіктер тобына жатады. Этиологиясы әлі толық зерттелмеген. Клиникалық көрінісі әр түрлі. Көбінесе анорексиядан, жүдеуден, жалпы әлсіздіктен басталуы мүмкін. Басқа жағдайларда нәжіске қан араласуынан, іштің қатуына не өтуіне бейімділіктен басталады. Әсіресе ісіктің жуан ішектің сол жақ бөлімінде орналасуы науқастың жағдайын қиындатады: іш қатты бүріп ауырады, метеоризм, іштің үнемі қатуы, біртіндеп іштің тарылып, өтпей қалуы болады.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 295. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия